Мал өcipy. Алматы:Қайнар, 1995



жүктеу 5,89 Mb.
бет15/24
Дата17.11.2017
өлшемі5,89 Mb.
#892
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24

195

сартып, биелерді ақпан-наурыз айларында да құлындатуға болады. Жаз айында құлындған биелерді, тіпті қыс айларына дейін саууға болады, ал қыста құлындаған биелерді саууға бола беретіндігі белгілі. Бұл да дербес шаруашылық иелерінің есінде бо-

латын жайт.

Құлындаған кезеңге қарай биелердің өнімділігі де ауытқып отырады. Мысалы біздің зерттеулеріміз бойынша, қазақы жылқы биелерінің ерте құлындағанынан (наурыз-көкек) 2846 л сүт шы-ғады, ал мамыр айында құлындаған биелерден 2765 л, маусым айындағыдан 2629 л сүт сауылды.

Биенің сүттілігі сауым маусымы ішінде бірте-бірте азая береді. Кейбір деректер бойынша жаңақырғыз, қазақ, якут, башқұрт, биесінің сүттілігі әр ай сайъш кеміп отырады. Қырғыз жылқысы-ның биелерінен сүт бірінші және бесінші айларда мол шығады. Бұлай болу себебі көктемде таулы жайылым жағдайының нашарлығынан (күннің салқындығы, шөптің баяу жетілуі) және керісінше, жазда тау шалғынының жақсы жетілуінен деп білген жөн.

Дербес шаруашылық, иесіне сауын малын сұрыптау үшін биенің сүттілігі мен оның салмағының, мүсін тұлғасының арасындағы байланысты білген жөн. Салмақты келетін советтік және орыстың ауыр жүк тартатын биелері жергілікті жылқы тұңымынан сүтті екені белгілі. Бұл заңдылық бір тұқымнан тараған малдың арасында да кездеседі.

Биенің сүттілігі оның жасына қарай да өзгеріп отырады. Мәселен бір жылқы заводының қымыз фермасында жүргізілген зерттеу деректері бойынша ауыр жүк тартатын биелердің сүттілігі 10 жасына дейін артып, содан соң ол төмендей бастаған. Ал кейбір биелер сүттілігін тіпті 18 жасында да сақтайды.

Дербес шаруашылық иесі сауын биесін таңдағанда міндетті түрде маманмен кеңесуге тиіс. Әсіресе әр килограмм сүтке азық өлшемі мен қорытылатын, яғни сіңімді протеинді аз қажет ететін жылқы тұқымын таңдағаны пайдалы.



БИЕ СҮТІНІҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ МЕН ҚАСИЕТІ

Сүт — малдың желінінде (сүт безінде) қаннан түзілетін күрделі, құрамында жүзден астам заты бар физиологиялық ерітінді. Оның құрамында су, белок, сүт майы, сүт қанты, минералды заттар, соның ішінде микроэлементтер де, витаминдер, ферменттер, гормондар, газдар, пигменттер, иммундық заттар, микроорганизмдер т. б. болады. Сүт осы айтылған заттардың кездейсоқ қосындысы емес бір-бірімен тығыз байланысты коллоидты құрылым.

Құрамында осындай әр түрлі заттар болғандықтан сүт маңызды тағамдық өнім болып табылады. Барлық сүт қоректілер өздеріне ғана тән бөлгілі бір химиялық, құрамы бар сүт жинайды.

Әдетте кез-келген малдан төлдегеннен кейін уыз шығады, Бие-



196

нің де сүт бездерінен құлындағаннан кейін 4—5 күндей уыз бө-лініп шығады. Оның құрамының жай сүттен едәуір айырмашылығы бар. Уыздың құрамында белок пен витаминдер 2—3 еседей көп, ал май мен сүт қанты 1,5 еседей кем.

Барлық малдың уызында витаминдер, әсіресе май ерітетін А, Д, Е витаминдері және каротин сүттегіден екі-үш есе көп боладьі. Мэселен биенің алғашқы уызында 2,9—3,4% сүт қанты табылады. Ал одан көп кейінірек сүт қанты 6,1—7 процентке жетеді.

Бірте-бірте уыз сүтке айнала бастағанда оның құрамы да өзгереді. Бірақ сүттегі маңызды қосылыстардың концентрациясындағы өзгешеліктер күллі сауын маусымында сақталады.

Әр түрлі мал сүтінің химиялық құрамы үнемі тұрақты бола бермейді, ол малдың физиологиялық күшіне, азықтандырылуына, күтіп-бағылуына, жасына және тұқымына қарай өзгеріп отырады.

Ауа райы, азықтандыру сияқты факторлардың ұзақ мерзімді әсері нәтижесінде малдың бойында өзіне тән белгілер қалыптасып, ол тұқым қуалайды. Мұның әсіресе сүтің химиялық құрамының өзгеруіне қатысы бар,

Бие сүтіндегі қалыптасқан ерекшелік — оны пайдалануда диф-ференциялау мүмікіндігі. Сөйтіп, майы көп сүттен жақсы қымыз ашитыны ертеден-ақ белгілі болған. Осыған толық көзі жеткен ағылшынның белгілі қымызды насихаттаушысы Дж. Каррик ке-зінде қазақы және башқұрт жылқыларын Англияға апарған. Сүттің құрамы мен қасиеті оған даярланатын өнімдердің сапасына және технологиялық процесіне белгілі дәрежеде әсер етеді. Мәселен, биік тау шалғынында жайылған сиыр сүті ірімшік жасау үшін бағалы шикізат. Демек, бие суті де, оның ңымызы да кейбір жащайда жайылым жағдайларына және басңа да көптеген себептерге байланысты деп жорамалдауға болады.

Жоғарыда айтылғандай, бие сүтінің құрамы, демек, оның сапасы тұрақты емес.

Мәселен, жабы мен ауыр жүк тартатын жылқы тұқымдары мен қазақы жылқылар будандары биесінің сүтінде май ең көп болатын мерзім үшінші сауым айы (610—1,95%), ал көшім және салт мінетін жылқы мен қазақы жылқының буданында төртінші сауым айы (1,82—1,75), содан соң май проценті ай сайын азайып, сауым маусымының аяғында едәуір мөлшерде көп болатындығы байқалды.

Бие сүтінде белоктың ең көп болатын мерзімі үшінші сауым айы, яғни шілде-тамыз, ал содан соң жаллы белок проценті сауым маусымының аяғына дейін жайлап азаяды. Мәселен, үшінші сауық аяғында ауыр жүк тартатын жылқы мен қазақы жылқы буданы биесінің сүтінде белок 2,30%, ал сегізінші сауым айында 1,63 процент қана болды.

Сүт құрамы тек азықтандыруға, күтіп-бағуға ғана емес, сонымен бірге малдың шығу тегі олардың жеке ерекшеліктері сияқты себептерге байланысты ұрпақтан-ұрпаққа берілген сүттің өте са-

197

ІІалы қасиеті кейбір малда берік орнықты. Міне, сондықтан да селекциялық жұмыс кезінде бие сүтінің құрамын ескере отырып қымыз ашытатын жоғары сапалы сүт сауу үшін сүті майлы, блокты биелерді іріктеп алады.

Дербес шаруашылық иелері білуге тиіс тағы бір мәселе —орта есеппен алғанда бие сүтінің % есебімен алғандағы құрамы мынадай болады:

Су—89,5, құрғақ заттар —10,5, соның ішінде: сүт майы—1,7, сүт қанты —6,5; белоктар —2,0, минералды заттар 0,3.

Сүтті сипаттау үшін құрғақ заттар мөлшерін де анықтайды, Құрғақ заттар деп сүтті 100—105°С температурада құрғатқан соң қалған заттардың жалпы салмағын айтады.

Құрғақ затар ішінде май мөлшері өте айнымалы, ал басқалары (белоктар, сүт қанты, минералды тұздар) тұрақты келеді.

Сүт белогы. Сүттегі ең басты бағалы зат — белок. Бие сүтінде ол 1,8—2,2 проценттей. Белокты казеин, альбумин және глобулин сияқты негізгі үш түрге бөледі. Олардың әрқайсысы одан әрі бірнеше фракцияларға бөлінеді. Бие сүтінде 40 проценттей еритін белоктар (альбуминдер, глобуминдер, пептондар және бос амин қышқылдары) бар. Сондықтан бие сүтін альбуминді деп атайды.

Белоктың мөлшері мен өзара қатысы сүттің қышқыл ықпалымен ұюына әсер етеді. Бие сүті ашығанда құрылымы майда, борпылдақ, масса түзеді. Осы пайда болған жұмсақ әрі нэзік ірімшіктерді тілге тигізгенде дәмі сезіле қоймайды және ол сүттің сұйық консистенциясын мүлде өзгертпейді. Ал осындай жағдайда сиыр сүті нағыз ірімшік түзеді. Сиыр сүтіне қарағанда бие сүтіндегі казеин суда тез ериді, мұның өзі оның жасқсы қорытылып сіңетіндігін көрсетеді. Міне, сондықтан да сиыр сүтінің белогына қарағанда, бие сүтінің белогы едәуір қоректі болады.

Сүт белогының өте қоректі болатыны жақсы сіңетіндігіне ғана емес, сондай-ақ ондағы амин қышқылдарының құрамына да бай-ланысты. Сүт белогының құрамында ауыстыруға болмайтын амин қышқыддарының тек бір ғана түрі жетіспесе де ол адам мен мал организмінің зат алмасу процесін бұзуға апарьш соқтырады. Осы-ның негізінде белок құнды және құндылығы шамалы болып екіге бөлінеді.

Сүт белогы амин қышқылының құрамы жағынан жарамды бе-локқа жатады. Сол-себепті сүттегі жалпы белоктың, амин қышқы-лының құрамын білудің айрықша маңызы бар.

Негізгі 20 амин қышқылының 10-ы ауыстыруға болмайды деп есептеледі, яғни олар адам мен мал денесінде басқа заттардан синтезделмейді. Бұл амин қышқылдары денеге тағам, азық арқылы келуі тиіс. Егер ол денеде жоқ болса немесе жеткіліксіз болса, онда ткань белоктарының, ферменттердің, антителалардың, қан белоктарының, белок тектес гормондардың және басқа да физио-логиялық байланыстардың құрылуы бұзылып, мұның өзі зат ал-



198

масудың өзгеруіне және организмнің тіршілік әрекетінің бұзы-луына апарып соқтырады.



Сүт майы, Сиыр сүтіндегі май мөлшері 2—6%, орташа алғанда 3,8% болады, ала бие сүтінде шамаммен 1,0—2,5 проценттей май бар. бұя сиыр сүтіндегіден екі еседен астам кем. Әдетте сүт майы — май түйіршіктерінен құралады.

Зерттеулер бие сүтіндегі май түйіршіктерінің көлемі сиыр сү-тіндегі май түйіршіктерінің көлемінен біршама аз келетіндігін дә-лелдейді. Соның арқасында май шапшаң гидролизденіп, организмге жақсы сіңеді. Сондықтан пайдасы мол.

Табиғи майлардың ішінен сүт майының химиялық құрамы өте күрделі. Ол глицерин мен майлы қышқылдардан тұрады. Бүгінгі таңда сиыр сүті майында 45 майлы қышқыл бар екендігі анықтал-ды. Ал бие сүтінің май құрамы қанша майлы қышқылдан тұратыны әзірге белгісіз, бірақ олардың құрамы да аз емес деп жорамалдауға болады.

Майға көптеген —30-дан астам қаныққан және қанықпаған май қышқылдары еніп, оның биологиялық қасиеті мен маңыздылығын арттыра түседі. Бие және сиыр сүтіндегі майда майлы қыш-қылдардың мөлшері бірдей емес.

Сиыр және бие сүтіндегі май қышқылдарының өзінің сапалық, құрамы жөнінен айырмашылықтары бар. Бие сүтіндегі май құрамында сиыр сүтіндегі майға қарағанда капринді, каприлді, лауринді, линолді және линоленді қышқылдар көбірек екені бай-қалады. Бие сүтінің майында жоғары молекулярлы пальминтинді, стеаринді, олеинді қышқыл аз.

Әдетте майды физикалық-химиялық константы бойынша си-паттайды. Өйткені бұл оның май қышқылы құрамын бейнелейді.

Бие сүтінің майында иод мөлшері өте жоғары—101, ал сиыр сүтінде бұл көрсеткіш бірнеше есе төмен 25—40.

Бие сүтіндегі майдың балқу және қату темшературасы сиыр сүтінің майына қарағанда едәуір төмен.

Адам организмінде майдың қорытылуы оның балқу температу-расына көбірек байланысты. Балқу температурасы төмен май өт қыщқылының әсерімен тез эмульсияға айналады және тезірек ли-паза ферментінің әсерімен бөлшектенеді. Демек, мұндай май толық қорытылып сіңеді.

Бие сүті майының тағы бір өте тамаша қасиеті бар. П. Ю. Бер-линнің деректері бойынша, сиыр сүтінің майында туберкулез бак-териялары өсіп-өніп жатса, бие сүтінің майында олардың өсіп-өнуі тежеледі. Олай болатын себебі: көп қанықпаған май қышқылдарының- микробтардың өсіп-көбеюін тежейтін қасиеті бар, ал бие сүтінде мұндай қышқылдар кез келген мал сүтіндегіден едә-уір көп.

Міне, қымыздың шипалық қасиеті қайдан келіп шығады. Ма-надан бері біздің бұл жағдайларды тәптіштеп жатқанымыз —кө-біміз қымыз ішеміз, тіпті қымыз ашытамыз. Бірақ олардың бүге-шігесін біле бермейміз. Оның үстіне көптеген қымыз ашытушы-

199


лар майдың бие сүтінің негізгі серігі екенін жете бағаламайды. Осы уақытқа дейін бие сүтінің майлылығын арттыру жөнінде мәселе қойылған емес. Ал халық, бетінде майы жүзген қымызды ежелден жоғары бағалаған, қадірлеген. Қымыз ашытушылар май қымыздың дәмін кіргізеді дейді. Демек оның шипалық қасиетін де сол май арттыра түседі ғой.

Соңғы уақытта майдағы триглицеридтердің құрылымын анық-тауға ерекше мән беріліп тұр. Олар глицерин молекуласындағы май қышқылдарының орналасуына байланысты майдың химиялық, физикалық және биологиялық қасиеттерін тудыра алатын себепке айналды. Сүт қанты (лактоза- тек қана сүтте кездесетін глюкоза мен галактозадан тұратын дисахарид (СІ2 Н22 С11 )-

Сүт қанты қызылша қантынан 6 есе дәмсіздеу болса да, орга низмдегі әр түрлі биохоимиялық реакциялардың жүруіне қажет' энергия қоры болып табылады.

Бие сүтінде 6,1—7,4 процент лактоза бар (сиыр сүтінде едәуір төмен —4,8—5,1 %). Сүттегі қанттың мөлшері едәуір тұрақты ке-леді, әрі сауым маусымына қарай онша көп езгере қоймайды. Уыздығы қант мөлшері сүттегіден едәуір аз, яғни 2,9—3,4 про-центке тең. Оның саны бірте-бірте көбейё бастайды, сөйтіп бие құлындараннан кейін бір тәулік өткен соң ол 5 процентке, 5—10 күн өткен соң 5,8 процөнтке жетеді. Бие сүтінде қанттан басқа, қалпына келмейтін углеводтар бар. Бие сүтінде аздаған мөлшерде галактоза сүт белогымен байланысты түрде кездеседі.

Қымыз сүт қышқылды бактерия ферменттері мен ашытқылар-дың әсерінен сүт ңантының ашуына байланысты ашиды.

Витаминдердің организм тіршілігі үшін қажет заттар екендігі белгілі. Бұлар зат алмасу процесіне қатысьш, биохоимиялық про-цестерде катализатор ролін атқарады.

Сүтте кездесетін витаминдердің жеке маңызы мынада: А —

зат алмасу процесіне және организмнің өсіп-жетілуіне қатысты.

В — организмде клетканың жаңару процесіне қатысады. Сүт-

те басқа витаминдермен салыстырғанда өте аз болады да, кейін-

нен сүт өңдеуге түскенде, тіптен азайып кетеді.

ВІ— углевод алмасу процөсіне және нерв жүйесі қызметінө қатысы бар.

В2 — углеводтар мен белок алмасу процесіне қатысады. Бұл витаминнің жетіспеуі көз жанарының нашарлауына шалдықты-

рады.


РР (никотин қышқылы)—организмдегі тотығу-тотықсыздан-

дыру реакциясына қатысатын витамин.

С (аскорбин қышқылы) — тотығу-тотықсыздандыру реакциясына қатысатын витамин. Бұл витаминнің жетіспеуі организмнін жалпы әлсіздігіне, инфекциялық ауруларға қарсы тұра алмауына әкеп соқтырады.

Бие сүтінде адамның денсаулығына қажетті витаминдердің барлығы бар. Әсіресе ол А мен С витаминдеріне бай.



200

Бие сүтінен қымыз ашытқанда А витаминінің мөлшері өзгер-мейді, ал С витамині біршама азая түседі, мұның қымызды піскен кезде ауадағы оттегімен ашуы әсерінен болуы мүмкін.

Көптеген зерттеулер қымыздың дәрілік қасиетін онда С вита-

минінің көп болуына әкеп саяды.

Бие сүті Д витаминіне де бай. Бұл витамин күн сәулесінің және ультракүлгін сәулелердің әсерінен түзіледі. Осыған орай Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы жыл бойына далада ба-ғылатын биелердің сүті Д витаминіне бай келеді, ал Д витамині сүтке қарағанда уызда көбірек.

Бие сүтінде Е витаминінің мөлшері (Р. Давидов пен М. Арма-кованың мәліметі бойынша) бір литрде 0,65—1,05 мг шамасында болады. Е витамині малдың қалыпты өсіп-жетілуі үшін қажет. Ол жеткіліксіз болса, малдың ұрықтану қабілеті жойылады.

Холестерин алмасуын реттеуге қатысатын Ғ витаминінің де маңызы зор. Мәселен, майдың физиологиялық ңұндылығы ең ал-дымен онда Ғ витаминінің (линол, линолен және арахидон қыш-қылдары) болуына байланысты.

Бие сүтінде, сонымен қатар, В тобына жататын ең маңызды витаминдерден — тиамин, рибофлавин, никотин және пантотен қышқыддары, биютин, фоли қыпщылы, ВІ2 витамині және т. б. бар. Қазіргі уақытта В витамині тобына 15-тей витамин бірігеді.

П. Ю. Берлин деректері бойынша, бие сүтінде ВІ—261, В— 261, РР—229, ВІ2—33 гамма литр; қымызда В —194, В2—275, РР—1060, ВІ 2—3,25 гамма литр болды.

В тобына жататын барлық витаминдер организмнің қальшты тіршілік етуі үшін қажет.

Біздің Қазақ машина сынау станциясының қымыз фермасында жүргізген зерттеу деректерімізге қарағанда биенің уызы А және Е витаминдеріне сүттен бай екені байқалды. Орта есеппен бие сүтінде С витаминінің мөлшері 104,4 мг/л болса, ол уызда 50,8 мг/л. Бұл витаминнің сүттен гөрі уызда аз болғанын, биенің құлындар алдындазры айларда азық, рационында С витаминінің жетіспегендігінен деп санауға болады.

Ферменттер — организмдегі ыдырау (гидролиз) және синтез процестерін тездететін белокқа ұқсас химиялық заттар. Сүт та-ғамдарын дайындауда ферменттердің үлкен маңызы бар.

Сүтте липаза, пероксидаза, каталаза, протеаза, фосфатаза, редуктаза т. б. ферменттер болады. Ал бие сүтінде олардың құрамы толық анықталған жоқ. Витаминдер мен ферменттердің байланысы ғана анықталды. Ферменттерсіз организмде зат алмасу процесі болмайды, ал витаминдерсіз ферменттердің әрекеті болуы мүмкін емес.



Миниралды заттар және микроэлементтер — сүтті күйдіргенде сүт күлінде қалатын элементтер. Олар сүтте органикалық және органикалық, емес қышқылдардың тұздары ретінде 0,3—0,5% мөлшерінде болады.

201


Организмнің тіршілік қызметінде минералды заттар алуан түрлі міндеттерді атқарады. Олар әр түрлі сүйектің, тістердің және басқалардың түзілуі үшін пластикалық материал болып табылады. Минералды заттар ферменттердің, гемоглобиннің, фосфатиттердің, нуклеопротеидтердің және басқа көптеген органикалық заттардың құрамына кіреді, сондай-ақ азық қорыту мен қоректік заттарды бойға сіңіру, зат және қышқыл сілтінің тепе-теңдігін қолдау процестерінде де қатысады.

Өсімдік пен жануарлар организміндегі минералды заттардың мөлшеріне, сондай-ақ ірі малдың оларды қажетсінуіне байланысты бұл заттарды макро және микроэлементтерге бөледі. Тіршілікке қажетті мвкроэлементтерге мыналар: кальций, магний, фосфор, калий, натрий, хлор, күкірт жатады. Ал микроэлементтерге — темір, марганец, мырыш, мыс, селен, молибден, кобальт, иод, хром, фтор, никель, қалайы, ваданий (күмістен ақ металл) жатады. Бұл элементтердің тапшылығы және шамадан тыс көп болуы да зат алмасуының және организмнің бірқатар аса маңызды қызметін бұрмалап жіберуі де ықтимал.

Минералды заттардың ішінде Са, К, Р және М§ тұздары көп кездеседі. Бұл тұздардың организмдегі зат алмасудың, дененің, сүйектің өсіп-жетілуіне, қышқыл-негіз тепе-теңдігін, денедегі осмос тұрақтылығын сақтауда маңызы өте зор.

Әр түрлі мал сүтіндегі минералдың заттардың құрамы түрліше келеді. Сиыр мен бие сүтінде кейбір минералдық заттардың әр түрлі мөлшерде кездесетіндігін байқауға болады. Калий мен кальций қойдың сүтінде, магний түйе сүтінде, ал фосфор ешкі сүтінде көбірек кездеседі.

Сиыр сүтіне қарағанда, бие сүтінде күл екі аса аз. Оның есесіне қан белогы — гемоглобинді құруға өте қажетті элемент, айталық темірдің мөлшері жөнінен бие сүті сиырдікінен кем түспейді.

Организмдегі ферменттердің реттік қызметі үшін микроэле-менттердің де (Мп, I, Zп Си, СО) маңызы зор. Марганец (Мп) — витаминдердің түзілу, тотығу және тотықсыздану процесіне ката-лизатор ретінде қатысады, иод (I) қалқанша без гормоны тирок-синнің құрамына кіреді, мырыш (Zп) ұрықтың құрамына, кобальт (Со)—ВІ2 (цианкобалмин) витаминінің құрамына кіреді, мыс (Си) — қанның құрамындағы гемоглобиннің түзілуіне қатысады.



Сүттің химиялық қасиеті — активті және жалпы (немесе титрлі) к,ышқылдылыгымен сипатталады. Жалпы қышқылдық — сүт-те кездесетін газдарга, белоктік заттарга, органикалық және ор-ганикалық өмес қышқылдардың тұздарына байланьгсты.

Жаңа сауылған бие сүтінің жалпы қышқылдылығы 5—7°Т.



Сүттің физикалық қасиеттері тығыздығына, тұтқырлығына, осмос қысымына, қату, қайнау температурасы шектеріне және ток өткізгіштігіне байланысты.

Тығыздықты сүтке қосылған қоспаларды анықтау үшін пайда-

202

ланады. Бие сүтінің тығыздығы, тегінде, барлык, қымыз ашытатын аймақ, аудан үшін МРТУ бойынша 1,029—1,033° А болуы тиіс.



Сүттің бетін қалқыпІ алғанда немесе көк сүт қосқанда сүттің тығыздығы жоғарылайды да, ал су қосқанда сүт тығыздығы тө- мендейді.

БИЕ САУУ

I

Биені қолмен немесе машинамен сауғанда әдетте тез иіп, сүттің мол шығуына құлын себепші болады. Биені сауған кезде тәртіп сақтау, атал айтқанда, қорада жүргізілетін барлык жүмыс түрлері дагдылы бірңалылта жүргізілуі тиіс. Өйткені осының бәрі биенің дұрыс иіп, сауылуына әсөр етеді. Сонымен бірге жарық, дыбыс (қоңырау немесе шелекті бір қалыпты үрьіп дыбыс беру) сияқты қоздыррыштар да биеніц жылдам исіну рефлексін тудырады.



Осының бәрінен де биені идірудің ең тиімді амалы құлыныи са-лу болып табылады. Құлын енесін емгенде оның ауыз қуысында дүркін-дүркін вакуум пайда болады, ол құлынның емшекті сорып, сүтті жұтқан кезінде кезектесіп ауысьш тұрады.

Биені құлынын салып сауу ертеден қалыптасып, ұрпақтан-ұр-паққа жеткен әдіс. Ол ешқандай өзгеріске түскен жоқ десе де болады. Қолмен сауу әдісі құлынды биелерді жыл бойы жайылым-да күтіп-бағуға байланысты. Биелерден күндіз сауылған сүт қымыз ашытуға пайдаланылады, ал түнгі сүт құлынның емуіне қал-дырылады.

Қолмен сауу көп еңбек жұмсауды керек етеді әрі қауіпсіз де емес, ерекше шеберлікті, сауатын адамның қайратты болуын, малды ұстап күтудің мәнісін білуді талап етеді. Көптеген бие, әсіресе үйірде өскен асау және қулық биелер саудырмайды. Сондықтан да оларды көбінесе үйірге қосапаған жөн. Бұл жағдай биенің енелік инстинктінің барынша дамығандығы деп түсінуге болады. Ондай биелерді көп жағдайда ерлер сауады, ал әйелдер сауын кезінде құлынын ұстап оларға көмектеседі.

Сауыншылар малдың мінезін жақсы түсіне білу керек. Биені қолмен сауу үшін ең алдымен оны үйретіп, жуасытып алу қажет. Асау биелерді тұсап немесе шідерлеп сауады.

Сауған кезде қауіпсіз болу үшін байлап-матаудың бірнеше әдісі бар. Солардың бірі — биенің алдыңғы сол аяғының тізесін бүгіп байлап қою. Екіншісі — артқы оң аяғын байлау.

Сауыншы малдың сол жағынан келіп, оң аяғымен тізерлеп отырады да, бүгілген сол аяғына шелөкті қойып, түтқасын қарына іледі. Оң қолын малдың артқы жағынан екі санның арасынан жіберіп оң жағын, сол қолмен сол емшегін сауады. Үрпіні екі қолмен-бірдей немесе алма-кезек қысьш тартуға болады.



203

Биені сауу тәсілі әр түрлі болуы мүмкін: •емшекті бас бармақ жәнө сұқ қолмен қысуға, не болмаса саусақтарды бір жұмып, ашьш емшекті не жоғары, не төмен қысып қозғау жолымен де болады.

Биені батыл да тез сауу керек. Тәжірибелерге қарағанда /бір биені қолмен сауып шығу үшін орташа 60—90 секунд уақыт жұмсалады. Сауыншы бие сауған кезде бір минутта емшекті110-нан 160-қ.а дейін қысады.

 

ТҮЙЕ ӨСІРУ



ТҮЙЕ МАЛЫНЫҢ АРҒЫ ТЕГІ МЕН ТУЫСТАРЫ

Түйе қашан, қайда пайда болды деген заңды сұрақ,туады Египет пен Арабиядағы жер асты қазбаларынан табылған құм ыдыстарға, тастарға салынған түйе суреттері мен тастан ңа-Іпалгж сол түліктің мүсіндерін зерттеген галымдар, олар біздің дәуірімізден бес мың жыл бүрын жасалған деп дәлелдеген. ? Ендеше түйенің қолға үйретіліп, түлік қатарына қосылғанына 'біздің дәуірімізге дейін бес мың жыл шамасындай мезгіл болған. Міне, содан бері өткен жеті мың жылдай уақыт ішінде түйе шөлейт жерде мекендеген елдің ең қолайлы көлігіне айналды.

Өркешсіз түйенің негізгі шыкқан жері Солтүстік Америка, ал өркештілері Орта Азия деп саналады. Сондықтан өркешсіз түліктің арғы тегі Солтустік Америкада пайда болып, содан басқа жерлерге таралған. Қазіргі уакытта түйенің бұл түрлері Африкада, Орта Азия мен Батыс Азияда, Батыс Америкада да бар.

Қазіргі қос өркешті түйенің шыңқан тегі — жабайы түйе. Жабайы екі өркешті түйені алғаш рет атақты ғалым-саяхатшы

Н. М. Прижевальский Орта Азияға барғанда (Гоби шөлінде) Лоб—Нар көлінің шығыс жағында кездестірген. Оның деректеріне қарағанда жабайы түйенін; екі өркеші шамалы және шудасы үй түйесіне қарағанда сұйықтау келеді. Жабайы түйелер таулы асуларды жақсы жүріп өтеді және артынан аңдыған адамды сақтау түйсігінің арқасында тез сезіп қояды.

Жоғарыда айтылғандай үй түйесінің екі түрі бар. Мұның біреуі қос өркешті, екіншісі нар (жалғыз немесе сыңар өркешті түйе). Қос өркешті түйенің таза қандысын — бактриан, нардың таза қандысын — дромедар деп атайды.

Түйе ірі, күшті, төзімді жануар. Салмағы 700—800 кг, бактрианның биіктігі (өркешінің арасынан) 178 см, түрқы 158 сантиметрдей, жүні қара қоңыр, дромедарлардың биіктігі (шоқтығынан) 210 см, тұрқы 155 сантиметрдей, жүнінің түсі қызыл сұр келеді. Түйенің күйіс қайыратын басқа жануарлардан бір айырмашылығы — үстіңгі жақ сүйегінде екі күрек тісі болады, өт қабы жоқ. Жыныстық, жағынан 2—3 жылда жетіледі, бірак, інгенін 3— 4 жасында қайытады. Бураны келеге 5—6 жасында түсіреді.

Жасында жақсы бағылып, күтілген түйө қыстық, май қорын өркешіне жинайды. Қыста ұзақ уақыт шөп жемей, су ішпеген уақытында сол жинаған маймен күнелтетін де қасиеті бар. Күші жағынан ол жылқы мен өгізден әлдеқайда мықты. Қос өркешті түйенің жабайы түрі қазіргі уақытта да (ішкі Монғолияда) кез-деседі. Бактериан мен дромедар еркін будандаса береді.



205

Өркешсіз лама туыстылар таулы жерді мекендейді, ал түйе шөлөйтті жерде тіршілік етуге көбірек бейімделген.

Түйе өте-мөте баяу өсетін түлік. Біздің елімізде түйенің саны әлі де болса аз. Түйенің экологиясы мен биологиялық ерекшеліктері жеткілікті зерттелмеген.

Оның негізгі қасиеті — шөл және шөлейт жерлердің қатаң жағдайларына төзімділігі, шөл өсімдіктерін талғамай жеп, ас су ішуі. Кейде түйе ұзақ уақыт азықсыз, сусыз жүре алады. Мысалы жаз айларында түйе 16, қыста 46 тәулікке дейін су ішпеуі мүмкін. Түйенің бұл ерекшелігі оның дене мүшелерінің құрамындағы тканьдер суды өзіне молырақ сіңіріп, мөлшерлеп жұмсауына байланысты мәселе. Түйенің несеп, нәжіс шығаруы азіяды, тыныс алуы сиреп, өкпеден бу аз Іпыгады, тері бездері сирёк орналасқан. Ішек пен қарын бездері шығарған секреттерде/(сөл) су молырақ болады. Түйенің бұл қасиеттері оны алыс жайылымдарда жаюға, ұзақ жолға шыдауына мүмкіндік туғызады Түйеден жүн, дәмді ет алынады, сапасы жоғары сіңімді сүт сауылады. Одан шипалы сусын — шұбат ашытылады. Жаз бен күз айларында тез семіріп, өркештеріне 100—150 кг май қоры жиналады. Орта Азияның, Қазақстанның шөлейт далаларында 38—40 процент дромедар тұқымдас, 40 процент бактриан: қалмақ, монғол, қазақы түйелер, 20—22 процент түйе гибридтері өсіріледі.



ТҮЙЕ ТҰҚЫМДАРЫ МЕН БУДАНДАРЫ

Мал тұқымы деп белгілі бір әлеуметтік-экономикалық жағдайда адам еңбегі нәтижесінде қалыптасқан, шығу тегі мен тарихы ортақ, дене құрылысы мен өнімділік ерекшеліктері бірдей және бұл қасиеттерін ұрпағына тұрақты түрде толық бере алатын, түліктің бір үлкен тобын айтады.

Тұқым малы — негізгі өндіріс құралы. Мал өнімін молайтудың алғы шарттарының бірі — мол өнімді мал тұқымын өсіру. Сондықтан дербес шаруашылық иелері өздеріне қажетті, әрине тиімді мал тұқымын таңдап алулары керек.

Басқа түліктермен салыстырғанда түйе тұқымдары онша көп емес. Қазіргі кезде түйелерді зоологиялық жағынан топтастырған-да негізінен екі түрі бар: қос өркешті түйелер (бактриандар) және бір өркешті түйелер (дромедарлар).

ТМД-да бір өркешті түйелердің бір ғана тұқымы — аруана және қос өркешті түйелердің үш тұқымы — қалмақ, монғол, қазақы түйелері өсіріледі.

Қалмақ түйелерінің тұқымдары Волганың төменгі оң жаға-лауындағы аймақтарда өсіріліп, жақсартылған. Осы өңірдің та-биғат-климат жағдайы бұл түліктің көндігуіне және одан өсіп жетілуіне жақсы әсер еткен. Қалмақ түйелері шарушылыққа пай-далы қасиеттері жағынан қос өркешті түйелердің арасында ай-рықша орын алады. Бұл тұқым өте ірі, дене бітімі келіскен, бұл-

206


Қалмақ түйелері денесінің орташа өлшемдері, см

шық “еттері қуатты әрі серпінді. Басы кішкене, мойны бұлшық етті, кеудесі кең және терең, құйымшағы сәл салбыраңқы, сирақтары сіңірлі, етсіз, тарамыстары жақсы жетілген. Түсі қоңыр және қара қоңыр больш келеді, қуқыл сары және ақ тістілері де басқа тұқымдарынан гөрі көп кездеседі.

Қалмақ түйелері бураларының тірілей салмағы 650—700 кг, жекелеген түрлері 1200 'кг тартады. Мысалы, осы тұқымның Беке-Хар атты бурасының тірілей салмағы 1247 кг тартқан. Ал ін-гендердің тірілей орташа салмағы 600—650 кг, кейбіреулері 950 килограмға дейін барады.

Қалмақ түйелері ширақ, жуас және адамды жақсы тыңдайды. Оларды әр түрлі ішкі шаруашылық жұмыстарына жегуге, жүк артуға және салт мінуге пайдаланады. Жұмыс қабілеті жөнінен түйелер ауыр жүк тартатын аттардан, өгізден кем емес, ал жүк артуда олардан артық көлік екені белгілі.

Бұл тұқым шөл және шөлейт аймақтарға өте жақсы бейімделген. Жаз, күз кезінде жақсы семіреді, денесінің салмағы орта есеппен 30 процентке дейін артады. Қоңды түйелердің өркештерінде 100 килограмнан астам май болады. Жүні сапалы, біркелкі жақсы өседі. Түйенің жынысы мен жасына қарай әр түрлі мөлшерде жүн алынады. Мәселен, бураларынан 6—14 кг, інгендерінен 4—8 кг, тайлақтарынан 3—6 кг жүн түседі. Қалмақ түйесінің Талға атты бурасынан жыл сайын 21 кг жүн қырқылған.

Бұл тұқым інгенінің сүттілігі аруана түйелеріне қарағанда онша емес. Тәжірибе бойынша 18 айлық сауын маусымы ішінде орта есеппен 1170 л (орташа майлылыры 5,4 процент) сүт сауылған.

Бураларды 18—20 жасқа, ал інгендерді 20—25 жасқа дейін және одан да көп пайдалануға болады. Қалмақ түйесі төлінің өсу дәрежесін зерттегенде жаңа туған ботаның салмағы орта ссеппен 51 кг болған немесе енесі салмағының 7 процентіне тең, ал бір жылдың ішінде оның салмағы бес есе өсіп, 250—260 килограмға жеткен. Екі жарым жасындағы тірілей салмағы сақа түйе салмағының 85 процентіне тең болған.

Қалмақ түйесі басқа қос өркешті түйелердің тұқымын жақсар-тушы түқым болып орынды саналады. Қазақстанның Батыс аймағы жағдайында Қалмақ түйесінің бураларын қазақы інгендерімен шағылыстыру әдісін қолданады, мұның өзі түйенің салмағы



207

 

Қазақтың қос өркешті түйелері денесінің орташа өлшемдері, см



 

 

 



 

 



 

мен жүнін көбейтуде жақсы нәтижелер беріп келеді. Әсіресе белгілі “Ой, какой” линиясының буралары төлдің салмағын, жүнділігін көбейтті. Соңғы жылдары қалмақ түйелерінің таза тұқымдарын өсіру және асылдандыру жұмысы Астрахань облысының Ха-рабайлы және Приволжье аудандарының колхоздары мен совхоз-дарында жүргізіліп жатыр.

Қазіргі кезде Астрахань облысында бес мыңнан астам асыл тұқымды қалмақ түйесі бар, оның 1800-дейі інген.

Қазақтың қос өркешті түйесі барлық, түйе тұқымының ішінде көп өсірілетіні белгілі. Бұл түліктің тұқымы Қазақстан мен Орта Азияның шөл және шөлейт аймақтарында тараған. Қазақы түйелердің тұқымы 90 мыңнан астам және оның 80 мыңы өзіміздің республиканың үлесіне тиеді. Олар Батыс Қазақстан, Қы-зылорда, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының шөлейт жағдайларына жақсы бейімделген, аңызақ ыстыққа да, үскірік аязға да жақсы төзеді. Ңазіргі уақытта Қазақстанда түйелерді жұмыс көлігі ретінде ғана емес, сонымен қатар өнім малы ретіндө де кеңінен пайдаланады.

Таза қанды қазақы түйелердің дене бітімі тығыз, іргелі және пропорциялы, жалпақ және күшті, тік мойын, кеудесі терең, бұл-шық еттері жақсы жетілген, тұрқы сәл ұзындау, өркештерінің арақасы кең және жүні қою келеді.



Қазақтың қос өркешті түйесінің тұлғасы қалмақ түйелерінен кішірек болганмен жалпы салмағы олардан онша кем түспейді. Мәселен, қоңды кезінде інгендердің тірілей салмағы 500—550 кг, буралар 550—600 кг, ал кейде 1000 килограмға дейін жетеді. Олардың денесінің өлшемі климат жағдайына және азықтандыру мөлшеріне қарай өзгеріп отырады. Інгендер өркештерінің арасынан биіктігі 174,5—179,1 см, түрңының ұзындығы 147,9—156,6 см, кеуде орамы 226,1—238,4 см, табан сүйектерінің орамы 19,7— 21,3 см болады. Ең ірі түйелер Батыс Қазақстан, ал тұлғасы кішілері Маңғышлақ облыстарында өсіріледі. Бураларынан орта есеппен 8,5—10 кг, кейбіреулерінен 18 килограмға дейін, інгендерінен 5,5—6,0 кг және тайлақтарынан 3,5 килограмнан 5 килограмға дейін жүн түседі. Бұл тұқым жүні түбітінің нақты ұзындығы

208

Монгол түйелері деиесінің орташа өлшемдері, см

 

 

 

 



 

7,03-924 см, ал алынатын таза талшьщ 68—95 процентке дейін

барады.

Інгендерінен алғашқы жеті ай сауым маусымы ішінде орта есеппен 1200 кг сүт сауылады. Сүтінде орта есеппен 6,1 процент май, 3,8 процент белок, 4,9 процент сүт қанты болады. Қазақтың қос өркешті түйелерінің тұқымын жақсартудың негізгі әдісі — оның таза тұқымын өсіру болып табылады. Сондай-ақ кейбір өнімі аз інгендерді ірілендіру, салмағын, жүнділігін, күшін және әр түрлі жағдайларға төзімділігін арттыру үшін қалмақ түйесінің бурасын, ал сүттілігін көбейту үшін үлек пайдаланған тиімді.



Монғолдың қос өркешті түйесінің мекені ішкі Монғолия. Сол жақтан олар Россияға әкелініп, таралған. Қазіргі кезде бұл түйе түқымының Монғол Халық Республикасында 900 мыңға жуығы, ал ТМД-да Чита облысында және Тувада кеңінен өсіріледі. Монғол түйелері әсіресе солтүстіктің суығына да төзімді. Мысалы Тувада январь айындағы орташа температурасы 25—30°С суық болса, оның жоғарғы шегі 60 градусқа жетеді, ал июньдегі орташа температура 25—28°С, жоғарғы шегі 40°С. Өсімдіктің вегетациялық маусымы 160—170 күнге жетеді. ,

Монғол түйесі туралы алғашқы деректер орыс саяхатшысы Н. М. Прижевальскийдің “Монғолия Тунгуттардың мекені” атты кітабында жазылған. Бүл тұқым онша ірі емес, денесі тығыз, тұл-ғасы ұзындау. Басы жеңіл, мойны тік, көкірегі кең, сүйегі мықты. бұлшық еттері жақсы жетілген, жіліншектері түзу, табандары жалпақ жәнө күсті келеді. Тең артып, жүк тасуға өте қолайлы көлік.

Інгендері 450—550 кг, буралары 550—560 кг, кейбіреулері 750 килограмға дейін тартады. Боталардың туғандағы салмағы орта есеппен 41,2 кг болады, үш жарым жасқа толғанда олар енесі салмағының 84,3 процентіне жетеді. Монғолдың қос өркешті түйе-лерінің жүні қою және ұлпа болып келеді. Әр бурадан орта есеппен 8 килограмнан артық, әр інгеннен 5,2 кг жүн алынады. Чита облысында өсірілген салмақтары 730 кг тартқан, қоңдылығы жо-ғары буралардан 14—16 кг, інгендерінен 12—13 кг жүн қырқылды.

Сүттілігі өзге түйелерге қарағанда аздау, 18 айлық сауын мау-



жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау