Маемиров Асхат Максимұлының 6D041600 – Өнертану мамандығы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған «Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық (1991-2015)» атты диссертациясына пікір



жүктеу 80,51 Kb.
Дата10.12.2017
өлшемі80,51 Kb.
#3786
түріСабақ

Маемиров Асхат Максимұлының 6D041600 – Өнертану мамандығы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған «Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық (1991-2015)» атты диссертациясына
ПІКІР


  1. Зерттеу тақырыбының өзектілігі

Қорғауға ұсынылған тақырып белгілі кезеңдегі қазақстандық театрлар режиссурасындағы дәстүр мен жаңашылдықты зерттеуге арналған. Бұл мәселе ұлттық өнертану ілімінде арнайы зерттеуді қажет ететін және осы уақытқа дейін тұтас мәселе ретінде қарастырылмаған өзекті тақырып.

Біріншіден, қойылым және театрлық үдеріс барысында режиссердің тұлғасы мен рөлі өте маңызды, театрлық қойылымның негізгі авторы режиссер екендігі де еш күмән туғызбайды. Драматург – пьесаның авторы, бірақ пьеса сахнаға шыққан уақытта, оның авторы да аудармашысы да – режиссер. Өз кезегінде, көрсетілген қойылымдың иесі режиссер емес, бұл енді актерлердің жаратқан дүниесі, сонымен бір-бірімен тығыз байланыстағы театр ұжымының бірлескен қадамы құрылады. Сондықтан сәтті шыққан қойылым, бұл режиссердің жетекшілігімен істеген көптеген шығармашылық қызметкерлердің жетістігі.

Екіншіден, режиссерлік мектептер мен театр бағытында жан-жақты ұсынылған, әрі қарай даму мен жаңаруды қажет ететін Қазақстан режиссерлерінің шығармашылық ізденістеріндегі сабақтастықты үйренуі болып табылады. Театр сахнасындағы заманауи қаһарман, қазақтардың ежелгі ұлттық мәдениеті мен заманауи бейненің үйлесімді синтезі, заманауи оқылым мен классика интерпретациясы, жарқын театрлық қойылымдар т.б. осы кезге дейін отандық режиссураның өзекті мәселе, ғылымға үлкен сұраныс тудырып отырған зерттеу.

Үшіншіден, заманауи этаптағы мәдениаралық диалог – қазіргі заман өркениетіндегі ауқымды мәселелердің бірі. Қазақстанда қазақ мәдени қайраткерлерімен қатар, орыс, ұйғыр, неміс, корей, өзбек және басқа диаспоралардың өнер іелерінің өз орны бар. Бүгінгі күнде Қазақстанда 140 тан астам түрлі ұлт өкілдері бейбіт өмір сүруде. Елбасы саясаты Қазақстанда бейбітшілік пен сүйіспеншілікті сақтауға бағытталған. Аталған осы мемлекеттік саясат дамуы елдегі барлық облыстық орталықтары мен үлкен шаһарларында жұмыс істеп жатқан театрларға және ұлттық театрларға көп көңіл бөледі.

Даму үдерісі кезінде ұлттық театрлар мемлекеттегі жалпы театрлық үдерісте өз орнына ие болды. Сондай-ақ, өз көрермендері, жарқын ұлттық репертуарлары мен қызықты режиссерлік шешімдері мен актерлік шеберлікке толы қойылымдары бар. Режиссерлік ізденістерді кең түрде көрсету мақсатында докторант зерттеуінде театрлық ізденістің ауқымды спектрі ретінде Алматы, Астана қалаларындағы ұлттық театрларын, еліміздегі облыстық театрларын қарастырды.

Диссертация жалпы 139 бетті құрайтын кіріспеден, үш тараудан, алты тараушадан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.


  1. Диссертацияға қойылатын талаптар шеңберіндегі ғылыми нәтижелер.

Зерттеу барысында докторант тарапынан ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің талаптарына сәйкес келетін белгілі ғылыми нәтижелер анықталды. Ұсынылған зерттеу жұмысының нәтижесі келесі факторлармен анықталады.

Біріншіден, ұлттық театрдың құрылуы мен дамуына үлкен үлес қосқан қайраткерлер бүтін бір топты құрайды. Олардың әрқайсысына шығармашылық портрет жазу бүгінгі күн мен болашақ театртанушыларының міндеті. Біздің театр өнеріміздегі тұлға мағынасының жоғарылап жатқандығы Қазақстанның жетекші режиссерлері тарапынан жинақтаған тәжірибесінің бағасын көтеруде. Осы мәселе докторанттың зерттеу жұмысының бірінші тарауында қарастыратын міндеттерінің бірі болды.

Докторант зерттеу жұмысының бірінші тарауында кеңестік кезең мен Қазақстан тәуелсіздік алған кезеңдеріндегі сабақтастық мәселесін ұлттық классика үлгісі негізінде мұқият қарастырды. Театр сахнасындағы режиссура мағынасы мен белгілі қойылымдар, режиссер жұмысынан бастап, ұлттық режиссурада негізгі көрсеткіш болған және Азербайджан Мамбетов негізін қалаған режиссерлік театрында жақын арада еңбек сіңірген режиссерлермен қатар, жас режиссерлер тарапынан қойылған қойылымдар талқыланады.

Екіншіден, докторант жеке тараушада Алашорда қайраткерлеріне арналған қойылымдарды қарастырады. Кеңестік кезеңде тиым салынған, тоталитаризм жылдары зардап шеккен тарихи тұлғалардың театр сахнасына шығуы жылдан-жылға ел ішінде жастарды тәрбиелеу, халық рухын көтеру мен ұлттық патриоттық сезімін ояту секілді ерекше мәдени мағынаны білдіреді. Зерттеуші осындай тұстардағы, қойылым эволюцияларын қадағалап, заманауи театр сахнасындағы режиссерлік қателіктер мен драматургиялық материалдың сәтті игерілген жерлерін ашып көрсетуге тырысқаны байқалады.

Үшіншіден, докторант диссертациялық жұмыста қойылған міндеттерге сай жаңа идеялар, формалар мен ұлттық режиссерлік мектептердің даму бағыттарын енгізген режиссер-новаторларының есімдерін анықтап, 2.1 және 3.2 тараушаларында олардың ең танымал, белгілі қойылымдарын қарастырды. Докторант зерттеу жұмысында орта буын режиссерлерінен Нұрғанат Жақыпбайды – пластикалық театр бағытын іздеуші режиссер, Болат Атабаевты – рационалдық театр әдісімен қоюшы және ұлттық материал негізіндегі алғашқы мюзикл қоюшысы ретінде көрсетіп, олардың «мектеп – студия – театр» идеялық құрылымын жүзеге асырғанын анықтаған. Докторант «жаңа драма» жанрын қарастырып, пластикалық және физикалық театрында жұмыс істеп жүрген жас буын режиссерларынан Гульсина Мерғалиева және Қубанычбек Адылов шығармашылықтарын зерттеу нысанына алған.

Ең соңында айтарымыз, ұлттық театрлар Қазақстанның заманауи рухани мәдениетінің бір бөлігі болғандықтан, докторант олардың жетістіктері мен талантты және атақты режиссерлерінің шығармашылық ізденістеріне де көңіл бөлген. Олардың еңбектерінде ұлттық дәстүрлі музыкаға, әдебиетке деген ерекше сезімталдығы білінеді, сонымен қатар жиі бұрынғы трагикомедиялық оқиғалар фольклор театрының стилінде ашылады. Сондай-ақ, осы театр қойылымдарында жақсы оқылып жатқан жаңа батыстық новацияларды, көп түрлі стильдік бағыттарды байқамауға болмайды. Бұл театр репертуарларында міндетті түрде қазақ драматургиясы да орын алады.
3. Ізденушінің диссертацияда жасаған әрбір нәтижелері мен тұжырымдарының негізділік және дәйектілік дәрежесі.
А.М. Маемировтың зерттеу жұмысы және оның нәтижесі Қазақстан режиссурасы дамуының белгілі уақытына негізделген. Алашорда қайраткерлеріне арналған ұлттық классика қойылымдары мен спектакльдер және әр кезеңдегі Қазақстандық жетекші режиссерлерінің шығармашылығындағы негізгі бағыттар айқындалды. Докторанттың жүргізген зерттеуін растайтын факторлардың бірі – түрлі кезеңдерде осы аталған мәселелер бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізген Қазақстандық, сонымен қатар Таяу және Алыс шет елдердің атақты театртанушылар мен режиссерлердің еңбектерін кең түрде пайдаланылғандығы, сондай-ақ, докторант өзінің режиссер ретінде жеке тәжірибесі мен түрлі елдегі театр қойылымдарымен таныс болуы .


  1. Ізденушінің диссертацияда жасаған әрбір ғылыми нәтижелері (ереже) мен тұжырымдарының жаңалық дәрежесі.

А.М. Маемировтың диссертациялық жұмысының жаңалығы Қазақстан режиссурасының даму қалпын еліміз тәуелсіздік алған кезеңден бастап, бүгінгі күнге дейін кең түрде ашып көрстуге талпынғаны болып табылады. Докторант қорғауға жеткілікті түрде нақтыланған 11 ғылыми нәтижелер ұсынды. Қазақстан режиссурасындағы дәстүр мен жаңашылдығы расталған, заманауи режиссурадағы жаңа идеялар мен жаңа театралды формалары анықталады, жас буын режиссерлерінің шығармашылық ізденістері мен Қазақстанның ұлттық театрларындағы режиссерлердің жетістіктері талқыланады. Докторанттың зерттеу барысында анықтаған қорытындылары диссертация тақырыбына өз бетінше дайындалғанының және зерттеу деңгейінің жоғары болуына қол жеткізгенінің дәлелі.



5. Алынған нәтижелердің ішкі бірлігін бағалау
Ізденушінің мақсаты айқын, міндеті анық, тақырыбы нақты және оның зерттелу деңгейінің жоғары, кәсіби мамандық тәжірибесінің молдығы. Докторанттың алдына қойған 1991 жыл мен 2015 жылдар аралығындағы Қазақстан режиссурасының сабақтастық пен жаңашылдық бағыттарын зерттеу міндеті, жас ғалымға Қазақстан режиссурасының дамуындағы негізгі үрдістерін айқындауға, театр өнеріндегі ұлттық классик режиссерлерінің жаңа ізденістерін көруге, олардың жаңа тақырыптар мен форма, бағыттарды ашуын саралауға мүмкіндік туғызды.


  1. Ізденушімен алынған нәтижелердің өзекті мәселелерді, теориялық және қолданбалы міндеттерді шешудегі бағыттылығы.

Зерттеу барысында докторант қол жеткізген нәтижелер қазақстандық режиссерлік өнерінің тарихы мен теориясын әзірлеуге бағытталды. Диссертациядағы көтерілген мәселелерді нақты дерекке сүйеніп, жүйелей талданғандықтан да, ізденуші өзінің ойын шынайы пікір дәрежесіне дейін дамыта алған. Диссертациядағы нәтижелер мен қорытындылар өнертанушылардың ғылыми жұмыстарында, сондай-ақ өнертану жоғары оқу орындарында қазақ театры мен режиссурасының тарихы атты дәрістерді оқуда кеңінен қолдануға болады. Диссертацияның қолданбалық міндеті нақты көрсетілген.




  1. Диссертацияның негізгі тұжырымдары мен қорытындыларының жарияланымда расталуы.

Ұсынылып отырған зерттеу жұмысы талапқа сай жарияланымдар арқылы дәйектелген. Диссертация нәтижесі жеті ғылыми жарияланымда көрсетілген, оның ішінде біреуі Scopus базасының деректер қорына кіретін журналдарда жарияланды. Одан басқа үш мақаласы Қазақстан мен Чехияда өткізілген халықаралық конференциялар материалдарында және үш мақаласы ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда жарияланды.




  1. Диссертацияның мазмұны мен рәсімделуіне қатысты ескертпелер мен ұсыныстар.

Диссертация ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті талаптарына сәйкес ұсынылып, рәсімделген. Жоғары ғылыми дәрежеде, теориялық тұрғыдан тиянақты орындалған жұмыстың бойынан байқалған кемшіліктерге жасайтын ескертпелеріміз мынадай:

а) Жас ғалым алдына қойған мақсат пен міндеттерге байланысты 2.1 және 3.2 тараушыларды бір тарауға қосқан жағдайда диссертация құрылымы неғұрлым қисынды және тұжырымды болар еді.

б) Менің ойымша, диссертацияның 3.1 тараушасын докторант нақты ашып көрсетпеген, тек ұлттық театрлардың қалыптасуы туралы қысқаша тарихы және режиссерлер мен соңғы жылдарда қойылған қойылымдар аттары ғана берілген. Сондай-ақ, докторант жаңадан жарияланған осы театрлардың тәуелсіздік кезеңдегі шығармашылық өміріне арналған еңбектермен таныспағандығы байқалады.

в) Докторант 1.2 және 2.2 тараушалардағы Алашорда қайраткерлеріне арналған ұлттық классика мен спектакльдерге байланысты мәселелерді қозғайтын талдауларда, режиссерлік жөнінде өз пікірін қалдырып, талдау жасау орнына белгілі қазақстандық театртанушылардың пікірлері мен бағалауына сүйенгенін ғана көреміз.

Аталған кемшіліктер мен тілектерге қарамастан, докторанттың «Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық (1991-2015)» атты диссертациясы мазмұндық-құрылымдық жағынан нәтижелі, айтылған тұжырымдары жеткілікті және талаптарға сай орындалған. Маемиров Асхат Максимұлының 6D041600 – Өнертану мамандығы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесін алуға әбден лайық деп санаймын.



Рецензент: М.О.Әуезов атындағы

Әдебиет және өнер институтының

бас ғылыми қызметкері,

өнертанушы кандидаты, доцент Жұмасейітова Г.Т.
жүктеу 80,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау