Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет170/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   174

 
366 
топтық  және  қоғамдық  қызығушылықтарды  біріктіреді.  Мысалы,  еркек  пен 
әйел арасындағы терең шынайы махаббат жаңа өмірге бастама береді. Баланың 
өмірге келуі ұрпақтың жалғасуын көрсетеді.  
Сонымен  қатар  баланың  өмірге  келуі  халықтың  өсуін  де  қамтамасыз 
етеді.  Көбінесе  отбасылық  тәрбиеге  орай  баланың  әлеуметтік  және 
психологиялық жетілуі дамиды [2]. 
Кез-келген  отбасында  әрбір  индивид  өзінің  мақсаттарына  қақтығыссыз 
жете қоймайды. Негізгі дағдарыстар бірнеше жағдайларда пайда болады: 
1. отбасының  бір  немесе  бірнеше  мүшелерінің  ортақ  қажеттіліктері 
қанағаттандырылмаған кезде. 
2. отбасының әрбір мүшелерінің маңызды қажеттіліктері сәйкес келмеген 
кезде. 
3. қажеттіліктерді  қанағаттандыру  түрі  отбасы  мүшелерінің  біреуіне 
ұнамаған кезде. 
4. отбасы  мүшелерінің  біреуінің  қажеттілігі  басқаларға  жағымсыз 
көрінген кезде. 
Отбасылық  тәрбиенің  сәтсіздікке  ұшырауының  басты  себебі  -  үлкен 
адамдардың  педагогикалық  көзқарастарының  қауқарсыздығынан  және  ата 
анамен балалардың қарым- қатынасының қайшылығының жиі болуы .  
Біріншіден: отбасында болатын өктемдік баланы өзін- өзі билеушілігінен 
айырады,  әрбір  қадамына  бақылау  жасайды,  ол  өз  күшіне,  мүмкіншілігіне 
сенімсіз және ішкі жәй- күйі төмен болады. 
Екіншіден:  баланы  еркелетушілік,  бетімен  жіберушілік,  ата-  аналардың 
бәрін  кешірушілік  сүйіспеншілігіне  байланысты.  Баланың  жетегіне  түсіп, 
еркіне жіберушілік өзімшілдікке тәрбиелейді.  
Үшіншіден:  әке  мен  ананың  және  басқа  отбасы  мүшелерінің  тарапынан 
бірыңғай талаптың жоқтығы. Осының нәтижесінде ата- аналарды немесе ересек 
отбасы  мүшелерінің  көзқарастарындағы  алалықты  пайдаланып,  бала  екі  жүзді 
және жағымсыз нәрсеге бейім болып өседі.  
Төртіншіден:  ата-  аналар  балаларды  еркімен  қарым-  қатынас  жасаудан, 
өмірден  аулақтауға  тырысады,  бөгет  жасайды.  Бұл  баланың  қалыптасуына, 
дамуына залалды әсер етеді.  
Бесіншіден:  егер  әке  мен  ана  өз  баласының  іс-  әрекетіне  немқұрайлы, 
жауапсыздықпен  қараса,  онда  соны  пайдаланып,  кездейсоқ,  күмәнді 
адамдармен танысуға мүмкіндік алады [3]. 
Отбасы  -  қоғамның  алғашқы  ұяларының  бірі.  Отбасында  баланың 
айналасын  қоршаған  дүние  жайлы  алғашқы  түсінігі,  көзқарасы,  сезімі,  әдет- 
дағдылары бой көрсетіп қалыптасады. 
Баланың дұрыс өсуіне қажетті жағдайлар жасау, оның орта білім алуына, 
мамандық,  кәсіп  таңдауына  көмектесу,  еңбекке  дағдыландыру,  қоғам  мен  өз 
мүлкіне ұқыпты қарауға үйрету ата- ананың басты борышы. 
Баланы бүгінгі өмір талабына сай азамат етіп өсіру үшін оған жас кезінен 
дұрыс  тәрбие  қажет.  Ата-  ана  өз  баласының  неге  қызығатының,  нені  жақсы 
көретінін,  неден  қорқатынын,  қандай    іс-  әрекеттерге  ынта-  ықыласы  барын, 
қандай іске бейім екенін біліп отыруға тиіс. 


 
367 
“Ел болу үшін бесігінді түзе” деген ел сенімін ақтап, ата даңқын шығарар: 
білімді, парасатты, ұл- қыз, немере тәрбиелеу бәріміздің ұлы парызымыз. [4] 
“Неке  және  отбасы”  туралы  Заңда  ата-  аналардың  балалары  алдындағы 
міндеттері  айқын  көрсетілген.  Мысалы,  62-  бапта  мыналар  көрсетілген.  [5] 
Біздің халқымыздың отбасы жағдайында жас ұрпақ тәрбиесіндегі жетекші буын 
ата  әже    іс-әрекетінің    төңірегіне  шоғырланған.    Себебі,  отбасында  әке  мен 
шеше  негізгі  еңбек  иелері,  отбасы  қажеттілігін  қамтамасыз  етушілер.  Ал  ата 
мен  әженің  өмір  тәжірибесі  өз  дәрежесінде  даналық  ақыл-ойдың,  орынды 
дүниетанымының,  талғамның,  денсаулық  бағбанының,  орынды  тәртіп  пен 
мінез-құлықтың мектебі болып табылады. Қорыта айтқанда, күнделікті ертемен 
маңдайынан  иіскемеген,  әже  бауырының  ыстығын  сезбей  өскен  бөбектің 
рухани жан дүниесіне нұсқан келе береді.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
 
1. Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» 1997 ж., қазан. 
2.  Навайтис  Г.  Семья  в  психологической  консультации.  Воронеж,             
МОДЭК, 1999. 
3.  Қоянбаев  Ж.  Семья  және  балалар  мен  жетекшілер  тәрбиесі.  Алматы, 
1990. 
4. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім - тәрбиесі. Алматы, 1995. 
5. “Неке және отбасы” туралы Заң, 62 бап. 
 
 
 
ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫНДА «ӨЗІН - ӨЗІ ТАНУ» - РУХАНИ -  
АДАМГЕРШІЛІКТІ ІЗГІЛЕНДІРУ ЖОЛДАРЫ 
 
Сыздықова Б.Р. 
Көкшетау қ., Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 
bayansyzdykova@mail.ru 
                                                                
                                                                                       Рухани кәусәр бұлаққа барар   
                                                                                       жолды іздеу-әр адамның    
                                                                                       міндеттерінің міндеті. 
С.А.Назарбаева 
 
Білім  беруді  дамыту  кеңістігі  адам  мен  адамзаттың  толыққанды  өмір 
сүруінің  басты  шарты  ретінде  алынған  руханилықпен  анықталатын  өмір 
сапасын  қамтамасыз  етуге  бағытталған.  Білім  берудің  жаңа  парадигмасы 
болашақ  мамандардың  кәсіби  даярлығын  жүзеге  асыру  технологиясы  мен 
әдістемесін  жобалау,  жасау  және  бағалаудың  кәсіби  біліктілігі  мен 
интеграциясын талап етеді. 
"Өзін-өзі тану" пәні жоғары кәсіби білім беру бағдарламасының жалпыға 
міндетті  пәндері  қатарына  кіріп,  адамның  рухани  мүмкіндіктерін  дамыту, 


 
368 
байыту;  рухани  -  адамгершілік  жағынан  бай  адамды,  мәдениет  пен  әлеуметтік 
шығармашылық субъектісін қалыптастыру мақсатын көздейді. 
С.А.Назарбаева  атап  көрсеткендей,  біз  білім  беру  жүйесі  арқылы 
қоғамдағы  рухани-адамгершілік  құндылықтарды  жаңғыртқымыз  келеді.  Сол 
арқылы  әр  адам  өз  бойындағы  қабілеттерін  толық  жүзеге  асырып,  өз 
мемлекетімзге  ғана  емес,  бүкіл  адамзат  игілігіне  пайда  келтіре  алатындай 
болуы керек...
 
Студенттік  жылдары  болашақ  маманның  жеке  тұлға  ретінде  интенсивті 
дамуы  мен  кәсіби  қалыптасуы  жүзеге  асады.  Жас  адамның  мінез-қүлық 
ерекшелігі  айқындалып,  азаматтық  сана-сезімі  қалыптасады.  Гендерлік 
сәйкестікке,  сонымен  бірге  жыныстық-рөлдік  қатынастардың  өзгеруіне 
негізделген сезімдік-эмоцоналдық қарым-қатынас саласы кеңейеді. 
Өзін-өзі  тану  өмірдің  адам  үшін  маңызды  аспектілерін  өзекті  етіп,  әрбір 
адамның  жалпыбілімдік  мүмкіндіктерін  мейлінше  кеңейтуге  жағдай  туғызады, 
атап 
айтқанда: 
жынысы, 
жасы, 
анатомиялық 
және 
психологиялық 
кажеттіліктері, 
тума 
қабілеттері 
мен 
бейімділігі, 
қажеттіліктері 
мен 
сұраныстары,  түрткілері  мен  әр  түрлі  мәдени  сипаттағы  (этникалық, 
конфессиялық, гендерлік т.б.) қызығушылықтары. 
Жалпыға  міндетті  жаңа  пән  арқылы  әрбір  адам  өзінің  даралығы  мен 
бейімділігін  танып,  анықтайды,  жалпыадамзаттық,  құндылықтарының  (ақиқат, 
сүйіспеншілік,  дұрыс  әрекет,  ішкі  тыныштық,  қиянат  жасамау)  жүйесін 
қалыптастыра  алады.  Өзін-өзі  тану  өмірлік  мәні  бар  мәселелерді  қарастыра 
отырып,  болашақ  мамандарға  әлеуметтік  жауапкершілік,  басқа  адамдарды 
қабылдап,  түсіну,  шығармашылық  белсенділік  және  өмірді  белсенді  қабылдау 
мен  өзін  түсініп,  танып-білуге  негізделген  даралық  және  кәсіби  өсуіне  жағдай 
жасап, көмектеседі. [1: 25].
 
Өзін-өзі  тану  бойынша  сабақтан  тыс  әрекет  күнделікті  өмірде  алған 
білімді  іс жүзінде қолдану арқылы қоғам үшін белсенді қызмет етуді  көздейді. 
"Өзін-өзі  тану"  -  болашақ  мамандардың  ізгілікті  дүниетанымын  дамыту, 
олардың өзін және қоршаған ортаны бағалай білу қабілетін дамыту. Конфуций 
пікірінше, бес асыл қасиетті бойына жинаған адам кісілікті деп танылмақ. 
- Нақты қандай қасиеттер? 
- Сыпайылық, кеңдік, шыншылдық, зиялылық, мейірбандық. 
- Сыпайылық-сыйыңды арттырады. 
- Кеңдік-құрмет туғызады. 
- Шыншылдық-сенімге жеткізеді. 
- Зиялылық-табысқа бастайды. 
- Мейірбандық-билікке жол ашады. 
Тұлғаның дамуында рухани - адамгершілікті ізгілендіру жолдары: 
 -    студенттердің  өзін-өзі  тануы  мен  шығармашылық  өзін-өзі  іске  асыру 
қажеттілігін дамыту; 
-  әлемнің  тұтастық  картинасын  қалыптастыру,  жалпыадамзаттық 
құндылықтардың (ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат 
жасамау) мәнін түсінуіне көмектесу; 


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау