Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-шілдедегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»



жүктеу 132,5 Kb.
Дата11.01.2020
өлшемі132,5 Kb.
#26229
түріБағдарламасы

Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-шілдедегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты 2014 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ басым және стратегиялық мемлекеттік, салалық бағдарламаларға сәйкес құралды. Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасуда.

Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 2015 жылдың қаңтар-шілдесінде қолданыстағы бағада 890,5 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 97,4% құрады.

Болмашы өсім – облыстағы өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінде үлесі 89,3% құрайтын кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игерудегі төмен НКИ-мен (97,1%) байланысты болды (794,8 млрд. теңге). Мұнай-газ саласының 15%-ын қамтитын техникалық қызметтердің (немесе сервистік қызметтер – бұрғылаудың, ұңғымаларды күрделі жөндеудің) 20,8%-ға төмендеуі байқалады (2015 жылдың қаңтар-шілдесінде – 129,8 млрд. теңге, НКИ – 79,2%).

Мұнай өндіру 100%, өндіріс көлемі – 10,7 млн. тонна деңгейінде қалуда. Табиғи газ өндіру 17,8%-ға артты (1 376,9 млн. текше метр).

Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінде (саланың үлесі – 5,4%) 48,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі (НКИ) 99,4% құрады.



Машина жасауда(«Каскор-Машзавод» АҚ, «Каспий маңы машина жасау кешені» ЖШС) НКИ-нің 18%-ға төмендеуі байқалады, бұл – өңірдің машина жасау саласы кәсіпорындарының өндіру және мұнай кәсіпшілігінің жабдығын жөндеу және орнату бойынша қызметтер көлемін төмендетуіне байланысты болды.

Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісінде – 1,4 есе, резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісінде – 12,2%-ға, тері және оған қатысты бұйымдар өндірісінде – 11,7%-ға, азық-түлік өнімдерінің өндірісінде – 16,8%-ға, химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісінде – 7,2%-ға өсу байқалады.

«Сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинақтауды және бөлуді бақылау» саласында 10,7 млрд. теңге көлемінде немесе 2014 жылдың тиісті деңгейіне қарағанда 7,9%-ға көп өнім шығарылды.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда НКИ – 101,3%, өндіру көлемі – 36,7 млрд. теңгені құрады.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2015 жылдың қаңтар-шілдесінде 231,7 млрд. теңгені құрады немесе 2014 жылдың тиісті кезеңіне 80%.

Төмендеу негізінен кен өндіру өнеркәсібіне салынатын инвестициялардың (дәлірек айтқанда, машиналар мен жабдыққа, барлауға және өндіруге арналған шығындардың) төмендеуімен байланысты.

Индустрияландырудың екінші бесжылдығының аясында 162,9 млрд. теңге сомасына 6,2 мыңнан аса жұмыс орны құрылатын 21-ден астам инвестициялық жобаны іске асыру көзделуде.

Ағымдағы жылы 100,6 млрд. теңге жалпы сомасына шамамен 850 жұмыс орны құрылатын 16 жобаны пайдалануға беру жоспарлануда.

Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында 5,4 млрд. теңге сомасына және жаңадан 274 жұмыс орнын құрумен 3 жоба («КУДУ Индастриз Қазақстан» ЖШС, «Қарақұдықмұнай» ЖШС, «Sofie Medgroup» көп бейінді клиникасы» ЖШС) пайдалануға берілді.

Ағымдағы жылдың соңына дейін мына жобаларды іске асыру көздестірілген:

1. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ – «Шетпе-Бейнеу» автомобиль жолын реконструкциялау. Құны – 46,4 млрд. теңге. Жұмыс орындары – 10;

2. «Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы» ЖШС – Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту жобасын іске асыру. Құрғақ жүк тиеу айлақтары және инфрақұрылым объектілері. Құны – 37,5 млрд. теңге. Қуаттылығы – 2,5 млн. тонна құрғақ жүк. Жұмыс орындары – 173;

3. «Бозашы Оперейтинг ЛТД» КФ – №31 топтық өлшеу қондырғысын салу. Құны – 2077 млн. теңге. Қуаттылығы – 2400 м3/тәулік. Жұмыс орындары – 8;

4. «Медикал Фарм Ча-Кур» ЖШС – сұйық дәрілік формалар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар шығару бойынша фармацевтикалық кешен. Құны – 1668 млн. теңге. Қуаттылығы – 20 млн. бума инфузиялық дәрілік құралдар. Жұмыс орындары – 29;

5. «ДСК-Ақтау» ЖШС – үй құрылысы комбинатын салу. Құны – 1 580 млн. теңге. Қуаттылығы – 300000 м2. Жұмыс орындары – 68;

6. «Маерск Ойл Қазақстан Гмбх» КФ – теңіз суын жинау станциясы және теңіз суының құбыржолы. Құны – 1 499 млн. теңге. Қуаттылығы – жылына 3,5 млн. текше метр. Жұмыс орындары – 5;

7. «Азерсун өндіріс және логистика орталығы» ЖШС – азық-түлік тауарларын сақтауға арналған қоймалық орынжайлар құру. Құны – 1,5 млрд. теңге. Жұмыс орындары – 40;

8. «Берекет-Ф» ЖШС – Нан, кондитер, макарон, шұжық өнімдерін, ет жартылай фабрикаттарын, ауыз су өндіретін «Ақ нан-Маңғыстау» зауыты. Құны – 828 млн. теңге. Қуаттылығы – тәулігіне 25 тонна. Жұмыс орындары – 80;

9. «ТасболатОйлКорпорейшн» ЖШС – электрлік қуаттылығы 2х1819 кВт газ поршеньді электр станциясы. Құны – 825,9 млн. теңге. Қуаттылығы – 22 мың МВт. Жұмыс орындары – 4;

10. «Ақтау трансформатор зауыты» ЖШС – электр қалқан жабдығын өндіру және 6-10-35 кВ қуаттық трансформаторларын жөндеу. Құны – 600 млн. теңге. Қуаттылығы – жылына 1000 дана. Жұмыс орындары – 60;

11. «Шыны-пластикалық құбырлар зауыты» ЖШС – шыны-пластикалық құбырлар мен фитингтер өндіретін 3-цехтың құрылысы. Құны – 568 млн. теңге. Қуаттылығы – жылына 260 км. Жұмыс орындары – 50;

12. «Достық Полимер» ЖШС – полимерлік бума өндіретін зауыт салу. Құны – 191,9 млн. теңге. Қуаттылығы – жылына 380 тонна полимерлік бума. Жұмыс орындары – 32;

13. «Атамекен» ЖШС – әк ұнының өндірісі. Құны – 52 млн. теңге. Қуаттылығы – жылына 7,2 мың тонна. Жұмыс орындары – 20.



Құрылыс жұмыстарының көлемі 2015 жылдың қаңтар-шілдесінде 77,5 млрд. теңгені немесе 2014 жылдың тиісті кезеңіне 94,5% құрады.

Негізгі себеп – жұмыстардың ірі көлемі өткен жылы «Жезқазған-Бейнеу» темір жолын салу есебінен қамтамасыз етілгеніне, сондай-ақ «Бейнеу-Шалқар» автомобиль жолындағы құрылысқа байланысты құрылыстағы көлемнің төмендеуі.

Жалпы ауданы 350 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2014 жылдың осындай деңгейінен 0,4%-ға аз. (2014 жылдың қаңтар-шілдесінде – 351,2 мың шаршы метр). Негізгі көлем қарыз алушылардың меншікті қаражатына келеді.

Облыстың бәсекеге қабілетті артықшылықтарын есепке ала отырып, облыс экономикасының мынадай өсу резервтері айқындалды: мұнай-газ өндіру секторын одан әрі дамыту (іздестіру, барлау жүргізу және жұмыс істеп тұрған кен орындарын жете барлау, жұмыс істеп тұрған кен орындарының тиімділігін көтеру, мұнай сервистік кластерді дамыту), облыстың транзиттік әлеуетін дамыту (көлік пен логистика), құрылыс индустриясы мен туризмді дамыту («Кендірлі» курортты демалыс аймағы).



«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өндірістермен толықтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге АЭА аумағында 2014 жылы пайдалануға берілген: «КИС-Ақтау» индустриялық құрылыс комбинаты, жол-құрылыс материалдарын шығаратын «КаспийТасжол» зауыты, «Каспиопласт» ЖШС-нің төмен қысымды құбырлар өндірісі және «KazTrub-Industries» ЖШС-нің құбырлар мен пластмасса бұйымдар өндірісі атты 4 жобаны есепке алғанда, 9 кәсіпорын жұмыс істеп тұр.

2015 жылы 5 жобаны пайдалануға беру жоспарланған.

АЭА-ның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында, «Ақтау Ойл Маш» ЖШС аумақты инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде. Бүгінге №3 және №1 кіші аймақтар инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. № 1 (қосымша учаске), № 2 және №4 кіші аймақтардың инженерлік инфрақұрылымын салуға ЖСҚ әзірлеу жүргізілуде.

Көлік инфрақұрылымын дамыту тұрғысында, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Боржақты-Ерсай» темір жол желісінің құрылысы аяқталды. Жалпыұлттық телекөпір барысында Мемлект басшысының қатысуымен осы объект бойынша пойыздардың жұмыс бабындағы қозғалысы ашылды. Пайдалану кезінде 60 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда. Келесі жылдары осы желі бойынша жылына 8,0 млн. тоннаға дейін жүк тасымалданады деп күтілуде.

Азия даму банкінің қарыз қаражатын тарту арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен «Ақтау-Бейнеу-Атырау» автожолын реконструкциялау жобасы іске асырылуда. «Шетпе-Бейнеу» автомобиль жолының 6 учаскесінің 4 учаскесінде (200 км.) реконструкциялау бойынша жұмыстар аяқталып, тағы 2 учаскені (100 км.) осы жылдың аяғында аяқтау жоспарлануда. «Шетпе-Жетібай-Ақтау» автомобиль жолын реконструкциялау бойынша жұмыстар басталды.

Құрық портында «Қазақстан Темір Жол» ҰК» АҚ-ның темір жол паромының құрылысы жүргізілуде. Паром кешенінің жоспарланған қуаттылығы – жылына 3,6 млн. тонна әмбебап жүк-жолаушы паромдарын пайдалану.

Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту жөніндегі жобаның аясында жаңа айлақтарды, контейнерлік алаңдарды және астық терминалын салу бойынша жұмыстар аяқталды. Нәтижесінде қуаттылықтар өсіп, Ақтау порты Түркия, Кавказ, Иран, Парсы шығанағының елдері және Үндістан бағытында экспортқа бағдарланған өнім мен транзиттік жүктер тасымалданатын логистикалық хаб ретінде қалыптасатын болады.

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салуға, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеуге және күтіп-ұстауға, сондай-ақ ЖСҚ-ын әзірлеуге республикалық және облыстық бюджеттердің қаражатынан 2015 жылы 7,7 млрд. теңге бөлінді.

«Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш» автожолының және Ақтау-Қаламқас автомобиль жолының «Ақтау-Ақшұқыр» және «Ақтау-С. Шапағатов» облысішілік бағыты бойынша автопавильондардың (13 бірлік аялдама, 14-26 километр учаскесінде) құрылысы, «Шетпе-Қызан» автожолын реконструкциялау (21-49 км учаскесі) жүргізілуде.

«Ақтау-Қаламқас» автожолының 101 және 104 километрін күрделі жөндеу (жолдарды су шайып кетуіне байланысты) және «Ақтау-Қаламқас» автожолын орташа жөндеу (10-43 км) аяқталды.

«Ақтау-Құйылыс» (7-19 км), «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43 километріне дейін» (43-75 км) автожолдарын күрделі жөндеу, «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43 километріне дейін» (75-122 км) және «Ақтау-Қаламқас» (43-89 км) автожолдарын орташа жөндеу жалғасуда.

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы Батыс Қазақстанды жағажай туризімінің орталығы ретінде, оның ішінде Кендірлі курортты демалыс аймағын дамытуды көздейді. Кендірлі туристік аймағын дамытудың жүйелі жоспары әзірленіп, бекітілді. Курортты аймақты дамытуға инвесторлар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

«Кендірлі» курортты демалыс аймағының сыртқы инфрақұрылымын салу аясындағы автомобиль жолының құрылысына жергілікті бюджеттен 50,0 млн. теңге бөлінді. Конкурс жарияланды. Объект 2016 жылға өтеді.

Тұтыну бағалары мен тарифтердің индексі ағымдағы жылдың шілдесінде 2014 жылдың желтоқсанына 102,3% (ҚР бойынша – 101,5%), оның ішінде азық-түлік тауарларына – 101,2% (ҚР бойынша – 101,1%), азық-түлік емес тауарларға – 101,3% (ҚР бойынша – 100,9%), ақылы қызметтерге – 104,6% (ҚР бойынша – 102,6%) құрады. Инфляция өсуінің негізгі себебі – ақылы қызметтердің (тұрғын үйді жалға алуға жалдау ақысының, көрсетілетін қызметтер саласындағы бағалардың) өсуі. Азық-түлік тауарлары бойынша бағалар тұрақты.



Бөлшек тауар айналымының көлемі 2015 жылдың қаңтар-шілдесінде 68,5 млрд. теңгені құрады немесе 2014 жылдың қаңтар-маусымына қарағанда 5,7%-ға артық.

Сыртқы сауда айналымы 2015 жылдың қаңтар-шілдесінде 2 819,3 млн. АҚШ долларын, немесе 2014 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 51,1%, оның ішінде тауарларды экспорттау – 2 524,9 млн. АҚШ долларын (48,2%), импорт – 294,47 млн. АҚШ долларын (105,3%) құрады. Сыртқы сауда айналымының сальдосы 2 230,4 млн. АҚШ долларын құрады.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 5352,4 млн. теңгені құрады. 2014 жылдың тиісті кезеңіне нақты көлем индексі – 103,6%. Қой мен ешкі басының – 0,8%-ға (549,7 мың бас), түйе басының – 2,9%-ға (56,9 мың бас) өскені байқалады.

Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 1.07.2015 жылға 46,7 мың бірлікті құрады немесе 2014 жылдың осындай датасымен салыстырғанда 7,8%-ға артты.

Барлық меншік нысанындағы микрокредит ұйымдары ағымдағы жылдың қаңтар-шілдесінде 371,2 млн. теңге сомасына 130 микрокредит беріп, 206 жұмыс орны құрылды. Оның ішінде, «Каспий» МҚҰ» ЖШС 116,56 млн. теңге жалпы сомасына 37 микрокредит және Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 254,6 млн. теңге сомасына 93 микрокредит берді.

Екінші деңгейдегі банктер ағымдағы жылдың қаңтар-шілдесінде шағын бизнес субъектілеріне 4983,6 млн. теңге көлемінде кредиттік ресурстар берді, бұл – өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 32,1%-ға аз.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру аясында, ӨҮК отырыстарында 3 220,7 млн. теңге жалпы сомасына 36 жоба, оның ішінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 3 182,2 млн. теңге жалпы сомасына 20 жоба; кредиттерді кепілдендіру бойынша 334,6 млн. теңге жалпы сомасына 14 жоба (оның ішінде, мемлекеттік қолдау сомасы – тиісінше 103,1 млн. теңге және 20,6 млн. теңге); жетіспейтін ифнрақұрылымды жеткізу бойынша 994,6 млн. теңге жалпы сомасына 2 жоба (инфрақұрылым құны – 17,9 млн. теңге) мақұлданды.

Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саласында, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуын есепке алғанда 2015 жылдың қаңтар-шілдесінде облыс бойынша 15589 жұмыс орны құрылды (2014 жылдың осындай кезеңінде – 16969 жұмыс орны). Оның ішінде, қалалар мен аудандардың әкімдіктері халықтың нысаналы топтары үшін 1073 әлеуметтік жұмыс орнын құрып, жоғары оқу орындарының 942 түлегін жастар практикасына тартты.

Есепті кезеңде жұмыспен қамту органдарының еңбек делдалдығына 9626 адам өтініш білдірді. Әлеуметтік қорғау шараларымен 7320 адам қамтылып, оның ішінде 3754 адам жұмысқа орналастырылды, 2058 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды.



Жалпы жұмыссыздық деңгейі 2015 жылдың 1 тоқсанында (ашық еңбек рыногында) 5,2%-ды құрап (2014 жылдың 1 тоқсанында – 5,4%), оның ішінде жастар жұмыссыздығының деңгейі 6,8%-дан 3,8%-ға дейін төмендеді.

Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2015 жылдың 2 тоқсанында 217 327 теңгені құрады, бұл – 2014 жылдың осындай кезеңінен 5,9%-ға жоғары.



Мемлекеттік бюджетке (Ұлттық қорды есепке алмағанда) 2015 жылдың қаңтар-шілдесінде 158,8млрд. теңге немесе болжамға 97,5%, оның ішінде республикалық бюджетке – 96,5 млрд. теңге (болжамға – 95,2%), жергілікті бюджетке – 62,3 млрд. теңге (болжамға – 101,5%) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.

Облыстың 2015 жылға арналған нақтыланған бюджеті 155,2 млрд. теңгені құрайды. Бюджеттің кірістер бойынша атқарылуы жоспарға – 96,5%, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша – 92,6% құрады.

Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамыту тұрғысында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында ҚР Ұлттық қорынан Ақтау қаласының инженерлік желілерін (жоғары аймақтың жылу желілерін, 2-кезек) салуға және реконструкциялауға, Ақтау қаласының жаңа шағын аудандарының (16, 17, 19, 19а, 30, 31, 32, 32 а, 33, 34а, 35) канализациялық тарату желілерін салуға 1997,9 млн. теңге бөлінді.

Көрсетілген жобаларды іске асыру нәтижесінде ағымдағы жылы ұзақтығы 10,5 км жылумен жабдықтау желілерін реконструкциялау және ұзақтығы 23,2 км канализация желілерін салу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.



«Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында Мұнайлы ауданының Батыр ауылдық округінде 0,4 кВ электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы мен Ақтау қаласы 33 "Аққу" шағын ауданының жол бойындағы аумақтарын абаттандыру (шағын ауданішілік автомобиль жолдары, жаяу жүргіншілер аймағы және тротуарлар) жүргізілуде. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 872,3 млн. теңге бөлінді.

Облыстың елді мекендерін сумен жабдықтауды жақсарту мақсатында, 2014 жылдан өтетін 11 объектіні ағымдағы жылы одан әрі іске асыруға – 6,9 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 4,97 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 1,93 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде, 8 объект бойынша жұмыстар ағымдағы жылдың соңында аяқталып, пайдалануға берілетін болады. 3 объект 2016 жылға өтеді.

Облыстың ауылдарында мына жобаларды іске асыру: Бейнеу ауданында поселкеішілік су құбырын (1-3 учаскелер), Түпқараған ауданының С. Шапағатов ауылында поселкешілік су құбыры мен резервуар, Мұнайлы ауданының Дәулет ауылдық округінде сумен жабдықтау желілерін (2015 жылы аяқталады), Бейнеу ауданының Бейнеу ауылында су тазарту құрылыстарын, Қарақия ауданының Мұнайшы ауылында, Жетібай станциясында және Жетібай ауылында су құбырларының жетіспейтін желілерін салу (2016 жылға өтетін объектілер) жүргізілуде.

Ақтау қаласының сумен жабдықтау және су бұру желілерін (№ 1, 3А, 4, 5, 6, 7, 8, 14, 15, 22, 23 шағын аудандардағы су құбырлары желілерін) жаңғырту, №3, 3А, 3Б, 4, 5, 7, 8, 9, 11, 12 шағын аудандағы өздігінен ағатын канализациялық желілерді, №12 жолдың бойындағы өздігінен ағатын коллекторды және №1А, 2, 5, 10 КСС-ның арынды коллекторларын жаңғырту жалғасуда.



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын қайта жаңғырту бөлігінде облыстың көп пәтерлік тұрғын үйлерін күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен 2015 жылы 204,5 млн. теңге бөлінді. Осы сомаға Ақтау қаласының көп пәтерлік 3 тұрғын үйіне күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда. Қазіргі кезде дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан басқа, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылай қолдау бөлігінде жергілікті бюджеттен 2015 жылға облыстың ауылдарын жайластыру бойынша 55 жобаны іске асыруға 302,2 млн. теңге көздестіріліп, оның ішінде бүгінгі күнге 20 жоба басталды.



Білім беру. Білім беруге арналған шығыстар 2015 жылға 45,7 млрд. теңгені құрайды (2014 жылға қарағанда өсімі – 8%). 1.08.2015 жылға 26 млрд. теңге игерілді.

Білім беру объектілерін дамытуға 2015 жылы – 7,6 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 4,1 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 3,5 млрд. теңге көздестірілді. Ағымдағы жылдың басынан бері 445 орындық 3 мемлекеттік балалар мекемесі және 375 орындық 6 жеке меншік балабақша пайдалануға берілді.

2015 жылы аяқталатын 2590 орындық 11 балабақшаның, оның ішінде: Жаңаөзен қаласының Мерей, Арай, Астана шағын аудандары мен Қызылсай ауылында әрқайсысы 320 орындық 4 балабақшаның, Ақтау қаласында 280 орындық балабақшаның, Бейнеу ауылында әрқайсысысы 140 орындық 2 балабақшаның, Мұнайлы ауданының Атамекен және Дәулет ауылдарында әрқайсысы 280 орындық 2 балабақшаның, Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласында 140 орындық, Қызылөзен ауылында 50 орындық балабақшаның құрылысы жүргізілуде. «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында Қарақия ауданының Жетібай ауылында 280 орындық балабақшаның құрылысы 2015 жылы басталды.

Үш ауысыммен оқытатын мектептерді жою мақсатында, Форт-Шевченко қаласында 550 орындық мектеп-интернаттың және Атамекен ауылында 1200 орындық орта мектептің құрылысы жүргізілуде. Бұдан басқа, «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында Бейнеу ауылында 900 орта мектептің құрылысы 2015 жылы басталды.

Авариялық мектептерді жою мақсатында, Қарақия ауданының Құланды ауылы мен Жетібай станциясында 2015 жылы аяқталатын әрқайсысы 624 орындық 2 орта мектептің құрылысы республикалық бюджет қаражаты есебінен жалғасуда.

7 білім беру объектісін күрделі жөндеуге жергілікті бюджеттен 1,6 млрд. теңге бөлінді.

ҰБТ-ге қатысқан оқушылардың саны 2736 адамды немесе түлектердің жалпы санының 65,3%-ын құрады (2014 жылы – 2507 немесе 58%). Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалардың 71 қатысушысы ҰБТ-ден босатылды (2013 жылы – 46). ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 19,4-ті құрады (2014 жылы – 74,5). Білімінің «Алтын белгіге» сай екенін растаған оқушылар саны – 46 оқушы (2014 жылы – 40).

Денсаулық сақтау. Денсаулық сақтауға арналған шығыстар 2015 жылға 18,1 млрд. теңгені құрайды (2014 жылмен салыстырғанда өсімі – 9,8%). 1.08.2015 жылға 10,1 млрд. теңге игерілді.

Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 2015 жылы – 1,8 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 0,6 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 1,2 млрд. теңге көздестірілді. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға жергілікті бюджеттен 0,680 млрд. теңге бөлінді.

Республикалық бюджет қаражатының есебінен Ақтау қаласында 150 орындық Өңірлік ана мен баланы қорғау орталығының құрылысы басталды.

Жергілікті бюджет қаражатының есебінен 7 дәрігерлік амбулаторияның, оның ішінде Маңғыстау ауданының Үштаған, Қызан және Жыңғылды ауылдарында, Қарақия ауданының Мұнайшы ауылында және Мұнайлы ауданының Батыр ауылында ауысымына 40 келушіге арналған 5 дәрігерлік амбулаторияның, Қарақия ауданының Құланды ауылында және Өмірзақ ауылында (Ақтау қаласы) ауысымына 25 келушіге арналған 2 дәрігерлік амбулаторияның, сондай-ақ Бейнеу ауданының Есет ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы жүргізілуде.

Балалар өлімінің деңгейі 2015 жылдың қаңтар-шілдесінде 1000 тірі туылғандарға шаққанда 10,3-тен 11,2-ге дейін артты. Ана өлімінің 1 жағдайы тіркелді (2014 жылдың қаңтар-шілдесінде – 2 жағдай).

Туберкулезбен ауыру 2014 жылғы қаңтар-шілдедегі 100 мың халыққа шаққандағы 37,4-тен 2015 жылғы қаңтар-шілдеде 40,1-ге дейін артты.



Моноқалаларды дамыту бағдарламасының аясында ағымдағы жылы 1,3 млрд. теңге, оның ішінде экономиканы әртараптандыруға және шағын және орта бизнесті дамытуға – 357,6 млн. теңге, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға – 908,6 млн. теңге бөлінді.

Бүгінге жаңа өндірістер құруға 5 млн. теңге сомасында 2 грант бөлініп, 530,9 млн. теңге жалпы сомасына 9 жоба субсидияланды. Жаңаөзен қаласындағы өндірістік алаңға дейінгі кіреберіс автожолың құрылысы аяқталып, Жаңаөзен қаласының қалашілік автомобиль жолдарының құрылысы мен «Шаңырақ» шағын ауданының аулаішілік көшелерін абаттандыру жүргізілуде.



Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыруға ағымдағы жылы – 6,3 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 3,1 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 2,7 млрд. теңге, «Өзенмұнайгаз» АҚ қаражатының есебінен – 500,0 млн. теңге бөлінді.

Бүгінге қорғаныс істері жөніндегі ғимараттың құрылысы; «Мамыр» шағын ауданының автомобиль жолдарының құрылысы; Маңғыстау көшесі бойынша жарықтандыру желілерін реконструкциялау аяқталып; әрқайсысы 320 орындық 4 балабақшаның құрылысы; шағын ЖЭО-ға ауыстыру арқылы орталық қазандықты реконструкциялау және кеңейту (4-кезең); «Жұлдыз» және «Мерей» шағын аудандарындағы сумен жабдықтаудың тарату желілерінің құрылысы; еділ суын тәулігіне 30 мың текше метрге дейін ауыз су сапасына дейін жеткізіп дайындау үшін су тазарту құрылыстарын салу; Жаңаөзен қаласындағы 50 төсек-орындық стационары бар медициналық емдеу орталығының (емхананың) құрылысы; 5 спорт құрылысын және 5 аулалық алаңқайды салу жүргізілуде және қалалық аурухананың терапевтік корпусының және «Кендірлі» курортты демалыс аймағының ұзақтығы 2,2 км автожолының құрылысы басталды.



«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының «Инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» атты бірінші бағытының аясында 2015 жылға – 474,1 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 416,4 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 57,7 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді.

Осы қаражаттың есебінен облыстың ауылдық елді мекендерінде коммуналдық-инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін абаттандыру, реконструкциялау, күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша 185 жұмыс орнын құрумен 44 жоба іске асырылуда.

Тірек ауылдық елді мекендердің (Түпқараған ауданының Ақшұқыр, Бейнеу ауданының Ақжігіт және Боранқұл, Маңғыстау ауданының Сайөтес және Жыңғылды, Қарақия ауданының Жетібай ауылдарының) және аудан орталықтарының (Бейнеу, Құрық, Маңғыстау, Шетпе ауылдарының) 2014-2018 жылдарға арналған кешенді даму жоспарларын, Маңғыстау облысының шекара маңындағы аудандарын (Бейнеу ауданының Сам және Ақжігіт, Қарақия ауданының Болашақ ауылдарын) дамыту жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруды жалғасуда.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасына сәйкес, Түпқараған ауданының Форт-Шевченко шағын қаласының кешенді даму жоспарын әзірлеу жүргізілуде.





жүктеу 132,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау