2.1. Жалпы мәліметтер
Физикалық тозудың коэффициенттерін анықтаудың келесі әдіс топтары бар:
- сарапшылық;
- экономико – статистикалық;
- тәжірибелі – аналитикалық талдау.
Сарапшылық топ әдістері сарапшылардың немесе бағалаушылардың
техникалық жабдық және машиналардың нақты техникалық жағдайы туралы қорытындыға негізделген деректерден тұрады:
- сыртқы түрі;
- пайдалану режимі;
- сыртқы ортаның жағдайы;
- техникалық қызмет көрсету және жөндеу уақыттары.
Сарапшылық әдісті қолданғанда бағалап жатқан техникалық жабдықтар мен машиналардың пайдалану сипаттамасы және құрылымы туралы жоғары деңгейдегі білім қажет. Берілген әдістерге мыналар жатады:
- тиімді пайдалану уақытына байланысты әдіс;
- машина жағдайын сараптамалау әдісі.
Экономико – статистикалық әдіс жабдық туралы экономикалық көрсеткіштер мен пайдалану сипаттамасы жайлы шынайы мәліметтердің бар
болған жағдайында қолданылады. Берілген топ әдістеріне мыналар жатады:
- табыстың кемуіне негізделген әдіс;
- жөндеу цикліне байланысты әдіс.
Тәжірибелі – аналитикалық талдау тобының әдістерін пайдаланғанда
жабдықтарды дәлдікке, дұрыс қызмет атқаруына сынақ жүргізу қажет және
де нормативті – техникалық құжаттардың бар болуы қажет. Берілген топ әдістеріне мыналар жатады:
- тұтыну қасиетінің төмендеуіне байланысты әдіс;
- машина құрылымын жекелей есептеу әдісі;
- тікелей анықтау әдісі.
Физикалық тозудың коэффициентін анықтайтын әдістерді пайдалану бағалаудың мақсатына, бағалап жатқан жабдықтың құнына, бағалап жатқан жабдық туралы мәліметтердің толық болуына тәуелді. Әрбір нақты жағдайда бағалаушының өзі мына немесе басқа әдісті қолдану қажеттілігіне және мүмкіндігіне қорытынды жасау керек.
2.2. Тиімді пайдалану уақытына байланысты әдіс
Тиімді пайдалану уақыты – бұл машиналар мен жабдықтардың техникалық жағдайымен және пайдалылығымен анықталатын пайдалану уақыты.
Тиімді пайдалану уақытына байланысты әдіс техникалық диагностика әдісі көмегімен жабдықтардың қалған жұмыс істеу мерзімін анықтау мүмкіндігі ұйғарымына негізделген. Нормативті және қалдық жұмыс істеу мерзімін біле тұра, жабдықтың тиімді пайдалану уақытын мына формула бойынша есептеуге болады:
(2.1)
Мұнда, – жабдықтың тиімді пайдалану уақыты;
– жабдықтың нормативті жұмыс істеу мерзімі;
– жабдықтың қалдық жұмыс істеу мерзімі.
Қалдық жұмыс істеу мерзімі – бұл машиналар мен технологиялық жабдықтардың өндіріп жатқан өнім құнына үлесін енгізуге қалған уақыт аралығы.
Достарыңызбен бөлісу: |