Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет169/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   174

 
364 
 Әдебиеттер: 
 
1. Ахметов С. Ата-ана не үшін өмір сүреді //Тәрбие құралы. – 2010. -№3. – 
Б.76-77 
2.  Бердібайқызы Қ. Өнеге әуелі - отбасынан //Қазақ батырлары. – 2005. - 
№4. – Б.22 
3.  Қосақова  Г.  Баланың  бас  ұстазы  –  ата-анасы  //Бала  тәрбиесі.  –  2011.  - 
№5. – Б.21-23 
4.  Тастанова  Р.  Ата-  аналардың  әдептілігі  //  Тәрбие  құралы.-  2009.-  №4.- 
Б.75-76 
 
 
 
 
ОТБАСЫ - ӘЛЕУМЕТТЕНУДІҢ НЕГІЗГІ ИНСТИТУТЫ РЕТІНДЕ 
 
Султангалиева А.Е. 
Атырау қ., Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
Sultangalieva_1975@mail.ru
  
 
«Қазақстан  –  2030»  бағдарламасында  балаларымызды  алыс  болашақта  
қандай  сапада  көруіміз  керектігі  айтылған.  Сонымен  бірге,  отбасы  туралы  
заң    жоғары    және  орта  білім    тұжырымдамасында  әрбір  отбасында  өзінің  
ұрпағын  тәрбиелеп,    қатарға    қосу    міндеті    жүктелген  [1].  Сөйтіп    отбасының  
әуел бастан – ақ өзіне тән  киелі міндетін орындау қажеттілігі  бекемделе  түсті. 
Отбасы  –  болашақ  азаматтың  әлеуметтену  жолындағы  алғашқы 
қадамдарын  жасайтын  бастапқы  адым.  Ол  балаға  моральдық  қалпы  туралы 
алғашқы  түсініктер  береді,  оны  еңбекке  баулып,  өз-өзіне  қызмет  ету 
дағдыларын  қалыптастырады.  Ата-ананың  іс-әрекеті  мен  мінез-құлқы,  өмір 
сүру  салты  арқылы  балаға  дүниетанымдық,  адамгершілік,  әлеуметтік-саяси 
құндылықтар беріледі.  
Отбасы  тәрбиесінің  қоғамдық  және  мемлекеттік  тәрбиеге  қарағанда 
артықшылығы  басым.  Алайда,  қазіргі  қоғамдық  өмірде  болып  жатқан 
әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасына белгілі бір 
қиыншылықтар туғызады. 
Қазіргі  жаһандану  үрдісінің  кезінде,  қазіргі  заманғы  қоғам  қызметінің 
дағдарыстық  сипаты  қоғамдағы  отбасының  рухани-өнегелік  саласындағы 
дағдарыстың  негізгі  себебі  –  отбасының  дәстүрлі  қалпының  бұзылуына  әкеліп 
отыр. Қазіргі отбасы өрістеудің күрделі кезеңін - дәстүрлі үлгіден жаңаға ауысу 
үдерісін бастан кешіріп отыр. Отбасы құрылымы, отбасы қызметі, билік жүйесі, 
отбасылық  рөл,  жұбайлардың  функционалды  тәуелділігі,  отбасындағы  бала 
жағдайы өзгеруі дағдарысқа алып келіп отыр.  
Отбасы  әлеуметтік  институттардың  бірі  ретінде  тұлғаны  ең  басты 
әлеуметтендіру ортасы болып табылады Тұлға осы айтылған әлеуметтік ортада 
өмірдің мәнін, оның мақсаты мен міндеттерін, сонымен қатар, құндылықтарын 
игере  отырып,  нені  білу  қажет,  өзін  қалай  ұстау  керектігі  туралы  алғашқы 


 
365 
мағлұматтар  алады  да,  сол  ортада  басқалармен  қарым-қатынас  орнату 
дағдыларын  меңгереді.  Тұлға  отбасында  әртүрлі  сипаттағы  өмірлік  төтенше 
жағдайлар  мен  ахуалдарда  өзін-өзі  ұстаудың  нормалары  мен  мінез-құлқын 
реттеудің өлшемдерін меңгереді.  
Қоғамда жүріп жатқан тұрғындардың материалдық жағдайға байланысты 
жіктелуі  отбасы  тәрбиесіне  материалдық  жағдайы  әртүрлі  ата-аналардың 
қарым- қатынасына әсер етеді. Отбасында балаларға отбасылық бюджеттің 25-
50%  жұмсалады.  Материалдық  кірісі  мол  отбасыларда  педагогикалық 
көзсоқырлық, тойынғандық жағдайға алып барады.  
Тойынғандық  дегеніміз-  өмірге,  өмірдегі  материалдық  және  рухани 
құндылықтарға деген жеккөрінішті, немқұрайлы қатынас. Жастайынан осындай 
ортада өскен балалардың арасына торығушылар, қаңғыбастар, ”қызықты”әсерді 
іздеушілер  тәрбиеленетінін жоққа шығара алмаймыз.  Қазіргі кезде отбасының 
“уақталу”  процесі  жүруде.  Оның  мәні  -  жас  ата-аналардан  тұратын  әжесіз, 
атасыз  отбасылар.  Бұл  отбасының  беріктігін  нығайтып,  дербес  ұжымды 
қатынастыруы  да  мүмкін.  Отбасы  мүшелерінің  дүниеге  келуі,  туылған  бала 
санының азаюы да отбасы дамуының ерекшелігін құрайды.  
Қалалық  отбасында  бір-екі  бала  ғана  тәрбиеленеді.  Бала  туудың 
азаюының  себептері  сан  алуан  және  өте  күрделі;  олар  ата-аналардың 
жұмысбастылығын;    мектепке  дейінгі  мекемелермен  қамтамасыз  етілмеуі;бала 
тәрбиесіне 
шығынның 
көп 
жұмсалуы; 
әйел 
ананың 
шамадан 
тыс 
жұмысбастылығы;  отбасының  қолайсыз  тұрғын  үйі;  тұрмыстық  жағдайы;  ата-
аналардың  “өзі  үшін  өмір  сүруге”  ұмтылған  тоғышарлық  ұмтылысы  және  т.б. 
Бала  туудың  азаюы  -  шағын  отбасындағы  тәрбие  әдістерін  жасау  деген  жаңа 
педагогикалық проблеманы алға тосады. 
Қазіргі  отбасы  ажырасу  санының  едәуір  артуымен  сипатталады. 
Ажырасудың 90% тұрмыс қолайсыздығы мен отбасын құруға дайындықсыздың 
салдары.  Дегенмен  барлық  ажырасуларға  жағымсыз  баға  беруге  болмайды, 
өйткені  кей  жағдайда  ажырасудың  себебі  баланың  психикасына  теріс  әсер 
ететін  ұрыс- жанжал, отбасылық кикілжіңде орын  алады.  
Қарым-қатынас  –  адамзат  өмірінің  аса  маңызды  және  негізгі  сферасы 
болып,  соның  нәтижесінде  тұлғааралық  байланыс  орнығып,  өзара  мәміле 
қалыптасып  дамиды.  Қарым-қатынас  дегеніміз  өзара  пікір  алмасу,  сезім 
әлемінде  бірлесіп  ләззат  алу,  қайғы,  қуанышта  ортақтас  болу  секілді  кең 
ауқымды  эмоция  спектрлерін  қамтиды.  Қарым-қатынас  барысында  екі  не 
бірнеше психологиялық  жүйе, екі не бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-
сезім,  мінез-құлық,  қылық-жорықтар  арасында  келісім,  не  өзара  түсінік 
тұрғысында, 
не 
болмаса 
қақтығыс, 
талас-тартыс, 
қарама-қайшылық 
тұрғысындағы мәміле үрдісі іске асады.  
Г.Навайтистің  айтуынша,  отбасы  функцияларының  жартысы  тұлғалық 
қарым-қатынас  жасаудан  құрылады.  Қажеттіліктерді  қанағаттандыру  –  отбасы 
мүшелерінің  жеке  басына  байланысты  болады.  Отбасы  басқа  кіші  топтарға 
қарағанда 
олардың 
комплекстерін, 
органикалық 
тұтастықтарын 
қанағаттандыруға  қабілетті.  Осының  негізінде  ғана  адамдар  отбасылық  одаққа 
бірігеді.  Отбасы  өзінің  полифункционалды  күшіне  байланысты  индивидуалды, 


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау