Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ



жүктеу 1,02 Mb.
Pdf просмотр
бет3/33
Дата10.11.2018
өлшемі1,02 Mb.
#18788
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

7
жазбаша  бақылау  сұрақтары  мен  тест  тапсырмаларын 
қамтиды.  Алайда  аталған  ресурстарды  бір  пәннің,  атап 
айтқанда, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің барлық сабағында 
бірдей  қолдану  мүмкіндігінің  шектеулі  екені  баршаға 
аян.  Сондықтан  да  кейбір  файлдарды  бізге  ыңғайлы  офис 
бағдарламаларына  көшіру  қиындығын  да  атап  өткен  жөн. 
Себебі,  филолог  ұстаздар  қаншалықты  жоғары  деңгейде 
компьютер  тілін  меңгергенімен  арнайы  дайындықтан 
өткен  ақпараттану  (информатика)  пәнінің  мамандарындай 
жұмыс істей алмайды. Мәселен, интерактивті тақталар үшін 
неғұрлым тиімдісі – SMART Note book типтегілері.
SMART Note book типтегі файлда мұғалім-оқытушылар 
сабаққа қажетті қосымша материалдарды ойластыра отырып 
көрнекі  құралдарды  дайындауға,  оларды  ұсыну  қалпын 
өзгертуге, интерактивті тапсырмалар енгізуге мол мүмкіндік 
алады.  Мұнымен  қатар  интерактивті  тапсырмаларды  әр 
оқушы, егер электронды құрал-жабдықтарды, соның ішінде 
компьютер  тілін  жақсы  біліп,  бағдарлама  әзірлеуді  және 
ақпараттандыруды  жеткілікті  мөлшерде  меңгерген  болса, 
мұғалім-оқытушы  нұсқауы  бойынша  өз  бетімен  дайындай 
алады немесе аталған ресурстардың Flesh-файлдарын, оқыту 
дискілерін қолдана алады.
Интерактивті  тақтаны  пайдаланып  сабақ  жүргізу 
берілетін білімнің сапасын ғана арттырып қоймай, оқушы-
студенттердің  әр  сабаққа  деген  қызығушылығын  тудырып, 
олардың  жалпы  уақытын  үнемдейді,  ынта-ықыласын 
(мотивациясын)  жақсартады,  әрбір  оқушыны  ұжымдық 
жұмысқа  тартуға  көмектеседі,  әрбір  білімгердің  жеке 
қабілетін  жетілдіреді  және  олардың  шығармашылық, 
зерттеушілік  дағдыларын  дамытады.  Осы  мүмкіндіктерді 
ескерген тәжірибелі ұстаз әрқашан ақпараттық-қатынастық 
технологияны  дұрыс  таңдап,  белгілі  бір  сабақтағы  нақты 
педагогикалық мақсат-міндетті орындаудың оңтайлы әдісін 


8
таба біледі. 
Осындай  технологияның  оқу  үдерісіндегі  практикалық 
маңыздылығымен  қатар  жанама  мынадай  тиімді  жақтары 
бар  екенін  атап  өткен  жөн:  қоғамдық-әлеуметтік  қарым-
қатынас  үдерісі  табысты  өтеді,  оқушылар  немесе 
студенттер өз ой-пікірлерін қысылмай, емін-еркін жеткізіп 
айта алады, берілген білімге, ақпарат-мәліметке қатысты 
қойылған сұрақтарға батыл жауап береді, білім беру-білім 
алу үдерісі көтеріңкі көңіл-күй жағдайында іске асырылады. 
Оқушы-студенттер қазіргі технологияларға өзінің де қатысы 
бар  екенін  сезініп,  оны  терең  түйсініп,  әріде  жинақтаған 
тәжірибесін ғаламтор желісін пайдалана отырып қашықтан 
білім алуда да ұтымды пайдаланады.
Салтанат МҰНАРБЕКҚЫЗЫ,
Қаныш Сәтбаев атындағы 
орта мектеп-гимназиясының
 мұғалімі.
Алматы облысы,
Ақсу ауданы.
ОҚЫТУ ҰСТАНЫМДАРЫ 
– ПЕДАГОГИКАЛЫҚ     
ШЕБЕРЛІКТІң НЕГІЗІ
Мұғалім  –  өз  сабағының  режиссері,  яғни,  әр  мұғалім 
өзіне  тиімді  оқу  әдістерін  өз  еркінше  пайдалана  алады. 
Біздің алға тартып отырған мәселеміз – әр сабаққа дайындық 
кезінде  қазақ  тілін  қалай  оқытамыз  дегенді  басшылыққа 
алу. Ол үшін дидактиканың ұстанымдарын орындау қажет. 
Ұстанымдарды  білу  және  оларды  оқу-тәрбие  үдерісінде 


9
толықтай  іске  асыру  педагогикалық  шеберліктің  негізін 
құрайды  және  ол  педагогикалық  біліктілікті  анықтауда 
алдымен ескеріледі.
Дидактикалық ұстанымның ең алғашқысы – ғылымилық. 
Берілетін  теориялық  мәліметтер  дәл  солай  берілуі  керек. 
Мысалға, әдебиетті оқытқанда гипербола, литота, кейіптеу, 
т.б. көркемдік тәсілдерді оқыту да кездеседі. Осы көркемдік 
тәсілдерді оқушыға түсіндіргенде тым қарабайыр сөздермен 
түсіндіруге  де  болмайды.  Оқушы  теориялық  мәліметті 
теория күйінде қабылдап, сол күйінде ұғынуы аса маңызды. 
Осы  жерде  дидактиканың  келесі  ұстанымы  да  шығады. 
Ол  –  жүйелілік.  Теориялық  мәліметті  түсіндірген  кезде 
қарапайымнан  бастап  түсіндіреміз.  Басқаша  айтқанда, 
жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге қарай жүреміз, яғни, 
оқытудағы  берік  жүйелілік  пен  бірізділік  –  ғылыми  білім 
берудің негізі.
Оқытудың  материалды  дұрыс  орналастыру  ұстанымын 
қолдану  арқылы  оқу  материалдарының  бір-бірімен  дұрыс 
сабақтаса  орналасуын,  берілуін  қадағалаймыз.  Сабақ 
басында  және  соңында  жүргізілетін  жаттығулар  орыны 
ауыспауы  қажет.  Мысалға,  сабақ  соңында  ойнатылатын 
сөзжұмбақ,  ребустарды  соңында  бірақ  тақтаға  ілген  жөн, 
себебі оқушы қайта-қайта сол әдемі суреттерге қарап көңілі 
бөлініп  отырады.  Осылайша  біз  үйретілетін  материалды 
оқушының  тиянақты,  жүйелі,  бірізділікпен  қабылдауына 
мүмкіндік жасаймыз.
Өткізетін  сабақтарымыз  міндетті  түрде  бір-бірімен 
байланысып  жатады.  Кейде,  тіпті,  бірін  түсіндіріп  жатқан 
кезде  екінші  бір  ұғымға  да  тоқталудың  қажеттілігі  туып 
жатады. Осындайда біз еріксіз оқытудың алдын ала болжау 
ұстанымын  қолданғанымызды  мойындаймыз.  Үйретіліп 
отырған  материалдың  келесі  сабақтардағы  материалды 
меңгерудегі тиімділігін алдын ала болжау, соны ескере келіп 


10
дамыту өте маңызды әрі пайдалы.
Оқытудың  саналылық  ұстанымы  –  ең  бір  маңызды 
қағидалардың бірі әрі сабақты оқушының жетік меңгеруіне 
көмегі  көп.  Осыған  сәйкес  оқушы  тек  құрғақ  жаттамай, 
түсініп  оқуға,  саналы  түрде  қабылдауға  дағдыланады. 
Мысалға,  7-сыныпта  Мұхтар  Әуезовтің  «Көксерек» 
әңгімесін  оқушыларға  бір-біріне  әңгімені  айтқызу  арқылы 
өткіздім.  Олар  бір-біріне  әңгімені  айтып  түсіндіріп  берді. 
Осылайша олардың сабаққа деген ынтасы және белсенділігі 
жоғарылады.  Кейбір  кездері  мұғалім  түсіндіргеннен  гөрі 
қасындағы  жолдасы  әңгімелеп  берген  тиімді  әрі  әсерлі. 
Бүгінгі белсенді оқушы ертеңгі қоғамның белсенді мүшесі 
боларына күмәнім жоқ.
Шынайы білім – іске асырылған білім. Оқушы мектепте 
алған теориялық білімді практикада, яғни, өндірісте қолдана 
алса ғана шынайы білімді болады. Біз осыған дағдыланды-
рып оқытуымыз қажет.
Ал  енді  әр  мұғалім  берік  ұстануы  тиіс  оқытудың 
көрнекілік ұстанымына тоқталсақ. Сабақты бірыңғай ауызша 
түсіндіруден гөрі түрлі көрнекіліктер пайдаланған тиімдірек. 
Егер 5-6-сыныптар болса оқушыны қызықтыратындай қанық 
түсті  суреттермен  түсіндірген  жөн.  Сынып  жоғарылаған 
сайын  көрнекілікке  аса  мән  берген  дұрыс.  Қажет  жерде 
таблица, сызба, сурет, ребус, сөзжұмбақ болғаны жөн. Алайда 
«Көрнекілік неғұрлым көп болса, соғұрлым сабағым жақсы 
өтеді» деген түсінік те – қате. Көрнекілік мақсаты – ауызша 
айтылған  мәліметті  көрсету  ғана  емес,  нақтылы,  деректі 
қорытынды  жасауға  үйрету.  Көрнекі  құралдар  тақтада 
пайдалану  ретімен  өте  ұзақ  та  тұрмауы  қажет.  Мысалға, 
есімдікті  өткен  кезде  алдымен  тақтаға  есімдік  және  оның 
мағыналық түрлері жайлы сызбасын іліп, түсіндіріп алдым. 
Сабақ соңында сөзжұмбақ шешетін кезде ол сызбаны алып 
тастап,  орнына  сөзжұмбақты  ілдім.  Осылайша  көрнекі 


жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау