Тік бұрышты үшбұрыштарды шешу
Үшбұрыштарды шешу деп, үшбұрыштың белгілі қабырғалары мен бұрыштарына сүйеніп белгісіз қабырғалары мен бұрыштарын табуды айтамыз.
Өткен параграфта біз бірнеше тік бұрышты үшбұрыштарды Пифагор теоремасын қолданып шештік. Бірақ ол үшбұрыштың тек қабырғаларын ғана байланыстырып тұр. Енді тік бұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарын да байланыстыратын теңдіктерді қарастырамыз.
A BC - тік бұрышты үшбұрыш болсын
және оның С бұрышы тік, aл A төбесіндегі
сүйір бұрыш a - ға тең болсын (31-сурет).
Анықтама бойынша
(1)
яғни сos a -деп a бұрышына іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасын айтқанбыз.
Ал а бұрышының синусы деп (белгіленуі sin а) осы бұрышқа қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасын
(2)
айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |