Мамандыққа байланысты аурулар
Кәсіптік аурулардың анықтамасы
Кәсіптік ауру - бұл еңбек жағдайының және жағымсыз өндірістік факторлардың организмге және қосарланып жүретін сырқаттылықты айтамыз. Кәсіби патология клиникалық саласы және бөлімі; ол ішкі медицинадан этиологиясын қағида бойынша бөлінген және өзінше бірқатар ерекшеліктерден тұрады.
Кәсіптік аурулардың дамуында кәсіптік зияндылық және маңызды роль атқаратын сырқаттар (силикоз, қорғасынмен улану, вибрация дерті) жатады және белгілі өнеркәсіптік жағдайда жиі кездесетін сырқаттар, кәдімгі жағдайларға қарағанда (урсолмен контактыда жұмыс істегендегі бронхиальды демікпе, беизолмен жұмыс істеу барысында туындаған лейкоз, анилинді бояғыштармен контактыда болғандармен зәр қуығының рагі).
Кәсіптік аурулар жалпы сырқаттардың ағымын ұзартуы мүмкін, сонымен бірге жағдайының нашарлауына, жүйелер қызметінің жетіспеушілігінің өсуіне әкеледі, жағымсыз факторлардың әсер етуінің арқасында жалпы аурулар ағымдары өзгеруі мүмкін (құрамында кремний бар шаңды жұтқандағы туберкулез, жоғары температура химиялық кәсіби зияндылықтардың әсері жоғарлайды, метеорологиялық факторлар фариниттердің, бронхиттердіқ, пневмониялардың және т.б. дамуына ықпал жасайды).
Кәсіптік патологиялардың даму сатылары. Зиянды еңбек жағдайларының адам денсаулығына әсер ететіні туралы және нұсқаулар Египет жазбаларында, Рим жазушыларында бар. Кәсіптік ауруларға арналған жұмыстер XVI ғасырда пайда болған.
Әртүрлі мамандықтаға еңбек гигиенасымен жүйелі сұрақтарынан тұратын алғашқы жұмыс, 1700 ж басылған "кәсіби аурулар туралы" атты Итальян ғалымы Раммацинидің кітабында жазылған, ол бай фактілік материалдардан тұрады және ұзақ уақыт басты білім энциклопедиясы болып табылған. XIX ғ. II жартысында және XX ғ. I жартысында ірі өнеркәсіптердің дамуына байланысты, жұмыскер кластарының еңбек жағдайларын жақсартумен күресуде еңбек гигиенасы облысын және кәсіптік аурулерды зерттеудің әрі қарай дамуы жүрді. Тек қана арнайы монографиялар ғана емес, сонымен қатар кезеңді журналдар да
Кәсіптік аурулардың этиологиялық факторлары. Жұмыс орындарында еңбек жағдайына және еңбек сипатына гигиеналық баға беру үшін "еңбектің гигиеналық жіктеуі" құрылады, соған қарай бөлінеді:
а) зиянды өндірістік фактор - өндірістік фактордың белгілі бір жағдайда жұмыскерге әсер етуі сырқаттылаққа не еңбекке қабілетінің тұрақты түрде төмендетуге әкелуі мүмкін.
б) қауіпті өндірістік фактор - өндіретін фактордың белгілі бір жағдайда жұмыслерге әсер етуі жарақатқа не денсаулығының күрт төмендеуге әкелуі мүмкін.
в) еңбек ауырлығы-тірек-қимыл аппаратына не оның жұмысын қамтамасыз ететін функциональды жүйелерге күш түсетін еңбек үрдісін сипаттайды.
г) еңбектің қарқындылығын — ОЖЖ-не күш түсетін еңбек үрдісін сипаттайды,
Негізінен белгілі бір жағдайда кәсіптік ауруларды тудыратын еңбек процесі мен өндірістік ортаның жағымсыз факторларын 5 топқа бөлеміз:
Химиялық факторлар;
Физико-химиялық факторлар: өндірістік аэрозольдер жатады
Физикалық факторлар - бұл вибрация, шу, иондаушы сәулелер, жоғарғы және төменгі температуралар, жоғарғы және төменгі барометрлік қысым және т.б.;
биологиялық (инфекциялық, паразитарлық, саңырауқұлақты);
5. әр-түрлі мүшелер мен жүйелердің шамадан тыс шу түсу факторлары.
Кәсіптік аурулардаң жіктелуі.
1. Этиологиялық қағида бойынша:
а) Химиялық заттар жедел және созылмала кәсіби улануларға океледі.
б) Өндірістік шаң силикоз, силикатоздар, амтракоз, слақбронхиті және т.б. өкеледі.
в) Физикалық факторлар сәуле, вибрация, кессон; тау ауруларына, кәсіби керендінне әкеледі.
г) Шамадан тыс күш түсуден болатын кәсіби аурулар - бұл шахтерлердегі бурсштер, мұғалімдердегі ларингиттер.
д) Көсіптік паразитарлық және инфекциялық сырқаттылықтар — кәстын ақшалардағы эхинокониоз, балық комбинатының жұмыскерлердегі описторхоз.
2. Жүйелік қағида бойынша (қандайда бір мүшесың зақымдалуымен жүреді)
а) Тыныс алу мүшелерінің сырқаттары (химиялық факторлардың,
шанның әсері);
б) Қан жүйесінің сырқаттары (химиялық және физикалық факторлар);
в) Гепатотропты улар (негізінен химиялық заттар);
г) Терінің зақымдалуы (химиялық, физикалық әсер ету).
Кәсіптік аурулар клиникасының мақсаттары. Кәсіптік аурулар клиникасының мақсаттарына жатады: кәсіптік ауруларда уақытында табу, кәсіптік ауруларды ерте диагностиқалау, №278 бұйрығына сәйкес профилактикалық тексерулерді уақытында өткізу, алғашқы табылған көсіптік аурулар МСЭҚБ-те тіркеледі сәйкес мекемелерге нақты - емдеу-профилактикалық шараларды ауру.
Кәсіптік патология табылғанда әры қарай кәсіптік жарамдылығы туралы сұрақ шешіледі, бұрынғы орында жұмысын жалғастыру, еңбекке қабілеттілікті жоғалту дәрежесін анықтау, рациональды еңбекке қабілеттілік қажет болған жағдайда.
ҚР зандарымен, ҚРДМ 9.02.99 жылғы №278 бұйрығымен инструктивті материалдармен, кәсіптік патологияның сұрақтарымен айналысатын медициналық мекемелермен таныстыру. 24.05.99 ж. бекітілген №278 бұйрығына ҚР заңдарына "еңбекті қорғау туралы", "тұрғандарды санитарлы-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" сәйкес өндірістегі жағымсыз жағдайларды және кәсіптік ауруларды төмендетуге және ескертуге бағытталған кәсіби сырқаттылықтың ерте түрлерін табу бойынша жұмысты жақсарту мақсатында емдеу-профилактикалық шараларын құру және енгізу.
Бұл бұйрық зиянды, қауіпті заттардың және өндіріс факторларының тізімін, жұмыстардың тізімін және де оларды орындағанда міндетті түрде бастапқы және кезенді медтексерулер өткізу, міндетті бастапқы және кезенді медтексеру өткізу, туралы қаулы, жалпы медициналық қарсы керсеткіштер, кәсіптік аурулар тізімін бекітеді.
Кәсіптік аурулар мен уланулармен күрес және алдын алу шараларының мемлекеттік сипаты 22.01.93 жылғы ҚР "еңбекті қорғау туралы" заңында келтірілген.
Дәрігер-профпатологтың (цех дәрігерінің) міндеттері. Цех дәрігерлік, аймағаның дәрігер терапевт міндетіне кәсіптік патология бойынша дайындығы бар дәрігер терапевт тағайындалады. Оның жұмысының негізгі түрлері: 1) өндірістік мекемелердің жұмыскеріне мамандандырылған медициналық (емдеу-профилактикалық) көмек көрсету; 2) жұмысқа түсер алдында кәсіптік іріктеу және жұмыскерлерге кезенді медтексерулер жүргізу; 3) диспансерлеу өткізу; 4) санитарлық ағарту шараларын; 5) сауықтандыру шаралары атқару; 6) цех дәрігеріне бастапқы (жұмысқа түсерде) және кезенді медтексеруді ұйымдастыру мен өткізуде негізгі роль беріледі. Мұндай тексерулердің негізгі мақсаты - кәсіптік ауруларды ерте табу, бұл уақытта емдеу мен ары қарай жұмысқа жарамдылығын бойынша сұрақты шешуді және профилактикалық шараларды бастауға мүмкіндік береді.
Кәсіптік ауруларды және кәсіби улануларды тіркеу, есепке алу және есепке беру. Еңбекке қабілеттіліктің уақытша төмендеуі фактісін дәлелдейтің негізгі есепке алу құжаты болып; "еңбекке жарамсыздық парағы" - юристын, финансты және медико-статистикалық құжат.
Уақытша еңбекке қабілетін жоғалтумен бірге сырқаттылықты есепке алу барлық ауруханалық парактар бойынша жүреді, яғни есепке алуға медико-санитарлық бөлімнің және басқа да емдеу-профилактикалық мекемелердің берілетін парақтары жатады.
Қазіргі уақытта, уақытша еңбекке жарамсыздық туралы есепке беру бұрынғы 3-1 формасының орына №16 форма бойынша толтырылады. Онда мекемеде жұмыс істейтіндердің саны туралы сырқаттылықтың 26 негізгі нозологиялық түрлері бойынша еңбекке жарамсыздықтың күнтезбелік күндері мен оқиға саны туралы мәліметтер кіреді. /3-1 форма бойынша — 17 сырқаттылық. Сонымен қатар еңбекке жарамсыздықтың басқа да түрлері саналады, түскен науқасты күту және карантин, санаторлы-курортық емдеуге байланысты демалыс, жұнтынын мен босату бойынша демалыс және де алғашқы мүгедектік.
Медико-санитарлы бөлімнің дәрігерлері жағымсыз еңбек жағдайлары жумыскерлердің сырқаттылығына әсер етуін анықтау мақсатында өте жиі №6 форма негізінде уақытша еңбекке жарамсыз күндері мен оқиғалардың көрсеткіштеріне талдау жүргізеді. Бірақ ресми статистика мәліметтері бойынша еңбекке қабілеттік көрсеткіштерінің талдауы шектеулі мүмкіндікке ие, сондықтан оларды тек бағдарлы және "фонды" көрсеткіштерде ғана қолдануға болады. Науқастардың кәсібі, жынысы, жасы және жұмыс стажды құрамының мәліметтерінің жоқтығы және де атаусыз оқиғалар анализі дұрыс емес қорытындыға әкеледі. Жұмыскерлердің уақытша еңбекке жарамдылығын жақсарумен бірге сырқатталыққа өндірістік ортаның нақты факторларынан әсерін анықтау үшін арнайы құралған методика бойынша сырқаттылықты терендете оқыту жүргізу қажет.
Кәсіптік аурулардың және уланудың әр болған оқиғалары тексертуге жатады, анықталған уақытта "тексеру актісі" толтырылуы қажет. Тексеру актісі /164 форма/ юристі және статистикалық есепке алу құжаты болып табылады. Тексеру актісінде жасалған жазбалар негізінде, юзартал еткеннен кейін аудандық немесе қалалық СЭҚБ есеп беруді толтырады (№ 43 формасы).
Мемлекеттегі өз күшіндегі кәсіптік аурулар тізімінің айрықша ерекшелігі болып, оның 1-пунктінде кез келген токсикалық зат әсерінен болған кәсіби ауруларды тіркеу міндетті, белгілі бар кәсіби зияндылықпен жүретін кәсіби аурулар, басқа жағдайларға қарағанда жиірек кездесетін зиянды заттармен жұмыс істегендегі аурулар. Өз күшіндегі кәсіптік аурулар тізімі 27 топтан тұрады, олар әр түрлі мемлекеттерде қабылданғандай тек жеке диагноздардан ғана тұрмайды, бұл аурулар тобын қамтиды.
Кәсіби патологияның басқа клиникалық және гигиеналық салалармен байланысы.
Кәсіби зияндылықтар тек кәсіби ауруларды тудырып қана қоймай, еңбекке этиологиялық байланысы жоқ ағымына әсер етуі мүмкін: жүрек-тамыр аурулары, жүйке жүйесі, тыныс алу мүшелері, қан түзуші мүшелер, тірек-қимыл аппараты, тері және т.б. олардың өршуін, асқынуын, рецидивін тудырады.
Кәсіби патология жалпы патологияның бөлігі болып табылады, бірақ патологиялық үрдістің орналасу қағидасы бойынша жалпы патологияның дифференциясы үрдісінде бөлінген басқа медициналық салаларға қарағанда кәсіби патология этиологиялық қағида бойынша бөлінген. Кәсіби патологияның жалпы патологиямеи тығыз байланысты екеніне күмән жоқ, себебі дерттің дамуы, ағымы, кәсіби аурулар кезіндегі бейімделу және компепсация жалпы заңдылыққа бағынады. Кәсіби патология басқа да клиникалық салалармен тығыз байланысты. Кәсіби аурулар клиникасы аурудың патогенезін түсіну үшін және науқасты диагностикалауда, емдеуде ішкі және жүйке аурулары клиникасында, басқа да медицина салаларында жинақталған кәсіби патология ерекшеліктеріне келтірілген мәліметтер қолданылады.
Кәсіби зияндылықтардың әсерінен болатын мүшелер мен жүйелердегі өзгерістер тек салыстырмалы сирек кезде ғана ерекше сипат береді. Кәсіби аурулардың үлкен бөлігі жалпы патологияның симптомдарымен жүреді. Сонымен бірге кәсіби аурулар клиникасы этиологиясына сүйене отырып, жалпы патологияның сүрақтарыы шешуге көмектеседі.
Кәсіби аурулар диагностикасының ерекшеліктері
Кәсіби аурулар клиникасында кәсіби ауруға қатесіз диагноз қоюға болатын қандай да бір ерекше симптомдар жоқ. Кәсіби емес басқа этиологиялық клиникалық симтоматикасы ұқсас аурулармен ажыратпалы диагностика жүргізу қажет. Мысалы, кәсіби негіздегі токсикалық гепатитті Боткин ауруынан ажырату қиын.
Кәсіби ауруларға диагноз қойғанда мыналарды ескеру керек:
Анамнез мәліметтерінде кәсіби зияндылықтармен контактіде болғанын ғана есепке алмай, оның ұзақтығын, комбинациясын ескеру керек.
Анамнезінде науқастың жұмысының сан-гигиеналық жағдайларымен танысу.
Клиникалық көріністе берілген зақымдалу - өзгерісін сипаттайтын симптомдар кешенін анықтау.
Биологиялық субстраттарда дертке әкелген улы заттың немесе оның өнімдерінің ағзаға өзгерісінің табылуын; бензолмен уланғанда зәрмен фенолдың көп мөлшерде бөлінуі.
Кәсіби ауруларға тән емес, бірақ оларда байқалатын белгілер.
Ағзаның реактивтілігін анықтаудың маңызы зор. Әр түрлі сынамалар: теріге, ішікке. Бронх демікпесін күдіктенгенде тудырушы аллергенмен дем алдыру.
Патологиялық үрдістің динамикасын зерттеу. Адам бір дертпен сырқаттанған соң көбіне қалдық белгілер байқалады. Мұндайда науқасты зиянды фактормен байланыстыруға болмайды, оған еңбекке жарамсыздық парағы 2-4 айға беріледі. Науқас сауықса, кәсіби ауру диагнозы дұрыс.
Кейде кәсіби зиянды факторлардың көп уақытқа әсер етуін болжап білген жөн. Бензолдың нитроқосындыларымен жұмыс істегенде папилома мен қуық ісігі.
Кәсіби диагноз қоярда бірнеше топ жұмысшылар әр түрді зиянды заттармен жұмыс істегенде олардың жедел, созылмалы дерттермен ауырғандарын ескеру керек.
Кәсіби анамнезін сипаттағанда созылмалы түрде әр мамандығын, жұмысының түрін сипаттау керек. Мұнда мыналарға көңіл аударған жөн:
өндірістік үрдіс түрлеріне;
зиянды факторларға;
жеке, ұжымдық қорғаныс құралдарына;
жұмыс уақытының үзақтығына, түскі үзілістің болуына.
Анамнездің мәліметтерін жұмыс жағдайы туралы санитарлық-эпидемиялогиялық станциядан алынған анықтамамен еңбек қауіпсіздігі туралы анықтамамен, еңбек кітапшасымен салыстыру қажет. Науқас толық тексерілген соң әлеуметтік-клиникалық қорытынды беріледі:
негізгі диагноз;
дерт түрі;
еңбек қабілеті туралы.
Диагнозды толық, айқындылық дәрежесі, өзгерістер, дерт ағымы, ерекшеліктері
Дерттің кәсібімен байланысы — оның атауымен, қосымша толықтырумен: созылмалы бронхит, бронх демікпесі.
Еңбек қабілетін бағалағанда:
а) өзінің бұрынғы жұмысына жарамды - тек мұқият түрде дәрігердің бақылауымен.
б) егер науқас зиянды факторларсыз басқа жұмысқа орналасса еңбек қабілеттілігі
в) кәсіби жарамсыз;
г) қандай болмасын жұмысқа жарамсыз;
д) еңбекке жарамсыз, бірақ күтім қажет емес.
Кәсіби патологиясы бар науқасты тексергенде өзіне тән ерекшеліктері болса да, клиникалық тексергенде науқастың жұмыс жағдайын, т.б. сұрау міндетті. Науқасты тексеру мынадай схемамен жүргізіледі:
құжаттық бөлім
науқастың түскендегі шағымдары
кәсіби анамнез
жұмыс жағдайындағы сан-гигиеналық сипаты
Дәрігер-сарапшылардың міндеттері жұмыскерлердің денсаулықтарын сақтау, бұзылса, қалпына келтіру, халық шаруашылығында жоғары маман кадрларды сақтау, науқас пен мүгедектердің олардың денсаулықтарына зиян келтірмейтін пайдалы жұмысқа қабілеітілігін сақтауға, кәсіптік мүгедектіктің алдын-алуға тырысу.
Кәсіби аурулармен науқастардың МӘС мәселелерін шешу мен емдеу алдын-алу мекемелерінің құқықтары. Арнаулы кәсіби патологиялық орталықтар, ғылыми-зерітеу институттарының клиникалық бөлімдері, медакадемия кафедралары кәсіби диагнозды анықтап, науқастың еңбекке қабілетілігі туралы ұсыныстар беруге толығымен құқылы.
3. Дәрігерлік еңбектік сараптау қағидаларының бірі кәсіби ауруларда ол науқастың өзінің бұрынғы жұмысына жіберу. Мұнда шешуші құжат ҚР "Еңбекті қорғау" заңы. Онда егер жұмыскерде кәсіби дерттің бастапқы белгілері байқалса, онда оны басқа жұмысқа ауыстыру керек делінген.
Диспансерлеу халықтың денсаулығын динамикалық түрде ұдайы бақылау, тұрмыс, жұмыс жағдайларын зерттеп, физикалық даму, денсаулықты сақтау, сырқаттардың алдын-алу, профилактикалық, санитарлы-гигиеналық, әлеуметтік әрекеттерді қолдану.
Өнеркәсіптерде диспансерлік бақылауға қолайсыз факторларда жұмыс істейтін жұмысшылар, жасөспірімдер, әйелдер жатады. Диспансерлік есепте тұратын барлық жұмысшылар 3 топқа бөлінеді: 1-тобы: дені сау адамдар; 2-тобы: бұрын созылмалы дерттермен ауырғандар, 3-тобы: компенсацияланған, субкомпенсацияланған, декомепсацияланған ағымды дертті науқастар. Диспансерлік бақылау топтарын анықтаудағы негізгі критерилер еңбекке қабілеттілік. Кәсіби диагнозы болғанда ол науқасты мүгедек деп тануға болмайды. Бірақ жұмысшыда кәсіптік дерттің алғашқы белгілері байқалса, жұмыс жағдайын жақсартатын іс-әрекеттер, науқаспен реабилитациялық шаралар жүргізілуі қажет.
Реабилитация - үкіметтік, экономикалық, құқықтық деңгейдегі аспектілер, медициналық-әлеуметтік әрекеттер. Медицина қызметкерлерінің міндетіне науқасқа алдын-алу, емдеу шараларын, созылмалы дерттерді асқындырмау, оларды тиімді жұмысқа орналастыру, басқа мамандыққа үйрету жатады. Әлеуметтік реабилитация деп науқастардың, мүгедектердің әлеуметгік, еңбектік, тұрмыс жағдайларын жақсарту шараларын іске асыруды айтамыз. Реабилитациялық шараларды іске асырғанда ағза қызметінің бұзылғанын қалпына келтіретін компенсациялардың еңбек қабілетін жақсартуда манызы зор. Реабилитациялық шараларды жүргізгенде дәрігерлерге мына талаптар қойылады:
науқастарды басқа жағдайлардағы жұмысқа психологиялық дайындап, бағыттау;
ұтымды жұмысқа орналастыруда науқастың мүмкіндігін ескеру - ол мекеме басшысымен, еңбек қауіпсіздігі бөлімімен, МСЭҚБ шешіледі;
науқастың уақытша жұмысқа орналасуын сарапшы дәрігерлермен тексеру;
медициналық-әлеуметтік сараптау мәселелерін шешудегі жағдайларды мекеме басшысымен талқылау.
Жұмыс қабілеті және оны бұзу түрлері туралы түсінік.
Медициналық фактор — дерттің назологиялық түрі де, ол ағзаның қызметітің бұзылуымен оның дәрежесінің айқындылығын анықтау. Әлеуметтік факторға - науқастың кәсібі мен жұмыс жағдайы жатады. Науқастың еңбек қабілеттілігінің критериі болып еңбекті болжау, оның кәсіби жарамдылығы, сол мамандығымен тең ақы төленетін жұмыс жағады. Сараптау жүргізерде кәсіби аурулар тобымен мүгедектік топтарды, мынадай жұмысқа жарамдылықтарды айырады:
ауру тарихы
өмір тарихы
обьективті тексеру мәліметтері
алғашқы диагноз
қосымша зертханалық-құралдық зерттеу
клиникалық диагноз және оны дәлелдеу
емдеу
күнделік науқастың дерті, қосымша тағайындаулар, т.б. көрсетеді 9. әлеумеітік-клиникалық қорытынды.
Өнеркәсіп орындары мен ауыл шаруашылық өндірістеріндегі жұмысшыларды алғашқы және кезеңді медициналық қараулардың негізгі міндеттері.
Кәсіби аурулардың медициналық профилактикасының өте маңызды түрлерінің бірі алғашқы және кезеңді медициналық қараулар. Олар зиянды, ауыр жұмыс істейтіндердің денсаулықтарын сақтау үшін, еңбекті қорғап, балалар мекемелерінде, тамақ, сату орындарында санитарлық-гигиеналық жағдайларды сақтау үшін жүргізіледі.
Алғашқы медтексеру жұмысшыларда жұмысқа қабылдауда өткізіледі. Оның мақсаты жұмысшылардың жұмысқа жарамдылығын анықтап, кәсіби аурулардың алдын-алу.
Кезеңді медтексеруде жұмысшылардың кәсіби зиянды факторлармен жұмыс істеулеріне байланысты олардың денсаулықтарының немесе кәсіби дерттерінің алғашқы белгілері бар ма, оларды ескерту, сол зиянды факторлармен жұмыс істегенде кездесетін жалпы ауруларды табу.
Денсаулық сақтауда іс жүзінде кезенді медтексеруді үйымдастырудың екі түрі бар: 1) жылына 1 рет тексеру; Онда дәрігерлерден комиссия құрылып, олар өздерінің негізгі жұмыстарын жұмысшыларды толық, жан-жақты тексеруге арнайды. Бұл тексеру түрімен қатар кейбір медеу мекемелерінде жыл ішінде цех терапевінің тексерулері жүргізіледі.
Медициналық-әлеуметтік сараптаманың, еңбек реабилитациясы мен диспансеризациясының кәсіби патологиядағы қағидалары.
МӘС-дің негізгі қағидалары болып оларды іске асырудағы мемлекеттік түрі де, мүгедектердің еңбек жағынан әлеуметтік физиологиялық сипаттағы бағыттарда олардың денсаулықтарын дәрігерлік бақылауға алып, оны сараптауда коллегиалді және кешенді түрде шешу.
Кәсіби дерттің даму қағидалары олардың жұмыс барысында әсер ететін қолайсыз факторлардан пайда болуларын анықтау медициналық-әлеуметтік сараптаудың негізгі қағидалары болып саналады.
1. кәсіби диагнозды қою мәселесінің өзі клиникалық әлеуметтік-қүқықтық аспектілердегі мәселелерді шешудің негізі.
Негізгі критерилердің бірі болып науқастың мамандығына, стажына байланысты кәсіби маршруты болады. Жұмыс жағдайын санитарлық-эпидемиялық станция беретін санитарлық-гигиеналық сипаттама ҚР Министрлер Кеңесінің 15.12.94 ж. 1414 қаулысына және ДМ 9.12.99 ж. 278 бұйрығына сәйкес беріледі. Клиникалық аспектілері методикалық кәсіби диагноз қоюмен анықталады.
2. кәсіби патология саласындағы арнаулы клиникалық және сараптау, дәрігерлерін арнаулы түрде дайындау қазіргі заманда да, халықты медициналық қамтамассыз қайта құру жағдайларында кәсіби аурулар жағынан клиникалық дәрігерлерді дайындау өзекті мәселелердің бірі. Емханаларда жеке меншік бөлімдер құру, арнаулы емханаларды қысқарту, медициналық жоғарғы оқу орындарында оқу бағдарламаларын кеңейтіп, өзгерту және факультеттерде кәсіптік патология саласында кафедра құру жағынан өзгерістер енгізуді талап етеді.
өз мамандықтарына жарамдылар
өз мамандығы бойынша жұмысқа қабілеті шектелгендер
кәсіби жұмысқа жарамсыздар
еш жұмысқа жарамсыздар
Бұл аталғандар жұмыс істеу үшін берілетін ұсыныстар мен нұсқаулар:
Жедел не созылмалы дерті асқынғанда амбулаторлық не ауруханалық емдеуді ұйымдастырып, уақытша жұмыстан босату (ҚР үкіметінің 21.01.96 1415 қаулысы). Жұмыстан босату мерзімі 4 айға дейін не оған қосымша 2 ай – ол МӘСКпен шешіледі.
ДКК шешімімен .уақытша 2 ай еңбекке жарамсыздық парағын беру. Оған жедел уланғандар жатады.
Зиянды кәсіби факторлары жоқ басқа жұмысқа ұзақ мерзімге орналастыру.
Мамандығы, еңбек жалақысы төмендегенде — МӘСК шешеді.
Еңбек қабілеті түрақты жойылғанда ҚР 22.01.93 ж. "Еңбекті қорғау" заңы бойынша 1914 және ҚР ДМ 15.03.97 2-3747, әлеуметтік қорғау министрлігінің 07 15.03.95, ҚР Еңбек министрінің 4 - 71398 17.03.95ж., 11398 11.03.95 ж. қаулылары бойынша мүгедектік топтарды айыру.
Еңбекке қабілеттіліктің жойылуының түрлері:
1.Уақытша
-толық
-жартылай
2.Тұрақты
-толық
-жартылай.
Уақытша еңбекке жарамсыздық алдын-ала емдеу мекемелерінде ДКК-де шешіледі. Бұлардың құрамына бас дәрігер не оның сараптау мәселелері туралы орынбасары, ДКК терағасы, бөлім меңгерушісі және емдеу дәрігері кіреді. ДКК негізгі міндеті еңбек қабілеті туралы күрделі, даулы мәселелерді шешіп, соған басшылық жасау. Еңбекке жарамсыздық парағының дұрыс берілуін бақылау.
ДКК қажет болғанда кеңесу үшін басқа мамандарды да шақырады. Мысалы, кәсіби аурумен ауырған науқасты дұрыс жұмысқа орналастыру үшін еңбек гигиенасы дәрігерін.
Уақытша еңбекке жарамсыздық жедел және созылмалы түрдегі кәсіби дерттермен уланулар асқынғанда науқас жазылып, еңбек қабілеті орнына келгенге дейін беріледі. Орташа 4 айдан көп емес. Уақытша еңбекке жарамсыздық жедел уланудың орташа не ауыр түрлерінде: токсикалық бронхитте, өкпенің токсикалық ісігінде, көміртегі тотығымен уланғанда, т.б. беріледі.
Жартылай уақытша еңбекке жарамсыздық кәсіби дерттерде ауруына байланысты өз мамандығында жұмыс істей алмағанда беріледі, науқас денсаулығына зиян келмейтін басқа жұмыстар істей алады.
Мүгедектік дерт салдарынан еңбекке жарамдылығы тұрақты ойылғандарға беріледі. МӘСК еңбекке жарамсыздықты не мүгедектікті ДКК жіберген бағыттамасы бойыпша анықтайды.
Кәсіби ауруларда мүгедектікке әкелетін себептер:
жедел уланудан болатын асқынулардың қалдық белгілері;
созылмалы дерттер, жиі асқынып, үдемелі өршулерімен;
жедел және созылмалы дерттер мен уланулар, емдеуге көп уақыт талап ететіндері, ал емдеу кезінде науқасты жұмысқа орналастыру оның мамандығын өзгертуді талап етеді.
Кәсіби аурулар клиникасындагы МӘС негізгі міндеттері.
МӘС негізгі міндеттері:
науқастардың еңбек қабілетін айыру, ағзаның қызметін дерт не жарақат салдарынан болған еңбек қабілетінің мөлшерің анықтау.
Науқастың денсаулығына байланысты оған жұмыс түрі мен жағдайын анықтау. Кәсіби болса емдеу мекемелерімен және МСЭҚБ бірігіп шешу.
Науқас пен мүгедектің еңбек қабілетін орнына келтіру мақсатында медициналық және еңбектік-әлеуметтік реабилитация шараларын анықтау.
Мүгедектік топтар мен оларды анықтау критерилері.
Мүгедектік 3 топқа — I,II,III топқа бөлінеді. Еңбек қабілетініц жағдайын айырғанда науқастың жасын, мамандығын, білімдік, кәсіби дайындығын, зиянды затпен нақты жұмыс жағдайын ескереді.
I топтағы мүгедектік науқастардың қызметтері өте күшті бүзылғанда беріледі, олар өздерін күте алмай, сырттан күтуді талап етеді. Ондай науқастар еш жұмысты істей алмайды.
II топтағы мүгедектік жұмысқа қабілеті айқын бұзылған, дерті асқыну салдарынан толық тұрақты еңбекке жарамсыз болғандарға беріледі. Мұндай науқастар сырттан үнемі күтуді талап етпейді, ал кейбірі белгілі бір жағдай жасалған жекелеген жұмыстарды істей алады.
II топты беруге болатын негіздер:
еңбек қабілетінің дерттің салдарынан өте айқын функцияларының өзгеруінен бүзылуы;
жұмыс салдарынан денсаулығының нашарлауы;
Дертінің салдарынан белгілі бір жағдай тудырғанда жұмыс істей алуы.
III топтағы мүгедектік дерттері созылмалы немесе анатомиялық кемістіктердің болуы салдарынан ағзаның жұмыс қабілеті едәуір төмендеп науқастарға беріледі.
III топты беруге болатын негіздер:
науқасты оның дертіне қарай мамандығының төмендеуіне байланысты басқа жұмысқа ауыстыру;
науқастың денсаулығына байланысты оның жұмыс жағдайын өзгерту, оның әсерінен өндірістік деңгей мен оның мамандығының төмендеуін де;
науқастың мамандығы төмендегенде еңбек стажы болмауына байланысты және оның денсаулығының темендеуінен ағзаның қызметінің бұзылуынан жұмысқа орналасу шектелгенде;
анатомиялық кемістіктермен деформация салдарынан ағза қызметінің бұзылып, кәсіби жарамсыз болуынан.
Қорыта келгенде III топтағы мүгедектік науқас үзақ уақыт бойы денсаулығына байланысты өз мамандығы бойынша зиянды фактордың болуы салдарынан жұмысын істей алмағандарға, ал ұтымды жұмысқа орналастыру тек оның мамандығын төмендететіндерге ғана беріледі.
№ 2 Дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |