63
«Лашын» құсты топтастыру.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда...»
Сезім сыры
Сыры көп құстар әлемі
Құстар туралы мәліметтер суреттерін көрсете отырып
айтылады.
Шығарманың жоспары
Балтабай
ауылында
Саятшы-
лық
Лашынның
құс алуы
Шілдеде
құс алу
Лашын Ахмет
Сөздер сырына саяхат
Түлек – құстың түлейтін шағы.
Саңғиды – құстың саңғыруы.
Бидайық – кішкене жыртқыш
құс. Дабыл – құсты үркіту үшін
қолданылатын аспап.
Отқа шығар – құстың жайылуға
шығар кезі.
Қуандым
Таңғалдым
Ренжідім
Қорықтым
Жеккөрдім
64
Сұңқар – құс біткеннің тәкаппары, тұмсығы тегеуріндісі.
Қанаты ұзын, жіліншігі қысқа, саусақтары салалы, сүйек
бітімі жұмыр, денесі мығым болып келеді. Күркетауық
– дене пішіні сымбатты, аяғы ұзын, қанаты мен құйрығы
келтелеу келген ірі құс. Мойыны қауырсынсыз, етті, өте тез
жүгіреді. Үйрек – суда еркін жүзетін, адам қолына үйретілген
құс. Қарлығаштың қанаттары ұзын, жіңішке және ұшы
сүйір болып келеді. Адал, пәк құс. Көгершін – хабаршы
құс. Ол бейбітшілік құсы деп саналады, көкке самғап,
жылдам ұшады, жерде жақсы жүреді, хат тасиды. Тотықұс –
қауырсыны өте сұлу құс.
Сабақты бекіту. «Құс аулау» ойыны.
Сұрақтары:
1. Шығарма авторы кім? Сипаттама бер. 2. Шығарманың
негізгі тақырыбы қандай? 3. Құстарды үркіту үшін
қолданылатын аспап. 4. Шығармада құс алу өнеріне
қатысты қандай мақал-мәтелдер, өлең жолдары кездеседі? 5.
Құстардың жауынан қорғану үшін қызмет атқаратын сезім
мүшелері. 6. Ахмет қазақ халқының қандай ұлттық кәсібімен
айналысады?
Үй тапсырмасы: «Екі бетті күнделік».
Әңгімеден Пікірім
алған
әсерім
65
Оқулыққа қосымша
Рақымжан ТҰРЫСБЕК,
филология ғылымдарының
докторы, профессор.
АКАДЕМИК РЫМҒАЛИ
НҰРҒАЛИ МҰРАСЫ
(Жоғары білім мен кемел ғылым мәселелері)
(Бастапқы бөлігі өткен санда)
Білім-ғылым жолы – қашан да қиын, күрделі болған-ды.
Бұған күнделікті өмір-тұрмыстан да, ұлт мақтаныштары һәм
оқымыстыларының даналық та, қанатты сөздері арқылы да
көз жеткізер едік. Айталық, Әбу Насыр әл Фараби «Білімді
болу деген сөз – белгілі нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген
сөз. Ал белгісіз нәрсені аша білу деген сөз – ол теориялық
өнердің барлығына тән ортақ жәйт» десе, Абай
«Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба...»
дейді.
Мұхтар Әуезов “Халық пен халықты, адам мен адамды
теңестіретін нәрсе – білім” деп жазды.
Бұдан білім-ғылым жүйесі “талант–тумыстан” қағидасы-
на келіп саятыны аңғарылады. Оның өзі ізденіс іздері арқылы
кең өріс алады. Ақыл-парасат нұрымен нәрленіп, сәулеленіп,
мейірім шуағын алысқа түсірері хақ.
Әдебиетке, ғылымға келу – өмірі мен тағдырын, ізденіс-
еңбектерін, мақсат-мұраттарын осы бағытқа бұрған адамның
саналы әрекеті. Руханият әлемінде мұның мысал, деректері
көп-ақ...
Қысқа шегініс жасасақ, кешегі журналист-филолог,
кейіннен академик атанған Рымғали Нұрғали “Лениншіл
66
жас” (“Жас Алаш”) газетінің солтүстік облыстарындағы
тілшісі бола жүріп, баспасөз жанрларына белсене қалам
тартты. Қазақ фольклорының нұсқаларын жинады. Әсемдік
әлемі әдебиеттен, оның көркемдік-рухани қуат-күшінен
нәр алды. Өмірге құштарлығы артты. Руханият әлеміне,
өнер өлкесіне, ондағы өрнекті өрістерге, үлгі-өнегелерге
құмартты. Ел әңгімелері мен көне жыр, қиссалардан бастап
Алаштың қайраткер-қаламгерлерінің мұра-мирастарын,
алыс-жақын елдер әдебиетінің інжу-маржандарын іздеп
жүріп оқыды. Жіті танып зерттеді. Осы бағыттағы зерттеу
мен зерделеулерін, ойлары мен толғаныстарын БАҚ жүйесі,
кітап әлемі арқылы қалың көпке ұсынды.
Р.Нұрғали зерттеулерінің алтын арқауы Мұхтар Әуезов-
тің өмірі мен шығармашылығы, оның ішінде алғашқы ізде-
ніс, еңбектері дер едік. Алдымен айтарымыз, М.Әуезовтің
өмірі мен қоғамдық қызметін, алғашқы шығармашылық
кезеңін деректік-құжаттық тұрғыдан әрі мың сан
салыстырулар негізінде тамыршыдай тап басып танып
таразылады. Суреткердің халық аңызы негізінде жеткен
“Еңлік-Кебек” трагедиясының жазылу тарихын, бірнеше
нұсқаларын санап та, талдап та көрсетумен бірге көркемдік
талаптар тұрғысынан шеберлікпен, шешендікпен сөз етті.
Әдебиет зерттеушісінің Әуезов әлеміне еркін еніп, алғашқы
ізденіс-мұраттарынан бастап айқын көзқарас, бедерлі
қолтаңба, өрнекті өнеге, үлгілі үрдістерін шығармашылық
мұра-мирастарымен байланыстыруы, осы бағыттағы зерттеу
мен зерделеулер, таным мен талғам деңгейі мәнді, мағыналы
болып табылады.
Р.Нұрғали еңбектері арасында 1980 жылдардың соңғы
кезеңінде баспасөз беттерінде жарияланған Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитеті Бюросының “Мағжан
Жұмабаевтың, Ахмет Байтұрсыновтың және Жүсіпбек
Аймауытовтың творчестволық мұрасы туралы” қаулысынан
Достарыңызбен бөлісу: |