Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ



жүктеу 2,15 Kb.
Pdf просмотр
бет30/34
Дата31.05.2018
өлшемі2,15 Kb.
#18570
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

115
Жан табылмас өзіңдей гүл өңірден,
Мәңгі жырлап өтермін бұл өмірден.
Түсінсеңші сен мені мұң сыйламай,
Шабыт құсын ұшыршы жүрегімнен.
         Сені ойламай бір түнді өткізе алман,
         Түсімде де дауысың естілді алдан.
         Көрінсе де өзгелер асқан сұлу
         Болдың, қалқам, мен үшін шексіз арман!
ӨМІР ЖАЙЛЫ
Қарсы жүз өмір – өзен ағынына,
Алданба сен өмірдің сағымына.
Ұлықтап ұлт рухын отқа түссең,
Күймейсің ешқашан да жалынына.
        Өзгені өмір сабақ ойландырсын,
        Өнегелі әр ісі толғандырсын.
        Түпсіз терең тұңғиық жұмбақ әлем
        Арыстандай әл бермес, айбарлы шын!
Жалған күндер өтеді аялдамай,
Жылдар жылжып барады аяңдап-ай.
Тірлігіңде өзім деп сыйласқанның
Жара  салма жанына абайламай.
         Мына өмір біреуге байлық берген,
         Енді біреу бейнет пен қайғы көрген.
         Біреулері көз ашып, ілім іздеп,
         Ізгіліктің бойына дәнін терген.
Қалма адамның көз жасы, наласына,
Көлеңкеңді түсірме ағашына.
Байлық қуып құл болма дүниеге,
Адал тер төк қазақтың даласына!


116
Салтанат ЖАМАНБАЙҚЫЗЫ,
Қызылорда қаласындағы
№264 мектеп-лицейдің 
мұғалімі.
ТӘУЕЛСІЗДІК ТУРАЛЫ            
ТОЛҒАУ
Иә, талай жылдар өтті,
Талай сулар ағып кетті.
Бірақ тарих мәңгі қалар
Толықтырып әрбір бетті.
Қайғы мұңның зарын шертіп,
Қанша жанар қалды семген?
Ана-жүрек неткен берік
Құлындарын жерге көмген?! 
Көз көргенде өлі дене
Күңірентті ата-ананы.
КГБ-ның қолы істеген 
Қорлығын кім айта алады?!
Қаншама жар қайғы жұтып,
Жесірліктің зарын ұқты.
Қанша бала әке іздеген,
Жетімдіктің жасын жұтты.
Солай...
Солай...
Тәуелсіздік келген жоқ
Бізге оңай.
Талай тағдыр тауысып талқандарын,
Талай ғұмыр қиылған,
Талай...
Талай ... 


117
***
Егемендік!
Тәуелсіздік!
Тең елміз!
Көтерілді көкке биік еңсеміз,
Дәстүр-салтым қайта оралды,
Тілім де.
Иманым да берік енді,
Дінім де. 
Еркін елмін
Ата-бабам аңсаған,
Қанша жырлап айқайласам – 
Шаршаман.
Қыранымын 
Көк аспанда қалықтар.
Ұланымын
Жұлдыздармен шарықтар!
Барыспын мен
Жер-жаһанды шарлаған,
Арыстанмен алысардай бар шамам!
Қане, кім бар мені осал дейтұғын,
Белдеспеймін,
Бейбіт күліп қарсы алам!
МАМАНДЫҒЫМ
Жанын ұғып жабырқаулы баланың,
Анасындай көңілін  де табады.
Шәкіртіне үлгі болар бейнесі,
Мамандығым менің сондай бағалы!


118
Нұрға бөлеп  бала   жанын арайлы,
Болашаққа жарқын үміт жағады.
Адамзаттың алғысына бөленген
Мамандығым менің сондай бағалы!
ТІЛІМ БАРДА
Тілім барда тіршілігім бар менің,
Тілім барда өмір сүрем, бар демім.
Тілімменен жеткіземін сырымды,
Тілім барда жүрегімнің ал кенін!
Тілім менің – тәрбиемнің тірегі,
Әлдилеген анашымның тілегі.
Тілім менің – қантамыры халқымның,
Сан ғасырдан соғып тұрған жүрегі!
Рзагүл ӨТЕУЛИЕВА,
Мәди Бегенов атындағы 
мектептің мұғалімі.
Маңғыстау облысы,
Бейнеу ауданы.
ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ
Қазақстаным! Егемен елдің бірі едің,
21-десің, тәуелсіздігім – тірегім.
Жасарып, жайнап, тілдескен зеңгір көкпенен,
Астана ару аша түскендей реңін.
       Алтындай күннен шуақты нұры тараған,
       Бар әлем саған көз тігіп, сірә, қараған.
       Тәуелсіздіктің торқалы тойы тұсында
       Перзентің бола үн қатпай қалай қала алам?!


119
«Тар жол, тайғақ кешуде» тайсалмаған,
«Ақтабан шұбырындыда» қайсарланған.
Қалай тәнті болмайсың, үлгі алмайсың
Елі үшін жан қиған жайсаңдардан?!
        Қиындық кездессе де әрбір жолда
        Асығы алшысынан түсті оңға.
        Ата-баба арманы орындалып,
        Азаттықтың ақ құсы қонды қолға.
Сылдырап өңкей тараптардан келісім,
Кездесулер беріп жатыр жемісін.
Қазақ елі бар әлеммен әріптес,
Туыстайын болса егер несі мін?!
        Татулық кілті табылып осы арадан,
         Бозбалаша түзеген бойын жаңадан.
         Бейбітшілік бесігінде тербеліп
         Алуан түрлі ұлт өкілі салады ән.
Тұғыры мықты, қанатын кеңге қомдаған,
Асыл ұлдарың алаштың үнін жолдаған.
«Батырлардың бейнесі мәңгі қалсын» деп
Хас шеберлер ескерткіштер сомдаған.
         Тәуелсіздік дегенде естілер бүгін асқақ үн,
         Сынаптай сырғып өтеді-ау уақыт қас-қағым.
         Туған тіліміз сән-салтанат танытсын,
         Ана тілім – абыройым, асқағым!
«Болашақтың» кемеріне жол салып,
Жас өрендер ізденісі қаншалық.
«Білім – теңіз» айдынында жүзбекші
Өз жерінде, шет елде де шаттанып.
        Жасампаз елім, жетістігіңнің бәрі есте,
        Атағың мәшһүр, танымал болдың емес пе?!
        Гүлдене берші, көркейе берші үздіксіз,
        Тәуелсіздігің жайлы жазылуда әлі жыр-десте.                        


120
Сыныптан тыс тәлім
Ақмарал МАХАНОВА,
Халел Досмұхамедұлы атындағы 
орта мектептің мұғалімі.
Атырау облысы,
Қызылқоға ауданы,
«Миялы» ауылы.
ЖҰЛДЫЗДАР ЖАҚҚАН ОҚУЛАР
(шоу бағдарлама)
Мақсаты:  аудандық,  облыстық,  республикалық  оқулар 
жеңімпаздарын  марапаттау;  оқушыларды  өнерсүйгіштікке 
тәрбиелеу, білімділігін арттыру.
Көрнекілігі:  интерактивті  тақтада  ақындар  суреті, 
шарлар, гүлдер.
Шоу барысы.
Сахна  безендірілген,  жарық  сөнулі,  балауыз  шамдар 
жағылған,  қонақжайлылық  салтанат  құрған,  сахнада  баяу 
әуен ойнап тұрады.
1-жүргізуші:  Армысыздар, құрметті көрермен! Ауданы-
мыздың жеңімпаз жастарына  арналған «Шоқ жұлдыз» шоу 
бағдарламасына қош келдіңіздер!
Бәрімізге қасиетті бас ақын,
Оқып-біліп өзіне болдық жақын.
Жылы тиіп жүрекке өлеңдері,
Әр сөзінен ұғамыз ақыл-нақыл.
         Үйреттің сен ұрпағыңды жақсылыққа,
         Қара сөзің әркімге басшы-нұсқа.
         Қаншама жыл өтсе де өлген жоқсың,
         Кел, ұлы Абай, ұрпағың ортасына.


жүктеу 2,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау