Марапаттау



жүктеу 0,88 Mb.
бет4/5
Дата16.04.2020
өлшемі0,88 Mb.
#29830
1   2   3   4   5

Университет ғалымдарының ғылыми ізденісінің нақты көрінісі – жарияланған монографиялар. Төменде соңғы үш жылдағы монографиялар тізімі келтірілген:





Авторы

Монография атауы

Жыл, б.т.



Ә.М.Мұханбетжанова

Білім беруді ізгілендіру

Алматы, 2009. - 184 б.



С.М.Бахишева

Педагогикалық жүйелерді басқарудағы жобалау және оның ғылыми-теориялық негіздері.

«Art-Fusion» баспасы



Алматы, 2009. – 16 п.л.



С.Х.Душманов

Развитие медицины и здарохранения в Западном Казахстане «От Букеевского ханства до наших дней».

Орал, 2009. 12 б.т.



Ш.С.Мусагалиев

«Антропологическая онтология».

«Ағартушы» баспа орталығы



Орал, 2009. – 288 с.



Л.И. Мерғалиева

Государственная собственность в условиях глобализации экономики. Монография, рекомендован Ученым Советом Университета «Туран»,«Экономика» баспасы

Алматы, 2009. 19 б.т.



Ә.С. Тасмағамбетов

История конфесии Казахстана в конце ХҮІІ-ХХ вв. (по материалам ислама и православия) ИЦ и СМИ

Орал, 2010-376 б.



Л.И.Мерғалиева,

э.ғ.д, профессор Т.А.Есіркепов



«Стратегические объекты Казахстан: проблемы, состояние, перспективы»

Алматы 11 б.т. 2010.



Сұлтанғалиева Р.Б.



«Сәбит Мұқанов романдарындағы диалог қолданысы». Монография Арыс баспасы 2010.

Алматы 2010. -204 бет.



Р.А.Абузьяров

«Исламский ренессанс: Коран, Наука, Этика, Просвещение, Культура» кітабының толықтырылған басылымы. Орал, 2010, 209 бет.

2010, 209 бет.



Б.А. Мулдагалиев

«Этнос аралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың теориясы мен практикасы»

Орал, 2011. – 170 б.



А.С. Ирғалиев

«Основы социализации личности»

Орал, 2011. – 116 б.



Ә.М.Мұханбетжанова

«Бастауыш білім беру мазмұны және оқыту технологиялары»

Орал, 2011. – 345 б.



Ә.М.Мұханбетжанова

Құзыреттілік тұрғыдан білім беру: теория және тәжірибе

Орал, 2011. – 248 б.



Ә.М.Мұханбетжанова

Педагогиканы оқыту әдістемесі. оқулық

Алматы, Дәуір 2011ж. – 356 б.

Бірақ 2011 жылы баспадан шығарылуға жоспарланған монографиялар уақытында орындалмағандықтан, А.Б. Медешова, С.М. Гиззатов, Н.А. Адельбаева, Ұ.Р. Ержанова, Ш.Т. Мұқанбетова, Л.С. Серикова, Ж.А. Исмурзин, Н.М. Тукешова, А.С. Байболсынова, Ж.К. Тастаева, Г.С. Умаровалардың жұмыстары кейінге қалдырылды.
ПОҚ ғылыми іссапарлары

17.01. – 24.01.2011 ж. аралығында Халықаралық ынтымақтастық қызметінің кеңесшісі С.С.Мұқанов Душанбе қаласы, Тәжік Технологиялық университетінде өткен Темпус-Персеус бағдарламасының форумына қатысып қайтты.

Мәскеу қаласында 16.02 – 20.02.2011 ж. аралығында өткен «Тенденции развития образования: Проблемы управления и оценка качества образования» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми конференциясына баяндамасымен ОІ жөніндегі проректор С.М.Бахишева қатысқан болатын. Ал Қазан қаласына 23.04 – 30.04.2011 ж. аралығында «Ұлттық мәдениет мән-мәтіндегі Ғ.Тоқайдың мұрасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу үшін «Тілдерді оқып-үйренудің практикалық курсы» кафедрасынан профессор Р.А.Абузяров пен кафедра доценті Қ.Т.Өтегенова іссапармен барып қайтты. «Жалпы педагогика және информатика» кафедрасының доценті Б.И.Сәрсенбаева Мәскеу қаласында 20.04 – 27.04.2011 ж. аралығында өткен Ресей Ғылым Академиясының халықаралық ғылыми конференциясына баяндамамен қатысу үшін іссапарға шықты. «География» кафедрасының меңгерушісі В.И.Амельченко П.С.Паласстың құрметіне орай ұйымдастырылған халықаралық-практикалық конференцияға қатысу үшін 08.09 – 11.09.2011 ж. аралығында Волгоград облысы Палласовка қаласына іссапармен барып қайтқан болатын. РФ Астрахань қаласында 11.09 – 15.09.2011 ж. аралығында өткен «Ресей және Қазақстан: шекаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына ҒЗЖ бөлімінің жетекшісі С.Ғиззатов қатысты.

«Биология және экология» кафедрасының профессоры Т.Е.Дәрбаева РҒА В.Л.Комаров атындағы Ботаника институтына Бүкілресейлік ғылыми конференциясына қатысу үшін 17.09 – 26.09.2011 ж. аралығында Санкт-Петербург қаласына іссапармен барды. «География» кафедрасының доценті Т.А.Терещенко Ұлттық туризм академиясына Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу үшін 10.10 – 17.10.2011 ж. аралығында Санкт-Петербург қаласына барып келді.

«Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы С.Ф.Баюканская да «Личность в пространстве и во времени» атты ІІІ Халықаралық ғылыми конференциясына қатысу үшін 25.10 - 05.11.2011 ж. аралығында Смоленск қаласына барып қайтты.

Сонымен қатар, университетіміздің профессор-оқытушылары осындай конференцияларға, семинарлар мен форумдарға қатысу үшін іссапармен Алматы, Петропавл, Астана, Қарағанды, Қостанай, Тараз, Өскемен, Шымкент, Ақтөбе қалаларына шығып жүр.


7. Университеттің Жас ғалымдар кеңесі

2011 жылдың 26-27 мамырында Орал қаласында «Тәуелсіз Қазақстан жастар көзімен» атты халықаралық жас ғалымдар форумы болып өтті. Форум Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі құрметіне өткізілді. Сонымен қатар, аталмыш форумның басты мақсаты - болып жас ғалымдарға жан-жақты қолдау көрсету, халықаралық ғылыми әріптестікті дамыту, Жас ғалымдар кеңесі жүйесін жетілдіру.

Форумға Ресей Федерациясы Астрахань, Волгоград облыстарының, Қазақстан Республикасының Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының жас ғалымдары қатысты. 2011 жылдың 26 мамырында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен форумның ашылу салтанатында қатысушыларды Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.К.Сүлеймен, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс проректоры Ә.Қ.Мұқтар, Орал қаласындағы Ресей Федерациясының консулы А.А.Новиков құттықтады.

Форумға арнайы келген қонақтар арасында Ресей Федерациясы Астрахань мемлекеттік университетінің оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты, «Әлем экономикасы» кафедрасының доценті Е.Н.Ковалева, Волгоград мемлекеттік ауыл шаруашылық академиясының Студенттік ғылыми қоғам төрайымы М.Ж.Утепбергенова, Батыс Қазақстан аймағынан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Жас ғалымдар кеңесінің төрайымы, философия ғылымдарының кандидаты Г.Е.Тоқсанбаева, Ақтөбе облысы Жас ғалымдар кеңесінің төрайымы, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы, педагогика және психология магистрі Л.Серікжан, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті ғылыми-зерттеу бөлімінің жетекшісі А.Султанова, Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы ғылыми-зерттеу бөлімінің жетекшісі Н.Жолымбетова, Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы Құқық факультетінің деканы, заң ғылымдарының кандидаты М.Габдуалиев және өзгелері болды.

2011 жылдың 19 қазан күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Батыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Жас ғалымдар кеңесі және Қазақ филологиясы кафедрасы бірлесіп «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының ұлттық бірлікті нығайтудағы рөлі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Конференцияның негізгі бағыттарына Қазақстанды мекендеуші түрлі этностар тілдерінің дамуы; тіл саясаты және оны жүзеге асыру жолдары; мемлекеттік тіл және көрнекі жарнама; қазіргі қазақ терминологиясы; ономастика мәселері; ұлт және өзге ұлт мектептерінде қазақ тілін оқытудың инновациялық технологиялары; ересек аудиториялардағы қазақ тілін оқыту әдістемесі; тіл мәдениеті және қазақ тілі стилистикасы мәселелері; мемлекеттік тілде іс жүргізу және аударма мәселелері жатты. Ал конференцияның негізгі мақсаты Елбасының тапсырмасымен қолға алынған тілдің үш тұғырлығы саясаты мен мемлекеттік тіл және оның қолданыс аясын кеңейту болатын.

Конференцияға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Сүлеймен, Астана қаласынан Е.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Н.Ж.Құрман, Ақтөбе қаласынан Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы А.А.Мұсаев пен осы университеттің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Б.Ш.Баймұқанов, Орал қаласынан Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Т.Х.Рысқалиев, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы М.Б.Сабыр, Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының бөлім бастығы Ж.С.Ихсанова, Батыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының бөлім бастығы Ж.Ж.Ерназаров, «Ағартушы» мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры Б.Ө.Жексенғалиев, сонымен қатар облыс көлеміндегі жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, арнаулы орта және жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдері мен студенттер қауымы, жалпы тіл жанашырлары қатысты.

Сонымен қатар конференция төмендегі секциялар бойынша жұмыс жасады:



  1. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту – тіл саясатының басты бағыты

  2. Тіл саясаты және қазақ тілі мен әдебиетінің теориялық мәселелері

  3. Қазақстандағы тілдерді оқытудың тиімді әдістемелері мен инновациялық технологиялары.

2011 жылдың 28 қазанында БҚО ішкі саясат басқармасының қолдауымен М.Өтемісов атындағы БҚМУ Жас ғалымдар кеңесі және «Технопарк «Алгоритм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірлесе отырып, оқушылар, студенттер және жас ғалымдар арасында облыстық «Жас ғалым-2011» инновациялық жобалар байқауын өткізді.

Конкурстың мақсаты - дарынды жас ғалымдарды инновацияның дамуына өз үлестерін қосуға жұмылдырып, олар ұсынған жаңа жобалардың жүзеге асуына мүмкіндіктер жасау. 2011 жылдың қыркүйегінен бастап қала газеттеріне байқау туралы хабарландыру жарияланып, барлық мектептер, орта және жоғары оқу орындарына плакаттар таратылды. 25-қазанға дейінгі аралықта жарияланған конкурсқа: ІТ технологиялар және инженерлік – конструкторлық жобалар, экология және биотехнологиялық жоба, әлеуметтік маңызды жоба бағыттары бойынша 108 жоба тапсырылды, олардың 80-і іріктеу кезеңінен өтіп, сәйкес сертификат алып, өз жобаларын конкурс комиссиясының алдында қорғауға мүмкіндік алды.

Байқаудың ашылу салтанаты мен бірінші кезеңде іріктелген инновациялық жобалардың презентациясы 2011 жылдың 28 қазанында «Технопарк «Алгоритм» ЖШС ғимаратында ғылыми-техникалық жетістіктер көрмесін ұйымдастыру, қатысушыларды тіркеу, материалдар тарату жұмыстарынан басталды. «Жас ғалымдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.М.Гиззатов байқауды салтанатты түрде ашқаннан кейін Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Мұратқали Қамешұлы Төрегелдиев, М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры Асхат Сәлімұлы Иманғалиев, «Технопарк «Алгоритм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының міндетін атқарушы Арман Мәлікұлы Есекенов, ҚР Әділет министрлігінің интеллектуалдық меншік құқығы комитеті жанындағы Ұлттық интеллектуалдық меншік инстиутының батыс аймақтық өкілі Қарлығаш Қабышева байқауға қатысушыларды біліктілік мерекесімен құттықтай отырып, жүлделі орындарға ие болуға шын тілектестіктерін білдірді. Президиум құрамына: Ж.С.Сырым, Э.А.Мадирова, Р.Р.Ашенова, П.А.Проскурин енді.

Секциялық жұмыстардың экология және биотехнология жоба бағыты «Технопарк «Алгоритм» ЖШС ғимаратының №2 мәжіліс залдарында өтсе, әлеуметтік маңызды жобалар бағыты БҚМУ-дың №1 ғимараты №126 дәрісханада және ІТ технологиялар бағыты БҚМУ-дың №8 ғимараты 209 мәжіліс залында өтті. Инновациялық жобаны әр автор ауызша баяндама түрінде Power Point сүйемелдеуімен таныстырды.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 2011 жылдың 28 қазанында М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың акт залында өтті. Жобалар келесі жүлделер бойынша марапатталды:

1. Оқушылардың үздік инновациялық жобасы;

2. Студенттердің үздік инновациялық жобасы;

3. Жас ғалымдардың (29-ға дейін) үздік жобасы.

Атап айтсақ: М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дан 1 жас ғалым, 15 студент, БҚИТУ-дан 20 жас ғалым, 22 студент, БҚИТУ колледж 7 жас ғалым, БҚИТУ колледж 1 студент, КазУИТС-дан 2 студент, Ж.Досмұхаммедов ат. педагогикалық колледж 4 студент, «Қазақ-түрік лицейі» 1 оқушы, №42 «Ақниет» гимназия 2 оқушы, №33 мектеп 2 оқушы, №8 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп 1 оқушы, Халықаралық ғылыми-білім Aptech 3 оқушы қатысты.

Байқау комиссиясының мүшелері: Облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Төрегелдиев Мұратқали Қамешұлы және «Технопарк «Алгоритм» ЖШС технологиялық бизнес инкубациялау бөлімінің басшысы Проскурин Павел Александрович, техника ғылымдарының кандидаты, БҚИТУ доценті - Жазықбаева Ғалия Мұратқызы, «БҚО жастар қауымдастығының» ЗТБ-нің маманы - Ашенова Ранида Рафхатқызы, «Батыс Қазақстан облысының жас ғалымдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты - Гиззатов Саялбек Махамбетұлы байрақты бәсекеде білімділігімен, біліктілігімен жүзден жүйрік шыққан, жаңашылдыққа жаны құмар жалынды жастарды жеңістерімен құттықтай отырып, 30 жеңімпаз жас ғалымдарды I, II, III дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттап, барлық қатысушыларға аннотациялар жинағын үлестіріп, байқауға қатысқандығын дәлелдейтін сертификаттарды табыс етті. Байқау қорытындылары қала газеттерінің редакцияларына таратылды. Конкурс қорытындысы бойынша 36 жобаның авторлары жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарға ие болды, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қалған қатысушылар алғыс хат иеленді.

Сонымен қатар, М.Өтемісов атындағы БҚМУ Жас ғалымдар кеңесі 2011 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры ұйымдастырған әлеуметтік жобалар жәрмеңкесінде «Студенттік заң клиникасы және Батыс Қазақстан облысындағы құқықтық сауаттылық» жобасымен 500 мың теңгенің грантын ұтып алды. Аталмыш жоба М.Өтемісов атындағы БҚМУ Заң клиникасының жұмысын жандандырып, халыққа әлеуметтік тұрғыдан жәрдемдесті.

2011 жылы 26 қарашада Батыс Қазақстан облысы әкімдігі және «Батыс Қазақстан облысының Жастар қауымдастығы» ЗТБ-нің ұйымдастыруымен өткен «Жыл үздігі» облыстық байқауында Тарих және құқық факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты С.М. Гиззатов «Үздік жас ғалым» номинациясының иегері атанды.



Жас ғалымдар кеңесінің атқарушы орган мүшелері келесі құрамда бекітілді:

Кеңес төрағасы: Ғиззатов Саялбек Махамбетұлы

төраға орынбасары: С.А. Кажиахметов

Педагогика факультеті бойынша: О.Ерниязов

Экономика және басқару институты бойынша: Хусайнова Алма Қайроллақызы

Филология факультеті бойынша: Сұлтанғалиева Рита Бекжанқызы

Өнер институты бойынша: Таухасова Гүлбаршын Хамидуллақызы

Студенттік ғылыми қоғам төрағасы: А.М. Тлепбергенова

Студенттік ғылыми қоғам төрағасының орынбасары: С.Стаханова

Кеңес хатшысы: М.А. Молдағалиева


8. Студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстары

2010-2011 жылғы Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының (СҒЗЖ) конкурсына жіберілген 54 жұмыстан 7 жұмыс, яғни Е.Попова, Е.Соловей (ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к. Щербанов Н.М.), М.Ханафеева (ғылыми жетекшісі: оқытушы. Нурушева Т.И.), А.Молдашева (ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к. Сұлтанғалиева Р.Б.), Ә.Елешев (ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., доцент Нағымова М.М.), О.Карташова (ғылыми жетекшісі: п.ғ.к. Испулова Р.Н.), Л.Иманкулова (ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., доцент Ворожейкина О.И.), А.Абоимовтардың (ғылыми жетекшісі: оқытушы Атушева М.) жұмыстары үздік деп танылып, министрліктің І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. 2010-2011 о.ж. университетішілік СҒЗЖ конкурсына барлығы 249 (педагогика факультетінен - 44, филология факультетінен – 27, жаратылыстану-математикалық факультетінен - 22, тарих және құқық факультетінен – 28, Мәдениет және өнер факультетінен – 84, Экономика және басқару факультетінен - 44) студент қатысып, олардың 85 марапатталды, комиссия отырысынан кейін 60 жұмыс республикалық кезеңге ұсынылды.



Білім министрлігіне жолданған СҒЗЖ нәтижесі

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

Жалпы саны

Жүлделі

Жалпы саны

Жүлделі

Жалпы саны

Жүлделі

42

8

54

7

60 жұмыс жіберіледі

2011 жылы республикалық 21 пәндік олимпиадаға университет командалары қатысып, 8 команда (химия – 2, биология – 2, математика-2, құқық негіздері және экономика – 2, мәдени-тынығу жұмысы – 2, дәстүрлі музыкалық өнер (жеке сынақта) – 3, кітапханатану (жеке сынақта)-3, менеджмент - 3) жүлделі орындар алды.

Өткен жылдармен салыстыратын болсақ: 2009 жылы барлығы 12 олимпиадаға қатысып (барлығы 46 студ.) 9 команда жүлделі орын (75%) және жеке сынақта 3 жүлде, 2010 жылы 12 олимпиададан командалық нәтиже 9 (75%) және жеке сынақта 5 жүлделі орын, 2011 жылы 21 олимпиададан командалық нәтиже 8 (38%) жүлделі орын және жеке сынақта 10 жүлделі орын алған болатын.


Республикалық және халықаралық олимпиадалар 2011 жыл

Қала, ЖОО

Жүлде

Өту уақыты

Пән

Команда құрамы

М.Өтемісов атындағы БҚМУ

командалық 2 орын, жеке есепте 1 орын Б.Кабасов

14.03.-15.03.11

Математика

04301-топ Б. Кабасов,

04201-топ А. Сагингалиева.,



Абылай хан ат. Қазақ халықаралық қатынастар және әлемдік тілдер университеті (Алматы қ.)

Алғыс хат

25.02-26.02.2011

Шет тілі: екі шет тілі

03301-топ Г. Рсалина, .03302-топ Н.Килишева , 03401–топ Г.Капулова

Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясы (Алматы қ.)

2 орын Ж.Тасболатов,

3 орын Е.Жуматай,

3 орын А.Тайпов,

3 орын С.Сарманбеков



25.02-26.02.2011

Көркем қолданбалы өнер және кәсіби білім

Ж.Тасболатов, Е.Жуматай, А.Тайпов, С.Сарманбеков

Ш. Есенов атындағы Каспий мем технология және инжиниринг унив-і (Ақтау қ.)

командалық 4 орын, жеке есепте 3 орын

Р. Бейсенова



10.03-11.03.2011

Тарих

07301-топ Д.Жароева,

07302-топ Р.Бейсенова,

07303-топ А.Нұрманова


Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ.)

2 орын Р.Жумагазиев,

3 орын А.Батыков,



17.03-19.03.2011

Бейнелеу өнері және сызу

Р.Жумагазиев, А.Батыков


Қазақ гуманитарлық Заң университеті (Астана қ.)

командалық 5 орын, жеке есепте 1 орын

Г.Ергалиева



25.03-26.03.2011

Құқықтану

08401-топ В.Хайруллин, Г.Ергалиева,

08302-топ С.Байниязова, И.Ермольчев, А.Габдушев



Сүлеймен Демирел атындағы университет (Алматы қ.)

Алғыс хат

18.03-19.03.2011

Қазақ тілі мен әдебиеті

02301-топ Е.Асылханова, Р.Қайырова ,

02204-топ А.Тағаева



Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ.)

Корермендер козайымы номинациясы

16.03-17.03.2011

Музыкалық білім беру әдістемесі

01301-топ Н.Мұхтарова

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік консерваториясы (Алматы қ.)

Диплом (4 орын)

15.03-17.03.2011

Вокалдық өнер

Р. Нұрсұлтанова

Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (Қарағанды қ.)

Командалық 4 орын (Алғыс хат)

25.03-26.03.2011

БӘД

05105-топ Ә.Молдагалиева

05303-топ А.Сарбалин

05403-топ А.Тлепкалиев


Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік консерваториясы (Алматы қ.)

3 орын А.Ибраев

28.03-31.03.2011

Дәстүрлі музыкалық өнер

А.Ибраев

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік консерваториясы (Алматы қ.)

Диплом (5 орын)

28.03-31.03.2011

Домбыра- музыкалық өнер

А.Қалиев


Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ.)

Командалық 2 орын, жеке есепте

2 орын


Ж. Жолгелдиев,

3 орын А.Тлепбергенова,

3 орын Қ. Ислямов


29.03-30.03.2011

Химия

Ж. Жолгелдиев, А.Тлепбергенова, Қ. Ислямов

Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ.)

Командалық 2 орын, жеке есепте

1 орын А.Интыкбеков,

2 орын Н. Суйеуов


29.03-30.03.2011

Биология

01204-топ А.Интыкбеков, Б.Сеитова,

01106-топ Н.Суйеуов



М.Әуезов ат. ОҚМУ (Шымкент қ.)

Командалық 2 орын

29.03-30.03.2011

Мәдени-тынығу жұмысы

Г.Гиниетуллина, Қ.Омарова, А.Орахова, Б. Темірғалиева, А.Шамиров, Р.Буркитова

М.Әуезов ат. ОҚМУ (Шымкент қ.)

3 орын А.Султанова

29.03-30.03.2011

Кітапханатану

10407-топ А.Султанова

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік консерваториясы (Алматы қ.)

Алғыс хат

02.04-06.04.2011

Ұрмалы аспапта орындау

Т. Мендіғалиев

Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті (Талдықор қ.)

Командалық 2 орын, жеке есепте

2 орын И.Ахмедиярова,

2 орын Ю.Герасимова


12.04-13.04.2011

Құқық негіздері және экономика

07407-топ Д.Утегенова,

07308-топ И.Ахмедиярова,

07308-топ Ю.Герасимова


Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (Қарағанды қ.)

Командалық 4 орын

11.04-12.04.2011

Информатика

04405-топ С.Шагиров, А. Дандибаев,

04205-топ С.Маштаев



Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ.)

Командалық 3 орын

14.042011

Менеджмент


09303-топ Г.Муканова, Н.Тажкенов, М.Абдулова, Э.Мукангалиева

09314-топ Г.Утарова



М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті филиалы (Астана қ.)

Алғыс хат

21.04-23.04.2011

Орыс тілі және әдебиеті

О.Голубова, Д.Ахметова, Б.Утемисова


Бірнеше жыл қатар жүлделі орындарды математика пәнінен университет командасы иеленгендіктен (2008-Л.Н.Гумилев ат ЕМУ, 2009-Х.А. Яссауи ат. ХҚТУ, 2010- Ш.Уәлиханов ат. КМУ), 2011 жылдың 14-15 наурызында математикадан республикалық олимпиада БҚМУ-да өтті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен 2011 жылы 5 қыркүйек пен 22 қараша аралығында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Инновациялық Қазақстан» атты республикалық идеялар конкурсын өткізді. Конкурс 2 бағытта ұйымдастырылды: технологиялық серпін және әлеуметтік идеялар. Аталған конкурсқа университетімізден барлығы 14 жоба қатысып, оның ішінде 9 жоба «Инновациялық Қазақстан» республикалық конкурсына жолданды. Нәтижесінде жолданған жобалар үздік жобалар қатарына енбей қалды.

2011 жылдың 28 қазанында БҚО ішкі саясат басқармасының қолдауымен М.Өтемісов атындағы БҚМУ Жас ғалымдар кеңесі және «Технопарк «Алгоритм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірлесе отырып, облыстық «Жас ғалым-2011» инновациялық жобалар байқауын ұйымдастырды. Жалпы 108 жоба қарастырылып, олардың 80-і іріктеу кезеңінен өтіп, сәйкес сертификат алып, өз жобаларын конкурс комиссиясының алдында қорғауға мүмкіндік алды. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дан 1 жас ғалым, 15 студент жобасы қатысты. «Жас ғалым - 2011» инновациялық жобаның облыстық байқауында студенттер арасында Қаршығақызы Т., Даупаев Н. - І орын, Нұрқашева Ф., Аманғалиев М., Арзанбаев Е. - ІІ орын, Ислямова Т.- ІІІ орындар иеленді.

Студенттік ғылыми қоғам жиналысы ай сайын болады. Әрбір бөлімнің ғылым бойынша орынбасарлары және студенттік ғылыми қоғамның мүшелері жиналады.

Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту және олардың заманға сай іздену іскерлігін дамытумен қатар студент жастардың арасынан дарынды студенттерді анықтау мақсатында 2011 жылдың 16-25 сәуір аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті студенттерінің «Студент және ғылым» атты 69-ғылыми –тәжірибелік конференциясы өтті. «Студент және ғылым» атты 69-ғылыми–тәжірибелік конференция барысында университет бойынша 21 секциялық отырыстар болып, 386 баяндама жасалды. Олар факультеттер аясында жүзеге асырылды. Ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысының бағыттары барлық ғылым саласын қамтыды. Олардың ішіндегі ең маңыздылары (54) жинаққа ұсынылды және ол жинақ болып жарияланды.

Университетішілік студенттік ғылыми үйірмелер байқауы нәтижесінде нақты жұмыстанып жатқан тек 9 үйірмені атап өтуге болады: «Жас бухгалтер», «Химия оқу орталығы», «Жас қаламгер» үйірмесі, «Тағылым» ғылыми үйірмесі, «Студенттердің құзіреттілігін қалыптастыру» ғылыми үйірмесі, «Жас қаржыгер», «Қ.Жұмалиев атындағы әдеби бірлестік», «Дуадақ», «География» үйірмелері.


БҚМУ-дағы Студенттік ғылыми үйірмелер



Валеология және физиология

Л.Н. Завадская

15



Биология және экология

Ж.М. Ихласова

21



Геологиялық

Б.В. Шкуринский

18



Жергілікті жерді оқыту

В.И.Амельченко

12



Математика мамандығы бойынша олимпиадалық есептерді шығару

А.Е.Жумагалиева

10



«Химия кереметі» ғылыми-әдістемелік бағыт

М.Г.Аманғосова

25



«Дуадақ» студенттердің зерттеу клубы

А.Ерғалиев, Д.Сембаева

27



«Ізденіс» ғылыми-зертеу және медико-биологиялық бағыттағы үйірме.

Н.К. Байтлесова

28



Мұрағаттану

М.Ғ. Дюсенғалиева

8



Мұрагер

Ж.А. Исмурзин

10



Заң клиникасы

З.Б.Ауелбаев

25



Криминалист

А.Б.Батыров

16



«Жас психолог»

Педагогика және психология магистрі С.Б.Калаханова

12



«ПсиТем»

Э.С.Мендігереева

8



«Тағылым»

Педагогика және психология магистрі Ж.С.Исмағұлова

15



«Эврика» ғылыми-зерттеу үйірмесі

О.Ф.Гузь

15



«Үздік музыка мұғалімі» атты ғылыми үйірме

М.М.Нағымова

26



«Кәсіпкерлік және бизнес»

В.У.Чудрова

18



«WEB-программист»

О.А.Юлаева, В.С.Рамазанова

12



«Интелект-тур»

А.К.Хусайнова, Ж.С.Аймешова

15



Жас бухгалтер

А.С. Мустафина, А.К.Тоғжанова

33



Жас қаржыгер

А.С. Мустафина, Д.М. Ситалиева, А.Ж.Бахтиярова

30



«Экономик-с»

В.С. Трибунский

10



Академик Қ.Жұмалиев атындағы әдеби бірлестік

С.Ғ.Шарабасов

48



Орал аймағындағы фольклор

Н.М.Щербанов

12



Қазіргі мектептерде лириканы оқыту

Н.А.Выдрина

7



Қазіргі заман ономастикадағы өзекті мәселелер

Г.А.Донскова

11



Салыстырмалы типология мәселелері

Т.И.Нурушева

10



Шет тілінің қазіргі заманғы әдістемесі

С.И.Кадыргалиева

4


Университеттегі халықаралық ынтымақтастық пен академиялық оралымдылық қызметі жұмыстарының дамуы

2011 жылы халықаралық ынтымақтастық пен академиялық оралымдылық қызметі алыс және жақын шетел жоғары оқу орындарымен халықаралық байланыстарды ұйымдастыру және дамыту жұмыстары бойынша бірқатар жұмыстар атқарды. Осы жылы БҚМУ алыс және жақын шетел жоғары оқу орындарымен 13 келісімшартқа қол қойды. Олардың арасында 11 келісім-шарт жаңадан жасалса, 2 келісімнің мерзімі ұзартылған. Атап өтер болсақ, Қасиетті Климент Охридский атындағы София университеті, В.Брюсов атындағы Ереван мемлекеттік лингвистикалық университеті, Қалмақ мемлекеттік университеті, Қырғыз Республикасы Президенті жанындағы басқару академиясы, Жаңасібір мемлекеттік университеті, В.Г.Короленко атындағы Глазов мемлекеттік педагогикалық институты, Омск мемлекеттік педагогикалық университеті, Томск мемлекеттік университеті, Омск мемлекеттік техникалық университеті, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті, Астрахан мемлекеттік университеті, Саратов мемлекеттік құқық академиясы.

Кейінгі жылдарда жасалған келісім-шарттар:


2008ж.

2009ж.

2010ж.

2011ж.

8 келісім-шарт

12 келісім-шарт

12 келісім-шарт

13 келісім-шарт

Нәтижесінде бүгінде университетіміз таяу және алыс шетелдің 54 жоғары оқу орнымен келісім-шарт жасаған. Қазіргі уақытта университет алыс шетелдің Германияның Гутенберг атындағы университеті мен Польшаның Быдгощ қаласындағы Халықаралық туризм және мәдениет институтымен, ал жақын шетелдің Ресей Халықтар Достастығы университетімен, Астрахан мемлекеттік университетімен, Орынбор мемлекеттік университетімен, Саратов мемлекеттік университетімен, Самара мемлекеттік университетімен, Қалмақ мемлекеттік университетімен, Жаңасібір мемлекеттік университетімен тығыз байланыс орнатқан. Халықаралық байланыстардың дамуы бұл университетіміздегі кафедралардың жұмыстарына тікелей қатысты, сондықтан халықаралық ынтымақтастық қызметі халықаралық байланыстарды дамыту мақсатында келісімдердің көшірмелерін тиісті институттарға, факультеттерге, кафедраларға уақтылы беріп отырады.

Университетіміздегі жалпы педагогика, психология және өзін-өзі тану кафедрасы Мәскеу қаласындағы педагогикалық және әлеуметтік ғылымдар академиясымен, Ресей білім беру академиясының психологиялық институтымен халықаралық байланыс орнатқан. Кафедра доценті Б.И.Сарсенбаева 2011 жылдың сәуірінде Мәскеу қаласындағы педагогикалық және әлеуметтік ғылымдар академиясының жылдық жиналысына қатысып келді.

Жалпы тіл білімі мен аударма кафедрасының ұйымдастыруымен филология факультетінде Бонн университетінің докторы, профессор Б.Динсберг халықаралық академиялық оралымдылықтың сұрақтарына арналған дәрістер оқыды. Сондай-ақ кафедраның Вюрцбург университетінің оқытушысы Л.Ю.Мельхермен орнатқан байланысының нәтижесінде университет оқытушыларының дәрістеріне қатысты.

2011 жылдың сәуірінде Орынбор қаласында өткен Халықаралық студенттер шығармашылығы фестиваліне «Вокал және аспаптық өнер» кафедрасынан «Қорған» вокалдық тобы қатысып, жүлделі І орынға ие болды. Ал, университет оқытушысы М.М.Попов маусым айында Мәскеуде өткен музыканттар, орындаушылар мен композиторлардың халықаралық байқауына қатысып, ІІ орын алды.

Биология және экология кафедрасы М.В.Ломоносов атындағы ММУ, РҒА бөлімшесі УР Дала институтымен тығыз байланыс жасайды.

География кафедрасы Башқұрт мемлекеттік университетімен, Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетімен, РҒА бөлімшесі УР Дала институтымен тығыз байланыс орнатқан. 2011 жылы география кафедрасының ассистенті Имашев Э.Ж. Башқұрт мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітіріп, сәтті қорғады. 2011 жылдың 7-9 қараша аралығында Пермь мемлекеттік ғылыми-зерттеу университетінен бірқатар ғалымдар сапарлармен келіп, курстар өткізді. Курс нәтижесінде университет оқытушылары, магистранттар және студенттер сертификаттар алды.

Сондай-ақ, университетіміздегі кафедралардың халықаралық ынтымақтастық бағытындағы жүргізіп жатқан жұмыстарын бақылау мақсатында халықаралық ынтымақтастық қызметі кафедралардан тоқсандық, жылдық есептерін алып отырады.

2011 жылы 26-27 мамырда БҚМУ-да «Тәуелсіз Қазақстан жастар көзімен» атты халықаралық жас ғалымдар форумы өтті. Форумға Ресей Федерациясы Астрахан, Волгоград облыстарының жас ғалымдары қатысты. Сонымен қатар, 2011 жылы 6-қыркүйекте халықаралық ынтымақтастық қызметінің ұйымдастыруымен университетімізде «Академиялық оралымдылық: М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жүзеге асыру механизмдері» атты баспасөз-конференциясы өткізілген болатын. Оның бағдарламасы бойынша күн тәртібінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында білім алушылардың академиялық оралымдылығы, БҚМУ-дағы академиялық оралымдылықты жүзеге асыру туралы мәселелер қозғалды. Бұл шараға университетіміздің оқытушылары, студенттері, шетелде білім алып жатқан оқытушылар мен студенттер, сондай-ақ Германияның Рейн университетінің профессоры Бернхард Динсберг пен Қалмақ мемлекеттік университетінің халықаралық байланыстар бөлімінің жетекшісі Кермен Болаева және аталмыш университеттің студенттері қатысты. Сонымен бірге, 2011 жылдың 4 қарашасында БҚМУ-да «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарындағы академиялық оралымдылық: тәжірибесі мен перспективалары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференцияға Германияның Й.Гутенберг университетінің профессоры К.Кайнер, Ресей Халықтар Достастығы университетінен профессор Ұ.М.Бақтыкереева, Иванов мемлекеттік университетінен профессор А.С.Турчин, сондай-ақ онлайн жүйесінде Болгариядан Қасиетті Кл.Охридский атындағы София университетінің доценті, доктор И.Камбуров қатысты.

2011 жылы 30-ға тарта ПОҚ, магистранттар мен студенттер конференцияларға, семинарлар мен жобаларға қатысу үшін алыс және жақын шет елдерге іссапарларға шықты. Олардың ішінде халықаралық конференцияға қатысқандардың саны – 9; форумдарға – 1; байқауларға – 3; ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге – 2. Бұл іссапарлар өз кезегінде нәтижелі болды деп есептейміз.






Аты-жөні

Кафедра

Іссапар мерзімі

Қала

Іссапар мақсаты

Бұйрық

1

С.С.Мұқанов

Халықаралық ынтымақтастық қызметінің кеңесшісі

17.01.11-24.01.11

Душанбе

Темпус-Персеус бағдарламасының форумына қатысуға

013-20, 15.01.11 ж.


2

М.Барадосова

«Тілдерді оқып-үйренудің практикалық курсы» кафедрасының оқытушысы

26.01.11-31.01.11

Мәскеу

Польша ЖОО-да оқып қайтып келе жатқан студенттерді күтіп алып, Мәскеудің Ресей халықтар Достастығы университетіне мәселелерді шешу үшін

013-32, 25.01.11 ж.


3

С.М.Бахишева

ОІ жөніндегі проректор

16.02.11-20.02.11

Мәскеу

Халықаралық ғылыми конференцияның Пленумына баяндаманың енгізілуіне байланысты

013-46, 03.02.11 ж.


4

Д.К.Мұхамбетқалиев

«Психология» мамандығының 1 курс магистранты

01.04.11-30.05.11

Вроцлав (Польша)

«Психология» мамандығы бойынша алмасу бағдарламасына қатысу үшін

013-109, 09.03.11 ж.


5

Г.С.Омарова

«Тілдерді оқып-үйренудің практикалық курсы» кафедрасы меңгер. М.а.

22.03.11 – 26.03.11

Астрахань

АМУ-ға студенттерге дәріс оқу үшін

013-130, 19.03.11 ж.


6

В.У.Чудрова

«Менеджмент және кәсіпкерлік» кафедрасының оқытушысы

10.04.11-14.04.11

Мәскеу

РХДУ-не халықаралық байланысты дамыту жұмыстарын жүргізу үшін

013-156, 08.04.11 ж.


7

Р.А.Абузяров

«Тілдерді оқып-үйренудің практикалық курсы» кафедрасының профессоры

23.04.11-30.04.11

Қазан

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу үшін

013-164, 13.04.11 ж.


8

Қ.Т.Өтегенова

«Тілдерді оқып-үйренудің практикалық курсы» кафедрасының доценті

23.04.11-30.04.11

Қазан

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу үшін

013-164, 13.04.11 ж.


9

Б.И.Сәрсенбаева

«Жалпы педагогика және информатика» кафедрасының доценті

20.04.11-27.04.11

Мәскеу

Халықаралық ғылыми конференциясына баяндамамен қатысу үшін

013-177, 20.04.11 ж.


10

М.М.Попов

«Вокал және аспаптық өнер» кафедрасының аға оқытушысы

16.06.11 – 28.06.11

Мәскеу

Халықаралық музыкант-орындаушылар мен композиторлар арасында байқауына қатысу үшін

013-219, 13.05.11 ж.


11

О.И.Ворожейкина

«Көркем-қолданбалы өнер және кәсіптік білім беру» кафедрасының доценті

24.05.11-30.05.11

Орынбор

Халықаралық байқауға қатысу үшін

013-235, 21.05.11 ж.

12

Н.К.Ахатова

«Тілдерді оқып-үйренудің практикалық курсы» кафедрасының оқытушысы

08.06.11– 30.06.11

Түркия

Стамбул университетіне диссертациялық ғылыми есебін беру мақсатында

013-259, 01.06.11 ж.

13

Г.Г.Қапанова

«Химия» кафедрасының оқытушысы

07.09.11 – 12.09.11

Элиста

Студенттерді Қалмақ мемлекеттік университетіне орналастырып келуі үшін

013-386, 26.08.11 ж.

14

В.И.Амельченко

«География» кафедрасының меңгерушісі

08.09.11 – 11.09.11

Волгоград обл. Палласовка

Халықаралық-практикалық конференцияға қатысу үшін

013-401, 06.09.11 ж.

15

С.М.Ғиззатов

ҒЗЖ бөлімінің жетекшісі

11.09.11-15.09.11

Астрахан

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу үшін

013-408, 09.09.11 ж.

16

Ә.Қ.Мұқтар

ҒЖ және ХБ жөніндегі проректор

11.09.11-15.09.11

Астрахан

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу үшін

013-409, 09.09.11ж.

17

Т.Е.Дарбаева

«Биология және экология» кафедрасының профессоры

17.09.11-26.09.11

Санкт-Петербург

Бүкілресейлік ғылыми конференциясына қатысу үшін

013-410, 10.09.11 ж.

18

Қ.И.Исмағұлов

«ДТТ мен Ә» кафедрасының доценті

02.10.11 – 12.10.11

Ташкент

Дзюдон ардагерлер арасында Азия чемпионатына қатысу үшін

013-444, 28.09.11 ж.

19

Т.А.Терещенко

«География» кафедрасының доценті

10.10.11-17.10.11

Санкт-Петербург

Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысу үшін

013-454, 06.10.11 ж.

20

Р.А.Абузяров

«Тілдерді оқып-үйренудің практикалық курсы» кафедрасының профессоры

10.11.11 – 13.11.11

Уфа

Башқұрт мемлекеттік университетіне дәріс оқуға

013-459, 11.10.11 ж.

21

С.Ф.Баюканская

«Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы

25.10.11-05.11.11

Смоленск

ІІІ Халықаралық ғылыми конференциясына қатысу үшін

013-466, 15.10.11 ж.

22

С.С.Дрозд

Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық қызметінің консультанты

24.10.11 – 04.11.11

Мәскеу

Ғылыми байланыстар және келісім-шарттарды жасауды түзету мақсатында

013-473, 21.10.11 ж.

23

О.И.Ворожейкина

«Көркем-қолданбалы өнер және кәсіптік білім беру» кафедрасының доценті

07.11.11-11.11.11

Орынбор

Дипломның алдындағы сараманнан өту үшін

013-495, 07.11.11 ж.

24

Г.С.Омарова

«Тілдерді оқып-үйренудің практикалық курсы» кафедрасының доценті

07.12.11-11.12.11

Астрахань

ЖОО мен колледждерге баруы үшін

013-539, 06.12.11 ж.

25

З.Х.Кунашева

«Химия» кафедрасының доценті

14.12.11-18.12.11

Саратов

Ғылыми-әдістемелік және зерттеу жұмысын біріге өткізу бойынша келісім-шарт жасау мақсатында

013-548, 13.12.11 ж.

26

Г.И.Өтепқалиева

«Химия» кафедрасының зертханашысы

14.12.11-18.12.11

Саратов

Ғылыми-әдістемелік және зерттеу жұмысын біріге өткізу бойынша келісім-шарт жасау мақсатында

013-548, 13.12.11 ж.

27

С.С.Дрозд

Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық қызметінің консультанты

20.12.11 – 29.12.11

Мәскеу

Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетіне

013-558, 19.12.11 ж.

28

Д.К.Мендалиева

«Химия» кафедрасы меңгерушісінің м.а.

22.12.11 – 25.12.11

Саратов

Ғылыми- зерттеу жұмысын біріге өткізу мақсатында

013-560, 20.12.11 ж.

29

З.Х.Кунашева

«Химия» кафедрасының доценті

22.12.11 – 25.12.11

Саратов

Ғылыми- зерттеу жұмысын біріге өткізу мақсатында

013-560, 20.12.11 ж.

Іс-сапарларды жылдармен салыстырар болсақ:




2008ж.

2009ж.

2010ж.

2011ж.

48

23

42

28

Олардың ішінде маңыздыларын атап өтер болсақ, 2011 жылдың 23-30 сәуір аралығында Қазан қаласындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға «Тілдерді оқып-үйренудің практикалық курсы» кафедрасының профессоры Р.А.Абузяров, 20-27 сәуірде Мәскеудегі Халықаралық ғылыми конференцияға «Жалпы педагогика және информатика» кафедрасының доценті Б.И.Сәрсенбаева, 8-11 қыркүйек аралығында Волгоград облысы Палласовкадағы Халықаралық практикалық конференцияға «География» кафедрасының меңгерушісі В.И.Амельченко, 11-15 қыркүйек аралығында Астрахандағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Ә.Қ.Мұқтар мен ҒЗЖ бөлімінің жетекшісі С.М.Ғиззатовтар қатысқан болатын. 17-26 қыркүйек аралығында Санкт-Петербургтағы Бүкілресейлік ғылыми конференцияға «Биология және экология» кафедрасының профессоры Т.Е.Дарбаева, 10-17 қазан аралығында Санкт-Петербургтегі Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға «География» кафедрасының доценті Т.А.Терещенко, 25-қазан - 5-қараша аралығында Смоленскідегі III Халықаралық ғылыми конференцияға «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы С.Ф.Баюканская қатысты. Сондай-ақ, 26-31 қаңтар аралығында «Тілдерді оқып-үйренудің практикалық курсы» кафедрасының оқытушысы М.Барадосова Мәскеуге Польша жоғары оқу орындарында оқып, қайтып келе жатқан студенттерді күтіп алып, Мәскеудің Ресей халықтар Достастығы университетінде мәселелерді шешу үшін, 10-14 сәуір аралығында «Менеджмент және кәсіпкерлік» кафедрасының оқытушысы В.И.Чудрова Мәскеудегі РХДУ-ға халықаралық байланысты дамыту жұмыстарын жүргізу үшін, 7-12 қыркүйек аралығында «Химия» кафедрасының оқытушысы Г.Г.Қапанова Элиста қаласына студенттерді Қалмақ мемлекеттік университетіне орналастырып келу үшін, 7-11 желтоқсан аралығында «Тілдерді оқып-үйренудің практикалық курсы» кафедрасының доценті Г.С.Омарова Астраханның жоо мен колледждеріне, 14-18 желтоқсан аралығында «Химия» кафедрасының зертханашысы Г.И.Өтепқалиева Саратовқа ғылыми-әдістемелік және зерттеу жұмысын біріге өткізу бойынша келісім-шарт жасау мақсатында барған еді.

Қазіргі уақытта елімізде Болон процесінің шеңберіндегі студенттердің академиялық оралымдылығына үлкен мән берілуде. Болон декларациясында кедергілерден өту арқылы ауысу еркіндігін жүзеге асыру, студенттердің жоо-дарға және басқа да қызметтерге ие болуына ерекше көңіл бөле отырып, академиялық оралымдылықты дамыту мақсаты жолға қойылған.

2011 жылы Й.Гутенберг атындағы университетпен жасасқан келісімшарттың негізінде студенттермен алмасу жұмысы барысында бакалавриат бойынша Германияның Майнц қаласына 3-курс студенті Е.Зубкова 9-сәуірден 15-тамыз аралығында оқып келді. Университет түлегі М.Алексеенко Берлиннің Техникалық университетінде оқуын жалғастыруда, сондай-ақ Л.Кайль Майнцта 2-ші жоғары білім алып жатыр. Ал, Германиядан 1 студент А.Вилль 2 курста «туризм» мамандығы бойынша білім алуда. 7-11 қараша аралығында «дизайн» мамандығының студенттері п.ғ.к., доц. О.И.Ворожейкинаның жетекшілігімен келісім-шарт негізінде халықаралық алмасу бағытында Орынбор мемлекеттік университетінде дипломалды сараманнан өтті. Сондай-ақ, 2011 жылдың шілде айында университет студенті О.Бисенбаева Арменияда өткен Халықаралық жазғы мектепке қатысып келді.

Қалмақ мемлекеттік университетімен биыл жасалған келісімнің нәтижесінде 1семестрде университетіміздің 6 студенті Қалмақ мемлекеттік университетінде, ал Қалмақ мемлекеттік университетінің 6 студенті бізде білім алды.

Қосдипломдық бағдарлама бойынша Польшаның Быдгощ қаласындағы Халықаралық туризм және мәдениет институтымен жасалған келісімнің негізінде БҚМУ-дың «шет тілі» мамандығының студенттері Г.Есбергенова, А.Сисекешова, Г.Жанзақова, А.Арыстановалар 13.11.2010ж.-30.01.2011ж. аралығында аталған институтта білім алып келді.

Сонымен қатар, шетелдерде мамандар дайындауға үлкен көңіл бөлінуде. Университет магистранттарын дайындауда Й.Гутенберг атындағы университетпен жасалған келісімшарттың аясында магистратура бойынша 2-курс магистранты Б.Базарова магистрлік диссертацияның ізденушілік жұмыстарымен аталған университеттің кітапханасы мен мұрағатында жұмыстанып келіп, қазіргі кезде құжаттарын Майнц қаласындағы Й.Гутенберг университетінің магистратурасына тапсырып отыр. Ал, Ресей Халықтар Достастығы университетімен жасалған келісімнің шеңберінде 2011 жылдың 30-қазан – 13-қарашасы және 28-қараша – 11-желтоқсан аралығында университетіміздің 45 магистранты аталған жоғары оқу орнында ғылыми тағылымдамадан өтті. Сондай-ақ, осы жылы университетіміздің 6 магистранты аталған жоғары оқу орнында 1-қыркүйектен бастап оқып жатыр. Новосибирск мемлекеттік университетінің магистратурасында «Физика-математика» кафедрасының оқытушысы Г.С.Маулешова, Смоленск мемлекеттік университетінде аспирантурада «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы С.Ф.Баюканская, Самара мемлекеттік экономикалық университетінің аспирантурасында оқытушы Ж.С.Аймешева, Саратов мемлекеттік құқық академиясында Н.Власова оқып жатыр. Ал «Экономикалық теория мен бизнес» кафедрасының оқытушысы Г.Бисалиева Түркияда магистратурада оқиды.

Университеттің PhD докторларын дайындау бағдарламасы бойынша «Ағылшын тілін оқытудың теориясы мен практикасы» кафедрасының оқытушысы В.Зубков Й.Гутенберг атындағы университетте оқып жатыр.

Университет және студенттер өз кезегінде түрлі халықаралық бағдарламаларға белсене қатысуда. 2011 жылы Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. (КПО) компаниясы Қазақстанның дарынды студенттеріне 2011/2012 жылдарға арналған гранттық бағдарламасы жөнінде хабарлаған болатын. Бұл бағдарламаға М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің әртүрлі мамандықтарының студенттері қатысты. 2011 жылдың КПО Б.В-ның гранттарын тағайындау комитеті стипендианттарды іріктеп, соңғы шешімін қабылдады, осы байқаудың жеңімпаздары ретінде университеттің «химия» мамандығының 2 студенті жарияланды.

Немістің DAAD бағдарламасы бойынша «шет тілдер» мамандығының студенті М.С.Пузаткина Германияның Фульда қаласының университетінде магистратурада оқып жатыр.

Халықаралық бағдарламалардың ішіндегі ең маңыздысы - «Болашақ» халықаралық стипендиясы бағдарламасы. Бұл бағдарлама бойынша «Қазақ филология» кафедрасының оқытушысы Н.Ахатова Түркияда оқиды. Сонымен бірге, «шет тілі» мамандығының студенті А.Хамидолла, «құқық» мамандығының студенті А.Серғалиев осы стипендияның иегерлері болып табылады. 2011 жылдан бастап университетіміздің «шет тілі» мамандығының магистранты Ж.Мусина «Болашақ» бағдарламасы бойынша Германияда магистратурада оқып жатыр. Сондай-ақ, биыл университетіміздің оқытушылары М.Сабыр мен Б.Әлжанова «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде Түркия, Мәскеу елдерінде ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр.

Қазіргі кезде университетімізде 30-ға жуық шетел студенттері білім алуда. Олардың арасында алыс шетелден Германиядан – 1 студент, Қытайдан - 1 магистрант, ал жақын шетелден Ресейден - 30 студент, соның ішінде Қалмақ мемлекеттік университетінен - 6 студент 1семестр бізде оқып, білім алды.

2011 жылы оқытушылар алмасу жұмысы бойынша «Тілдерді оқып-үйренудің практикалық курсы» кафедрасының оқытушысы Г.С.Омарова 22.03.11-26.03.11ж. аралығында Астрахан мемлекеттік университетіне студенттерге дәріс оқу үшін барып келді. Аталған кафедраның профессоры Р.А.Абузяров 10.11.11-13.11.11ж. Уфадағы Башқұрт мемлекеттік университеті студенттеріне дәріс беруге барған болатын. Ал, М.В. Ломоносов атындағы ММУ профессоры В.Г.Онипченко 2011 жылдың сәуір айында география факультетінің ПОҚ, магистранттары, студенттеріне дәрістер оқыды. Ресей Халықтар Достастығы университетінен доктор, профессорлар В.П.Синячкин мен Ұ.М.Бахтыкереева 12-16 мамыр аралығында дәрістер, шеберлік кластарын өткізді. Қыркүйек-қазан айларында Бонн университетінен доктор Б.Динсберг ағылшын, неміс тілдері бойынша студенттерге дәріс оқыды. Сондай-ақ, Гутенберг университетінен доктор К.Кайнер қараша айында студенттермен жұмыс жасады. Германияның Вюрцбург университетінен доцент Л.Ю.Мельхер қыркүйек айында студенттермен кездесіп, Германиядағы академиялық оралымдылық сұрақтары мен білім жүйесі туралы сөз қозғады. 4-6 қараша аралығында Иванов мемлекеттік университетінен п.ғ.к., доцент А.С.Турчин дәрістер оқып, семинар өткізген болатын. 14 қараша - 20 желтоқсан аралығында Германиядан э.ғ.д., профессор Клаус Винтерлинг келіп, семинар өткізген.

Биыл университетімізге бірқатар шетелдік профессорлар, шетелдік бағдарламалар өкілдері іссапармен келіп кетті. Олардың қатарында 2011 жылдың 28 сәуірінде БҚМУ-да Американдық кеңестің халықаралық білім бағдарламаларының координаторы Рахия Бекбаевамен кездесу болды. Кездесудің мақсаты – жоғары оқу орны оқытушыларына арналған кәсіби даму бағдарламасын таныстыру. Ал, 2011 жылдың 14-қазанында БҚМУ-да АҚШ Энергетика министрлігінің Биологиялық және экологиялық зерттеу бағдарламасының маманы, Калифорния университетінің Лоуренс Беркли атындағы Ұлттық лабораториясының докторы Терри Клайд Хейзен мен АҚШ-ның Орталық Азиядағы қоршаған ортаны қорғау бойынша аймақтық өкілі Брюс Хадспетпен кездесу болып өтті.

2011 жылдың 2-3 желтоқсанында БҚМУ-да Гарольд Самьюэльстің бастамасымен 2 күндік семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингті Габриэль Шадиавичуте мен Давид Нортон жүргізді.


Қорыта келгенде, 2011 жылы ғалымдар еңбегін және ғылыми зерттеулер нәтижесін насихаттау үшін университеттегі қалыптасқан ғылыми мектептер туралы фильм түсірілді, академик А. Тайманов туралы фильм жобасы қолға алынды, ғалымдар және жас ғалымдар туралы бірнеше мақалалар жарияланды, ғалымдар паспорты даярланды, библиографиялық көрсеткіштер жалғасын тапты, барлық кафедралардың ұжымдық монографиялар мен оқулықтар шығару мәселелері қолға алынды. Олар сіздердің алдарыңызда. Сонымен бірге алдымызда Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Ғылыми зерттеулер басқармасының Бас сарапшысы А.К. Имангазиевпен кездесу, ол арқылы ғылымның жаңа даму бағыттарын анықтау, бүгінгі қабылданатын оқу орнымыздағы ғылымды коммерцияландыру және ғылымға университеттің өз қаржысын бөлуі ережелерін іс жүзіне асыру, шетелдік әріптестерімізбен бірлескен ғылыми-зерттеу консорциумдарын құру, зерттеулерге шетелдік ғалымдарды тарту, Темпус бағдарламаларына қатысып, «Болашақ» бағдарламалары бойынша шетел жоғары оқу орындары мен Зерттеу институттарынан, зертханаларынан тәжірибе алмасу, жаңа талапқа сәйкес ғылыми дәрежесі бар мамандарды дайындау мәселелері тұр. Бұл бағытта қазірдің өзінде Түркия, Ресей жоғары оқу орындарының зерттеу институттарымен жұмыстар басталып, келісім-шарттар жіберілді.

Алдымызда тұрған міндеттерді атап өтсем:

1. Университеттің ғылыми әлеуетін 45% жеткізу және Қазақстанның Ұлттық университтеттеріне түсетін доктор PhD үміткерлер санын арттыру.

2. Информатика, дизайн, бейнелеу өнері және сызу, орыс филологиясы, кәсіби білім мамандықтарына ғылым докторларын тарту.

3. ПОҚ-тың шетелдік ғылыми тағлымдамасынан өтетін ПОҚ-тың санын кемінде үшеуге жеткізу.

4. Ғалымдардың біліктіліктілігін арттыруды өзімізде ұйымдастыру, аймақтық білім жетілдіру институтын құру.

5. Магистранттардың ғылыми тағылымдамасын өз мамандықтарына сәйкес сапалы ұйымдастыру.

6. Университет ПОҚ-тың жоғары импакт-факторлы журналдарға мақалаларын дайындау және жіберу.

7. Қазақстан және шетел жоғары оқу орындарымен бірлесіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында кемінде үш ғылыми-зерттеу консорциумдарын құру.

8. Ғылыми зерттеулерге университет қаржысын бөлу, сол арқылы сапалы зерттеулер жүргізу, оларға шетелдік әріптестерді тарту.


SWOT-Талдау


S (strength) - оңтайлы жақтары

W (weakness) - әлсіз жақтары

- университеттің халықаралық байланыстары және ел ішіндегі беделі;

-университетте қалыптасқан ғылыми мектептердің жұмысы, ғылыми орталықтардың болуы;

-ҒЗЖ-ны жүзеге асыруға материалдық базаның болуы;

- инновациялық қызметтің нәтижелілігі;

- 24 мамандық бойынша магистратураның болуы;

- магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуі, шетелде ізденушіліктің ұйымдастырылуы.

- магистратураның жаңа мамандықтарын ашуға мүмкіндіктердің болуы;

- студенттердің ҒЗЖ-ға тартылуы.



-Қазақстанда ғалымдарды даярлайтын бұрынғы жүйенің жабылуы;

- өнер және мәдениет институты, жалпы кафедралардағы ғылыми әлеуетінің төмендігі;

- университет жұмысына шетел ғалымдарының жеткіліксіз деңгейде тартылуы;

- ПОҚ-тың шет тілін жете білмеуі;

- шет елдермен бірге жүргізілетін ҒЗЖ-ның болмауы;

- университет тарапынан ҒЗЖ-ға (орталықтарға) бөлінетін қаржының жеткіліксіздігі;

- доктор PhD оқып жатқандардың аздығы


0 (opportunity) – жағымды мүмкіндіктер

Т (threat) – қауіптер

-магистранттардың ПОҚ шетелдік ғылыми тағлымдамаға шығу мүмкіндігі;

-ғылыми орталықтар арқылы бюджеттен тыс қаржыландыруды арттыру мүмкіндігі: демеушілік, инвестициялық, гранттық қаржы игеруге толық мүмкіндік болуы;

- «Болашақ» бағдарламасы бойынша ғалымдардың шетелге ізденушілікке шығуы;

- Темпус бағдарламасына қатысу мүмкіндігі;

-ғылыми консорциумдарды құру мүмкіндігі;

-мақалаларды алыс шетелге шығаруға талаптың күшеюі.



-мемлекет тарапынан докторантураға гранттың аз бөлінуі;

-өзіміздегі докторантура мамандықтарының жабылу мүмкіндігі;

- жаңа талап бойынша ғылыми дәрежесі бар мамандардың аймақтарға келмеуі.

Университеттің ғылыми жұмыстарының 2011 жылғы есебін талқылай келе, оны қанағаттанарлық деп бағалап, 2012 жылы ғылыми жұмыстарға жүктелген тапсырмаларды орындау үшін М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың Ғылыми кеңесі қаулы етеді:




  1. 2012 жылы іргелі және қолданбалы зерттеулер жалғастырылып, жарияланған барлық байқауларға кафедралардың профессор-оқытушыларының, магистранттарының, жас ғалымдарының бірлескен сапалы жобалар әзірлеуі ұйымдастырылсын және университет қаража-тына жасалатын ғылыми-зерттеулер бағдарламасы дайындалсын.

Жауапты: ҒЖ бөлімі жетекшісі Э.Ж.Имашев, кафедра меңгерушілері

Мерзімі: 2012, наурыз

  1. Германияның, Түркияның, Ресейдің жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттарымен бірлескен ғылыми-зерттеу консорциумдары құрылсын.

Жауапты: ҒЖ бөлімі жетекшісі Э.Ж.Имашев, факультет декандары

Мерзімі: 2012, мамыр

  1. Томсон Рейтер базасынан алынған мәліметтер барлық кафедраларда насихатталып, оның талаптары бойынша мақалалар дайындалсын және кемінде 6 мақала имфакт-факторлы журналдарға жіберілсін.

Жауапты: факультет декандары, кафедра меңгерушілері

Мерзімі: жыл бойы

  1. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына шетелдік ғалымдар тартылып, олардың зерттеулері университет хабаршысында жариялансын.

Жауапты: ҒЖ бөлімі жетекшісі Э.Ж.Имашев, кафедра меңгерушілері,

БАҚ орталығының жетекшісі А.А.Кожевникова



Мерзімі: жыл бойы

  1. 2012 жылғы республикалық СҒЗЖ-ға кемінде 60 сапалы жұмыс жіберілсін.

Жауапты: ҒЖ бөлімі жетекшісі Э.Ж.Имашев, кафедра меңгерушілері.

Мерзімі: ақпан, 2012

  1. 2012 жылы жоспарланған 4 халықаралық, 2 республикалық конференция сапалы ұйымдастырылсын.

Жауапты: ҒЖ бөлімі жетекшісі Э.Ж.Имашев, факультет декандары,

кафедра меңгерушілері.



Мерзімі: жыл бойы

  1. Университеттегі профессор-оқытушылар және жас ғалымдар кеңесінің ғылыми-зерттеу жұмыстарында шетелдік жоо мен ғылыми-зерттеу институттарымен байланыстарына, белгілі ғалымдармен бірлесіп зерттеулер жүргізулеріне нақты көмек көрсетілсін.

Жауапты: ҒЖ бөлімі жетекшісі Э.Ж.Имашев, кафедра меңгерушілері, жас ғалымдар кеңесі

Мерзімі: жыл бойы

  1. Университетте орындалатын магистрлік диссертациялардың сапасы мен олардың әлемдік талаптарға сәйкес келуі үнемі назарда ұсталсын.

Жауапты: кафедра меңгерушілері, жоо-дан кейінгі дайындық бөлімі

жетекшісі Ш.Т.Мұқанбетова



Мерзімі: жыл бойы, 2012

  1. Университеттегі ғылыми-зерттеу орталықтарының ізденістері білім- ғылым-өндіріс бағытында ұйымдастырылсын.

Жауапты: факультет декандары, орталық басшылары

Мерзімі: жыл бойы

  1. Қаулының орындалуын бақылау ҒЖ және ХБ жөніндегі проректор Ә.Қ.Мұқтарға жүктелсін.


2011-2012 оқу жылының І жарты жылдығындағы Ғылыми кеңес шешімдерінің орындалуы туралы

ақпарат
Үстіміздегі 2011-2012 оқу жылының І жарты жылдығында М.Өтемісов атындағы БҚМУ Ғылыми кеңесінің 2011 жылдың 30 қыркүйегінде бекітілген жоспарына сәйкес 6 мәжіліс өткізілді. Барлық жоспарланғаны - 13 мәселе, 6 мәжіліс барысында 13 сұрақ тыңдалды, қаралуға тиісті 1 мәселе 25.11.11 ж. №4 Ғылыми кеңесте тыңдалатын «Магистранттардың диссертациялық зерттеу жұмысы тақырыптарын және ғылыми жетекшілерін бекіту туралы» ЖОО-дан кейінгі дайындық бөлімінің жетекшісі Ш.Т.Мұқанбетованың ректор атына жазған қызметтік жазбасына сәйкес күн тәртібінен алынып тасталды. 5-мәжілістің күн тәртібіне 23.12.11 ж. күні өткен №4 ректораттың шешімі бойынша көтеріліп отырған мәселенің маңыздылығын ескеріп, Ғылыми Кеңесте тыңдауға ауыстырылуына байланысты «Университете қашықтан оқыту технологиясын енгізу барысы туралы» мәселесі енгізілген. Қаралған мәселелердің 5-ы оқу-әдістемелік жұмыстарды қамтыса, 1-уі тәрбие жұмысын, 1-уі халықаралық аккредитациядан өтуге дайындықты, 1-уі ғылыми зерттеу жұмыстарын талдаған.

Өткен оқу жылындағы Ғылыми кеңес шешімдерінің орындалуы мерзімінің аяқталуына сәйкес Ғылыми кеңес мәжілістерініе шығарылып отырды. Атап айтсақ 29 тамыздағы №1 мәжілісте:

Жаңа стратегиялық талаптар және бағдарламалық құжаттар мен жоспарлар қарсаңында 2011-2020 жж. арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының міндеттеріне сәйкес М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жаңа оқу жылына дайындығы туралы І проректордың есебі тыңдалып, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жаңа оқу жылына дайындығы қанағаттанарлық деп есептелген. Осы мәселе бойынша М.Өтемісов ат. Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті РМҚК-ның құрылымын бекіту туралы және М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да 2011 -2012 оқу жылының оқу құжаттарына енгізілген толықтырулар мен өзгерістерді бекіту туралы қосымша ақпараттар қаралған.

30 қыркүйектегі №2 мәжілісте:

Күндізгі және сырттай оқу түрі студенттерінің 2010-2011 оқу жылындағы жазғы сынақ-емтихан сессиясының қорытындылары қаралғанымен, оның қаулысы 28 қазандағы. №3 Ғылыми кеңес хаттамасымен бекітілді. Бұл қаулыға сәйкес төмендегі шаралар атқарылып жатыр:


  1. 2010-2011 оқу жылының жазғы семестрі бойынша барлық факультеттердің студенттері академиялық қарыздарын түгелдей жапты.

  2. Қысқы емтихан сессиясының тест тапсырмалары сарапшылар комиссиясының сараптамасынан өтті. Емтихандар кодификатор арқылы сараптамадан өтті.

  3. Факультеттер бойынша әрбір кафедралардың ауызша емтихандар тізімі және сол топтарға сабақ бермейтін оқытушылардан құралған емтихан қабылдаушы комиссия құрамы бекітілді.

  4. Жалпы оқу семестрі барысында студенттердің сабаққа қатысуы және рейтингілік нәтижелері үлгерімдері қадағаланды. Оқу үлгерімі төмен және сабақты жиі жіберетін студенттермен жұмыс жүргізілді және ата-аналарына хабарланды.

  5. Қосымша оқыту/жазғы семестр кезінде студенттердің сабаққа уақтылы қатысуы және ПОҚ рейтингілік және емтихан ведомостілерін рәсімдеу деканаттар тарапынан қадағаланды.

  6. Сырттай оқу түрі студенттерінің үлгермеу себебін анықтау үшін «Сырттай оқу түрінің үлгермеуші студентінің сауалнамасы» мен «Сырттай оқу түрінің үлгермеуші студенті әдіскерінің сауалнамасы» дайындалды. Қазіргі кезде «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы Мендыгереева Э.С. сауалнама жүргізу жұмыстарымен айналысуда.

  7. Үлгерім және оқу сапасына талдау жасау мақсатында магистратура мамандықтары бойынша білім алушылардың кафедра отырысында есеп беруі қарастырылды. Білім алушылардың үлгерімі 100 %.

30 қазанында өткен 3-мәжілісінде

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың 2010-2011 оқу жылындағы жұмысының нәтижесі туралы мәселенің қаулысына сәйкес университеттегі басқару жүйесі үздіксіз жетілдіріліп отыр. Өйткені, жоғарғы оқу орнының басқару жүйесі үрдістік-бағытты көзқарасқа негізделген университеттің құжаттандырылған сапа менеджменті жүйесімен танылған.

Қазіргі таңда БҚМУ-да сапа менеджменті және экологиялық менеджмент жүйелерінің төрт деңгейлі құжаттамалары бар. Бірінші деңгей – сапа бойынша нұсқаулық, экологиялық менеджмент бойынша нұсқаулық, сапа бағытындағы саясат, экологиялық саясат. Екінші деңгейі – әдістемелік нұсқаулар жиынтығы түрінде ұсынылған үрдістердің сипатталуы. Үшінші деңгейі – университеттің сапа және экологиялық менеджмент саласындағы мақсаттарды жүзеге асыратын жоспарлар, қызметтік нұсқаулар, үрдіс карталары. Төртінші деңгейі – нақтыланған нұсқаулар болып келген, бланк түрінде ресімделген формулярлар.

Университетте ҚР СТ ИСО 9001 стандарт талаптарына сәйкес келесі әдістемелік нұсқауларда көрсетілген алты міндетті құжатталған шара бақылануда:

СМЖ/ЭМЖ 04.01. Құжаттаманы басқару,

СМЖ/ЭМЖ 04.02. Жазбаларды басқару,

СМЖ/ЭМЖ 08.01. Ішкі аудит,

СМЖ/ЭМЖ 08.02. Сәйкессіз өнімдерді басқару,

СМЖ/ЭМЖ 08.03. Түзетуші әрекеттер,

СМЖ/ЭМЖ 08.04. Сақтандырушы әрекеттер.

Қазіргі кезде университетте сапа менеджменті жүйесі саласында 16 әдістемелік нұсқау және 59 үрдіс картасы болса экологиялық менеджмент жүйесі саласында 7 әдістемелік нұсқау қолданылады. Мұны жетілдіру жұмыстар ымна бағыттарда жүргізілді: СМЖ және ЭМЖ 22 әдістемелік нұсқаулығы қайта шығарылды; 7 СМЖ әдістемелік нұсқауына өзгертулер енгізілді; СМЖ 5 үрдіс картасы қайта шығарылды; СМЖ 40 үрдіс картасына өзгертулер енгізілді; сараман, мансап және маркетинг бөлімінің СМЖ.07.17 түлектерді тарату және СМЖ.07.24 түлектерді жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу үрдіс карталары СМЖ.07.17 түлектерді жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу үрдіс картасына біріктірілсе, СМЖ.07.50 колледждің тәрбие жұмысын жоспарлау және СМЖ.07.51 колледждің тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы мен жүргізілуі үрдіс карталары СМЖ.07.50 колледждің тәрбие жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу үрдіс картасына біріктірілді.

Осы мәжілісте М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік универси-тетінің академиялық қауымдастырылған профессоры (доцент), академиялық профессоры ғылыми атақтарын беру туралы ережесі дайындалып, бекітілгені



2011-2012 оқу жылына МАК төрағаларының кандидатурасын бекітілген. 25 қарашасында өткен 4-мәжілісінде

М.Өтемісов атын-дағы БҚМУ-да кредиттік оқыту жүйесінің әдістемесін жетілдіру жұмыстары жүргізіліп, жалғасын тапқан. Дегенмен ПОӘК-дері мен жұмыс оқу бағдарламаларын дайындау КОЖ-н ұйымдастырудың басты бөлімдері саналады. Бұл шешімнің орындалуы көңілге қонымсыз болып отыр, оны төмендегі деректерден байқауға болады:



Факультет

ПОӘК саны

ПОӘК тапсырған

ЖОБ саны

ЖОБ тапсырған

Жаратылыстану-математикалық

311

304/7

193

166/27

Филология

142

139/3

60

54/6

Тарих және құқық

193

193/0

81

80/1

Педагогикалық

190

190/0

83

83/0

Экономика және басқару

168

168/0

118

116/2

Мәдениет және өнер

430

412/18

158

148/10

Осы мәжілістегі 2-мәселе бойынша 2011-2012 оқу жылына күндізгі және сырттай оқу түрі студенттерінің диплом жұмыстары/жобалары, біліктілік жұмыстарының тақырыптары мен сарапшыларының тізімі бекітілген.

30 желтоқсанында өткен 5-мәжілісінде


  1. Университет мамандықтарының халықаралық аккредиттеуге дайындығы туралы.

  2. Университетте қашықтан оқыту технологиясын енгізу барысы туралы.

  3. ЖОО-дағы тәрбие жұмысын ғылыми-сараптамалық және әдістемелік

қамтамасыз ету мен негізгі бағыттары туралы мәселелер күн тәртібінде қаралған.

1-мәселе бойынша ай сайын стратегиялық даму және аккредиттеу орталығының директоры О.В.Юров ректоратта ақпарат беріп отырады және қажетті шаралар жүргізілетін болып шешілген.

2-мәселе бойынша кейстік технология арқылы сабақ үрдісін өткізу үшін әрбір кафедрада кейстер жасалған және оның қоры жинақталып, оған 1930 ПОӘК-кейстері енгізілген. Желілік технология бойынша ПОӘК жасау үшін әдістемелік нұсқаулар құрылып, университеттің ОӘК-нің 13.10.2011 жылғы кезекті отырысында бекітілген.

Тәрбие жұмысын ғылыми-сараптамалық және әдістемелік қамтамасыз ету мен негізгі бағыттары туралы ақпарат негізге алынып, жоспарлы жұмыстар жалғастырылып жатыр.

Ғылыми Кеңестің 6-мәжілісінде университеттегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының 2011 жылғы қорытындылары қаралады.

Ғылыми Кеңесте университеттің ішкі құжаттары қаралып, академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру, т.с.с. Ережелер қабылданған, көптеген ағымдағы мәселелер қаралған.

Ғылыми кеңестің жұмыс жоспары мен хаттамалары қазақ тілінде жазбаша және электронды түрде жүргізіледі. Кеңес жоспары қыркүйек айында университет сайтына орналастырылды. Сонымен қатар барлық Ғылыми кеңес мәжілісінің күн тәртібі мен қаралатын мәселелер бойынша материалдар сайтқа орналастырылып отырады. Оқу жылының басында Ғылыми кеңеске әзірленетін материалдарды тапсыру талаптары сайтқа орналастырылған.

Ғылыми кеңесте тыңдалатын есептерге сарапшылар комиссиясы да тағайындалып отырады.


Комиссия төрағасы: Ә.С.Тасмағамбетов

Мүшелері: М.О.Даупаев

А.Б.Медешова

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы -2010

мемлекеттік грантының иегері

педагогика ғылымдарының докторы, профессор

АЛИЯ МҰХАНБЕТЖАНОВАНЫҢ
ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

Байланыс телефондары:

жұмыс8(7112)505346

үй (7112)539302

ұялы 87013679967

e-mail:pedagogika_@mail.ru
____________ А.Мұханбетжанова

Мемлекеттік Грантты пайдалану

бойынша

ЕСЕП
Мазмұны

Жылдық жоспар – кестеге сәйкес орындалған жұмыстар жөнінде есеп:



1. Шетелдік тағлымдама

2. Оқу-әдістемелік жұмыс

3. Ғылыми жетістіктер және ғылыми зерттеулерді орындау

4. Ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау

ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАР –КЕСТЕГЕ СӘЙКЕС ОРЫНДАЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕ ЕСЕП

1. Шетелдік тағлымдама
Жылдық жоспар-графикке сәйкес 2011ж. мамырдың 10-нан 24-дейінгі аралықта Ресей Федерациясы білімді дамытудың Федеральдық институтының Приволжиялық филиалында ғылыми-педагогикалық тағлымдамадан өттім.

Ел: Ресей Федерациясы

Қала: Самара

Барудың мақсаты: Қазіргі құзыреттілікке-бағдарланған білім берудің теориясы мен технологиясын дамытудың халықаралық тәжірибесін зерделеу бойынша тағлымдамадан өту

Нәтижелер: Халықаралық деңгейде құрылған Болон процесі білім берудегі білім, білік, дағдыға қоса құзыреттіліктердің қарастырылуын жаңа парадигма туғызып отырған жаңа қажеттілік деп бағалайды. Білім берудің мақсаттар жиынтығы құзыреттіліктерді дамытуды көздейді, оның негіздеріне көпмәдениетті қоғамда өмір сүруге қабілеттілік, білімді практиканың қажеттіліктерімен байланыстыру икемділігі, өмірлік жағдаятты бара-бар бағалай алу және проблеманы шешу жолдарын табу және т.б.

Қазақстан Республикасында 2011-2020 дейін білімді дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасында құзыреттілік тұрғыға негізделген 12-жылдық білім берудің жаңа стандартын өңдеу және ендірудің міндеттері анықталған. Құзыреттілік тұрғыдан білім беру оқушыларға тек белгілі бір білім, іскерлік, дағдылар жиынтығын меңгертіп қана қоймай, оқушы тұлғасын дамытуға, өмірлік проблемаларды өз бетімен және тиімді шешуге, тұлғаның өзін-өзі анықтауына, әлеуметтенуіне және өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік беретін білімділік, тәжірибе және әмбебап қабілеттердің жиынтығын меңгертуге бағытталады.

Құзыреттілік тұрғыдан білім берудің негізгі идеясы бойынша білімнің басты нәтижесі –бұл жекелеген білім, білік және дағды емес, адамның әртүрлі әлеуметтік-мәндік жағдаяттарда тиімді және нәтижелі іс-әрекет жасауға қабілеті мен даярлығы. Бұл бізің бірнеше жылдан бері айналысып отырған негізгі ғылыми-зерттеу бағытымыз болғандықтан ғылыми-педагогикалық тағлымдама РФ білімді дамытудың Федеральдық институтының Приволжиялық филиалында құзыреттілік-бағдарлы тұрғыдан білім берудің теориясы мен технологиясын зерделеу саласы бойынша таңдалды.

Осы тағлымдама барысында ресейлік ғалымдар және осы саланың халықаралық тренерлері Е.Я.Коган, В.В.Прудникова, Г.Б.Голуб, А.А.Перелыгиналардан мына тақырыптар бойынша:

- Құзыреттілік - бағдарлы тұрғыдан білім беру технологиясының ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздері;

- Құзыреттерді қалыптастыру және нәтижелерді стандарттау пәні ретінде өлшеудің қағидалары;

- Ғылым мен өндірістің интеграциясын жағдайында республика экономикасының барлық саласы үшін құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби даярлаудағы ЖОО рөлі;

- Құзыреттілік нәтижелерді сипаттаудағы әртүрлі білім беру институттары мен еңбек нарығының күтілімдері мен талаптары.

Тағылымдаманың соңында сертификат алынды.
Жылдық жоспар-графикке сәйкес 2011ж. желтоқсанның 16-нан 28-дейінгі аралықта Н.Г. Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университетінің «Нәтижелі білім беру зертханасынан» (Ресей, Саратов қ.) ғылыми-педагогикалық тағлымдамадан өттім.

Ел: Ресей Федерациясы

Қала: Саратов

Барудың мақсаты: Білім беру мекемелеріндегі қазіргі әлеуметтік-педагогикалық қызметтің мазмұны мен ерекшелігін, әлеуметтік-педагогикалық технологиялар кешенін зерделеу бойынша тағлымдама.

Нәтижелер: М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің педагогика факультетінде «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының ашылуына байланысты Н.Г. Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университетінен білім беру мекемелерінде әлеуметтік-педагогикалық қызметтің моделін құрудың теориялық тұжырымдамалық тұрғыларын зерделеудің қажеттілігі туындады. Бұл университеттің әлеуметтік педагогика кафедрасында осы саланың белгілі мамандары: профессор Александрова Е.А., профессор Паринова Г.К., доцент Черняева Т.Н., доцент Н.П.Кирилленко қызмет жасайды және мол тәжірибесі жинақталған. Аталған кафедрамен біздің кафедра арасында 2004 жылдан бері тығыз ынтымақтастық байланыс орнатылған.

Тағлымдама барысында төмендегі бағдарламаға сәйкес білім жетілдіру тағлымдамасынан өттім:



  • Ғылыми зерттеулердегі тұлғаның әлеуметтік педагогикасының тұжырымдамалық теорияларына жүйелік талдау;

  • Білімдік мекеменің әлеуметтендіру институты ретіндегі сыртқы және ішкі социумының теориялық моделі және олардың мемлекеттік құрылыммен өзара байланысы;

  • Білімдік мекеменің әлеуметтік-педагогикалық қызметінің мазмұны және сипаттамасы;

  • Педагогикалық процесте тұлғаның әлеуметтенуінің тиімділігін арттыруға бағытталған педагогикалық технологиялар кешені.

Тағлымдама соңында сертификат алынды.

Бұл тағлымдаманың нәтижелері «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша базалық және элективтік курстардың оқу-әдістемелік кешендері мен лекциялар курстарын өңдеуде қолданылды Сонымен қатар, төмендегі бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын аяқтауға және оқу құралдарын шығаруға мүмкіндік берді.

- Оқу құралдары:


  1. Әлеуметтік педагогика: Оқу құралы.- Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ БАҚ және БО, 2011.- 88 б. (А.С.Иргалиев, А.Г.Мұханбетчинамен бірлестікте)

  2. «Әлеуметтік педагог жұмысының әдістемесі» Оқу құралы.- Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ БАҚ және БО, 2011.- 117 б. (О.Н.Ерниязов, А.Г.Мұханбетчинамен бірлестікте)

  3. «Әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздері»: Оқу құралы.- Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ БАҚ және БО, 2011.- 106 б.

  4. «Әлеуметтік педагогика»: Электрондық оқулық.- Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ, 2011 ж.


2011ж. қарашаның 2 мен 5 аралығында «Психологические аспекты формирования профессиональной компетентности педагога» тақырыбында біліктілікті жетілдіру курсынан өттім.

Курстың мақсаты: педагогтың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың психологиялық аспектілерін меңгеру.

Нәтижелер: Ресей Федерациясы, Иваново мемлекеттік университетінің доценті, психология ғылымдарының кандидаты А.С.Турчин (Иваново қ., Ресей) М.Өтемісов ат. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өткізілген «Академическая мобильность в вузах Республики Казахстан: опыт и перспективы» халықаралық ғылыми-практикалық конференция шеңберінде өткізген мастер-класқа қатыстым. Курс соңында сертификат алынды.
2011 ж. қазанның 21 мен 29 аралығында М.В.Ломоносов атындағы ММУ доценті, физика-математика ғылымдарының докторы, А.В. Боровскихтан (Ресей, Москва қ.) ғылыми –педагогикалық тағлымдамадан өттім.

Тағлымдаманың мақсаты: «Нақтылы педагогиканың» («Конкретная педагогика») теориясы мен технологиясын меңгеру.

Нәтижелер: М.В.Ломоносов атындағы МГУ доценті, физико-математика ғылымдарының докторы, доцент А.В. Боровских Ақтөбе педагогикалық институты жанындағы білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың Аймақтық орталығында «Нақтылы педагогика» авторлық курсы бойынша даярлады. Бұл курс Архимедтен бастап қазіргі ғалым-педагогтарға дейін психология-педагогика ғылымында ашылған жаңалықтарының негізгі нақты фактлері, нәтижелері, эксперименттерімен бастапқы көздер (первоисточников) негізінде танысу, меңгеру және ой елегінен өткізуге негізделді. Курс барысында нақтылы педагогика арқылы білім берудің теориялық негіздерін меңгердім. Тағлымдама соңында сертификатқа ие болдым.
2. Оқу-әдістемелік жұмыс
Студенттердің ғылыми-зерттеу іс-әрекетін - педагогикалық циклдағы пәндер бойынша білім сапасын жоғарылатудың негізі ретінде жүргізу және студенттерді жоғары теориялық-әдіснамалық және кәсіби дарлау бағытында жүргізілген жұмыстар:

Студенттерге оқу процесінде пайдалануы үшін оқу құралдарын даярлап баспадан шығару (мемлекеттік грант есебінен):



  1. «Педагогиканы оқыту әдістемесі»: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011 ж.- 356 б.

  2. «Құзыреттілік тұрғыдан білім беру: теория және тәжірибе»: Монография. - Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ БАҚ және БО, 2011.- 284 б.

  3. «Бастауыш білім беру мазмұны және оқыту технологиялары»: Монография. - Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ БАҚ және БО, 2011.- 284 б.

  4. «Педагогикалық жүйелер» (монография) 2011, 150 б. (С.М.Бахишевамен бірлестікте) (баспада).

  5. Педагогикалық шеберлік: Оқу құралы. Екінші басылым.- Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ баспа орталығы, 2011.- 76 б. (Ш.Мұқанбетовамен бірлестікте)

  6. Педагогикалық мамандыққа кіріспе: Оқу құралы Екінші басылым.- Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ баспа орталығы, 2011.- 100 б. (Ш.Мұқанбетовамен бірлестікте)

  7. Әлеуметтік педагогика: Оқу құралы.- Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ БАҚ және БО, 2011.- 88 б. (А.С.Иргалиев, А.Г.Мұханбетчинамен бірлестікте);

  8. «Әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздері»: Оқу құралы.- Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ БАҚ және БО, 2011.- 106 б.

  9. «Кәсіптік білім беру педагогикасы». 2011, 110 б. (Ш.Мұқанбетовамен бірлестікте);

  10. «Әлеуметтік педагог жұмысының әдістемесі»: Оқу құралы.- Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ БАҚ және БО, 2011.- 117 б. (О.Н.Ерниязов, А.Г.Мұханбетчинамен бірлестікте);

  11. «Бастауыш білім беру мазмұнын және оқыту технологиясын жасаудың ғылыми-теориялық негіздері» 2011, 80 б.

  12. «Педагогикалық пәндерді оқыту теориясы мен технологиясы»: Оқу құралы.- Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ БАҚ және БО, 2011.- 60 б

  13. Этнопедагогика. Жоғары оқу орындарына арналған оқу құрал.- Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ Баспа орталығы.- 2011, 107 б.

  14. Шағын жинақты мектептегі жаңа технологиялар. Әдістемелік құрал, - Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ БАҚ және баспа орталығы, 2011.



Электрондық оқулықтар шығарылды:
1.«Кәсіптік білім беру педагогикасы»,

2. «Педагогикадағы ғылыми-зерттеу әдістері».

3. «Әлеуметтік педагогика»

4. «Этнопедагогика»



ҚР БжҒМ білім беру және ғылым саласы бойынша бақылау комитетінің тізіміне енген республикалық басылымдарда жарияланған ғылыми мақалалар:
1. Кәсіби білім берудегі құзыреттілікті дамытудың теориясы мен тәжірибесі // БҚМУ хабаршысы.- Орал, БҚМУ РББ. – 2011, №1, Б. 45-50

2. Кредиттік оқыту жүйесіндегі студенттердің ғылыми-зерттеу әрекеті // «Ұлт тағылымы».- 2011, №1, Б.45-48 (Б.Халиковамен бірлестікте)

3. Бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі тануын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері // Бастауыш мектеп.- 2011, № 10, Б.13-15 (В.Арыстанғалиевамен бірлестікте)

4. Қазіргі білім беру жүйесінде педагогты кәсіби дамыту // Қазақстан жоғары мектебі. 2012, №1, Б.126-130 бб.( Мұханбетжанова А.Ө.бірлестікте)

5. Бейіндік мектепте оқыту үрдісін ұйымдастырудың әдістемелік жолдары// БҚМУ хабаршысы.- Орал, БҚМУ РББ. – 2011, №4, (Н.Е.Мукановамен бірлестікте)

6. Қазақстанның интеллектуалды мектептерінің ерекшеліктері// БҚМУ хабаршысы.- Орал, БҚМУ РББ. – 2011, №4, ( Г.М.Умбетовамен бірлестікте)

Ресейлік басылымдарда:


  1. Компетентностная модель образования: проектирование содержания // Актуальные вопросы регионального развития. Педагогические технологии в современной школе.- Саратов, ГАОУ СИПКиПРО, 2011, № 1, Б. 26-29

Кредиттік оқыту жүйесіне арналған педагогикалық-психологиялық пәндерді оқытуда қолданылатын лекциялар курсы, элективтік курстар, оқу-әдістемелік кешендер даярланды:

5В010300 (бакалавриат) Педагогика және психология мамандығы бойынша «Құзыреттілік тұрғыдан білім беру», «Педагогиканы оқыту әдістемесі» оқу-әдістемелік кешендері және лекциялық курстары даярланды.

6М010300 «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратура үшін: «Әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздері», «Әлеуметтік педагогикадағы зерттеулер», «Әлеуметтік жобалау», «Педагогикалық-әлеуметтік жүйелерді басқару», « ЖОО-дағы білім мазмұнының ғылыми-теориялық негіздері» «Педагогикалық қызметтің психологиялық негіздері», «Педагогикалық өлшеу», «Жалпы білім беру жүйесіндегі ҚР ЖМБС (ГОСО)», «Білім берудегі жаһандану үдірісі», «Әлеуметтенудің өзекті мәселелері» оқу-әдістемелік кешендері және лекциялық курстары даярланды.

«5В010200 (бакалавриат) Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша жаңа элективтік курстардың оқу-әдістемелік кешендері, лекциялар курсы даярланды: «Тұлғадық бағдарлы педагогика»,

«Педагогикалық технологиялар», «Бастауыш білім берудің тұжырымдамалық негіздері мен қағидалары», «Бастауыш мектепте пәндерді оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері», «12 жылдық білім беру», «Оқыту үрдісінің теориясы мен тәжірибесі», «Құзыреттілікке бағытталған білім беру», «Ұлттық білім беру жүйелері»

Ғылыми зерттеу нәтижесінде алынған қорытындылар мен ғылыми білімдер кешенін «Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі», «Педагогика және психология» мамандықтары бойынша педагогикалық циклдағы пәндерді «Мамандыққа кіріспе», «Педагогика», «Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі» т.б. оқытуда және студенттер мен магистранттардың оқу әрекетінің формаларында: ғылыми-зерттеу іс-әрекетінде (курстық және диплом жұмыстары) , таңдау бойынша пәндер, элективтік курстар, студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу іс-әрекетінде қолданылды.

Кредиттік оқыту жүйесінде интерактивті оқыту әдістерін қолдану бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізіліп, оқытушылар, аспиранттар, магистранттар үшін семинарлар өткізілді. Нәтижелері баспа беттерінде мақала түрінде жарияланып және халықаралық, республикалық конференцияларда баяндалды.

Педагогикалық пәндер бойынша даярланған оқу-әдістемелік кешендер мен элективті курстардың жұмыс бағдарламалары, лекциялар курсы оқу процесіне ендірілді.

Студенттер, магистранттар арналған ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудің, зерттеу жұмысының ғылыми аппараты, зерттеудің болжамын айқындаудың ерекшелігі, эксперимент жүргізудің әдістемелерін меңгерту мақсатында тұрақты ғылыми семинарлар жүргізілді.



3. Ғылыми жетістіктер мен ғылыми зерттеулерді орындау

2011 ж. ақпанның 9 нан 14 дейінгі аралықта Абай атындағы қазақтың ұлттық педагогикалық университетінде (Алматы қ.) тәжірибе алмасу мақсатында іс-сапарда болдым. Іс сапардың мақсаты «Педагогика және психология», «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтары бойынша магистратураларының кәсіби және таңдау курстарының бағдарламаларын жасау, таңдау курстарының атаулары мен мазмұнын бір жүйеге келтіру, олардың оқу-әдістемелік кешендерін сәйкестендіру мақсатында магистратура институтының «Педагогика» кафедрасында (кафедра меңгерушісі Б.Т.Тұрғанбаева) және «Жалпы педагогика» кафедрасында (Л.К.Керимов) болдым. Аталған магистратураларда лекция оқитын осы кафедралар профессорлары А.А.Бейсенбаева, Қ.Қ.Жампейсова, Л.К.Керимовтармен пікір алмастым. Болашақта академиялық ұтқырлық бойынша магистранттармен алмасу мәселелері бойынша келіссөз жүргізілді.
2011 ж. наурыздың 10 мен 12 аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ (Алматы қ) Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориялық негіздері мен тәжірибесі: профессор С.Р.Рахметованың 80 жалдығына арналған Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға (11 наурыз 2011) арнайы шақырылып, конференцияның пленарлық мәжілісінде «Құзыреттілік тұрғыдан бастауыш білім беру мәселесі» тақырыбында баяндама жасадым. Мақала конференция материалдарының жинағында жарық көрді.
«Құзыреттілік тұрғыдан бастауыш білім беру мәселесі» // Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориялық негіздері мен тәжірибесі: профессор С.Р.Рахметованың 80 жалдығына арналған Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары, 11 наурыз 2011, Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2011.- 10-15 б.
14 наурыз 2011 ж. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы мен «2011-2020 жылдары ҚР білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру шеңберінде М.Өтемісов ат. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Шағын жинақты мектеп педагогтарын дайындауды жетілдіру» облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру және қайта даярлау институтымен және облыстық білім басқармасымен бірлесіп семинар өткіздім. Семинарға облыстағы шағын құрамды мектептер басшылары мен мұғалімдері қатынасты. Оларға қазіргі шағын құрамды мектептерде оқытудың теориясы мен технологияларының екрекшеліктері бойынша шеберлік класы өткізіліп, сертификаттар берілді. Материал әдістемелік құрал түрінду шығарылып таратылды. //Шағын жинақты мектептегі жаңа технологиялар. Әдістемелік құрал, - Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ БАҚ және баспа орталығы, 2011.- 51 б (Ә.М.Мұханбетжанова, С.М. Бахишева, А.С.Иргалиев, А.Г.Мұханбетчина, Ж.С.Исмагулова, А.Қ. Махимова, Ж.Г.Байгалиева)
Жылдық жоспар кестеге сәйкес мемлекеттік грант есебінен 2011ж. 30 сәуірде М.Өтемісов ат. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Білім берудегі құзыреттілік және тұлғалық-бағдарлы тұрғылар: интеграциялау мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіліді.

Конференция шеңберінде 3 секция жұмыс жасады:



  1. 12 жылдық білім беру мазмұны және интеграциялау мәселелері.

  2. Мамандарды кәсіби дайындау жүйесінде психологиялық-педагогикалық тұрғыларды кіріктірудің теориялық мәселелері.

  3. Білім берудегі құзіреттілік және тұлғалық-бағдарлы тұрғылар.

Конференция шеңберінде «Білім берудегі құзіреттілік тұрғыны жүзеге асыру», «Құзыреттілік тұрғыдан 12-жылдық білім берудің технологиясы» атты шеберлік-кластары өткізілді. Конференцияға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті профессоры, педагогика ғылымының докторы Бейсенбаева А.А., Жампейсова Қ.Қ., Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің доценті, педагогика ғылымының докторы Барсай Б.Т., педагогика ғылымының докторы Хасанова Ж.С., Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының доценті педагогика ғылымдарының докторы Төребаева К.Ж., «Институт-мектеп» ғылыми-педагогикалық зерттеу орталығының доценті, п.ғ.к. Кенжеғұлова А.К., арнайы шақырылып пленарлық мәжілісте баяндамаларын жасады және шеберлік кластарын өткізді. Конференцияға барлығы 360 ғылыми баяндамалар түсті. Олар еліміздің Астана, Алматы, Актөбе, Ақтау, Атырау, Талдықорған, Туркістан, Кентау, Орал қалаларынан, сондай-ақ Ресей елінің Омск, Челябинск қалаларынан. Конференция материалдары 3 жинақ болып шығарылды. Конференцияны өткізудің барлық шығыны мемлекеттік грант есебінен жұмсалды. (Анықтама тіркелді).

- Құзыреттілік тұрғыдан білім берудегі интеграция мәселелері, -Білім берудегі құзыреттілік және тұлғалық-бағдарлы тұрғылар: интеграциялау мәселелері: республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары, - Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ БАҚ және баспа орталығы, 2011.- 33-36 б.



21-30 тамыз 2011ж. Астана қаласында ғылыми іс-сапарда болып, Л.Гумелев атындағы ұлттық университетінің кітапханасында монографиялық жұмысқа материалдар жинақтадым, сонымен қатар ҚР БжҒ министрлігі өткізген «Отбасы, мектеп, қоғам иглікті болашақ үшін бірге» тақырыбындағы республикалық педагогикалық Форумға қатынастым. Форум білім беру саласында педагогтар, ата-аналар, кәсіпкерлер  және азаматтық қоғам өкілдерінің байланыстарын қамтамасыз етумен қатар, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда азаматтық қоғамдық институттардың қатысуын кеңейту мақсатында өткзілді. Форумда әлеуметтік серіктестік технологияларын дамыту, білім беру жүйесіндегі стратегиялық мақсаттарға жетуге бағытталған азаматтық бастамаларды іске асыру үшін мүмкіндіктер қалыптастыру, қоғамдық бақылау институттарын дамыту, білім беру саласын модернизациялау мәселелері талқыланды. Қоғамдағы педагогтың мәртебесін көтеру мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. Форум бағдарламасында білім берудің көкейкесті мәселелері 5 семинар-мәжіліс және секция жұмыстарында талқыланды.

28 қазан 2011 ж. Ақтөбе педагогикалық институтында (Ақтөбе қ.) өткізілген Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұрасы және қазіргі кездегі этномәдени білім мен тәрбие беру мәселелері (170 жылдығына орай)» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатынасып, пленарлық мәжілісте «Ы.Алтынсарин – қазақстандық гуманистік педагогиканың негізін салушы» тақырыбында баяндама жасадым.
Ы.Алтынсарин – қазақстандық гуманистік педагогиканың негізін салушы / «Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұрасы және қазіргі кездегі этномәдени білім мен тәрбие беру мәселелері (170 жылдығына орай)» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары, 28 қазан 2011, Ақтөбе қ.
2011ж қарашаның 2 мен 8 аралығында Арқалық қ. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты базасында өткен «Жаңа формация педагогы: педагогикалық қызметтің кәсіби стандарты - өзектілігі, принциптері, мазмұны» Халықаралық дөңгелек столға қатыстым. Бұл шараның шеберінде «Қазақстан Республикасы мұғалімінің кәсіби стандарты» жобасын жасаушы жұмыс тобының мүшесі ретінде менің тарапымнан мұғалімнің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігінің аспектлері жасалып интернет арқылы жіберілді, ол жалпы стандарт жобасына енгізілді. Дөңгелек столда «Личностная компетентность учителя – как эффективное условие успешной педагогической деятельности» тақырыбында баяндама жасадым. Ол дөңелек стол материалдарының жинағында жарық көрді. Жинақтың аты бетін көрсету керек.
- Профессиональный стандарт учителя Республики Казахстан. Проект. – Астана, ноябрь, 2011 г. (с составе авторского коллектива).

- Личностная компетентность учителя как эффективное условие успешной педагогической деятельности // Материалы Международного круглого стола «Педагог новой формации: профессиональный стандарт педагогической деятельности – актуальность, принципы, содержание». – Арқалық, 2011. – С. 9-12


18 қараша 2011ж. Смоленск мемлекеттік университеті өткізген (Ресей, Смоленск қ.) «Личность в пространстве и времени» Халықаралық ғылыми конференцияға он-лайн режимінде қатынастым.

Қатысудың мақсаты: қазіргі жағдайда білім алушылар тұлғасын әлеуметтік психологиялық тұрғыдын дамыту қырлары бойынша тәжірибе алмасу.

Нәтижесі: Он-лайн конференция барысында белгілі педагог ғалымдар получила консультации у видных ученых-педагогов А.Г.Егоров, С.П.Иванов, А.С.Огневтерден Қазіргі ақпараттық кеңістіктегі тұлғалық өсудің психологиясы бағдарламасы бойынша кеңестер алдым. Он-лайн режимінде «Самостоятельная работа студентов как условие формирования личности профессионала» тақырыбында мастер-класқа қатыстым. Қатысқандығым жөнінде сертификат берілді. Баяндама жинаққа енгізілді:
/Интегративное взаимодействие субъектов как важный фактор совершенствования системы начального образования / «Личность в пространстве и времени» атты III Халықаралық ғылыми конференция жинағы, 18 қараша 2011, Смоленск қ.
24-25 қараша 2011 ж. Тараз қ., Тараз мемлекеттік педагогикалық институты базасында өткізілген «Қазіргі білім беру жүйесінде педагогикалық кәсіби шеберліктің дамуы: халықаралық тәжірибе, міндеттер және перспективалар» атты Халықаралық форумға қатыстым. Баяндаманың тақырыбы: «Қазіргі білім беру жүйесінде педагогикалық кәсіби шеберлікті дамытудың стратегиясы».
30.12.2011-22.01.2012 ж. аралығында Алматы қаласына «Педагогикалық жүйетану» деп аталатын үшінші монографиялық еңбекке Алматы қаласының кітапханалында: Абай атындағы ҚазҰПУ кітапханасында, Ұлттық кітапханада, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті кітапханасында т.б. материал жинақтау және монографияны аяқтау мақсатында ғылыми іссапарға бардым.
Жылдық жоспар-кестеге сәйкес негізгі ғылыми –зерттеу бағыты «Қазіргі білім беру жүйесіндегі құзыреттілік тұрғы» бойынша «12 жылдық орта білім берудің бастауыш деңгейіне арналып жасалған «Қоршаған әлем» пәнінің оқу бағдарламасы бойынша оқу-әдістемелік кешен құрудың теориялық-әдістемелік негіздері» бағытында жұмыстар жүргізілді:

- 12 жылдық білім берудің бастауыш деңгейіне арналып жасалған «Қоршаған әлем» пәнінің оқу бағдарламасы бойынша оқу-әдістемелік кешендер даярлау жұмыстары жүргізілді (магистрлер Д.Ш.Жұмағалиева, А.Б.Хайруллинамен бірлестікте).

- Бастауыш деңгейге арналып жасалған «Қоршаған әлем» пәнінің оқу бағдарламасы бойынша 1-сыныпқа құрылған оқу-әдістемелік кешенді эксперименттік мектептерде сынақтан өткізілді.

- Бастауыш деңгейге арналып жасалған «Қоршаған әлем» пәнінің оқу бағдарламасы бойынша бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау және қайта даярлау жұмыстары жүргізілді.

-12 жылдық орта білім берудің жаңа моделін - нәтижеге бағдарланған құзыреттілік тұрғыдан білім берудің теориясы мен технологиясын бастаыш мектеп мұғалімдеріне, студенттерге және магистранттарға меңгерту үшін семинарлар мен мастер –кластары өткізілді.

Жылдық жоспар-кестеге сәйкес 24-30 маусым 2011 ж. Ақтөбе облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Құзыреттілікке бағытталған білім берудің теориясы, технологиясы мен әдістемесі» атты 12 жылдық білім беруге бастауыш деңгей педагогтарын даярлауға арналған мастер-класс өткіздім. Мастер-класқа Ақтөбе қаласы және облысы мектептерінің 62 мұғалімі қатынасты (Анықтама тіркеледі).



Мақсаты: бастауыш деңгей педагогтарын 12 жылдық білім берудің теориялық-тұжырымдамалық негізімен таныстыру арқылы құзыреттілікке бағытталған білім беруді жүзеге асырудың кәсіби тәжірибесі мен қабілетін қалыптастыру.

Міндеттер:

- білім берудің философиясын, құзыреттілікке бағытталған 12 жылдық білім берудің теориялық-тұжырымдамалық және нормативтік негіздерін талдау негізінде бастауыш деңгей педагогтарының жаңа МЖМБС туралы тұтастай түсініктерін қалыптастыру;

- құзыреттілікке бағытталған тапсырмалардың құрылымына сәйкес құрастыру және оларды қолдану сабағын моделдеу әдістемесіне үйрету;

Күтілетін нәтиже:

Курсқа қатынасушылары келесі сәйкесті құзыреттіліктерді меңгереді:

- 12 жылдық білім беруге көшудің теориялық-тұжырымдамалық негіздемесін меңгереді;

- құзыретттілік нәтижелеріне бағытталған білім беру мазмұнын ажыратады;

- кәсіби коммуникация, ақпараттық құзыреттілік, кәсіби проблемаларды шешу құзыреттілігі қалыптасады;

- білім беру нәтижесін қалыптастыруға негізделген құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды құрастырып, оны қолдану сабағының мазмұнын жоспарлайды;



- кеңесші, фасилитатор, тьютор, модератор жаңа кәсіби рольдерді игеру.
Мастер-кластың мазмұны





Мазмұны

Барлығы

1

Қазіргі білім беру философиясы: өзгерістер мен жаңа күтілімдер.

4

2

12 жылдық білім берудің теориялық-тұжырымдамалық негізі.

4

3

Бастауыш білім берудің МЖМБС. Негізгі ережелер.

4

4

Мұғалімнің жаңа ролі – кеңесші, тьютор, модератор.

4

5

12 жылдық білім беру нәтижелері: білім, іскерлік, дағдыдан құзыреттіліктерге

4

6

Құзыреттілікке бағытталған тапсырмалардың құрылымы мен оларды сабақта қолданудың ерекшеліктері (практикалық бөлім).

4

Барлығы

24



13-18 маусым 2011 ж. Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Құзыреттілікке бағытталған білім берудің теориясы, технологиясы мен әдістемесі» атты 12 жылдық білім беруге бастауыш деңгей педагогтарын даярлауға арналған мастер-класс өткіздім. Мастер-класқа облыс мектептерінің 60 мұғалімі қатынасты (Анықтама тіркеледі).

10-20 тамыз 2011 ж. Атырау облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Құзыреттілікке бағытталған білім берудің теориясы, технологиясы мен әдістемесі» атты 12 жылдық білім беруге бастауыш деңгей педагогтарын даярлауға арналған мастер-класс өткіздім. Мастер-класқа облыс мектептерінің 92 мұғалімі екі кезеңге бөлініп қатынасты (Анықтама тіркеледі).

10-20 қазан 2011 ж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының оқытушылары және осы мамандықтың 4-курс студенттері, магистранттарына арналған «Құзыреттілікке бағытталған білім берудің теориясы, технологиясы мен әдістемесі» атты 12 жылдық білім беруге бастауыш деңгей педагогтарын даярлауға арналған мастер-класс өткіздім. Мастер-класқа 56 адам қатынасты (Анықтама тіркеледі).
Келесі ғылыми зерттеудің бағыты «Қазіргі әлеуметтік мәдени кезеңде тұлғаны нәтижелі әлеуметтендірудің ғылыми әдіснамалық негіздері».

Ғылыми зерттеудің өзектілігі: Адамзат қоғамы кезкелген әлеуметтік экономикалық және саяси құрылымда жастардың сәтті әлеуметтенуі мен қоғамдық қатынастарға кірігуіне ынталы. Мемлекет өз мүшелерінің әлеуметтік қалыптасуына жағдай тудыру, әлеуметтендіру факторларын ұйымдастыру және бақылау арқылы өзінің тұрақты дамуын, әлеуметтік қатынастар шеңберінде мәдениеттің тасымалдануын және қоғам мүшелерінің іс әрекетін реттеуді қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекеттің басты міндеті тұлғаны қоғамдағы сәтті өзбетіндік өміріне даярлауға қабілетті білім беру жүйесін жасау.

Ғылыми зерттеудің мақсаты: Қазіргі әлеуметтік мәдени кезеңде тұлғаны нәтижелі әлеуметтендірудің ғылыми әдіснамалық негіздерін айқындау және бұл пробеманың әлеуметтендіру институттары жағдайында шешу жолдарын ұсыну. Бұл зерттеу жұмысы педагогика ғылымдарының кандидаты А.С.Иргалиевпен және магистранттармен бірге жүргізілуде.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Тұлғаны әлеуметтендіруді аталған проблеманы зерттеуге институционалдық тұрғыдан келудің әдіснамалық негізі ретіндегі тұжырымдамасын жасау.

  2. әлеуметтік бағдарлы білім беру мекемесінің оқушыларды әлеуметтендіру институты ретіндегі педагогикалық үлгісі және оның ұйымдастыру құрылымын жасау.

  3. Білімдік мекеменің тұлғаны сәтті әлеуметтендірудің тиімді құралы ретіндегі әлеуметтік педагогикалық қызметінің мазмұны мен сипаттамасын беру.

  4. Тұлғаны әлеуметтендірудің тиімділігін арттыру үшін педагогикалық процесте қолдануға бағыттылған педагогикалық технологиялар кешенін жасау.

  5. Зерттеу мәселесіне байланысты монографиялар, ғылыми практикалық мақалалар мен әдістемелік құралдар шығару.

Осы ғылыми зерттеудің қорытындысы ғылыми мақала түрінде импакт- факторлы журналда жарияланды.

1. Педагогические условия успешной социализации воспитанников детской деревни семейного типа // Фундаментальные исследования. - 2012, №1, Б. 18-32 (А.С.Иргалиевпен бірлестікте) – Бұл журнал жоғары рейтингілі ғылыми басылымдар тізіміне кіреді.


4. Ғылыми –педагогикалық кадрлар даярлау



  1. Бахишева Светлана Мендыгалиевна

2010 жылы 2 мамыр Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 14.61.02 біріккен диссертациялық кеңесінде п.ғ.д., профессор Ә.М.Мұханбетжанованың ғылыми кеңесшілігімен «Педагогикалық жүйелерді басқарудағы жобалаудың ғылыми-теориялық негіздері» тақырыбында докторлық диссертациясы бекітіліп, 2011 жылы 26 ақпанда ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің №2 алқа шешімімен педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді.


  1. Муханбетчина Ахлима Габдиловна

2010 жылы 2 қазанда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 14.61.02 біріккен диссертациялық кеңесінде п.ғ.д., профессор Ә.М.Мұханбетжанованың жетекшілігімен «Мектепалды даярлықта балалардың белсенділігін дамытушы орта арқылы қалыптастыру» тақырыбында қорғалған кандидаттық диссертациясы бекітіліп, 2011 жылы 26 ақпанда ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің №2 алқа шешімімен педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
Сонымен қатар жоғары біліктілікті кадрлар - магистрлар даярлау жұмысы жүргізіледі:
- М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің магистранты Тұяқова Бибигуль Кебаналиевнаның «Психолого-педагогические основы формирования компетентности самоменеджмента у студентов специальности «Педагогика и психология» тақырыбындағы диссертациясына ғылыми жетекшілік жасалды және қорғалды - 21.06.2011 ж.
- М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің магистранты Халыкова Ботагоз –6М010300 «Педагогика және психология» мамандығы бойынша «Кредиттік оқыту жүйесінде бакалавриат студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық шарттары» тақырыбындағы магистрлік диссертациясына ғылыми жетекшілік жасалды және қорғалды - 21.06.2011 ж.
Қазақстан Республикасы «Ғылым туралы» Заңының 11 тамыз 2011г. 23 статьясына сәйкес аккредитация туралы куәлік алдым. Куәлік Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджеті есебінен ғылыми және ғылыми –техникалық конкурсқа қатысу үшін беріледі.

Грант иегері: А.Мұханбетжанова



М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дағы қашықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру ережесі


  1. Жалпы ережелер

1. Қашықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру туралы осы ереже төмендегіше сәйкестікте дайдалды:

- 24.10.2011 жылғы өзгерістер мен толықтырулармен, 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;

- 01.09.2009 жылғы «Қашықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы ұйымдастыру» ҚР ЖММС;

- 25.04.2011 жылғы өзгерістер мен толықтырулармен, 13.04.2010 жылғы «Жоғары оқу орындары білім алушыларын аралық және қорытынды аттестаттау, ағымдағы үлгерімді бақылауды өткізудің типтік ережелері» туралы ҚР БҒМ № 168 бұйрығы;

- 13.04.2010 жылғы «Қашықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері» туралы ҚР БҒМ №169 бұйрығы;

2. БҚМУ-дың қашықтан оқыту технологиясы төмендегі технологияларды қолданумен жүзеге асады:

1) кейстік технология

2) желілік технология

3) ТВ - технология




  1. Қашықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру

3. Қашықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:

1) жеке оқыту;

2) оқытудың тиімділігін (сапасын) арттыру;

3) дәстүрлі оқу түрі мүмкіндігі жоқ адамдарға білім қызметін ұсыну.

Қойылған қашықтан оқыту міндеттерін шешуге жету үшін БҚМУ мыналарды негіздейді:



- қашықтан оқыту технологоиясының қағидаттары;

  • білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру;

  • білім алушылардың білім ресурстарына еркін қол жетімділігі;

4. Қашықтан оқыту технологиясының дұрыс қызметі мен ұйымдастырылуын БҚМУ басшылығы төмендегіше қамтамасыз етеді:

1) оқу курстарын қолдау;

2) білім алушыларға оқу материалдарын жеткізу;

3) кеңестер;

4) білім алушылармен кері байланыс орнатуды ұйымдастыру;

5) білім алушылардың білімін бақылау.

5. БҚМУ-да қашықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың қажетті шарттарына мыналар жатады:

- білім алушылар үшін мазмұнды ақпаратты беттерімен білім интернет-порталы;

- телекоммуникациялық желіге (интернет) шығуға болатын құралдар;

- электронды оқу залдары, компьютерлік және тьютерлік кластар;

- оқу континентінің әр түрлі типтегі жеткізушісі (жеке немесе алынған);

- желілік оқу мультимедиа континенті (жеке немесе алынған);

- дайындыққа сәйкес профессор-оқытушылар құрамы, оқу-көмекші және техникалық персоналдар.

6. Қашықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін қамтамасыз ету мақсатында БҚМУ-да ақпараттық және білім технологиялары орталығын, кафедралар мен факультеттердің жұмысын үйлестіретін және төмендегідей қызметтер атқаратын құрылымдық бөлімше (Қашықтан оқыту бөлімі) құрылады:

- Оқу үдерісін үйымдастыру мен басқару;

- Қашықтан оқыту технологиясының дидактикалық материалдарын дайындау;

- Ақпараттық-техникалық камтамасыз ету.

7. Қашықтан оқыту технологиясы бөлімі қашықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру және басқарумен айналысады, қашықтан оқыту технологиясына қатысты құжаттарды жүргізеді, оқытушылар мен тьютерлерді сертификаттау және біліктілігін көтеруді ұйымдастырады, оқу үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

8. Ақпаратттық және қашықтан оқыту технологиясы орталығы жүзеге асырады:

- электронды оқулықтар, мультимедиялық курстарды дайындайды, иегереді, қолданады;

- тест жүйесі және басқа да білімді бақылау түрлерін дайындайды;

- қашықтан оқыту технологиясы бойынша ақпараттық ресурстарды қолдану әдістерін дайындайды;

- қашықтан оқытудың ақпараттық және техникалық құралдарын, көшіру бағдарламаларын қолдау, игеру және дайындау.

9. Факультет кафедралары қашықтан оқыту технологиясының көптеген әдістемелік құралдарын дайындаумен айналысады.


3. Кейстік технология негізінде қашықтан оқытуды ұйымдастыру
10. Білімді ұйымдастыру жетекшілерімен бекітідген, қашықтан оқыту технологиясы оқу жұмыс жоспары негізінде оқу үдерісі ұйымдастырылады. Оқу жұмыс жоспары мемлекеттік жалпыға білім беру стандартының талаптарына сәйкес типтік оқу жоспары негізінде құрылады. БҚМУ қашықтан оқыту технологиясы таңдауына сәйкес оқу сабақтарын өткізу түрлерін білім үдерісінде қолданады.

11. Оқытылатын пәндердің кредит көлемі былай жүргізіледі: 1 кредит оқу жұмысының 45 сағатына тең. Кейстік технология арқылы 1 кредитті оқыту үшін 6 сағат (аудиториялық) сабақ (4 сағат дәріс, 2 сағат практикалық), 4 сағат оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ), 35 сағат студенттің өзіндік жұмысына беріледі.

12. Білім алушының жеке оқу жоспарын кафедра меңгерушісі және қашықтан оқыту бөлімі жетекшісінің көмегімен эдвайзер құрастырады және факультет деканы бекітеді.

13. Қашықтан оқыту технологиясы бойынша білім алушылар үшін оқу сабақтары басталар алдында қашықтан оқыту технологиясы мен жүйесін таныстыру мақсатында бейімделу курстары жүргізіледі.

14. Оқу жылы екі сессиядан тұрады. Бірінші курста бейімделу сессиясы жүргізіледі. Бейімделу сессиясы тек теориялық, келесісі теориялық және емтихан сессиясы болып табылады. Студенттің өзіндік жұмысы сессияаралық кезеңде орындалады. Бейімделу сабақтары өткізілгеннен кейін оқытылған пәндерден ОЖСӨЖ, ал аралық және қорытынды бақылау (емтихан сессиясы) келесі семестр уақытында жүргізіледі.

15. Студенттердің өзіндік жұмысы пәннің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК) мазмұнындағы әдістемелік нұсқаулықтар мен оқу материалдары негізінде ұйымдастырылады. Осы мақсатта білім алушылар әр түрлі жеткізуші құралдар арқылы ПОӘК-пен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ http://inside.wksu.kz/ білім порталында орналасқан оқытушылардың пәндер бойынша бейне дәрістерімен де оқиды.

16. Қашықтан оқыту технологиясының сессияаралық кезеңінде оқытылатын теориялық материалдарды оқиды және тьюторлардан кеңес алады. Студенттердің өзіндік жұмысына пәннің барлық оқу материалдарымен (чат, форум арқылы) оқытушы-тьютордың жетекшілігімен жүргізілетін интерактиті кеңестері де жатады.

Топтық және жеке кеңестер мен сабақ кестесіне сәйкес, қойылған рейтинг пен ағымдағы білімді бақылау студент пен оқытушының өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) кезінде жүзеге асады.


4. Желілік технология негізінде қашықтан оқытуды ұйымдастыру
17. Оқу үдерісі қашықтан оқыту технологиясының оқу жұмыс жоспары негізінде білім ұйымы басшысының бекітуімен ұйымдастырылады. Оқу жұмыс жоспары мемлекеттік жалпыға білім берудің стандарты талаптарына сәйкес типтік оқу жоспары негізінде құрылады.

18. Осы оқу түрінлегі мамандықтар тізімі қашықтан оқыту технологиясын пайдалану арқылы кафедралар ҚО бөлімімен келісе отырып, университеттің ОӘК бекітуімен анықталады және ректор бұйрығымен ҚО-ның желілік технологиясына көшіріледі.

19. Желілік технология бойынша оқушылар үшін бірінші курста қашықтан оқыту технологиясы және жүйесімен таныстыру үшін бейімделу сессиясы өткізіледі. ҚР МЖББС 6.6 т. талаптарына сәйкес оқу үдерісін басқарудың ақпараттық жүйесінің таратылуында электронды пошта және «Платон» жүйесі қолданылады.

20. Оқу жылы екі емтихан сессиясынан тұрады. Студент келуге міндетті. ҚОТ бойынша студент арнайы негізде ҚОТ-ты пайдалану үшін ректордың атына өтініш жазады және қажетті мәліметтерді көрсетеді (байланыс жасау мәліметтері). Желілік технология бойынша оқу сессияаралық кезеңде өткізіледі және онда ЖОО-на білім алушының келуі міндетті емес.

21. Жұмыс оқу жоспары мен жеке оқу жоспарына сәйкес студент семестрдегі барлық оқытылатын пәндер бойынша ПОӘК-пен қамтамасыз етіледі.

22. «on-line» немесе «off-line» жүйесіндегі қашықтан оқу сабақтарының өткізілуі ҚОТ-қа негізделеді.

23. Оқу үдерісі «off-line» жүйесіндегі желілік қашықтан оқыту технологиясын пайдалану арқылы студенттердің өзіндік жұмысы түрінде ұйымдастырылады және қажеттілікке орай кеңестер өткізіледі. Желілік қашықтан оқыту технологясы бойынша оқу үдерісі кестесін ҚО бөлімінің әдіскері құрастырады, сондай-ақ оған кесте бойынша келісілген уақытта жұмыстардың уақытында орындалуын қадағалау жауапкершілігі жүктеледі. Студенттерге тапсырмаларды жіберу, орындалған жұмыстарды қабылдауды желі арқылы ҚО бөлімінің әдіскері университет кафедраларымен біріге отырып бақылау жасайды.

Желілік қашықтан оқыту технологиясында студенттердің өзіндік жұмыстары: дәрістік материалдарды оқу, практикалық тапсырмаларды орындау, СӨЖ үшін берілген тапсырмаларды шешу, жағдаяттар, баяндама, реферат жазу, бақылау жұмысы, курстық, жобалармен жұмыс, т.б. өз бетімен қарастырылады. Бұдан басқа студент өздігінен университеттің http://inside.wksu.kz/ білім порталында орналасқан пәндердің бейнедәдістерін оқумен айналысады. Кеңестер әр түрлі формада өткізілуі мүмкін:

- күндізгі жеке (білім алушының бастамасы бойынша);

- қашықтан жеке (бақылау және аттестациялық жұмысқа пікір, автоматтандырылған электронды бағдарлама арқылы, телефон арқылы, электронды пошта арқылы, web-камера, чат («on-line» жүйесі), форум);

- қашықтан топпен (чат, форум арқылы).

24. Оқытылатын пәндердің кредит көлемі былай жүргізіледі: 1 кредит 45 оқу жұмысы сағатына тең. 1 кредитті оқу үшін желілік қашықтан оқыту технологиясы бойынша 8 сағат байланыс уақыты беріледі (жұмыс оқу жоспарына сәйкес 1 байланыс сағаты дәріс сабағы, 1 байланыс сағаты семинар, практикалық сабақтар, 6 байланыс сағаты рейтинг/кеңес (күндізгі, қашықтан жеке және топтық) және 37 сағат студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ), бұл сағаттар кафедраның сағаттар есебі мен оқытушылардың оқу жүктемесіне кіреді.

25. Ағымдағы үлгерімді бақылау сессияаралық кезеңде және кеңес кезінде жүйелі жүргізіледі. Ағымдағы бақылау нәтижелері ҚО бөлімі әдіскерінің ҚО желілік технология бойынша оқу үдерісін тіркеу журналында тіркеледі және MS-Exsel бағдарламасы арқылы үлгерім базасында жүргізіледі.

26. Ағымдағы білімді бақылау нәтижелері мен емтиханға жіберілу рұқсаты факультеттің сырттай бөлім әдіскерінің емтихан сессиясы басталмас бұрын оқу үдерісі кестесіне сәйкес ресімдейтін рейтинг ведомосінде көрінеді.


5. Білімді бақылауды ұйымдастыру
27. Білімді аралық және қорытынды бақылау балдық-рейтингілік негізде жүргізіледі. Ағымдағы және рейтингілік бақылау нәтижелері тьютор журналында, үлгерімнің электронды базасында, «Платон» автоматтандырылған жүйесінде көрінуі тиіс.

28. Балдық-рейтингілік жүйе 100 балдық шкала бойынша бірінші және екінші білімді аралық бақылау мен қорытынды бақылауды қарастырады. Осыдан қорытынды бағаның жалпы сомасынан білімді аралық бақылауға 60%, қорытынды бақылауға 40% беріледі.

29. Ауыстыру балының деңгейі (GPA) университеттің студенттерді келесі курсқа көшіру туралы қабылданған шешімі мен білім алушының жетістік деңгейінің орта бағасы арқылы қойылады.

30. Тиімділікті көтеру мақсатында БҚМУ студенттерінің білімді қорытынды бақылау мен барлық оқу үдерісіндегі білім технологиялары сапасы артуда. Білімді қорытынды бақылау (емтихан) БҚМУ Ғылыми кеңесі шешімімен бекітілген арнайы және әдістемелік пәндерді есепке алмағанда компьютерлік тестілеу түрінде жүргізіледі.

31. Кредиттік жүйе ережелері бойынша студенттердің білімін бақылауда келеңсіз жағдайларды болдырмау және жою мақсатында аппелляция қарастырылған. Аппелляция студенттердің бастамасы бойынша келесі жағдайларды жұмыс жасайды:

- Тест тапсырмаларының мазмұны дұрыс құрастырылмаса;

- Тест тапсырмаларында дұрыс жауап болмаса;

- Тест тапсырмаларында бірнеше дұрыс жауап болса;

- Тест тапсырмалары пәннің ОӘК берілген оқу бағдарламалары шеңберінен шығып кетсе.

32. Кредиттік жүйе ережелеріне сәйкес ағымдағы сессияда алынған «қанағаттанарлықсыз» баға қайта тапсыруға жатпайды. Дәлелді себептермен емтиханға келе алмаған білім алушы емтиханды жолдама (емтихан тапсыру парағы) бойынша тапсыруға құқылы. Ол үшін емтихан парағына рейтингілік бақылау балы қойылып, емтиханды бірінші рет тапсырып отырғаны туралы белгі қойылады. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған білім алушы ақылы негізде қосымша оқу/жазғы семестр уақытында (ЖОО әкімшілігі белгілеген басқа да қосымша оқу кезеңінде) пәндер бойынша (кеңес тыңдау, оқу-әдістемелік материалдарды алу (кейс), білімді аралық бақылаудан өту) қайта оқуына құқылы.

33. Пәндер бойынша қарызы, ЖОО-нан ЖОО-на ауысу кезінде оқу жоспарында пән айырмашылығы бар студенттер үшін қосымша оқу/жазғы семестр ұйымдастырылады. Курсты қайта оқуы үшін белгіленген көлемде ақы төлеген соң (соның ішінде мемлекеттік білім гранты бойынша білім алушылар үшін де) студент қайта оқуға жіберіледі. Қайта оқу ақысы оқытылатын пәннің кредит санына байланысты есептелінеді. Егер студент қосымша оқу қорытындысы бойынша «қанағаттанарлықсыз» деген баға алса, ол өтініш жазып курсты қайта оқуына құқылы.

34. Жеке оқу жоспары мен қорытынды аттестацияны тапсыруына сәйкес таңдаған мамандықтар бойынша оқу бағдарламаларын игеру мен мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты талаптарын толық орындаған білім алушыға мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжат беріледі.


6. Оқу ақысын төлеу, студенттерді оқудан шығару мен қайта қабылдау тәртібі
35. Оқу ақысын төлеу тәртібі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің мамандарды дайындауда шығындарды толық қайтару туралы келісімшарты негізінде жүргізіледі.

36. Оқу ақысы көлемі коммуналдық қызметтің өсуіне, білім қызметкерлерінің еңбек ақысының индексациялануына байланысты (инфляция коэффиценті есебімен), т.б. өсуі мүмкін. Ол туралы келісімшартқа қосымша келісім жасалады.

37. Төлем кестесі келісімшартпен қойылады және сессия басталғанға дейін оқу ақысын төлеу қарастырылады. Ол үшін студенттің сынақ кітапшасына қаржылай қарызының жоғы туралы штамп қойылады. Сынақ кітапшасында қаржылай қарызының жоғы туралы штампсыз студент сынақ-емтихан сессиясына жіберілмейді.

38. Дәлелді себепсіз оқу сабақтарына қатыспаған немесе ескертусіз сабақтан кетіп қалған (өтінішсіз немесе дәлелдейтін анықтама) студент оқу кезеңіне сәйкес оқуақысынан босатылмайды.

39. Оқуын жалғастыруына мүмкіндігі болмаған жағдайда (сырқат, отбасылық жағдай, ҚР ҚК қатарына шақырылуына байланысты) студент өз еркімен (өтініш негізінде) келісімшартты бұзуы қажет.

40. Білім алушы униерситеттен мына жағдайларда шығуы мүмкін:

- университет алдындағы қаржылық міндетін орындай алмаған жағдайда;

- өз еркімен, соның ішінде денсаулығына байланысты дәрігерлік қорытынды анықтама негізінде;

- басқа білім ұйымына ауысуы байланысты;

- Қазақстан Республикасы Қарулы күштері қатарына шақырылуына байланысты;

- университетпен байланысты үзгені үшін (сабақ қалдыру немесе дәлелді себепсіз емтиханға қатыспау, көрсетілген мерзімде академиялық демалысқа шықпағаны үшін, егер студенттің академиялық қарызы болып, жазғы семестрден өтуге өтініш бермесе немесе қосымша оқу үшін белгіленген төлемді төлемесе, егер студент жазғы семестр қорытындысы бойынша «қанағаттанарлықсыз» баға алса, қайта курстан өтуге өтініш бермесе;

- егер оқу қорытындысы бойынша оның GPA көрсеткіші университет Ғылыми кеңесі белгілеген төменгі шектік деңгейден төмен болса немесе студент оқу курсынан қайта өтуге өтініш бермесе;

- оқу жоспарын орындаған, бірақ қорытынды мемлекеттік аттестациядан өтпеген (дәлелді себептерсіз, мемлекеттік емтихан тапсыруда немесе дипломдық жұмыс/жобаларды қорғауда «қанағаттанарлықсыз» баға алса);

- БҚМУ студенттернің Этика кодексін бұзғаны үшін.

41. Оқудан шығарылған студент университетке қайта қабылдануға құқылы. Ол үшін оқу курсын, оқу жоспары бойынша пән айырмашылығын анықтау қажет. Ол 5 (бес) пәннен аспауы керек.

42. Оқудан шығарылған студент қайта қабылдануда қарызын өтейді және сол кездегі шарттарға (келісімшарт) сәйкес жаңа келісімшарт жасайды.



Түлектерді жұмысқа орналастыру туралы

ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

1.1. Бұл ереженің негізгі мақсаты университет түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын өткізу және ұйымдастыру болып табылады.
1.2. ЖОО түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге арналған шаралар М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің 2011-2012 жылдарға арналған стратегиялық даму бағдарламасы және университеттің сапа саясатын жүзеге асыру мақсатында сараман, мансап және маркетинг бөлімінің ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
1.3. Ережеде келесі нормативті құжаттарға сілтемелер қолданылған:

- № 319-Ш ЗРК 2007 жылдың 27-шілдесіндегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы;

- «Білім беру гранттарын тағайындау Ережесін бекіту туралы: 3.б. «Маманды ауылдық жерге жұмысқа жіберу және өз бетімен жұмысқа орналасу құқығының тәртібі»» №58 2008 жылдың 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы;

- «Ауылдық мекенге жұмыс жасауға келген мәдениет және спорт, қоғамдық қамту, білім беру, денсаулық сақтау мамандарын әлеуметтік қолдау көрсету Ережелері мен өлшемдерін бекіту туралы» № 183 2009 ж. 18 ақпанындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы.



жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау