Махамбет Ґтемісов атындаєы Батыс Ќазаќстан


Дәріс 2. Тақырып: БИОСФЕРАНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ЛАСТАНУЫ



жүктеу 0,79 Mb.
бет6/12
Дата10.02.2018
өлшемі0,79 Mb.
#9184
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Дәріс 2.

Тақырып: БИОСФЕРАНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ЛАСТАНУЫ


Дәрістің мақсаты: Биосфераның химиялық ластануына жалпы сипаттама беру

Тірек сөздер: ластану, химиялық ластану, қалдықтар

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны

  1. Биосфераның ластану турлері

  2. Биосфераның химиялық ластануы

  3. Қоршаған ортаның өндіріс қалдықтарымен ластануы, олардың жіктелуі

  4. Қазақстан аумағының химиялық ластануы

Биосфераның ластануын локальды, региональды ж/е глобальды деп бөледі. Ластағыштардың түрлері өте көп: атмосфераға әр түрлі қосылыстармен қоспаларды лақтыру; сулы ортаға әр түрлі өнеркәсіптік ж/е өндірістік қалдықтарының, мұнай продуктлерінің түсуі, ландшафтардың мусормен ластануы, орман, шабындықтар, даланың, су қоймалардың пестицидтермен, минеральды тынайтқыштармен ластануы; радиацияның денгейінің көтерілуі; жылулықтың атмосферадағы жиналуы т.б. Адам мен экожүйелер үшін ең зиянды болып химиялық ластану болып келеді.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Биосфераның негізгі ластану турлері қандай?

  2. Биосфераның химиялық ластануының негіздері

  3. Қоршаған ортаның өндіріс қалдықтарымен ластануы және олардың жіктелуі қандай?

  4. Қазақстан аумағының химиялық ластануы

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: /1, 2, 17, 20, 21, 24, 25, 28, 31/.

Дәріс 3.

Тақырып: РАДИОБЕЛСЕНДІЛІІК – ЛАСТАНДЫРУШЫ ФАКТОР. ДИОКСИНДЕР


Дәрістің мақсаты: ластаушы факторлар радиобелсенділікпен таныстыру, диоксиндердің химиясымен таныстыру

Тірек сөздер: радиобелсенділік, радионуклидтер; диоксиндер, полихлорланған дибензодиоксиндер, полихлорланған дибензофурандар

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны

  1. Зымыран – ғарыштық техникасының әсер астында Қоршаған ортаның химиялық ластануы

  2. Радиоактивтілік – ластандырушы фактор ретінде

  3. Радиоактивтіліктін түрлері

  4. Радиоактивті қалдықтар

  5. Қазақстан территориясының радиоактивті ластануы

  6. Диоксиндердің салыстырмалы химиясы

  7. Диоксиндердің физика-химиялық, биологиялық қасиеттері

  8. Диоксиндердің алынуы

  9. Диоксиндерге ластаушы фактор ретінде сипаттама

  10. Диоксиндердің токсикалығы

Зымыран – ғарыштық техникасы – Қ. ортаға тигізілетін антропогендік әсердің бір басты көзі ретінде саналады. Оның өзгішілігі – ол Жердің барлық геосфераларына әсер тигізеді, ж/е Қ. ортаға әсері - әр түрлі: акустикалық, жылулық, механикалық, химиялық, электромагниттік, радиоактивті.

Радиоактивтілік – қоршаған ортаның ерекше ластаушы түрі - кейбір химиялық элементтердің ж/е олардың изотоптарының атом ядроларының өздігінен иондаушы сәуле шығарып, ыдырауы. Радиоактивтіліктің түрлері: табиғи ж/е жасанды.

Диоксиндер мен фурандар химиялық, целлюлоза-қағаз, металлургия ж/е өнеркәсіптің басқа да салаларының қосымша ластағыш заттары болып табылады. Олар сондай-ақ өнеркәсіптік ж/е тұрмыстық қоқысты, қорғасын қосылыстары бар бензинді, қозғалтқыш отынын ж/е т.б. жаққан кезде түзіледі. Өте тұрақты қосылыс болғандықтан /топырақтағы жартылай ыдырау кезеңі шамамен 10 жыл/ диоксиндер топырақта, өсімдікте, жануарда ж/е адамнында организмінде жиналады. Қоршаған ортаға өнеркәсібі дамыған елдерде диоксиндер едәуір мөлшерде шығарылады.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Зымыран – ғарыштық техникасының әсер астында Қоршаған ортаның химиялық ластануы қандай?

  2. Радиоактивтілікке – ластандырушы фактор ретінде сипаттама берініз

  3. Радиоактивтіліктін түрлері қандай?

  4. Радиоактивті қалдықтарға сипаттама берініз

  5. Қазақстан территориясының радиоактивті ластануы қандай?

  6. Диоксиндердің физика-химиялық, биологиялық қасиеттері қандай?

  7. Диоксиндердің алыну жолдары қандай?

  8. Диоксиндерге ластаушы фактор ретінде сипаттама берініз

  9. Диоксиндердің токсикалығы қандай

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: /1, 24, 30/.

Дәріс 4.

Тақырып: ПЕСТИЦИДТЕР. АУЫР МЕТАЛДАР


Дәрістің мақсаты: пестицидтерге сипаттама беру; ауыр металдардың химиясымен таныстыру

Тірек сөздер: пестицидтер, гербицидтер, инсектицидтер, фунгицидтер т.б.; ауыр металдар, ауыр металдармен ластану

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны

  1. Пестицидтер туралы түсінік

  2. Пестицидтердің жіктелуі

  3. Пестицидтердің тірі организмдерге әсер ету жолдары мен механизмі

  4. Пестицидтердің токсикалығы

  5. Пестицидтермен Қазақстан территориясының ластануы

  6. Ауыр металдардың қасиеттері, жіктелуі

  7. Ауыр металдардың сыртқы ортаға түсу жолдары

  8. Техногенді көздері

  9. Ауыр металдардың негізгі геосфералардағы миграциясы

  10. Қазақстан территориясының ауыр металдармен ластануы

Қазіргі кезде дүние жүзінде тіркелген пестицидтердің саны 1500 атаудан асты. Пестицидтер қолданылған жерінен едәуір қашықтыққа таралады. Олардың көбі топырақта ұзақ уақыт /ДДТ-ның жартылай ыдырау кезеңі – 10 жыл, диэлдрин – 20 жыл/ сақталады. Фунгицидтер мен инсектицидтердің 98-ты, гербицидтердің 60-95-ты жоятын объектілерге жетпей, атмосфераға, жер бетіндегі тіршілік тобына, топыраққа, тұшы суқоймаларға, мұхитқа түсетіні анықталды. Әсіресе құрамында хлоры бар пестицидтер /ДДТ, гексахлоран, диоксин т.б./ өте улылығымен, биологиялық белсенділігімен, қоректік тізбікте өзінің шоғырлануын арттыру ж/е жиналу қасиетімен ерекшеленеді.

Өмір сүру үшін өте қажетті ауыр металдардың өзі концентрациясы артық болып кеткен жағдайда адамға қауіпті болып саналады. Адам денсаулығына қауіптілік дәрежесі бойынша ауыр металдар 3 класқа бөлінеді. Ортаға металдардың ену жолдары әр түрлі /металл бөлшектерді жоңқалау, коррозия, іштен жанатын қозғалтқыштардың, жылу энергетикасы қондырғыларының, т.б. шығарындылары/; олар, негізінен, терең жер қабатынаң алуынуы ж/е жер бетінде таралуы арқылы жиналады. Бұл орайда антропогендік химиялық реакция нәтижесінде табиғи қосылыстардаң металдардың босауының үлесі шамалы.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Пестицидтер туралы түсінік берініз

  2. Пестицидтердің жіктелуі неге байланысты?

  3. Пестицидтердің тірі организмдерге әсер ету жолдары мен механизмдері қандай?

  4. Пестицидтердің токсикалығы немен анықталады?

  5. Пестицидтермен Қазақстан территориясының ластануының негіздері

  6. Ауыр металдардың биогеохимиялық қасиеттеріне сипаттама берініз

  7. Ауыр металдардың жіктелуі неге байланысты

  8. Ауыр металдардың сыртқы ортаға түсудің табиғи және техногенді көздерін анықтаныз

  9. Ауыр металдардың негізгі геосфераларға түсу және миграция жолдары қандай?

  10. Қазақстан территориясының ауыр металдармен ластану денгейіне баға берініз

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: /1, 24/.


жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау