|
“Математика сабағында жаңа технологияларды пайдаланып оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауын ұйымдастыру.” Орындаған: «№92 гимназия»
|
Дата | 23.05.2018 | өлшемі | 11,45 Kb. | | #16723 |
| - “Менің инновациялық-педагогикалық жаңалығым”
- “Математика сабағында жаңа
- технологияларды пайдаланып
- оқушылардың өз бетінше
- жұмыс жасауын ұйымдастыру.”
- Орындаған: «№92 гимназия» КММ
- математика пәні мұғалімі
- Канафина Асем Даулетовна
Оқушылардың пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыруда логикалық есептердің маңызын ашу; - Оқушылардың пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыруда логикалық есептердің маңызын ашу;
- Есеп шығарудың тиімді тәсілдерін ұқыпты пайдалана білуге үйрету;
- Математикалық ізденістерінің шыңдай түсуіне, мәселеден шыға білудің, шешімін табудың жолдарын анықтау.
- .
Өзектілігі немесе жобаны жазуға түрткі болған себептер - Жаһандану мен ақпараттандыру үрдістерін терең түсіну, әлемдік білім беру кеңістігіне ену қажеттілігі көптілді тұлғаны тәрбиелеуді талап етеді, осы орайда ағылшын тілін – халықаралық тіл ретінде білу маңыздылығы өседі.
- Ағылшын тілі арқылы қазақ елін, қазақ халқының бай мәдени мұрасын әлемге таныту көкейкесті мәселеге айналды.
- Ағылшын тілін оқытуда отандық әдістемелік өнімдердің тапшылығы, көбіне ресейлік және шетел әріптестеріміздің әдістемелік құралдарының қолданылуы;
- Ақпараттық-коммуникативтік технологияның мол мүмкіншілігін үйрену және тиімді пайдалануды күнделікті іс-әрекетте пайдалану.
Проблема - Оқушылардың ағылшын тіліне қызығушылығын ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану арқылы қалай арттыруға болады?
- Ағылшын тілін оқыту арқылы жастардың бойында отансүйгіштік қасиетті қалай дарытуға болады?
Жобаның мақсаты - ақпараттық-коммуникативтік технологияның жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың ағылшын тіліне қызығушылығын дамытуды қамтамасыз ету
Проблеманы шешудің жолдары - Қазақ халқының мәдени мұрасын ағылшын тілінде беруде түрлі әдістемелік әзірлемелер жасау(ертегілерді аудару; мультипликациялық фильмдерге ағылшынша дубляж жасау; әндерге, мәтіндерге субтитрлер жасау;
- Басқа елдердің видео, аудиоқұралдары негізінде Қазақстан еліне лайықтап оқу құралдарын дайындау (сергіту жаттығулары, әндер шығару, видеоматериалдар т. б.)
Міндеттер - Ақпараттық-коммуникативтік технологияның белгілі әдіс-тәсілдерін үйрену;
- Ақпараттық-коммуникативтік технологияны жақсы меңгеру үшін техниканың барлық жаңалықтарынан хабардар болу;
- Ақпараттық-коммуникативтік технологияны бойынша семинарларға қатысу;
- АКТ технологиясын меңгере отырып, әдістемелік, пәндік және психологиялық-педагогикалық тұрғыдан мұғалімнің жетілуі.
- Ағылшын тілін оқытуда оқушыларға арнап әдістемелер, құралдар жазу;
- Оқушыларға АКТ бойынша білік-дағдаларды меңгерту (интерактивті тақтамен жұмыс істеу, интернет арқылы ағылшын тілін білетіндермен қарым-қатынаста болу, қажетті ақпаратты таба білу және т.б.)
- Оқушылар білімінің нәтижелілігін бақылаудың жолдарын жасау.
Күтілетін нәтиже - Мұғалімнің өзіне байланысты
- Ақпараттық-коммуникативтік технологияны мейлінше игеру;
- Мұғалімнің әдістемелік, пәндік және психологиялық-педагогикалық тұрғыдан өзін жетілдіруі.
- Оқушыларға байланысты
- Оқушылардың АКТ бойынша білік-дағдыларды меңгеруі;
- Ағылшын тіліне оқушылардың қызығушылығының артуы;
- Оқушылардың ағылшын тілі бойынша білімінің оқу бағдарламасынан жоғары болуы.
Әдістемелік өнімдер жоспары - 1. Мультипликациялық фильмдерді ағылшын тілінде сөйлету.
- 2. Ағылшын тілі сабағында қолданылатын әндер жинағын дайындау.
- 3. «Театр студиясы» курсына қажетті қойылымдардың жинағын дайындау.
- 4. Ақпараттық-коммуникативтік технология бойынша жасалған сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар әзірлемесін жинақтау.
Нәтижені диагностикалық әдістер арқылы анықтау - 1. Пән мұғалімнің АКТ құзыреттілігін бағалау диагностикасы (мұғалімнің өзін бағалауы);
- 2. Пән мұғалімінің әдістемелік, пәндік және психологиялық білімін анықтау тестілері (өзін-өзі бағалау);
- 3. Оқушылардың ағылшын тілі пәніне қызығушылығын білім сапасы арқылы, сауалнамалар арқылы анықтау;
- 4. “Оқушының ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігі” атты диагностика;
- 5. Оқушылардың пән бойынша функционалдық сауаттылығын арнайы тестер арқылы анықтау.
Алынған білім нәтижелерінің сипаттамасы - Жұмыс барысында алынған нәтижелер:
- “Алдар көсе мен бай” ертегісіне оқушылар ағылшын тілінде дубляж жасады. Бұл оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу білігін дамытуға және шығармашылық қабілетінің артуына себін тигізгені анық.
- Қазақ балаларына арналып ағылшын тілінде бірнеше ән әуенімен жазылды. Ән айту арқылы оқыту тиімді, оқушылар сөздерді ұмытпайды, үнемі жадында сақтап айтып жүреді.
- Түрлі ертегілердің қойылымдары ағылшын тілінде көрсетілді, қойылым барысында техникалық құрал-жабдықтар арқылы дыбыспен және музыкамен көркемдеу жүргізілді.
- 4.Ақпараттық-коммуникативтік технологияны түрлі сыныптан тыс іс-шараларда колдану жақсы нәтиже береді. Мысалы, “Не? Қайда? Қашан?” ойыны, зияткерлік жарыстар т. б.
- 5. Сабақтарға презентациялар, флипчарттар дайындау және т.б.
Қорытынды - Жас ұрпаққа білім беруде жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Ақпараттық-коммуникативтік технологияның әлі де ашылмаған сырларын игеру - болашақтың ісі.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|