Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет108/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   174

 
233 
тағам арқылы таралады, ал кейде ол ауадан да келіп түседі. Одан соң вирустар 
нерв клеткаларына еніп, әсіресе адам қозғалысын басқаратын нервтерді бүзып, 
жансыздандырады. 
Осының 
нәтижесінде 
адамның 
кейбір 
мүшелері 
жансызданады,  омыртқалары  қисайып  бітеді  және  оны  емдеуде  өте  қиынға 
соғады. Полиомиелит ауруына тым үқсас вирус 1948 жылы Коксаки каласында 
тұратын ауру балалардан табылды. Олар жазда және күзде байқалады. Қөбінесе 
осы вирусты ауру және сау адамдар ішегінен, лас сулардан және шыбындардан 
кездестіруге  болады.  Коксаки  вирусының  қоздыратын  ауруы  полиомиелитке 
тым ұқсас және одан өлім-жітім аздау болады. 
ІІІ  топ:    Шешек.  Совет  елінде  балаларға  шешекке  қарсы  вакцина  егетіні 
баршаға аян.  
Бұлай  егу  адамдарды  аса  қауіпті  шешек  ауруынан  аман  сақтап  қалудың 
басты  шарты,  шешек  вакцинасын  егу  совет  елінде  міндетті  түрде  жүргізілді. 
Осының  аркасында  бірте-бірте  шешек  азайып  ақыр  аяғында  мүлде  жойылды. 
Көптеген  адамдар  бұның  не  екенін  қазір  білмейді  де.  Шешек  ауруы  ертеден 
бастап белгілі. Біздің дәуірімізден бірнеше ғасыр бұрын шешек Африка, Индия 
және  Қытай  елдерінде  болған.  XVI—XVII  ғасырларда  Европада  шешекпен 
ауырмаған  адам  ілуде  біреу-ақ  болды.  Шешек  ауруы  бірқатар  адам  өмірін 
жойды  да.  Сол  кездің  өзінде  Германияда  шешектен  70  000  адам  қырылды,  ал 
Францияда  өлім  осының  жартысындай  болса  керек.  Тірі  қалғанның  өзінде 
олардың  беттерінде  секпілі,  яғни  шешек  дағы  болды.  Ал  Америкада  қатынас 
басталысымен  шешек  солай  ауысты.  Әрине  бұнда  да  адам  өлімі  айтарлықтай 
болды. 
Европада  соңғы  үш  ғасыр  ішінде  шешектен  150  миллиондай  адам  өлген. 
Шешекті  қоздыратын  Пашен  денешіктері,  олар  бактериялық  сүзгілерден  тез 
өтіп  те  кетеді.  Сондықтан  шешекті  қозды-рушы  микробтарды  сүзгіленуші 
вирустарға  жатқызып  жүр.  Бұл  вирус  ауру  адамның,  әсіресе  кеңсірігінде 
жиналады.  Ауру  адам  жөтелгенде  ол  вирустар  шашырап  басқа  сау  адамдарға 
жұғады.  Сонымен  бірге  ауру  терісі  ісініп,  іріңдейді  де,  ол  жер  ойылып  жараға 
айналады.  Кейде  шешектен  ауырған  адамдар  саңырау  не-месе  соқыр  болып 
қалады.  Жалпы  бұл  аурумен  ауырғандардың  15—30%-тейі  мөлшері  апат 
болады. Жәй шешектен басқа сиыр, қой, есек және қүс шешектері де кездеседі. 
Бұлар  адам  үшін  аса  қауіпті  емес.  Шала-жансар  шешек  вирустарын  адамға 
еккенде,  аса  тұрақты  иммунитет  пайда  болады  да,  адам  шешекпен  екінші  рет 
ауырмайды. 
ІV  топ:    Аусыл.  Шапшаң  таралатын,  жүқпалы  және  ауыр  ауру.  Аусыл-
м<ен  мүйізді  ірі  қара,  шошқа,  түйе,  қой  мен  ешкі  ауырады.  Адам-дарда  ол  өте 
сирек  кездеседі.  Ауруды  қоздырғыш  —  вирус.  Жасан-ды  қоректік  ортада 
өспейді. Ол көбіпесе тек тірі клеткада тіршілік етуге бейімделген. Вирустың А. 
О.  С.  деген  үш  типі  анықталған.  Сондықтан  мал  осы  вирустың  бірінен  соң 
бірімен —  үш типімен де ауруы мүмкін, +60, -І-70°-та вирус бірнеше минутта, 
ал  100°-та  бірден  өліп  кетеді.  Төменгі  температураға  ол  төзімді.  Табиғатта  бүл 
вирус әр жерде кездеседі және 100 күнге дейін өз тірщілігін жоймай сақталады. 
2—3%  күйдіргіш  сілті  ерітіндісі  оған  жойқын  әсер  етеді.  Мал  аусылмен 
ауырғанда оларға вакцина енгізеді және карантин ережелері қатаң сақталады. 


 
234 
Құтыру,  Жылы  канды  жануарлардың  жүқпалы  ауруы.  Бұнда  көбінесе 
орталық  нерв  жүйесі  зақьщдалады  да  ақыр  аяғында  жа-нуар  өледі.  Ауру 
жануардың  сілекейі  арқылы  сауларына  таралады.  Бұл  аурумен,  әсіресе  иттер 
және барлық үй жануарлары, құстар, жабайы жануарлар (қасқырлар, түлкілер т. 
б.)  жәңе  адамдар  ауырады.  Міне  құтырудың  бүндай  қаупі  аурудың  белгісі 
болатындығына байланысты оны зерттеуде ертеде басталған еді. Л. Пастер бұл 
ауруға  қарсы  қорғаныш  вакциналарды  да  жасады.  Аурудың  қоздырғышы 
сүзгіленуші вирус, Вирус саңыраулары ірі Шамберлен сүзгісінен де өтіп кетеді 
екен.  Құтыру  вирусы  орга-низмге  енгеннен  кейін  іле-сала  аурудың  белгілері 
байқалмайды.  Ол  үшін  біраз  уақыт  қажет.  Бұны  инкубациялық  кезең  деп 
атайды. Мәселен, ауру иттердің сілекейіне енгеннен кейін 13 күннен соң біліне 
бастайды,  ал  вирус  жүққан  соң  үй  қояндары  15—20  күннен  кейін  ауыра 
бастайды.  Құтыру  вирусы  да  басқа  вирустар  сияқты  жасанды  қоректік  ортада 
өспейді.  Ол  үшін  тауық  жұмыртқасы  аса  қолайлы  орта.  Вирустар  +50°-та  бір 
сағаттан  кейін,  ал  60°-та  бірнеше  минуттан  кейін  жойылады.  Құтырумен 
ікүресу  үшін  биокомбинаттарда  арнаулы  антирабиттік  вакциналар  жасалып 
таратылады [3]. 
АҚТҚ ауруы вирусының ағзаға енуі туралы видео көрсетеу. АҚТҚ/ЖҚТБ 
Қазастанда таралуы слайды.  
ІV. Тапсырмалар: (Топпен жұмыс) 
І  топ:  Алған  ақпараттарыңызды  пайдаланып,  тірі  ағзаларда  ауру 
туғызатын вирустарды               белгісімен  белгіле
 
 
 
  
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ІІ  топ:  Сергей  өзі  ұнатқан  құрбысы  Наташамен  отбасын  құруға  шешім 
қабылдады.  Тек  Сергейді  мазалайтын  бір  жағдай  бар.  Ол  үйленбес  бұрын 
екеуінің ЖҚТБ-ға тест тапсыруыларын қалайды. Оның қажеті бар ма? 
ІІІ топ:  Лораның күнделігінен:  
Мен уайымдап жүрмін, өйткені біреулер маған ЖҚТБ-ны кейбір нәрселер 
арқылы  жұқтыруға  болады  дейді,  ал  басқалар  олай  емес  дейді.    Қандай  кеңес 
берер едің?   
Өсімдік 
Жануар 
Бактерия  
Адам 
Тірі ағза  
Жануар 
Бактерия  
Тірі ағза  
Өсімдік 
Жануар 
Бактерия  
Тірі ағза  
Адам 
Өсімдік 
Жануар 
Бактерия  
Тірі ағза 
 


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау