25
берілмейді, қолданушының басқару әрекеттері арқылы
түрлі құбылыстармен беріледі. Интерактивті плакат – бұл
электрондық жабдықтың жаңа түрі, үйретілетін материалдың
көрнекілігін тағы да жетілдіру үшін қолданылады, бірақ
бұл алғашқы көрсетілім емес. Плакат+интерактивтілік
=интерактивті плакат. Интерактивті плакат Power Point
жабдықтарымен жүзеге асырылады. Интерактивті плакатқа
сызбалар, суреттер, ережелер, кестелерді жатқызуға болады.
Мен өз тәжірибемде 5, 6 және 8-сыныптардың «Қазақ тілі»
пәнінен интерактивті плакаттар жасадым, оларды сабақта
тиімді пайдаланамын.
5-сыныпта «Қазақ тілі» пәнінен «Фонетика» және
«Лексика» деген екі үлкен тарауды өтеміз. Сол тарауларды
қорытындылау кезінде «Фонетика» және «Лексика» атты
интерактивті плакаттарды қолданамын. Плакатта ақпараттар
автоматты түрде бірінен соң бірі шығады.
Оқушы өзіне қажетті мәліметті интерактивті плакаттағы
кесте, сызбалардан алады. Айталық, оқушы дауысты
дыбыстарды үйренгісі келсе, «Дауысты дыбыстардың
түрлері» атты сызбаға кіреді, сол сызбада дауысты
дыбыстардың классификациясы жасалынған. Тілдің,
жақтың, ерін мен езудің қатысына қарай бөлінуі суретпен
көркем жеткізілген.
«Лексика» атты интерактивті плакатта лексика
тарауындағы барлық мәселе слайд, анимация арқылы
жандандырылған. Интерактивті плакатпен жұмыс істеу
нұсқаулығы да бар. Плакатта сөздің тура және ауыспалы
ФОНЕТИКА
ЛЕКСИКА
26
мағынасы, сөздердің көп мағыналылығы, омоним, синоним,
антоним сөздер, кірме сөздер, көнерген және жаңа сөздер,
кәсіби, диалект сөздер туралы түсінік беріліп, мысалдармен
дәлелденген. Интерактивті плакаттағы көркем суреттер
оқушылардың зейінін сол мәселеге жұмылдыра түседі,
оларда қызығушылықты оятады.
6-сыныптың «Қазақ тілі» сабағында «Зат есім» және «Сын
есім» атты тақырыптарды өткенде интерактивті плакаттарды
пайдаланамын. Зат есімнің жалпы және жалқы есім, деректі
және дерексіз есім, дара, күрделі, туынды зат есім болуы
туралы түсінік беріледі. Оқушылардың өз бетімен жұмыс
істеуі үшін арнайы слайдтар берілген.
«Сын есім» атты интерактивті плакатта сапалық және
қатыстық сын есім, туынды сын есім сөздері автоматты
түрде шығады. Әр кестені басқан кезде сол туралы түсінік
беріліп, мысалдары талданады.
ы
с жаз-
т ғы
ы
қ
жаз жазғы
СЫН ЕСІМ
Сапалық
сын есім
Заттың түрін,
түсін, сипатын,
сапасын білдіреді.
Күшейтпелі
шырай
Асырмалы
шырай
Сөз
тудырушы
жұрнақтар
арқылы
жасалады.
Туынды сын
есім
Қатыстық
сын есім
Мекенге
қатысты
Мезгілге
қатысты
Әрекетке
қатысты
Затқа
қатысты
ЗАТ
ЕСІМ
27
8-сыныптың «Қазақ тілі» пәні бағдарламасында
«Сөйлемнің түрлері» және «Бастауыш пен баяндауыштың
арасына қойылатын сызықша» тақырыптары бар. Соларға
арналған интерактивті плакаттарда бір слайдпен жұмыс
істейді. Ақпараттар автоматты түрде шығады. «Бастауыш пен
баяндауыштың арасына қойылатын сызықша» тақырыбын
түсіндіргенде интерактивті плакаттың зор көмегі тиеді.
Балалық өтті білдің бе?
Көкшетауға ертең барамыз.
Па, шіркіннің сөзі!
Кел, балалар, оқылық!
Оқу – білім бұлағы.
Ол – халық қалаулысы.
Қазақстан – кең байтақ
ел.
Жүз – жиырма беске
бөлінеді.
Айтушының көңіл күйін
білдіретін сөйлем.
Лепті сөйлем.
Бұйыру, талап ету
мақсатында айтылған
сөйлем.
Бұйрықты сөйлем.
Хабарлау, баяндау, суреттеу
мақсатында айтылған сөйлем.
Хабарлы сөйлем.
Сұрап білу мақсатында
айтылған сөйлем.
Сұраулы сөйлем.
Айтылу түрі, мақсаты мен сазына
қарай сөйлемнің түрлері.
Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша.
28
Интерактивті плакатты дайындағанда бір бағыттағы
ақпаратты беру үшін дайындау қажеттігін ұмытпағанымыз
жөн. Интерактивті плакатты қолдану нәтижесінде жаңа
материалды оқып үйренеді, оны бекітуде, жылдам және
жан-жақты дамуына көп көмегін тигізеді. Ол оқытудың
жеке қарқынын дамытып, сабақта өзгеруші жағдайларды
туғызады. Бұл ақпараттық құралдың білім беру жүйесін
дамыту ісіне берері ұшан теңіз.
Сабақта интерактивті плакатты пайдалану оқу материалын
үйрену мен игеруде, талдау мен тілді өзіндік зерттеуде, оны
көрнекі және есте көп уақыт сақталып, зейінін белсендіруде,
тілдік құзыреттілікті қалыптастыру және дамытуда тиімді
құрал болып табылады.
Ол жолға ерте
жиналды.
Өзен жарқыраған айна
сияқты.
Мақтану ерлік емес.
Гүлнұр НҰРБАЕВА,
Бауыржан Момышұлы атындағы
жалпы орта мектептің мұғалімі.
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Түлкібас ауданы.
СөЗ ТІРКЕСІ, КҮРДЕЛІ СөЗ,
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕС
(7-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – сөз тіркестерін
күрделі тіркес пен күрделі сөздерден, тұрақты сөз тіркесінен
Туған жерім неткен
көркем!
Достарыңызбен бөлісу: |