Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ



жүктеу 2,15 Kb.
Pdf просмотр
бет24/34
Дата31.05.2018
өлшемі2,15 Kb.
#18570
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34

92
Жүргізушілер: Кәрім Аяла және Омар Ерғанат.
1-жүргізуші:  Қайырлы күн, қадірменді достар!
2-жүргізуші: – Бүгінгі аукционға қош келдіңіздер! Бүгінгі 
аукционның ережесімен таныс болыңыздар.
1-жүргізуші: – Әр топтың қолдарында 50 теңге болады. 
Бұл – алғашқы  капитал. Аукционға тапсырмалар қойылады. 
Алғашқы бағасы – 10 теңге. Жүргізуші тапсырманы қойған 
соң  командалар    арасында    сауда  басталады.  Ең  көп  баға 
қойған  топ  жауап  беру  құқығына  ие  болады.  Егер  дұрыс 
жауап болса, барлық  қойылған теңге  ұпай болып есептеліп, 
сол  командаға  беріледі.  Ал  егер  жауап  дұрыс  болмаса, 
қойылған баға команда ұпайынан алынады.  
2-жүргізуші:  –  Мәселен,  сізде  50  теңге  бар.  Сұрақтың 
құны – 20 теңге. Сұраққа дұрыс жауап берсеңіз 70 ұпайға ие 
боласыз. Жауап қате болса, 30 ұпай қалады. 
1-жүргізуші:  –  Егер  топ  қолындағы    барлық  ақшасын 
салып, дұрыс жауап бере алмаса, банкрот болып,  аукционнан 
шығарылады.  ІІ  кезеңге  ең  көп  ұпай  жинаған  топ  өтеді. 
Ең  төмен  ұпай  жинаған  топ  ойыннан  әр  кезең  сайын 
шығарылады.
2-жүргізуші: – Аукционның жүргізушілері мен қазылар 
алқасы  өз  ақшасынан  ойыншыларға  беруге  немесе  ойын 
ережесін бұзған топқа салық салуға құқылары бар.
1-жүргізуші: – Енді «Білім аукционын» бастаймыз.
2-жүргізуші: – Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға – 10 
теңге. Кім көп баға береді? 
І кезең – «Білім аукционы».
1. Жай сөйлемнің  түрлерін ата. 2. Құрмалас сөйлемнің 
түрлерін  ата.  3.  Құрамындағы  жай  сөйлемдері  ой-қимыл, 
бағыттас, мезгілдес болатын салаластың қай түрі? 4. Шешен 
кісі  (cөз)  бастар,  көсем  кісі  (ел)  бастар.  5. 
Сөз  таптары 
қазақ  тілі  білімінің  қай  бөліміне  жатады?  6. 
Есімшенің 


93
жұрнақтарын  ата.  7.  Көсемшенің  жұрнағын  ата.  8.  Тұйық 
етістік жасайтын жұрнақ. 9. Адамның төбесі аспанға жете ме? 
(төбесі көкке жету, яғни, қуану) 10.Бір қазанға сыймайтын 
қандай  бастар?  (Екі  қошқардың  басы  бір  қазанға  сыймас). 
11.  Екі  аяқ  бір  етікке  сыя  ма?  (екі  аяғын  бір  етікке  тығу). 
12. Буын үндестігіне қандай қосымшалар бағынбайды? 13. 
Орхон  ескерткіштерінің  табылған  жері.  14.  Қорқыт  өмір 
сүрген  жер.  15.  Дауысты  дыбыстар  тілдің  қатысына  қарай 
қалай бөлінеді?
1-жүргізуші: – Осымен І кезеңіміз өз мәресіне жетті.
Қазылар  алқасы  өз  шешімін  шығарғанша    8-сынып 
оқушысы  Даниярдың  өз  шығармашылығынан  мәнерлеп 
өлең оқуын тамашалаңыздар.
2-жүргізуші: – ІІ кезеңіміз: «Иә, Жоқ» деп аталады. Әр 
дұрыс жауапқа 10 теңгеден беріледі. Егер білмеген болсаңыз, 
«Келесі» деп келесі сұраққа өте беруіңізге болады. Ең бірінші 
жауап беруге І кезеңнен көп ұпай жинаған топ қатыса алады. 
Сол топты сахнаға шақырамыз.
Осылай 3 топқа сұрақтар қойылады. 
1-жүргізуші:  –  «Балауса»  ансамбльінің  орындауындағы 
«Адай» күйін тамашалаңыздар.
ІІ кезең.
1.  Шылау  сөйлем  мүшесі  бола  ала  ма?  (жоқ)  2. 
Сен 
баламысың?  Бұл  сұраулы  сөйлем  бе?  (иә)  3.  Мынау,  анау, 
осы  –  жіктеу  есімдігі. (жоқ)  4.  Менде  әрі  құжат  жоқ,  әрі 
баратын үйдің мекен-жайы  жоқ. Бұл – ыңғайлас салалас. 
(иә)  5.  Сондықтан,  сол  себептен  деген  шылаулар  себеп 
мәнді  салалас  сөйлемдерде  кездеседі.  (иә)  6.  Бастауыш 
пен  баяндауыш  –  сөйлемнің  тұрлаусыз  мүшесі.  (жоқ)  7. 
Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буын – тұйық 
буын. (иә) 8. Фонетика – тіліміздегі сөздерді зерттейтін сала. 
(жоқ) 9. Құрамындағы алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы 


94
тиянақсыз болса, бұл – сабақтас құрмалас сөйлем. (иә) 10. 
Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары  тиянақты 
болса, бұл – салалас құрмалас сөйлем. (иә) 11. 
Кімде, неде 
сөздері  –  табыс  септігінің  жалғауы.  (жоқ)  12.  Жанама 
толықтауыш – тура толықтауыштың түрі. (иә) 13.  Сөйлем 
–  біршама  тиянақты  ойды  білдіретін  сөздер  тобы.  (иә)  14. 
Сөйлемдегі  сөздердің  орынын  ауыстыруы  инверсия  деп 
аталады.  (иә)  15.  Бұйыру  немесе  талап  ету  мақсатымен 
айтылған  сөйлем  сұраулы  сөйлем  деп  аталады.  (жоқ)  16. 
Сөздер тіркесу үшін кем дегенде мағыналы екі сөз болу керек. 
(иә)  17. 
Қайда,  қашан,  неге  сұрақтары  –  анықтауыштың 
сұрақтары. (жоқ) 18. Бірыңғай мүшелердің арасында  мен, 
пен, бен, және жалғаулықтары бір рет келсе үтір қойылады. 
(жоқ) 19. Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлем жалаң 
сөйлем  деп  аталады.  (иә)  20. 
Не,  немесе,  я,  яки  –  кезектес 
мәнді жалғаулық шылаулар. (жоқ)
2-жүргізуші: – Осымен ІІ кезеңіміз де өз мәресіне келіп 
жетті.  Қазылар  алқасын  ІІ  кезең  қорытындысын  айтуға 
ортаға шақырамыз. 
1-жүргізуші:  –  Сахнаға  ІІІ  кезеңге  өткен  2  топты 
шақырамыз.
2-жүргізуші: – Аукционымыздың ІІІ кезеңін бастаймыз.  
ІІІ  кезең  «Ойлан,  тап»  деп  аталады.  Сіздер  логикалық 
сұрақтарға дұрыс жауап берулеріңіз керек. Әр дұрыс жауапқа 
– 50 теңгеден. Біз енді аукционға түспейміз. Өз материалдық 
жағдайларыңызды түзеп алуға, сыйлық ұтып алуларыңызға 
болады.  Жылдамырақ  өз  білімдеріңізді  біздің  теңгемен 
алмастырып алатын кез келді. 
ІІІ кезең.
1. Жердің ортасында не бар? (Е) 2. Кімнің шашына жауын 
жауғанда мүлдем су тимейді? (Такырбастың) 3. Айжан мен 
Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан – 


жүктеу 2,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау