Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет126/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   174

 
274 
2. Нейтралды  қатынас  –  оқушылармен  интеллектуалдық-танымдық 
деңгейде  еркін  қатынас  жасау,  мұғалімнің  өз  пәніне  ерекше  ден  қоюы, 
қабілеттілік; 
3. Қамқорлық  қатынас  –  мезі  етерліктей  тым  өбектеу,  оқушының  өзіндік 
әрекетіне шошына қарау, ата-аналармен үнемі байланысын үзбеу; 
4. Конфронтациялық  қатынас  –  оқушыларды  іштей  жек  көру,  жұмысқа 
үнемі қанағаттанбау,  менсінбеушілік үнмен сөйлесу; 
5. Ынтымақтастық  қатынас  –  барлық  істі  бірлесе  жүргізу,  бір-біріне 
қамқорлық жасау, оптимизм және өзара сеніммен қарым-қатынас жасау. 
Соңғы  жылдарда  мектептерде  мұғалім  мен  оқушылардың  арасында  осы 
қатынас  түрлерінің  ішінде  диктаттық  және  нейтралды  қатынасты  жиірек 
кездестіреміз.  Ал  қамқорлық  қатынасқа  мектепке  келген  жас  мұғалімдердің 
жақындау  болуы  заңды  да.  Өйткені,  олар  әлі  де  өз  мамандығының  қыр-сырын 
жете  білмегендіктен,  әр  нәрсені,  әсіресе,  оқушылардың  еркіндігін  де 
тәртіпсіздікке балайды. Баланың мектептегі әр ісіне өзін түгелдей жауаптымын 
деп  есептеп,  олардың  өсіп  келе  жатқан  жеке  тұлға  екенін  ұмытып  кетеді.  Ал 
мұндай  қатынас  жан-жағына,  оның  ішінде  мұғалімдерге  сын  көзімен  қарайтын 
жасөспірімдердің  намысына  тиіп,  өзінің  есейгендігін  дәлелдеуге  ұмтылары 
сөзсіз.  Немесе  керісінше,  олардың  кейбірінің  өзіне  деген  сенімін  жоғалтып, 
бұйығыландыруы мүмкін. 
Қалай  болғанда  да  мұғалім  сабаққа  дайындықты  пәні  бойынша  өтілетін 
теориялық  тақырыпты  қалай  меңгерту,  қандай  көрнекілік  пайдаланамын, 
оқытуды  тек  қана  бағдарламадан  қалмау  деп  түсінбей,  оқушының  білімімен 
қатар  ақыл-ойын,  адамгершілік  қасиетін,  жеке  тұлға  ретінде  өзара  қарым-
қатынасын  қалай  қалыптастырамын  деген  мәселені  де  жүзеге  асырудың 
жолдарын  іздестіру  деп  түсіну  қажет.  Өйткені  психологтардың  айтуынша, 
мұғалім мен оқушының өзара тіл табысуға ұмтылуы тек оқушының өсуіне ғана 
емес, мұғалімнің де қыр-сырына терең бойлауына мүмкіндік туғызады.  
Жеке  тұлғаның  қалыптасуында  оқушы  мен  мұғалім  арасындағы  қарым-
қатынастың  орны  ерекше.  Қандай  адам  болсын,  мейлі,  оқымысты,  мейлі 
қарапайым  жұмысшы  болсын,  мектеп  өмірі  туралы,  мектеп  қабырғасында 
жүргенде  өзіне  үлкен  әсер  еткен  мұғалім  туралы  аса  бір  жылылықпен  еске 
түсіруі жиі кездеседі.  
Мұғалім  мен  оқушы  қарым-қатынасы  ғылыми  тұрғыдан  қаралатын 
күрделі мәселе, өйткені оқушының өзін қоршаған ортаға деген қарым-қатынасы 
оқушы  мен  мұғалімі  екеуінің  қарым-қатынасы  негізінде  қалыптасады, 
сондықтан бұл қарым-қатынас оқушының жеке қасиеттерінің қалыптасуына зор 
ықпал етеді.  
Мұғалім  мен  оқушы  –  әр  түрлі  екі  субъект.  Мәселенің  негізгісі  осы  әр 
түрлі  рухани  дүниені  бірлестіру.  Педагогикалық  тұрғыдан  қарағанда, 
тәрбиеленушіге  нәтижелі  ықпал  ету  үшін  тәрбиеленушінің  мұғалімді 
қабылдауы  ғана  емес,  керісінше,  мұғалімнің  де  тәрбиеленушіні  қабылдауы 
қажет.  Педагог  міндетті  түрде  ықпал  ету  объектісін  ғана  көріп  қоймай, 
жасалған  ықпалдың  нәтижесін  де  көруі  керек.  Мұғалім  көп  жағдайда  өзінің 
сәтті ұйымдастырылған іс-әрекеттерінің тәрбиеленушіге жақсы ықпал ететініне 


 
275 
сөзсіз  сенеді.  Алайда  баланың  бағынуы,  баланың  келісімі,  эмоциялы  іс-әрекеті 
міндетті  түрде  ескерілуі  керек.  Мұғалім  үшін  кері  байланысты  түсініп, 
қабылдау да өте маңызды. 
Егер  күнделікті  тұрмыста  біз  «мен»  ұғымының  «сен»  ұғымымен 
сәйкессіздігіне  үнемі  кездесе  берсек,  педагогикалық  қарым-қатынаста  қателік 
жібергеніміз.  Бұл  «мұғалім  —  оқушы»  қарым-қатынасының  бұзылуына  әкеп 
соғады. Педагогикалық қарым-қатынас – мұғалім мен оқушының рухани баюы. 
Бұл нәтижеге тек қана мұғалім оқушыға өзінің дәрежесіндей тең қарағанда ғана 
жетуге  болады.  Бұл  қандай  қарым-қатынасты  білдіреді?  Біріншіден,  мұғалім 
оқушының  рухани  дүниесіне  үлкен  құрметпен  қарап,  оның  еркіндігін 
мойындап,  оның  келісу-келіспеу  хұқына  және  іс-әрекетті  таңдау  хұқына  ие 
екендігін тануы. Екіншіден, оқушының дүниеге деген көзқарасын түсініп, оның 
қайғысы  мен  қуанышына  ортақтасу.  Үшіншіден,  оның  өзіне  тән  жеке 
қасиеттері мен ерекшеліктерін қабылдай білу. 
Кері  байланыс,  біреудің  екіншіге  деген  қызығу  қарым-қатынасынан 
туындайды.  Жатсыну,  бір-біріне  селқостық  өзара  қызығу  жоқ  жерде  пайда 
болады.  Мұғалімдер  қалыптасқан  әдет бойынша  өзімен,  әңгімелескен  оқушыға 
өз  сырларын  айта  бермейді.  Өзінің  оқушылары,  жұмысы  туралы  бәріне 
әңгімелеп  бергісі  келіп  тұрса  да,  ол  басқа  әңгімелесушінің  жан  дүниесіне 
саңырау  болады.  Оқушылармен  қарым-қатынаста  да  осы  «мамандық  қасиеті» 
айқын  көрінеді,  көп  жағдайда  мұғалімнің  оқушымен  әңгімесі  өзінің 
монологына,  ал  мазмұны  ескерту  мен  үйретулерге  толы
:
болады.  Мектеп 
мұғалімдеріне  мынадай  сөйлемді  аяқтауларын  ұсынғанда:  «Мен  қарама-қарсы 
келе  жатқан  оқушыны  көрген  кезде...»,  көпшілігі  «Оған  ескерту  жасағым 
келеді»  деп  аяқтаған.  Мұндайда  педагогикалық  қарым-қатынас  мүмкін  емес, 
өйткені оқушы бұл жағдайда тек қана объект болып саналады.  
Қарым-қатынас  басқа  біреудің  жан  дүниесіне,  «мен»  ұғымына  ену.  Бұл 
оңай  емес,  өйткені  өзіне  ұқсамайтын  басқаның  жан  дүниесіне  ену  үшін 
психологиялық  дайындық  қажет.  Сондықтан  қарым-қатынасты  ұйымдас-
тыруда  субъектінің  психологиялық  жағдайын  ескеру  өте  маңызды  болып 
табылады.  Өйткені,  субъектілердің  кез  келген  қарым-қатынасы  психологиялық 
кеңістікте  өзгеріс  туғызады.  Тіпті  шебер  ұйымдастырылған  ситуацияларда 
болсын, біз психологиялық жағдайдың бір-біріне ауысуының оңай емес екеніне 
көз  жеткіземіз.  Бұл  үлкен  күшті  қажет  етеді  және  біреуді  қарым-қатынасқа 
түсіретін адам оның жағдайымен санасып, алдын-ала дайындық жүргізуі қажет. 
Кез  келген  ересек  адам  баламен  қарым-қатынаста  оның  психологиялық 
ерекшелігін ескеріп, оған уақыт беруі керек.  
Қарым-қатынаста  мұғалім  ұстанатын  ара  қашықтықтың  да  өзіндік 
маңызы  бар.  Бұл  әр  мұғалімнің  балаға  деген  көзқарасының  әр  түрлілігінде. 
Мұғалім  балалардан  неғұрлым  қорықса  және  өз  күшіне  сенбесе,  бұл  ара-
қашықтықтың  алыстауына  әкеп  соғады  және  мұғалімнің  беделіне  нұқсан 
келтіреді.  Әрине,  арақашықтықты  құралмен  өлшеп,  оның  математикалық 
өлшемі  бар  деп  айту  мүмкін  емес.  Оның  негізі  -  мұғалімнің  тәрбиеленушіге 
селқос көзқарас танытпауы, сонымен қатар оның жеке өміріне де қол сұқпауы. 
Қарым-қатынасты  дұрыс  анықтау  шығармашылықты  талап  етеді,  әр  мұғалім 


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау