Маканова А. Т



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
Дата08.11.2018
өлшемі0,51 Mb.
#18683


Маканова А. Т. 

Утешева З. А. 

Астана, 2016 



Орта мектеп оқушыларының ғылыми 

жобаларын ұйымдастыру және жүргізу 

қағидалары: мүмкіншіліктерді 

кеңейтеді ме, әлде шектейді ме? 


Әдебиетке шолу 

Жобалық оқыту дұрыс қисындап мазмұндалса және 

іске асырылса, кейбір деректердің көрсетуінше, 

дәстүрлі әдістерге қарағанда өзекті пәндердің 

идеяларын қорытуда, өмір бойы білім алуды сақтап 

қалуда, 21 ғасыр дағдыларын өрістеуде және 

оқушыларды түрлі тұжырымдарды жинақтау мен 

оларды түсіндіре алуға дайындауда тиімдірек бола 

алады.  (мысалы, Boaler, 1997; Strobel & van Barneveld, 

2008; Walker & Leary, 2008 в Lattimer & Riordan, 2011).  




Оған қоса, кейбір деректердің көрсетуінше, жобалық оқыту 

стандартталған тестілеу нәтижелерін жақсартуда және нашар 

оқушылармен жұмыс жасауда әлдеқайда жемісті бола алады 

(Geier, et al., 2008, Mergendoller, Maxwell, & Bellisimo, 2007; 

Lynch, Kuipers, Pyke, & Szesze, 2005 as cited in Lattimer & 

Riordan, 2011). 

 

Мектептегі оқыту өте пассивті: мұғалім оқытады, оқушы 



оқиды. Зерттеудің артықшылығы оның белсенділігінде, 

зерттеушінің өзіне бағытталғандығында, тіпті өте бір маңызды 

жетістікке жету сезімін беруінде. Ал бұл, әсіресе біздің 

компьютерлік ғасырда, өмір бойы оқудың нағыз моделі 

(Landreau, 2011). 



Жобалық оқытудың түрлі анықтамалары бойынша, бұл 

әдіс кеңейтілген зерттеу үрдісі арқылы оқушыларды 

өмірге жақын сұрақ пен мәселелерді шешуге 

ынталандыратындығын айтады (Lattimer & Riordan, 

2011). 

Жобалық оқыту әдісі көбінесе ынтымақтастық 



элементтерін сын тұрғысынан ойлау, қарым-

қатынастық дағдылар және пәнаралық оқытуды бірге 

қамтиды (Edutopia, 2008; Markham, Larmer, & Ravitz, 

2003; Thomas, 2000 as cited in Lattimer & Riordan, 2011). 




Жобалық оқыту әдісі «оқытудан» гөрі «жобаға» 

көбірек көңіл бөлінгенде өз құндылығын 

жоғалтады. Мұғалім баланың нені жасай алатынын 

оның не үйреніп қандай жаңалық аша алуынан 

жоғары қойса, Wiggins пен McTighe (2005) -нің 

айтуынша, ондай жоба «шара үшін жасалған шара» 

болып қалады (16 б.) (Lattimer & Riordan, 2011). 



 

Саясатты талдау:  

Құжаттың артықшылығы  

 

• Нақты құрылым (Ғылыми конкурсты ұйымдастыру және өткізу 

реті,  Зерттеу жұмысын рәсімдеудің талаптары, Мектеп 

оқушыларының зерттеу жұмыстарын бағалау критерийлері, 

Пәндер тізімі және т.б.) 

• Түсінуге оңай болатын тіл 

• Қабылдау үшін жеткілікті ақпарат көлемі (5 бет + 2 қосымша)  



Шектеулер 

• Жалпы сипаттама, пән бойынша дифференциацияға сай емес 

талаптар 

• Жаңалықтың талап етілуі 

• Ғылыми жобаны жасау кезіндегі щектеулер, мысалы «Бір ғылыми 

жобаны екі оқушыдан артық орындауға болмайды» (4 бет). 

• Пәндік тестілеу 

• Бағаланатын параметрлердің өлшемділігі 

 

 



 

Бағаланатын 

өлшем 

Бағалау негіздемесі 

1. Шығармашылық 

қабілеттілік 

Егер автор(лар) мәліметтерді талдаудың жаңа қондырғылар 

жасау немесе жаңа тәсілін қолдануда шығармашылық 

қабілеттілік танытса, жеке жоба үшін 20-25, командалық жоба 

үшін 15-20 балл қойылады. 

2. Ғылыми ойлау 

Жекелеген өлшемдердің әрбірі жеке жоба 3 балл және 

командалық жоба үшін 2,5 балл көлемінде командалық  

бағаланады. 



 

Бағаланатын 

өлшем 

Бағалау негіздемесі 

3. Қолданылған 

зерттеу 

әдістерінің 

тиімділігі 

5-10 жеке және 5-10 командалық. Егер зерттеудің бұрынғы 

(ескірген) әдістерін пайдаланылып, бірақ жаңа 

нәтиже шығарылса қойылады. 

4. Тақырыпты 

ашу дәрежесі 

(жете ашуы) 

1. жұмыс жоспарланған деңгейге дейін жеткізілген бе;  

3. қорытынды жекелеген экспериментке негізделген бе, 

әлде қайталанған ба;  




 

Бағаланатын 

өлшем 

Бағалау негіздемесі 

5. Шешендік 

шеберлігі, 

ұсынылатын 

материалдың 

сапасы, 


айқындылығы 

2. баяндамада жоба мазмұны қандай дәрежеде толық 

баяндалған (2 балл);  

5. жоба нәтижелері қаншалық айқын және нақты көрсетілген (1 

балл);  

6. жоба нәтижелерін стенд қаншалықты жақсы ұғындырады (2 

балл); 

6. Команда 



мүшелерінің 

үйлестіру деңгейі 

(тек командалық 

жұмыстар үшін) 

1. 

жалпы жұмыста әр қатысушының міндеттері қаншалықты 



айқын және нақты белгіленген

 (4 балла);  

2. команданың әр мүшесі команданың барлық жұмысымен 

қаншалықты таныс  (3 балл);  

3. аяқталған жұмыс команда мүшелерінің күш-жігер 

үйлесімдігін қаншалықты көрсетті (3 балл);  

5. берілген жобаны командамен орындаудың қажеттілігі 

қандай болды (3 балл) немесе бұл нәтижелерді жекелей алуға 

болатын ба еді (0 балл).  



Зерттеу қорытындылары: 

Ғылыми жобаның (ҒЖ) тақырыбын 

таңдау 

Зерттеудің барлық қатысушылары оқушылар жоба 

тақырыптарын мұғалімнің орынды (бағыттау, 

жетекшілік, мазмұндау) араласуымен өздерін 

қызықтырған салада таңдағандығын айтты. 



ҒЖ-ға қатысу себептері 

Оқушылар 

Мұғалімдер 

• Қызығу 

• Марапаттау 

• Мұғаліммен жақсы 

қарым-қатынас 

• Болашақта пайдасы тиюі 

(университетте)  

• Өз күшін байқап көру 

• Дарынды және ынталы 

оқушыларға қолдау 

көрсету 

• Өз кәсіби біліктілігін 

арттыру 

• Сыртқы факторлар 

(аттестация) 



ҒЖ-ға қатыспау себептері 

Оқушылар 

Мұғалімдер 

• Қызықпау 

• Уақыт тапшылығы  

• Басқа шаралардан қол босамауы 

(олимпиада, жарыстар) 

• Нақты бір пәнді таңдау 

қиыншылығы 

• Кейбір материалдардың қол жетімді 

болмауы (бағасы қымбат болуы, 

Қазақстандық нарықта болмауы)  

• Шамадан тыс менмендік 

• Өз құзыреттілігіне 

сенімсіздік 

• Жұмыстың көптігі 

• Жаңалық енгізудің 

қиындығы 

• Бұрынғы сәтсіз тәжірибе 

• Басқа мақсаттардың 

басымдылығы (емтиханға 

дайындау)  




ҒЖ-ға қатысудың артықшылықтары 

Барлық сауалнама қатысушылары ҒЖ-ға қатысудың келесі 

артықшылықтарын атады: 

• нақты бір пәнді тереңірек түсіну; 

• қарым-қатынас орнату, таныстырылым жүргізу, жұмыс уақытын тиімді 

қолдану, мәліметтерді жинау және өңдеу, академиялық жазу, әдебиетпен 

жұмыс жасау дағдыларының жақсаруы; 

• жауапкершілікті сезіну; 

• өзектілікті тұжырымдап білу; 

• түрлі ақпарат көздерімен танысу барысында нақты салада көбірек білім 

алу; 

• жоғары сыныпта және жоғары оқу орындарында оқуға дайындық.  



Зерттеудің тек бір қатысушысы ҒЖ-ға қатысудың ешбір 

артықшылықтарын атай алмады. 




Қиындықтар 

Оқушылар 

Мұғалімдер 

• Ғылыми әдебиет іздеп табу 

(әсіресе Қазақстандық 

мәнмәтінде) 

• Уақыт тапшылығы.  

 

Кейбір оқушылар жоба дайындау 



барысында ешбір қиындықтар 

кездестірмегенін айтты. 

• Керекті жабдықтар мен 

материалдардың жоқтығы 

• Уақыт тапшылығы 

• Ой-пікірмен келіспеушіліктер 

• Бюрократия 

• Шаршау 

• Оқушылардың шамадан тыс 

менмендігі 

• Жеке жинақы еместігі (мұғалімнің 

де, оқушының да) 




ҒЖ жетекшісінің рөлі 

Оқушылар өз ҒЖ жетекшілерінің әрқашан керекті 

қолдау көрсеткендерін, рухани қолдау көрсетіп 

мерзімді кеңес бергендерін, мәлімет табуға, керекті 

байланыс орнатуға және керекті материалдарды 

табуға көмектескендерін айтты. 

 

Дегенмен, кейбір сұхбат берушілер (оқушылар да, 



мұғалімдер де) кейде ҒЖ жетекшілері шектен тыс 

қамқорлық жасағандарын айтты. 




Ғылыми жобаға қойылған 

талаптар 

Оқушылар 

Мұғалімдер 

ҒЖ-ға қойылған талаптарға 

оқушылар оң бағасын берді. 

Аталған талаптар жиналған 

мәліметтерді жүйелі және түсінікті 

етіп ұйымдастыруға жәрдемін 

тигізгенін айтты. 

Дегенмен жұмыс көлеміне 

қойылған талаптарды артық деп 

баға берді. 

• Дисциплинирующие 

• Не соответствующие возрасту 

• Ограничивающие 

• Непомерные (количество 

представляемой документации и 

сопроводительного материала) 

• Не дифференцированные (по 

возрасту и по предмету) 

• Тестирование при выходе на 

республиканский уровень 




"Талаптар жіберілді және көбінесе пайдалы болды, себебі 

осындай жұмыстардың өзіндік бір қыр-сырыны бар, және әрбір 

конкурстың өз талаптары бар, ал талаптар бар кезде сен талапқа 

сай жазу керек екенін түсінесің, егер олар жоқ болған жағдайда, 

жұмыс істеу біртүрлі болар еді, өйткені балалар олардан не 

талап етіп жатқанын түсінеді" 

"Кейбір талаптар пайдалы болған жоқ, тіпті қажетсіз болды. Иә 

мен кіріспемен, абстрактпен келісемін. Алайда мәселе мәтіннің 

шрифтіне, мөлшеріне қатысты болған  кезде бұл аса маңызды 

емес сияқты. Ең бастысы тақырыпты ашу емес пе? Мәселенің 

нақты шешімін табу және тақырыбыңның өзекті болуы." 

 



Ғылыми жобаға қатысуды жалғастыру 

ынтасы 

Сауалнамаға қатысқан барлық оқушылар мен мұғалімдер алдағы 

уақытта осындай іс-шараларға қатысуға ынтасын білдірді. 

Оқушылар көбінесе  жаратылыстану пәндеріне (химия және 

биология) қызығушылық білдірді. 

"Мен балалардың бетін қайтаралмағандықтан, жетекшілікті 

жалғастырамын. Екіншіден, бұл - қызық, сен өзіңнің кәсіби 

шеберлігіңді жетілдіріп сабақта қолданасын... Болашақты 

болжағанды ұнатпаймын, алайда алдағы 3-4 жылда қатысуға 

жоспарым бар." 

"Біздің ойымызша, иә, мүмкін басқа да пәнедрде өзімізді сынап 

көреміз, бірақ бұл қатысуымыз нақты" 

 



 

Оқушылар мен мұғалімдердің ғылыми жұмыстарды 

ұйымдастыру бойынша ұсыныстары 

 

• ҒЖ жетекшілері мен төрешілерге арналған оқыту семинарларын өткізу 

• Талаптарды дифференциациялау, жаңарту және стандарттау 

• Сөйлеушілердің уақыт кестесін жасау  

• ҒЖ-ны қорғау кезінде тәеулсіз сарапшылардың болуы 

• «Жаңашылдық» критерийінің міндетті болмауы  

• ҒЖ-ны қорғаудың ашық түрде өтуі 

• Ресми тестілеуден бас тарту 

• Жобаны дайындауға ыңғайлырақ жағдайдың жасалуы (уақыт және жұмыс 

жасайтын орын) 

• ЖОО-мен тығыз жұмыс жасау 

• Мектеп деңгейінде қатысушыларды марапаттау (әрі оқушыларды, әрі 

мұғалімдерді) 

 



Әдебиеттер тізімі 

Hidden curriculum (2014, August 26). In S. Abbott (Ed.), The glossary of education reform. Retrieved from 

http://edglossary.org/hidden-curriculum

 

Klein, J. I., Taveras, S., Hope King, S. H., Commitante Curtis Bey, L., & Stripling, B. (2009). Project-based 



learning: Inspiring middle school students to engage in deep and active learning. Division of Teaching and 

Learning Office of Curriculum, Standards, and Academic Engagement. NYC Department of Education. New 

York

Landreau, J. (2011). Research: Why Wait till High School? Introducing Elementary Students to Research 

Skills Makes Their Learning More Active and Pays off by Deepening and Improving Their Abilities over 

Time. Phi Delta Kappan92(6), 55. 

Lattimer, H., & Riordan, R. (2011). Project-based learning engages students in meaningful work: Students at 

High Tech Middle engage in project-based learning. Middle School Journal43(2), 18-23. 

Mearns, T. L., Coyle, D., & de Graaff, R. (2014). Aspirations and assumptions: a researcher's account of pupil 

involvement in school-based research. International Journal of Research & Method in Education37(4), 442-

457. 

Van der Schee, J., & Rijborz, D. (2003). Coaching Students in Research Skills: a difficult task for 



teachers. European Journal of Teacher Education26(2), 229-237. 

Министерство Образования и Науки Республики Казахстан (2014). Правила организации и проведения 



республиканских конкурсов в научных проектов по общеобразовательным предметам. 

 

жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау