Мамандығына арналған «Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ»


МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН ЖӘНЕ ӨЗГЕ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ



жүктеу 2,9 Mb.
бет9/13
Дата24.11.2017
өлшемі2,9 Mb.
#1274
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН ЖӘНЕ ӨЗГЕ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ

1. Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды корғаудың азаматтық-күқыктық тәсіддері ұғымы және жүйесі

2. Меншік құқығын қорғаудыц заттық-құқықтық тәсілдері.

3. Меншік құқығынан озге заттық құқықтарды қорғағаңда меншік құқығын қорғаудың заттық-құқықтық тәсілдерін қолдану.

4. Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды қоргаудың міндеттемелік-құқыктык тәсілдері

Дәрістің мақсаты мен міндеті: меншік құқығын қорғаудың азаматтық құқықтық тәсілдері. Меншік иесінің өзгеден заңсыз иеленген мүлкін талап етуі. /Виндикациялық талап/. Заттарды заңсыз иеленуден қайтарып алу кезінде есеп айырысу. Меншік иесі құқықтарын иеленуден айыруға байланысы жоқ бұзылудан қорғау. /Негаторлық талап/. Меншік құқығын қорғаудың басқа да тәсілдері.

Әдебиеттер мен нормативтік актілер:

  1. ҚР Азаматтық Кодексі, 2007.

  2. Донцов С.Е.Гражданско-правовые способы защиты право собственности. М.,1980.

  3. Сергеев А.П. Вопросы истребования имущества из чужого незаконного владения/В кн. Проблемы гражданского права. Л.,1987.

1.Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды корғаудың азаматтық-кұқыктық тәсілдері ұғымы және жүйесі . Азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік құқығы, оның ішінде меншік құқығы мен өзгедей заттық құқықтары әртүрлі құқықтық салалармен: қылмыстық, әкімшілік, қаржы және басқа салалармен қорғалады. Мүліктік құқықтарды қорғау жүйесінде азаматтық құқық маңызды рөл атқарады, себебі мүліктік құқық құқықтың бұл саласының тікелей объекгісі болып табылады. Сонымен қатар азаматтық құқықтың өзі меншік құқығы мен өзгедей заттық құқықтарды әртүрлі тәсілдермен қорғайды.

Меншік құқығын және өзгедей заттық құқықтарды меншік иесінің, заттық құқық иесінің құқықтары деп қорғауды кең магынада алсақ, ол азаматтық құқықтардың барлық субъектілерін қорғаудағы барлық тәсілдермен жүзеге асырылады. Меншік құқығы мен өзге заттық құқықтар субъективтік азаматтық құқықтарға жатқандықтан, олар субъективтік азаматтық құқықтармен бірдей қорғалады, азаматтық құқықтарды қорғаудың азаматтық-құқықтық принциптеріне, қорғаудың шегі мен шекарасын анықтайтын, дербес субьективтік азаматтық құқық ретінде қорғану құқығын жүзеге асыратын ережелерге бағынады.

Азаматтық құқықтын тар мағынасыңдя алсақ, меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды қорғау дегеніміз — азаматтық заңнамада бекімін тапқан меншік құқықтары мен өзге заттық құқықтарды қорғаудың нақты ерекше шаралары.

АК-ның "Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғау" атты 15-тарауында айтылған меншік құқығы мен өзге де заттық қүкықтарды қорғау шаралары өздерінің сипаты мен әрекеті жағынан біртекті емес, меншік құқығынан, заттық құқықтардан басқа құқықтарды қорғағанда ол шаралардың барлыга бірдей қолдануға жарамаңды. Соңдықтан меншік қүқыгы мен өзге де заттық құқықтарды қорғаудың АК-ның І5-тарауында баяндалған шараларын жүйелеудің өзіндік ерекшелігі бар.

Мысалы, АК-ның 259-264-баптары меншік құқығын қорғаудың мына шараларын: меншік құқығын тануды, меншік иесінің мүлікті өзгенің заңсыз иелігінен алуды талап етуі; заттарды заңсыз иеленуден қайтарып алу кезінде есеп айырысуды, меншік иесі құқықтарын иеліктен алумен байланысы жоқ бүзудан қорғауды қарастырған және де осы шараларды қолданудың тетіктері нақтыланған. АК-ның 259-264-баптарында аталған меншік құқығын қорғау жөніндегі шаралар мен олардың тетігі 265-бап арқылы меншік құқығынан басқа заттық құқықтарды да қорғауға таралады.

АК-нын 267-бабында меншік құқығы мен өзгедей заттық құқықтарды билік, басқару органдары мен лауазымды адамдардың заңға сәйкес келмейтін нормативтік немесе жеке актілерінен қорғау шаралары аталған және мұндай актілерге байланысты келген шығындарды өтеу жолдары көрсетілген. АК-ның 266-бабында заңда көзделген негіздер бойынша меншік иесінің құқығы тоқтатылған кезде оны қорғау шаралары және меншік құқығы осы негізде тоқтағанда келген шығынның орнын толтыру тәртібі көзделген.

Меншік құқығы мен озге де заттық құқықтарды қорғаудың АК-ның 15-тарауында көзделген тәсіддерінің жүйесі. Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғау тәсілдері, өздерінің құқықты қорғау сипатына қарай, заттық-құқықтық және міндеттемелік болып топтасады.

Қорғаудың заттық — құқықтық тәсілдерінің ерекшелігі мынада: бұл тәсілдер меншік құқығы мен өзге де заттық қүқыктарды абсолюттік құқық ретінде қорғауға бағытталған, яғни олар нақты шарттық немесе шарттан тыс міндеттемелермен байланысты емес және бұзылған құқықтарды мына жолдармен қалпына келтіруді мақсат түтады: 1) заңсыз тартып алған заттарды қайтару; 2) бұлінген зат-тарды жөндеу; 3) затты пайдалануға кедергіні жою. Бұлардың барлығына меншік иесінің немесе өзгедей заттык, құқық иесінің белгілі бір затқа иелену, пайдалану және билік ету құқығын қалпына келтіргенде, яғни абсолюттік құқықты қалпына келтіргенде қол жеткізуге болады.

Меншік құқығын немесе өзге де заттық құқықтарды қорғаудың міндеттемелік әдістерінің ерекшелігі сонда, мүлкі заңсыз алынған немесе бұлінген меншік иесіне немесе өзгедей заттық құқық иесіне мүліктің қүны төленеді немесе бұлінгені өтеледі, яғни келген зиян — шарттан тыс міндеттемелерден туындаған шығын төленеді.

Сонымен, қорғаудың заттық-құқықтық тәсілдерінде мүлік зат түрінде қалпына келтіріледі, ал міндеттемелікте — ақшалай өтеледі. Заттық-құқықтық тәсілдерді қодданудың ерекшелігі сонда - мүлік зат түрінде болады, ал бұлінген мұлік қалпына келтіріледі, олай болмаған жағдайда меншік құқығын немесе өзге де заттық қүқыктарды қорғаудың міндеттемелік-қүқыктық тәсілдері қолданылады.

Меншік құқығын және өзге де заттық құқықтарды қорғаудың заттық-құқықтық тәсілдеріне мыналар жатады; меншік құқығын немесе өзгедей заттық құқықты тану; мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен талап ету (виндикациялык талап); бұл бұзушылықтар иеліктен айырумен байланысты болмаса да меншік құқығын немесе өзгедей заттық құқықтарды бүзуды жою (негаторлық талап).

Меншік құқығын немесе өзгедей заттық құқықтарды қорғаудың мівдеттемелік — құқықтық тәсіддеріне мыналар жатады: 1) мемлекеттік басқару органының, жергілікті өкілдік органның меншік иесінің немесе өзгедей заттық құқық иесінің құқықтарынбұзатын, заңнамаға сәйкес емес нормативтік-құқықтық немесе жеке актісінің нәтижесінде меншік иесіне немесе өзгедей заттық құқық иесіне келген шығыңдардың орнын толтыру; 2) мемлекеттік басқару органының, жергілікті басқару немесе өкілдік органның, не лауазымды адамның актісін заңсыз деп тану, сондай-ақ заңнамаға қайшы құқықтық актіні қолданбау туралы талап қою; 3) заң актілерінде көзделген негіздер бойынша меншік құқығы тоқтағанда оны қорғау.

Әрине, меншік иесінің құқығын немесе өзгедей заттық құқық иесінің құқығын қорғау қажеттііі және тікелей мұндай қорғау басқа негіздерден де туындауы мүмкін, мысалы, шарттық қатынастардан, мүлікке зиян келтіруден, мүрагерлік туралы, авторлық туралы даудан, т.б. Бірақ, бүрыңдары айтылып өткеңдей, меншік иесінің немесе өзгедей запъгқ құқық иесінің құқықтарын қорғаудың бұл төсіддері құқықтың өзге институттарына жатады, атап айтқаңда, міндеттеме бүзылғанда құқықты қорғауға, залал келгенде құқықты қорғауға, мүрагерлік құқықты қорғауға, авторлық құқықты қорғауға және т.б. жатады. Соңдықтан, қудақтарды қорғаудьщ бұл тәсіддері азаматтық құқықтьщ тиісті тарауларында қаралады. Бұл тарауда құқықтарды қорғаудың шектеулі, азаматтық-қүкықтық ұғымға жататын тәсіддері ғана қаралады.

2. Меншік құқығын қорғаудың заттық-құқықтық тәсілдері.Меншік кұқыгын тану. Меншік құқығын қорғаудың заттық-құқықтық тәсілі ретіңде тану АК-ның 259-бабында көзделген. Құқықты тану, оның ішщде меншік құқығын тану сот практикасында кең таралған талап. Бірақ, меншік құқығын тану туралы талаптардын барлығы бірдей меншік құқығын қорғаудың заттық-құқықтык тәсілдеріне жата бермейді. Құқықты тану, оның ішіңде меншік құқығын тану туралы талап шарттық қатынастармен байланысты даулардан туындауы мүмкін. Атап айтқанда, сатып алу-сату шарты бойынша сатып алуілыда меншік құқығының пайда болу кезі туралы дау тууы мүмкін, сонда талаптардың бірі ретінде қүқыкты тану туралы талап паңда болады. Меншік құқығын тану туралы талап мүрагерлік құқық қатынастарынан, ерлі-зайыптылардың ортақ меншігімен немесе жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншікпен байланысты құқықтық қатынастардан, т.б. туындауы мүмкін.

Меншік құқығын, қорғаудың заттық-құқықтық тәсілі ретінде танудың өзіндік ерекшелігі оның шарттан тыс болуында. Меншік құқығын, қорғаудың заттық-құқықтық тәсілі ретінде тану дегеніміз — меншік иесінің мүлікті қайтару немесе басқа кедергілерді жою туралы, иеліктен айырумен байланысты емес нақты талаптар қойылмаған даулы мүлікке меншік құқығының өзіне тиесілі екендігін басқа адамдардың алдында түсіндіру керектігі туралы шарттан тыс талабы.

Меншік құқығын тану туралы талапты құқығын өзімен міндеттемелік немесе басқадай салыстырмалы қатынастарда емес басқа адамдар даулаған, теріске шығарған немесе мойындамаған, жеке-белгілі бір заттың меншік иесі қоюы мүмкін.

Меншік иесінің талабы, бұл ретте, барлық азаматтардың меншік құқығын бүзбауын, оның ішінде ол құқықты тануын міндеттейтін абсолюттік құқықтың мәніне негізделуі тиіс.

Меншік құқығын, қорғаудың заттық-құқықтық тәсілі ретіңде тану туралы талап қоюдың қажетті шарттарының бірі — құқық бүзудың үзаққа созылу сипаты. Құқық бұзушылық тоқтаған жағдайда меншік иесінің құқығы басқа тәсілдермен қорғалады, атап айтқанда, меншік иесінің өз мүлкін пайдалану немесе оған билік ету құқығына кедергі келтірген басқа адамдардың заңсыз әрекеттерінен келтен зияңды толету әдістерімен қорғалады. Сондықтан, меншік күқығын тану туралы талапқа ескіру мерзімі таралмайды.

Міндетті тұлға ретінде, меншік құқығын бүзып затқа өз құқығын мәлімдеуші де, мүлікке меншік құқығы мәлімдеушінікі деп танылмайтын, бірақ ондай құқықты мәлімдемеген де, үшінші жақ бола алады, нәтижесінде иелену, пайдалану және иелік ету құқығын бүзу түрінде меншік құқығы бүзылады. Меншік құқығын тану талабының мәні — меншік құқығының мәлімдеушіге тиесілі екеңдігінің заңдық фактысын корсету. Әдетте, меншік құқығын тану туралы талап міндетті адамның қандай да бір нақты міндеттерді орындауы туралы талаптармен байланысты емес. Меншік құқығын абсолюттік құқық ретінде танудың өзі үшінші жаққа оны жүзеге асыруға кедергі келтірмеу жөнінде міндеттер артады. Меншік құқығын қорғаудың, оны танудың мұндай заттық-құқықтық тәсілдерінің ерекшелігі сонда, құқықты тану фактысының өзі меншік құқығын жүзеге асырудың барлық кедергілерін жояды және міндетті адамдардың қандай да бір әрекеттер жасауы туралы нақты шешімді керек етпейді, себебі бұл әрекеттер меншік құқығының, абсолюттік құқық ретіндегі мәнінен туындайды.

Меншік құқығын қорғаудың құқықты тану түріндегі заттық-құқықтық тәсілдерінің мысалдары ретінде мыналарды келтіруге болады: мүліктің меншік иесі емес, бірақ меншік құқығын деп тану үшін қажетті мерзім бойы оны өз мүлкіндей адал, ашық және үздіксіз иемденген адамның меншік құқығын тану туралы талабын және, сондай-ақ дау немесе басқадай дау-дамай туғанда, тұрғын үй (тұрғын үй-қүрылыс, саяжай, т.б.) тұтыну кооперативінің өз пай жарнасын толық төлеген мүшесінің өзінің меншік құқығын тану туралы талабын (мысалы, пай жарнасын толық төлегенін кооператив растаудан бас тартқан жағдайда, ал онсыз меншік құқығын тіркеу мүмкін емес) және т.б. алуға болады.

Меншік құқығын тану туралы талап әртүрлі дәлелдемелерге негізделуі және әртүрлі тәсілдермен дәлелденуі мүмкін. Атап айтқанда, меншік құқығын тану туралы талап қүкық белгілеуші құжаттармен, төлем құжаттарымен, куәлердің көрсетулерімен, сондай-ақ басқадай дәлелдемелермен дәлелденуі мүмкін.

Мүлікті ботеннің заңсыз иеленуінен талап ету. Меншік құқығын қорғаудың негізгі заттық-құқықтық тәсіддерінің бірі — меншік иесінің мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен талап етуі болып табылады. Меншік құқығын қорғаудың бұл тәсілі заң әдебиетінде виндикациялық талап деген атпен кең таралған.

Виндикациялық талап дегеніміз иеленбеуші меншік иесінің жеке — белгілі бір мүлікті (затты) заңсыз иеліктен осы мүлікті іс жүзінде иеленуші адамға қайтару жөніндегі шарттан тыс талабы. Виндикациялық талаптың негізіне алынатын жағдай сол, мүліктің меншік иесінің иелігінен заңсыз алынуы, жалпы ереже бойынша меншік құқығын тоқтатпайды, сондықтан мешпік иесі ол мүлікті өзінің иелігіне қайтаруды талап етуге құқылы. Меншік құқығының сақталуы туралы ережеге жатпайтын бір жағдай, ол — бұл мүлікті адал иемденушінің иеленуі, одан мүлік белгілі бір мән-жайларда ғана талап етіледі.

Сонымен, мүлікті талап етуге мүліктің меншік иесінің ғана қүқы бар, ол виндикациялық талап қойғаңца сол мүліктің өзіне меншік құқығында тиесілі екендігін дәлелдеуі тиіс, сонымен қатар меншік иесі даулы мүлікті иеленушінің іс жүзіндегі иелігінің заңсыз екендігін дәлелдеуге міддетті.

Виндикациялық талап қоюдың қажетті шарттарының бірі, ол — меншік иесінің сол талап қойылған мүлікгі іс жүзінде иеленуден айырылуы. Егер, меншік иесінің қарамағындағы мүлікке меншік құқығын иеленуге үшінші бір адам таласса, не үшінші адам меншік иесінің өз мүлкін пайдалануына не оған билік етуіне кедергі келтірсе, ал мүлік бәрі бір мешпік иесінің иелігінде болса, онда мешпік құқығын қорғау үіпін басқа тәсілдер қолданылады, мысалы, құқықты тану туралы талап, меншік иесінің құқығын иеліктен айырумен байланысты емес бүзулардан қорғау туралы талап.

Бөтен мүлікті заңсыз және іс жүзінде иеленуші адам виндикациялық талап бойынша жауапкер болып табылады. Заңсыз иелену дегеніміз мүлікті қандай да бір құқықтық негіздерсіз іс жүзінде иемдену. Мысалы, егер қандай да бір адам мүлікті өз бетімен иеленсе үрлап алса, олжаны сіңіріп кетсе, т.б. Мүлікке билік етуге құқығы жоқ адамнан алынған мүлік те, ол жайында иеленушінің білген-білмегеніне қарамастан, заңсыз иеленгендік деп танылады. Яғни, заңсыз иелену заңсыз иеленгеннің әрекеттерінің айыптылығымен байланысты емес, онда заңсыз иеленудің объективтік сипаты болса жеткілікті.

Бөтеннің заңсыз иелігінен тек жеке-белгілі бір мүлікті ғана талап етуге болады, ол заттық құқықтың мәнінен туындайды - себебі, заттық құқық тек жеке-белгілі бір заттарға ғана қатысты болады. Сонымен қатар, тектік белгілерімен анықталатын заттарды да талап етуге болады, егер олар сол тектің өздерін жеке дараландыра алатын заттарынан қажепі шекте бөлініп алынған болса, мысалы, олар контейнерде немесе басқа ыдыста болса, өзінше бөлек бумада дараланса және сол тектің заттарымен араласпаса. Егер бұл заттар сол тектің заттарымен араласып кетіп, меншік иесінің нақты затын біртекті заттардан бөліп алу мүмкін болмаса, онда оларды виндикациялау да мүмкін емес, себебі, бұл ретте меншік құқығы не жоғалады, не барлық біртекті мүлікке ортақ меншік болып өзгереді. Соңғы жағдайларда меншік иесі өз мүлкін талап етуге құқылы емес, бірақ қорғанудың шығынды өтеу, алынған табысты қайтару, т.б. түріндегі міндеттемелік-құқықтық тәсілдерін қолдануға құқылы.

Виндикациялық талабы қолдану үшін талап етілген мүліктің заттай сақталуы және іс жүзінде басқа адамның иелігінде болуы қажет. Егер мүлік жойылған, өңделген болса, өзінің алғашқы арналымын өзгертсе немесе толықтай жұмсалса, ондай мүлікке меншік құқығы тоқтайды және оны талап ету мүмкін емес. Бұл жағдайда жойылған, өңделген немесе жұмсалған мүліктің меншік иесі шығындарды төлету, түтткілікгі байымай қалғанын төлету және т.б. үшін қорғаудың міндеттемелік тәсілін қолдануға құқылы, бірақ ол бұл мүлікті талап ете алмайды, виңдикациялык талапты қолдана алмайды. Мүлік өнделген, бірақ өзінің бастапқы арналымын жоғалтпаған кейбір жағдайда, меншік иесі, жалпы ереже бойынша, мүлікті жақсартуға кеткен шығыңцы иеленушіге төлеп, сонан соң оны талап етуге құқылы. Мүлік жарым-жартыпай жүмсалған жағдайда да меншік иесі, жалпы ереже бойынша, қалғанын талап етуге құқылы, ал жүмсалған бөлігіне қатысты шығынды өндіртіп алу жөнінде қорғанудың міндеттемелік тәсілдерін қолдана алады, бірақ оны заттай талап ете алмайды.

Мүлікгі бөтеннің заңсыз иелігінен қайтару туралы талапта шарттан тыс сипат бар, ол үшінші жақтарға меншік құқығын бүзбау жөнінде пәс міндет артатын абсолюттік құқықтың мәніне негізделген. Егер меншік иесі мен іс жүзінде иеленуші даулы зат жөнінде бірімен бірі шарттық немесе салыстырмалы — белгіпі міндеттемелік құқық қатынастарымен байланысты болса (мысалы, бір мүрагердің нақты бір затты беруі туралы екінші мүрагерге талабы, сатушының саудаласу заты және оны сатып алушыға беру жөніндегі сатып алушыға талабы, жалға берушінің жалдау затын қайтару жөніндегі жалдаушыға талабы, т.б.), онда дау шарт немесе өзге міндеттемелік құқыққатынастары туралы тиісті нормалармен шещілуі тиіс және қорғаудың заттық-құқықтық емес, міндеттемелік әдістері қолданылуы тиіс.

Мүлікті бөтеннің заңсыз иелігінен қайтару туралы талапқа, бұл талаптың жеке немесе мемлекеттік меншікке қатысты мәлімделгеніне қарамастан, талап көнелігінің жалпы үш жылдық мерзімі таралады.

Меншік иесінің өз мүлкін талап ету құқығы бұл мүлікті заңсыз иеленушіде иелігінің туындауының ақылы немесе ақысыз сияқты негіздеріне көп байланысты. Мүлік заңсыз иеленушінің иелігіне ақысыз келіп түссе (үрланған, табылған, меншік иесі емес және оған құқығы жоқ адам сыйлаған, т.б.) ондай жағдайлардың бәріңде де меншік иесі талап етуге құқылы. Мүлік заңсыз иеленушінің иеліііне ақылы келіп түссе талап ету мүмкіндігі белгілі бір шарттармен шектеледі.

Иеленудің заңсыздық санаты заңсыз иеленушінің әрекеттерінің айыптылығына байланысты болмаса да, заңсыз иеленушіге ақылы түскен мүлікті талап ету мүмкіндігі көбіне содан туындайды. Бұл ретте меншік иесінің өз мүлкін бөтеннің заңсыз иелігінен талап ету құқығының шегі заңсыз іс жүзіндегі иеленушінің әрекеттерінің адал немесе адал еместігіне байланысты.

Заңсыз иеленген адам мүлікті ақысыз иеленгенде меншік иесі кез келген жағдайда кез келген мүлікті, оның ішінде үсынушыға берілетін бағалы қағаздарды және ақшаны заңсыз иеленушіден талап етуге құқылы, егер мүлікті иеленгенде оны меншік иесі емес және/немесе мүлжіі иеліктен айыруға құқылы емес адамнан (адал емес иеленушіден, адал емес иеден) алып түрғанын білген немесе білуге тиіс болса. Сонымен қатар, мүліктің меншік иесі емес немесе/және оны иеліктен айыруға құқығы жоқ адамнан алғандығын білмеген және білуте тиіс емес адал иеленушіден (адал иеден), жалпы ереже бойынша, меншік иесі өз мүлкін талап етуге құқылы емес. Адал иеленушілерден құқық мына жағдайларда ғана талап етілуі мүмкін: мүлік меншік иесінің немесе басқа адамның (меншік иесі иеленуге бергеннің) иелігінен олардың еркінсіз кеткеңде, мысалы, жоғалса, үрланса, табиғи күштердің әсерінен, т.б. Мүлікгі адал иеленушіден талап етуге шек қою, негізінен, мүліктік айналымның түрақтануын сақтап қалу мүддесін, адал иеленушінің және оны азаматтық қатынастарда қорғау мүддесін көздейді. Сонымен қатар, адал иеленушіден мүліюі талап етудің ерекше ережелеріне жатпайтын да ерекше жағдайлар бар. Адал иеленушіден үсынушыға берілетін бағалы қағаздар мен ақша ешқандай мән-жайда ерқашан талап етілмейді. Бұл айрықша жағдай айналым қабілеттілігін және мүліктің үсынушыға берілетін бағалы қағаздар және акіиа сияқты санаттарына сенімді арттыру мақсатында қарастырылады.

Мүлікті бөтеннің заңсыз иелегінен талап еткенде меншік иесі талап етілген мүлік заңсыз иеленушінің қол астында болған кезде алынған немесе алынуға тиіс табысты қайтаруды талап етуге құқылы. Мұндай табыстың қайтарылуын талап етудің мүмкіндігі мен шекгері де талап етілген мүлікті заңсыз иеленушінің әрекеттерінің айыптылығына байланысты.

Талап етілген мүліктің меншік иесі адал емес иеленушіден оның заңсыз иеленудің барлық кезінде мүліктен түсірген немесе түсіруге тиісті болған барлық табыстарды талап етуге құқылы. Ал, адал иеле-нушіден мүліктің меншік иесі оның өзінің заңсыз иеленіп отырғанын білген немесе білуге тиіс болған немесе мүлікті қайтару туралы талап бойынша сотқа шақырту қағазын алған кезден бастап алған табыстарды ғана қайтаруын талап етуге құқылы. Бұл ретте адал иеленуші меншік иесіне мүлікген табыс қайтарылуы тиіс уақыт аралығында оның мүлікті үстауға кеткен шығынды қайтаруын және осы сомалар бойынша есеп ажыратуын меншік иесінен талап етуге құқылы. Адал емес иеленуші мұндай төлемді тек сот негізді деп шешкен жағдайда ғана алуға құқылы (мысалы, егер заттың сипаты өзінің сақталып қалуы үшін үдайы шығынды керек етсе және онсыз зат қүндылығын жоғалтатын немесе бұлінетін болса).

Иеленудің адалдығы мен адал емесгігі меншік иесінің мүлікті заңсыз иеленген кезде заңсыз иеленушінің оны жақсартуға шығарған шығынын, егер ол жақсартуды мүлікті бұлдірмей бөліп алуға болмайтын болса, төлеуіне де әсерін тигізеді. Заңсыз иеленуші (адалы болсын, адал емесі болсын) мүлікті меншік иесіне қайтарғанда талап етілген мүліктің бөлінетін жақсаруын өзіне қалдыруға құқылы. Ал, егер жасалған жақсартуды талап етілген мүлікті бұлдірмей немесе оның қасиетін жоғалтпай алуға мүмкін болмаса, онда мұндай жақсартуға кеткен шығынды адал иеленуші ғана өндіртіп алуға құқылы. Адал емес иеленушіде ондай өндіртіп алуға құқық жоқ.

Иеліктен айырумен байланысты емес бузушылықтардан меншік қүкығын қорғау. Қорғаудың құқықты тану және мүлікті бөтеннің заңсыз иелігінен талап ету сияқты тәсілдерімен қатар, заттық-құқықтық тәсілдерге мүліктің меншік иесінің өз құқығын қандай да бір бүзушынықтан, ол иеліктен айырумен байланысты болмаса да, қорғауды талап етуін жатқызуға болады. Меншік құқығын қорғаудың бұл тәсілі заң әдебиетінде негаторлық талап деген атпен кең таралған. Меншік құқығын меншік иелігінен айырумен байланысты емес бүзушы-лықтардан қорғау талабы сияқты заттық-құқықтық тәсілдің мәні меншіктенудегі негізгі мақсаттардың біреуін қорғауға бағытталған, ол — меншікті меншік иесінің мүқтаждығынтікелей қанағаттандыру үшін пайдалану және/немесе оған меншік иесінің қалауы бойынша билік ету.

Меншік иесінін иеліктен айырумен байланысты емес бұзушылықтарды жою туралы талабы шарттан тыс талаптарға жатады және абсолюттік құқықты жүзеге асыруға кедергі келтірмеу жөнінде үшінші жаққа пәс міндет жүктейтін абсолюттік құқықтың мәнінен туыңдайды.

Қорғаудың заттық-құқықтық тәсілі ретінде қаралып отырған бұл талап меншік иесі мен құқық бүзушы шарттық немесе өзгедей салыстырмалы-белгілі бір (міндеттемелік) қатынастармен байланысты емес және жасалған құқық бұзушылық субъективтік меншік құқығының тоқтауына әкеп соқпаған жағдайларда ғана қойылуы мүмкін. Олай болмаған жағдайда қорғаудың өзге міндеттемелік-құқықтық тәсіддері қолданылады, олар не меншік құқығын қорғаудың міндеттемелік-құқықтық тәсілдеріне, не міндеттемені бұзушылықтан қорғау тәсілдеріне, не зиян келгенде қорғау тәсіддеріне, түпкілікті байымай қалғанын өндіріп алуда құқықты қорғау тәсілдеріне, не азаматтық субъектитік құқыққтардьі қорғаудъщ басқа түрлеріне жатады.

Иеліктен айырумен байланысты емес құқық бұзушылықты жою туралы талапты қою үшін мүліктің меншік иесінің иелігінде болуы шарт. Негаторлық талап қойғаңда меншік иесі иелікті қалпына келтіруді мақсат түтпайды, себебі мүлік өзінің иелігінде болады, ал оның мақсаты өзінің сол мүлікті пайдалану немесе оған билік ету құқығын қалпына келтіру. Мүлік меншік иесінін иелігінен кетіп қалған немесе меншік иесі иелену құқығын қалпына келтіруді мақсат түтқан жағдайларда негаторлық емес, виндикациялық немесе өзгедей талап койылады.

Меншік құқығын иеліктен айырумен байланысты емес бұзушылықты жою туралы талап қоюдың қажетті шарттарынын бірі — құқық бұзушылықтың созылмалық сипаты. Меншік құқығын иеліктен айырумен байланысты емес бұзушылықты жою туралы талап меншік иесінің өз мүлкіне билік ету және оның пайдалану өкілеттігін жүзеге асыруына үшінші жақ тарапынан кедергі келтірілген құқық бүзу-шылық болған кезде ғана мәлімденеді. Құқық бұзушылық тоқтаған жағдайда меншік иесінің құқығы басқа тәсіддермен қорғалады, атап айтқанда, меншік иесінің өз мүлкін пайдалану немесе оған билік ету құқығын жүзеге асыруына кедергі келтірген үшінші жақтың заңсыз орекеттерінен туындаған зиянды өтеу тәсілдершен. Иеліктен айырумен байланысты емес бұзушылықтарды жою туралы талап құқық бұзушылықтың үзаққа созылуымен байланысты қойылатындықтан, оған ескіру мерзімі таралмайды.

Иеліктен айырумен байланысты емес құқық бұзушылықты жою туралы талап, әдетте, сондай бұзушылықтан келген шығынның (зиянның) ориын толтыру туралы талаппен бірге қойылады.

Айта кететін бір жағдай — меншік құқығын иеліктен айырумен байланысты емес бұзушылықты жою туралы талап қою практикада сирек кездеседі. Мұндай бұзушылықты күнделікті жұмыс барысында әкімшілік органдар жояды. Бірақ, еғер меншік құқығын үшінші жақтың бүзуын әкімшілік органы жоймаса меншік иесі өз құқығын қорғау үшін тиісті талаппен (негаторлық талаппен) сотқа жүгіне алады. Мысалы, меншік құқығын иеліктен айырумен байланысты емес бұзушылықты жою туралы талап қоюдың бір мысалы — үшінші жақтың пайдалануға тыйым салынған мүліктерінің тізбесінен өзінің белгілі бір мүлкін, мүлікгерден бөліп алмай шығару. Әдетте, меншік иесі бұл жағдайда борышкердің мүлкін тізбелеген әкімшілік органына белгілі бір мүлікті тізбеден шығару туралы өтініш білдіре алады, ол өтінішінің негізді екеніне тиісті дәлелдемелер келтіреді. Мұндай мәселелерді әкімшілік жолмен шешу жылдам болады, баж салығын төлеу сияқты қосымша шығынды керек етпейді, сондықтан да мүлікті паңдалануға және оған билік етуге кедергі келтіруді жою туралы мәселе, көбіне, әкімшілік жолмен шешіледі. Сонымен қатар, бұл мәселе әкімшілік жолмен шешімін таппаған жағдайда бірден сотқа жүгінуге еш кедергі жоқ. Кейбір реттерде әкімшілік органдардың әрекеттері меншік иесінің мүлікті пайдалану немесе оған билік ету жөніндегі өз құқық өкілеттігін жүзеге асыруына кедергі болады. Әкімшілік органның мұндай әрекеттеріне әкімшілік тәртіпте жоғары түрған әкімшілік органға шағымдануға болады. Дегенмен, жалпы ереже бойынша, бағыныштылық

тәртібінде әкімшілік органның әрекеттеріне шагымдану заң актілерінде көзделген реттерде ғана орын алады. Қалған басқа жағдайларда меншік иесі құқығы бұзылғаннан кейін бағыныштылық тәртібінде шағымданудың әкімшілік сатысын аттап өтіп негаторлық талаппен бірден сотқа жүгінуге құқылы. Мысалы, борышкердің — салық төлеушінің есеп шортында ақша қаражаты болмаған жағдайца салық қызметі Салық кодексінің 48, 53-баптарына сәйкес, соттан тыс тәртіпте, салық төлеушінің өз мүлкіне билік етуін шектеуге және меншік иесінің — салық төлеушінің келісімсінсіз-ақ оның мүлкін өндіріп алуға аударуға құқылы. Бұл ретте, салық заңнамасында (Салық кодексінің 566, 567-баптары) салық органдарының әрекеттеріне, оның ішіңде мүлікке билік етуге шектеу салған әрекетіне, жоғары түрған органға немесе сотқа шағымдану мүмкіндігі көзделген. Салық қызметі органдарының әрекеттеріне ша-ғымданумен қатар, салық төлеуші, егер шектеуді алып тастауға негіз болса, негаторлық талап қоюға құқылы (салық қызметінің билік етуге шектеу жасау туралы, есептелген салық сомасы туралы дүрыс емес шешімдеріне, т.б.).
3. Меншік құқығынан өзге заттық құқықтарды қорғағаңда меншік құқығын қорғаудың заттық-құқықтық тәсілдерін қолдану. Жалпы ереже. АК-ның 265-бабына сәйкес, меншік құқығын қорғаудың заттық-құқықтық тәсідцерін меншік құқығынан өзге заттық қүкықтарды қорғағанда да қолдануға жол берілген. АК-ның 265-бабыңда меншік иесі болмаса да, мүлікке шаруашылық жүргізу, оралымды басқару, түрақты жер пайдалану құқығында не заң актілерінде немесе шартта көзделген өзге негіздерде иелік етуші адамға заттық-құқықтық тәсіддерді қолдану құқығын беру көзделгенмен, бұл жерде ол адам мүлікке заттық құқығы бар адам ғана болуы тиіс, яғни, біріншіден, ол құқық абсолюттік мәнмен сипаттаяуы керек (абсолюттік құқықтарға жатуы), екіншіден, мұндай құқықтың объектісі жеке-белгілі бір мүлік (зат) болуға тиіс. Мұндай заттық құқықтар заң әдебиетінде бөтеннің мүлкіне қүкықтар деп аталады. Атап айтқанда, меншік құқығынан өзге заттық құқықтарға мыналар жатады: шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы, түрақты жер пайдалану құқығы, жалдау құқығы, жылжымайтын мүлікпен байланысты рента құқығы, жеке-белгілі бір затты өмір бойы пайдалану құқығы (мысалы, тұрғын үйде өмір бойы түру құқығы), жеке-белгілі бір мүлікті сенімгерлікпен басқару құқығы, жеке-белгілі бір мүлікті кепілге салу құқығы, т.б.

Бөтен мүлікке құқықты қорғағанда заттық-құқықтық тәсілдерді қолданудың ерекшелігі сонда — бұл тәсілмен бөтен мүлікке қүкықты, тіптен, меншік иесінің өзінен де қорғауға мүмкіндік бар, мұнда бір объектіге қатысты меншік құқығы мен бөтен затқа құқықтың қиғаштығы көрініс табады, ал меншік құқығымен салыстырғаңда бөтен затқа құқықтың артықшылығы бар.

Құқықты тану. Құқықты тану сияқты заттық-құқықтық тәсілді кез келген заттық құқыққа қатысты, оның мазмұнына қарамастан, қолдануға болады. Ең бастысы, оның абсолюттік құқық және құқық объектісі жеке-белгілі бір мүлік болуы тиіс, яғни ол заттық құқыққа жатуы керек. Бөтен мүлікке құқықты қорғанудьгң заттық-құқықтық тәсілі ретінде танудың, меншік құқығын танудағы сияқты өзіндік ерекшелігі, оның шарттан тыс сипатта болуы. Бөтен мүлікке құқықты қорғанудың заттық-құқықтық тәсілі ретінде тану заттық құқықты иеленушінің үшінші жақтың аддында даулы мүлікке құқықтың өзіне тиесілі екенін көрсету туралы шарттан тыс талабы болып табылады, ол мүлікті қайтару немесе иеліктен айырумен байланысты емес өзге кедергілерді жою туралы нақты талаптармен үштаспайды.

Бөтен мүлікке құқықты тану, меншік құқығын тану сияқты, сот практикасында кең таралған даулы талап. Даулардың бұл санатына,мысалы, мыналар жатады: сервитут белгілеу туралы дау, ол сервитут құқығын тану жөніндегі талапқа жатады, жалға берушінің мүлкіне құқық мирасқорлық болғанда мүлікті жаддауды тоқтатудың заңсыздығы туралы дау, ол жалға берушінің құқық мирасқорларына өтетін мүлікке жаддау құқығын тану туралы талапқа жатады, және т.б. Бұл ретте құқықты тану туралы талап даулы мүлікке қандай да бір құқығы жоқ және заттық құқықты жүзеге асыруға кедергі келтіруші үшінші жаққа қатысты да, сол мүлікке дәл мәлімдеушінің заттық құқығыңдай заттық құқығы бар үшінші жаққа қатысты да қойылуы мүмкін. Мысалы, кепіл үстаушылар арасындағы бір мүлікке қатысты дау алдыңғы кепіл үстаушының құқығын тану туралы дау болып табылады. Мүлікті бөтеннің заңсыз иелігінен талап етіп алу. Егер, құқықты қорғаудың құқықты тану сияқты заттық-құқықтық тәсілін қолдану қорғалатын құқықтың мазмұнына байланысты емес десек, ал қорғаудың мүлікті бөтеннің заңсыз иелігінен талап етіп алу сияқты заттық-құқықтық басқа тәсілін қолдану мүмкіндігі, және бұзылған құқықтарды қорғау шектері, көбіне, қорғалатын заттық құқықтың өзінің мазмүнына байланысты. Егер заттық құқықтың мазмұны даулы мүлікке иелік етуге мүмкіндік берсе, онда бөтен затқа құқықтың иесі мүлікті бөтеннің заңсыз иелігінен талап етуі құқығын пайдалана алады. Мысалы, қорғаудың заңсыз иеліктен мүлікті талап етіп алу сияқты заттық-құқықтық тәсілін жалдаушы, негізгі міндеттеме бұзылғанда өзге кепіл үстаушы, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқықтарын иеленуші және т.б. пайдалана алады, себебі бұл заттық құқықтардың өкілеттіктерінде бұл мүлікті иелену көзделген. Сонымен қатар, мүлікті сервитут құқығын иеленуші тіптен жаңадан иеленуші сервитутпен ауыртпашылық түскен мүлікті пайдалануға кедергі келтірсе де, талап ете алмавды, себебі сервтупы иеленушінің құқық өкілеттігінде иелену құқығы көзделмеген. Соңғы жағдайларда құқықты қорғау басқа тәсілдермен, оның ішінде құқықты тану не бұзушылықты жою туралы талап сияқты заттық-құқықтық тәсілмен жүзеге асырылады, бұл жерде ол бұзушылықтардың иеліктен айырумен байланысты еместігінің маңыздылығы жоқ.

Бөтен мүлікке құқықты қорғағанда мүлікті бөтеннің заңсыз иелігінен талап ету кезінде назар аударатын екінші бір маңызды кезең - заттық құқықты қорғаудьщ шектерін анықтау. Бұл мәселелер көбіне заттарды заңсыз иеліктен қайтарғанда есеп айырысу тәртібін қолдануға қатысты туындайды. Бөтен мүлікке құқық өз мазмұнының шегінде ғана, яғни мұндай құқықтың мазмүнына қатысты өкілеттіктер ауқымында ғана қорғалуы мүмкін. Мүлікті заңсыз иеліктен қайтарып алу талабының мазмұны қалған ауқымда тек сол мүліктің меншік иесіне гана тиесілі.

Мысалы, егер мүлік кепілзат үстаушыда бола, ол оны бөтеннің заңсыз иелігінен кепілзатқа өз құқығын қалпына келтіру үшін ғана талап етуге құқылы. Жалдаушы мүлікті жалдау құқығын қалпына келтіру үшін, яғни бөтен мүлікті ақылы пайдалану үшін талап етуге құқылы Мүлікті талап еткенде жалдаушыда құқық мүлік оның иелігінен кеткенге дейінгіден көп болмайды. Сондықтан, заттарды заңсыз иеліктен қайтарғанда есеп жүргізілсе жалдаушы өзі осы мүлікті пайдаланғанда алуы мүмкін табысқа шамалас табыстың орнын толтыруды талап етуге құқылы. Табыстың басқа бөлігін мүліктің меншік иесі ғана өңдіртіп алуға құқылы.

Виндикация заты болып табылатын мүлікті үстауға кеткен шығындарды заңсыз иеленушіге қайтару мәселесі де тиісінше шешімін таплаған. Мысалы, заңсыз иеленуші бөтен мүлікке құқықты иеленушіден мүлікті үстауға кететін қажетті шығынды, бөтен мүлікке құқықты иеленуші адам сондай шығынды қандай мөлшерде және көлемде жұмсауы тиіс болса сондай көлемде және мөлшерде төлеуін талап етуге құқылы. Ол мөлшерден асатын сомадағы талапты заңсыз иеленуші тек меншік иесіне ғана қоюға құқылы. Мүлікті ажырамас жақсартуға кеткен шығынды иеленушіге тәлеу мәселесі де осылай шешімін табуға тиіс. Бөтен мүлікке құқықты иеленушіге мұндай талаптар бөтен мүлікке құқықты иеленушіге жақсарту қандай көлемде жүктелетін болса, соған сай қойылады, ал талаптың басқа бөлігі тек меншік иесіне ғана қойылуы мүмкін. Мысалы, жаддаушы бөтеннің заңсыз иелігінен мүлікті талап еткенде және заңсыз адал иеленуші мүлікке ажырамас жақсарту жүргізгенде адад иеленуші жақсартудың орнын толтыру туралы мүлжтщ меншік иесіне талап қоюға құқылы, егер меншік иесі мен жалдаушы арасындағы шартта, мысалы, ондай жақсарту жасау жөнінде жалгерге міндет жүктеу көзделмесе.

Иеліктен айырумен байланысты емес бүзушылыктардан бөтен мүлікке құқықты қорғау. Мүлікті заңсыз иеліктен алуға талап ету сияқты, бөтен мүлікке құқықты, иеліктен алумен байланысты емес бүзушыльтқтардан қорғаудың заттық-құқықтық тәсілін қолдану мүмкіндігі, және ондай қорғаудың шектері қорғалатын заттық құқықтың өзінің мазмұнына көп байланысты.

Бөтен мүлікке құқықты, иеліктен айырумен байланысты емес бұзушылықтардан қорғау, заттық-құқықтық тәсілін қолдану мазмұнында бөтен мүлікті пайдалану жөнінде өкілеттік бар құқықтарға қатысты ғана мүмкін болады. Өте сирек жағдайларда болмаса, билік ету құқығы, әдетте, бөтен затқа құқықты иеленушінің құқық өкілеттігінің мазмұнына кірмейді (борышкердің өз міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етуі үшін несие берушінщ борышкер мүлкін үстауы, кепіл үстаушының өндіріп алуды кепілге салынған мүлікке аударуы).

Бөтен затқа құқықты, иеліктен айырумен байланысты емес бұзушылықтан қорғау туралы талап меншік иесінің негаторлық талап қойғандағы талабына үқсайды. Атап айтқанда, негаторлық талап заттық құқықтың иесі шарттық немесе өзгедей салыстырмалы қүкық қатынастарында емес үшінші жақ тарапынан құқық бұзушылық жасалған кезде ғана қойылуы мүмкін; негаторлық талап қойғанда мүлікті бөтеннің заңсыз иелігінен талап етіп алу мақсат емес және т.с.с. Мысалы, негаторлық талапты жалгер, шаруашылық жүргізу және оральщды басқару құқығын иемденушілер, жер пайдаланушылар, кепіл үстаушылар, төлетіп алуды кепіл затына аударушы, үшінші жақ бұл құқықты иеленушілердің бөтен мүлікті пайдалану немесе оған билік ету жөніндегі құқық өкілеттікгерін бүзғаңца пайдалана алады. Сонымен қатар, мысалы, сақтаушы, жалпы ереже бойынша, негаторлық талапты пайдалана алмайды, себебі оның құқық өкшеттігінде сақтаудағы мүлікті пайдалану немесе оған билік ету өкілеттіктері жоқ.

4. Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды қоргаудың міндеттемелік-құқыктык тәсілдері. Меншік иесінің немесе өзге заттық құқық иесінің құқықтарын қорғаудың міндеттемелік-құқықтық тәсілдері әрқилы болып келеді. Әдетте, қорғаудың мұндай төсіддері меншік иесінің немесе өзге заттық құқық иесінің құқықтарын қорғағанда ғана емес, сонымен қатар, азаматтар мен заңды тұлғалардың кез келген мүліктік құқықтары мен мүдделерін қорғағанда да қодданылады (мысалы, азаматтьгқ құқықтарды қорғаудың меншік иесінің мүлкіне келген шығынды өтеуге қатысты тәсілдері; мәмілені, меншік құқығын немесе өзге заттық құқықты тоқтатудың негізі ретінде заңсыз деп тану және т.б.)

Соңдықтан қорғаудың бұл тәсілдері оқулықтың басқа тараулары мен бөлімдеріңце жан-жақты баяндалған, атап айтқанда: азаматтық құқықты қорғауға арналған 12-тарауда, міндеттемені бүзғандық үшін жауапкершілікке арналған 30-тарауда және т.б.

Сонымен қатар меншік иесінің және өзге заттық құқық иесінің құқықтарын қорғаудың кейбір ерекше міндеттемелік - құқықтық тәсілдері бар, олар заттык-құқықтық тәсілдермен қатар меншік құқығын және өзге заттық құқықты қорғаудың міндеттемелік-құқықтық (міндеттемелік) тәсілдеріне жатады.

Мысалы, меншік құқығын немесе өзге заттық құқықты қорғаудың міндеттемелік-құқықтық тәсілдеріне қорғаудың мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды адамдардың меншік иесінің немесе өзге заттық құқық иесінің құқығын бұзатын актілерін заңсыз деп тануға және мұндай актілерден келген шыгынның орнын толтыруға бағытталған тәсілдері жатады.

Меншік құқығын және өзге заттық құқықты қорғаудың бұл тәсілі АК-ның 9-бабында бекімін тапқан азаматтық құқықтарды қорғау туралы ережелердің жалғасы болып келеді. Мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды адамдардың меншік иесінщ немесе өзгедей заттық құқық иесінің құқықтарын бұзатын актілерін заңсыз деп тану сот тәртібіңде жүзеге асырылады. Меншік құқығын немесе өзге заттык құқықты бұзатын актіні заңсыз деп тану туралы талап қою құқығы меншік иесіне немесе өзге заттық құқық иесіне берілген. Ондай актіні сот заңсыз деп таныған жағдайда оны қандай да бір қосымша бүзудың қажеті жоқ, ол ары қарай қолдануға жатпайды.

Мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды адамдардың меншік иесі мен өзге заттық құқық иесінің құқықтарын бұзатын актілері заңсыз деп танылғаннан кейін, сол актілерден келген шығындардың орнын толтыру туралы талап қойылады. Мұндай актілерден келген шығын толық көлемде қайтарылады, ол дегеніміз — нақты шығынды да, жіберіліп алған пайданы да төлету. Шығын тиісті бюджет қаражатынан төленеді, яғни шығын мемлекеттік басқару органының (орталық атқару органының, республикалық ведомстволардың), не осы органның лауазымды адамының актісінің шығуымен байланысты болса — республикалық бюджеттің қаражаты есебінен, ал шығын жергілікті өкілдік немесе атқарушы органның актісінің шығуымен байланысты болса — жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен төленеді Меншік құқығын және өзге заттық құқықты қорғаудың ерекше бір тәсілі — нақты істері бойынша сот шешім шығарғанда мемлекеттік басқару органдарының және жергілікті өкілдік немесе атқарушы органдардың заң актілеріне қайшы келетін актілерін қолданбауы. Бұл ретте осы көрсетілген заңсыз актілер қосымша процедура арқылы тағы да заңсыз деп танылмай-ақ немесе тағы да бүзылмай-ақ қолданыстан шығып қалады, ол Конституцияның, Нормативтік құқықтық актілер туралы Заңның ережелерінен, АК-ның нормативтік актілердің иерархиясын және әртүрлі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің ережелері арасындағы қиғаштықты шешу тәртібін белгілейтін нормаларынан туындайды. Сондықтан сот мемлекеттік басқару органының немесе жергілікті өкілдік және атқарушы органның заң актілеріне қайшы келетін заңсыз актілерін қолдану керектігін көре түра, нақты дауды қарағанда мұндай заңсыз актінің ережелерін қолдануға тиіс емес.

Сонымен қатар, меншік құқығын қорғаудьщ міндеттемелік тәсіліне меншік қүқыгын сол заң актілерінде козделғен негіздер бойынша қорғау жатады, мұндай қорғау осы актіні шығарудан меншік иесіне келген шығынды толық көлемде тікелей төлету арқылы жүзеге асырылады. Меншік құқығын қорғаудың бұл тәсілінің ерекшелігі сонда -біріншіден, шығынның орнын толтыру жөніндегі міндеттеменің туындауына заңды әрекет - заң актісін қабылдау негіз болады, екіншіден, мемлекеттік мшдетті түлга болады- Заң актілерінде көзделген негіздер бойынша меншік құқығы тоқтағаннан кейін шығынды өтеу туралы туындаған дауларды сот шешеді, ол шығынды анықтау тәртібін, шығынның орнын толтыру тәртібі мен мерзімін және басқа қажетті мәселелерді белгілейді, егер бұл мәселелер меншік құқығының тоқтауына негіз болған заң актісінде, не осы мәселелерді реттейтін арнайы заң актісінде анықталған болмаса.

Талқылау сұрақтары:

1. Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды корғаудың азаматтық-күқыктық тәсіддері ұғымы және жүйесі

2. Меншік құқығын қорғаудыц заттық-құқықтық тәсілдері.

3. Меншік құқығынан озге заттық құқықтарды қорғағаңда меншік құқығын қорғаудың заттық-құқықтық тәсілдерін қолдану.

4. Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды қоргаудың міндеттемелік-құқыктык тәсілдері


жүктеу 2,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау