11-дәрістің тақырыбы:Жазатайым жағдайларды тексеру және есепке алу.
Дәрістің жоспары:
1.Сәтсіз оқиғалардың түрлері.
2. Жазатайым жағдайларды тексеру және зерттелуі.
Жұмысқа байланысты сәтсіз оқиғалар қалай бөлінеді:
- Жұмыс орнында,
- жұмысқа бара жатқан және жұмыстан қайтқан жолда.
Еңбек әрекетімен байланысты жұмысшылар денсаулығының әртүрлі жарақаттар алу және уақытша бір күндік және одан да көп мерзімде зақымдалуы және қаза болуы, сәтсіз жағдай деп қарастырылады және Н-1 форма бойынша актімен тіркеледі.
Акт 3 данамен тіркеледі және архивте 45 жыл аралығында сақталынады. Бір данасын жарақат алушыға, екіншісін жұмыс берушіге, үшіншісін инспекторға береді.
Барлық сәтсіз оқиғалар және оның жай –күйі, «Сәтсіз оқиғалардың тіркелуі мен зерттелуі және жұмысшының денсаулығының зақымдалуын тіркеу ережелерімен» сәйкес себептері тексеріліп зерттеледі. [Д-3].
Сәтсіз оқиғалар келесі түрлерге бөлінеді: жеке, топтық, ауыр және өлімге алып келетін.
Сәтсіз оқиғаларды тексеру тәртібі:
1) әрбір сәтсіз оқиғаларды, зардап шегуші немесе көрген адам, міндетті түрде жұмыс беруші мен жұмыс ұйымдастырушыға хабарлау керек;
2) зақымдалушыға алғашқы медициналық көмек көрсету және оны ұйымдық денсаулық сақтау орындарына жеткізу;
3) сәтсіз оқиғалар орындарында тексеру жұмыстары басталғанға дейін, өзгеріссіз сақтау, механизмдер мен қондырғыларды сақтау, сонымен бірге құрал жабдықтарды сәтсіз оқиға болған кезегідей тура сол қалпында сақтау және сәтсіз оқиға болған орынды суретке түсіріп алу (егер бұл адам өміріне және жұмысшының денсаулығына қауіп төндірмесе, онда өндірістегі үдірістің үздіксіздігі апатқа алып келмейді);
4) денсаулық сақтау ұйымдарының жауапты қызметкерлері, өндірістегі жұмыскердің жарақаты туралы және денсаулығының зақымдалуы туралы оқиғаларды, жұмыс бьерушіге хабарлап отыру керек, сонымен бірге күшті кәсіби ауруға шалдықса, мемлекеттік санитарлы – эпидемологиялық органдарына хабарлау керек.
Өндірістегі сәтсіз оқиғалар және жұмыскердің зақымдалуы туралы жұмыс беруші арнайы формада міндетті түрде хабарлау керек:
1) еңбек бойынша мемлекеттік органдардың территориялды бөлімшелеріне, сонымен бірге қауіпті өндірістік объектілердегі болған, сәтсіз жағдайлар кезінде, төтенше жағдайлар бойынша жергілікті органдарға;
2) ұйым жұмыскерлерінің басқарушыларына;
3) сақтандыру ұйымдарымен келісім шарт бар болса, сақтандыру ұйымдарына;
4) кәсіби аурулар мен уланулар туралы, Мемсанэпидқызметтің жергілікті ұйымдарына;
Сәтсіз оқиға пайда болған кезеде, 17 бөлімде көрсетілген ережеге сәйкес, жұмыс беруші келесілерге хабарлау керек:
1) сәтсіз оқиға болған жердегі орны бойынша құқық сақтау органдарына;
2) ведомствалық және өндірістік бақылау мен қадағалаудың компетентті органдарына;
Кәсіби немесе өте күшті кәсіби аурулар кезінде, тексеруге, Мемсанэпидқызметі немесе кәсіби потология Орталығының басшылары қатысады.
Күшті кәсіби ауруларды жеке тексеруді, Мемсанэпидқызметі немесе кәсіби потология Орталығының басшылары жиырма төрт сағат аралығында жүргізеді, ал созылмалы кәсіби ауруды, хабар алған кезден бастап, жеті күн аралығында жүргізеді.
Комиссияның жұмысына сақтандыру органдарының мүшелері қатыса алады, егер оларды сәйкес келісім шарт бар болса. Басқа ұйымда өндірістік тапсырманы орындауы кезіндегі сәтсіз оқиғаны (қызметтіттік және келісім шарттық міндеттері), сонымен бірге жалпы білім беру, кәсіби мектептер мен жоғарғы оқу орындарындағы оқушылардың, өндірістік тәжірибеден өту кезінде сәтсіз оқиғалар болса, оны қандай ұйымның территориясында оқиға болды, сол ұйымның жұмыс берушісінің басшысымен құрылған комиссия тексеру жүргізеді.
Көліктік құралдар апатының салдарының нәтижесінде болған сәтсіз оқиғалар, көліктік инспекция мүшелерінің материалдарды зерттеу негізінде жүргізіледі. Көліктік инспекция мүшелері, көліктік оқиға болған бес күндік мерзімде, сәтсіз оқиғаларды тексеру комиссияларының талап теуі бойынша, қажетті құралдардың көшірмесін ұсыну керек.
Сәтсіз оқиғаны өз уақытында жұмыс берушіге немесе жұмыс ұйымдастырушыға хабарламаса немесе арудың белгісі бірден белгі бермесе, ( мерзіміне байланысты емес), зардап шегушінің өтініші бойынша немесе мемлекеттік еңбек инспекторының бұйрығы бойынша, өтінішті он күн аралығында тіркеуіне байланысты, тексеріледі.
Сәтсіз оқиғаларды арнайы тексеру, сәтсіз оқиғаның пайда болған сәтіне байланысты ұйым басшысымен жиырма төрт сағат аралығында жүреді, оның құрамында:
Ұйым басшысының – төрағасы (өндірістік қызметте) немесе оның орынбасарлары;
Ұйымның еңбекті қорғау қызметінің басшысы – мүшелері, жұмысшылар немесе зардап шегушінің сенімді адамның өкілдері (келісім бойынша).
Арнайы тексеруге жататындары:
1) ауыр және өлімге алып келетін сәтсіз оқиғалар;
2) зардап шегушінің жарақатының ауырлық дәрежесіне тәуелсіз екі және одан көп жұмысшылардың, бір уақытта болған, топталған сәтсіз оқиғалары;
3) өте күшті кәсіби аурулар кезіндегі топталған сәтсіз оқиғалар (улану).
Сәтсіз оқиғалардың ауырлығы мен салдарына байланысты, арнайы тексерулер, еңбек бойынша мемлекеттік территориялды органдардан құрылған комиссия он күн ішінде тексеріледі, олардың құрамында: мемлекеттік еңбек инспекторы – төрағасы; жұмысшылар мен зардап шегушінің сенімді өкілі, жұмыс берушілер- мүшелері.
Екі адам қаза болған кезде, топталған сәтсіз оқиғаларды, Астана мен Алматы қалаларының еңбек облысындағы бас мемлекеттік инспекторы басқаратын объектілердегі болған сәтсіз оқиғалар кезінде, комиссияның құрамына, төтенше жағдайларды жою мен ескерту жөніндегі мемлекеттік инспекторы кіреді. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде болған сәтсіз оқиғалар кезінде, арнайы зерттеу бойынша комиссия мүшелерін төтенше жағдайдың алдын –алу мен жою жөніндегі мемлекеттік инспекторы тағайындайды. Бұл жағдайда еңбектің мемлекеттік инспекторы, комиссия мүшесі болады.
Үш –бес адам қаза болған кездегі топтың сәтсіз оқиғаларды тексеру, еңбекті қорғау бойынша мемлекетік органдар құрған комиссия жүргізеді, ал бес адам қаза болған кезде Қазақстан Республикасының басқаруымен жүргізіледі. Комиссия төрағасының келісімінсіз арнайы тексеру бойынша куәгерлерге сұрақ қоюға рұқсат етілмейді, сонымен бірге қосымша тексеру жүргізуге рұқсат етілмейді
Достарыңызбен бөлісу: |