Жаратылыстану-математикалық факультетінде оқу-тәрбие және ғылыми зерттеу жұмыстарында инновациялық технологияларды қолдану жөніндегі есеп
ХХІ ғасырдағы өркениеттің даму негізі – қоғамды ізгілендіру. Ізгілендіру мақсатына жету үшін сезім, көңіл-күй, өмірлік құндылықтар аса қажет. Қазақстандық білім беру жүйесінің басты міндеті - қазіргі заманғы ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде алынған білімді қажет жағдайда пайдалану икемділігін меңгерген, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдайтын, әлемдік бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Яғни, оқу-тәрбие үрдісін тұлғалық-бағдарлы, іс-әркеттік, құзыреттілік тұрғыдан жүргізіп, оқу үрдісін ұйымдастыруға құрылымдық, мазмұндық тұрғыдан өзгерістер енгізуді қажет етіп отыр.
Білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану
нормативті-құқықтық;
материалдық –технологиялық;
ақпараттық-әдебиеттік;
әдістемелік ресурстардың болуын қарастырады.
Нормативті-құқықтық база ретінде Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңы, ҚР білім беруді ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы, ҚР электрондық құжат айналымы және цифрлық қолтаңба туралы Заңы, ҚР электрондық оқу басылымы туралы Заңы, ҚР ақпараттық теңсіздікті төмендетудің мемлекеттік бағдарламасы, ҚР білім беру жүйесін дамытудың 2011-2020 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасы мен университтеттің Ережелері басшылыққа алынады.
Материалдық-техникалық базаны төмендегідей кесте түрінде көрсетеміз.
|
ФМИ
|
Биология және экология
|
Химия
|
География
|
ЭБСЗ
|
Факультет
|
Компьютерлер
|
3
|
4
|
4
|
3
|
7
|
4+8+20
|
Интерактивті тақта
|
1-15каб №5ғ.
1-209каб №1ғ.
1-209каб №8ғ.
|
Видеопроектор
|
1—26каб №5ғ.
|
Мобильді класс
|
1-209каб№8ғ.
|
|
|
|
|
|
ІТ зертханасы
|
Виртуалды зертханалық кешен
«Схемотехника», «Микропроцессорлар»
|
Интернетке факультеттегі компьютерлердің барлығы қосылған. Ақпараттық алмасу жылдамдығы 2Мбит/сек, жергілікті желі 100Мбит/сек.
Интранетті (іnside.wksu.kz) факультеттегі және университеттегі қызмет аясында қолдануда құжаттармен электрондық нұсқада жұмыс істеуге мүмкіндік туғызылса, Net speakerphone программасы негізінде құжат дайындау мен қажетті ақпаратты жедел тасымалдауға жол ашылды, студенттер үшін емтиханға дайындықтың деңгейін арттырды.
Ақпараттық база жоғарыда айтылған Интернет материалдарымен қатар электрондық оқу басылымдарын қарастырады. Бұл орайда программалар дайындық бөлімінің жаратылыстану-математикалық факультеті бойынша дайындалуына тоқталық.
кафедра
|
дайындалғаны
|
Биология және экология
|
2007-2008 -1
2008-2009 -1
2009-2010 -0
|
Химия
|
2007-2008 -3
2008-2009 -0
2009-2010 -0
|
География
|
2007-2008 -
2008-2009 -1
2009-2010 -
|
ФМИ
|
2007-2008 -2
2008-2009 -7
2009-2010 -3
|
АТО-да факультет бойынша жинақталған видео, аудио, фотоматериалдар мен презентациялар жинағы істеліп жатқан жұмыстарды куәландырады.
Әдістемелік база ЖОО-да жаңа педогогикалық оқыту әдіс-тәсілдерін, жаңаша оқыту технологияларын дәстүрлі оқытумен байланыстыра білуді оның нәтижелілігін көздейді. Факультеттегі бұл мәселенің шешілуі:
ОПҚ-ң төмендегі құрамы құзыреттілікке бағдарланған бойынша білітілік курсынан өтіп сертификат иеленген
Мымрина Н.В физика
Амельченко В.И география
Мухамбетова Ғ.Г информатика, программалық тілдері пәндерін оқыту үрдісінде пайдаланып жүр.
2) 2009-2010 жж. АҒЖД (ДИМР) ұйымдастырған инновациялық технология оқу үрдісіне енгізу бағдарламасы бойынша оқып, жұмыстануды жалғауда
4
|
Искалиева А. У
|
Физика
|
6
|
(Боранбаева Г.С.) Маулешова Т. С
|
Математика
|
7
|
(Сафуллин Е.Н) Пугачева И. Н
|
Информатика
|
3
|
Искалиев Д
|
География
|
1
|
Ниязова Р.Е
|
Химия
|
2
|
Қожахметов С.А.
|
Биология
|
5
|
Бохорова С
|
Экология
|
Біліктілікті арттыру курсынан өткен оқытушының өз жұмыстарына енгізетін жаңалықтары.
Осы ресурстардың негізінде жағымды мүмкіндіктер мен проблемаларды
сызбаға сәйкес баяндалық.
І Оқыту үрдісіндегі инновациялық технологиялар
а) №8 ғимараттағы 314 кабинетте «Интерактивные методы» әдістемелік тақта дайындалды.
ә) инновациялық технологияны оқу үрдісіне енгізуде кафедра мүшелерін ұйымдастыруға жауапты тұлғалар үшін «Ақпараттық технологияны қолданудың мүмкіндіктері» атты оқыту семинары өткізілді. Онда олар программалаудың қарапайым элементтерін пайдалануды қарастырып, практикалық жұмыста минижоба түрінде орындады.
б). Факультеттегі оқу сабақтарында қолданылатын интерактивті оқыту әдістері
теориялық білім беруде
|
практикалық сабақтарда
|
өзіндік жұмысты ұйымдастыруда
|
презентация
|
жұптық жұмыс
|
жазбаша құжаттау (диаграмма, кесте, сурет,т.с.с.)
|
белгілеулермен оқу
|
Тренинг «зардап жегушілермен жұмыс»
|
іскерлік ойындар
|
Интернет оқыту
|
«сұрақтар түймедағы»
|
эвристикалық әңгімелесу
|
дискуссия
|
анықтамалықпен, қосымша әдебиеттермен жұмыс
|
жобалау
|
тірек сызба
|
компьютерлік оқыту программаларымен жұмыс
|
шығармашылық баяндама, реферат
|
Венн диаграммасы
|
қос жазбалы күнделік
|
мини-конференция
|
видеофильм, оқу фильмі
|
Блум таксоманиясы
|
тақырыптық тапсырмалар құрастыру
|
дөңгелек үстел
|
салыстырмалы бағалау (мен және басқалар)
|
өзіндік бағалау
|
в) Биология және эклология кфедрасының б.ғ.к. Л.А.Байдулова іскер ойын сабағын ұтымды өткізді. Биология және экология кафедра оқытушылары Қайсағалиева Г.С., УтаубаеваА.У., ФМИ кафедра оқытушысы Мымрина Н.В., Медешова А.Б. «Үздік дәрістер» конкурсына қатысып, ашық дәріс сабақтарын өткізді
г) ашық сабақтар химия кафедрасында мектептермен байланысты күшейтуді инновациялық тұрғыдан ұйымдастыра бастады. Мәселен, облыстық химия мұғалімдеріне кафедра ғалымдары және 2 курс студенті Жолгелдиев Ж «Химиядан олимпиада есептерін шығарудың тиімді жолдары» деген тақырыпта дәріс оқыды.
Д) Біліктілік курстарынан өткен оқытушылар өз жұмыстарына әістемелік, ақпараттық жаңалықтар енгізуді бастады. Ниязбекова А.Б. ОЗХТ, БЗХТ мамандықтары үшін жоспарланған зертханалық жұмыстардың мазмұнына жаңа операциялар (бақылауға синтездеу, жобалау) енгізді, Ерғалиев А.С «Экология және тұрақты даму» курсынан видеодәріс дайындауға қажет дәрістерге қосымша жаңа ақпараттарды өңдеуде.
Е)география кафедрасында ғылыми-әдістемелік семинар жұмысында «Практикалық сабақтарда интерактивті оқыту әдістерін пайдалану», «Студенттердің ғылыми жобасын дайындауда құзыреттілік бағдарды пайдалану» тақырыптары қаралды.
II Ғылыми –зерттеу жұмысындағы. инновациялық технологиялар
а) Дипломдық жұмыс тақырыптары интеграциялық тұрғыдан таңдалды.
Тақырып
|
Ғылыми жетекші
|
Кеңесші
|
Химия бастамалары бойынша электрондық оқу басылымын (Атом құрылысы. Химиялық байланыс.) қазақ, орыс тілдерінде дайындау
|
п.ғ.к Медешова А.Б..
|
х.ғ.д. Мендалиева Д.К.
|
Генетика пәнінен компьютерлік оқыту программасын даярлау
|
Коган Е.Я. Медешова А.Б.,
|
б.ғ.к.Утаубаева А.У.,
|
Дүние жүзінің экономикалық әлеуметтік және саяси географиясы курсы бойынша компьютерлік оқу басылымын жасақтау
|
Медешова А.Б.
|
Темралиева С.Б., оқытушы-магистр
|
Жаратылыстану-математикалық факультетінің веб-сайтын құру
(Жаратылыстану бөлімі)
|
Медешова А.Б.
|
Темралиева С.Б., оқытушы-магистр
|
«Экологиядағы компьютерлік модельдеу» пәнінен интерактивті оқыту құралын жасау
|
Мухамбетова Г.Г.
|
|
«Математикалық физика» пәні бойынша электронды оқулық
|
п.ғ.к. Жүсіпқалиева Ғ.Қ.
|
|
Паскаль тілінде физиканың механикалық процестерін компьютерде модельдеу
|
Жарылғапова Д.М.
|
|
б) курстық жұмыс тақырыптары құзыреттілікке бағдарлауды қамтыса, ғылыми жобалар география-экология-адам схемасының негізінде құрыла бастады.
в) 2010 жылғы 30 қазанда ҚР БҒ министрі Б.Жұмағұловтың ғылымды дамыту мәселелері бойынша өткізген мәжілісінде қаралған
инновациялық кәсіпорын құру;
ЖОО ғылыми әлеуетін инновациялық қызметке пайдалану және ғылым мен инновациялық үдеріс байланысын ынталандыру
бойынша жаратылыстану-математикалық факультетінің инновациялық өндіріс моделін «АДАМ-ТАБИҒАТ-ЭКОЛОГИЯ және ЖОО арасындағы өзара байланыс» ретінде қарастыру қажет.
ЖОО ғылыми әлеуетін инновациялық қызметке пайдалану және ғылым мен инновациялық үдеріс байланысын ынталандыру мәселелері бойынша төмендегідей ұсыныс берілді.
|
Бағыт
|
Бөлімше, жауапты
|
Жұмыс саласы
|
|
Өндірістегі химиялық зерттеу жобаларын жүргізуге қатысу
|
химия кафедрасы, Мендалиева Д.К., Кунашева З. Х
|
Қарашығанақтағы өндіріс қалдықтарының құрамын зерттеп, қайта өңдеу технологиясын құруға қатынасу
|
|
Орал өңірінің өсімдік және жануарлар әлемін оқып-үйренуге арналған халықаралық экспедицияға қатысу
|
Амельченко В.И., Терещенко Т.А.
Кайсагалиева Г.С.,
Дарбаева Т.Е., Байдулова Л.А., Қарағойшин Ж.М.
|
Жергілікті аймақтың геобиоэкологиялық жағдайын зерттеуге қатысу, ғылыми-практикалық жұмысты жүргізу барысында Испания, Германия, Ресей, Литва, Украина, Белоруссия елдерінің ғалымдарымен бірге халықаралық байланысты нығайту
|
|
БҚО территориясында табиғи резерват құру
|
Экология және табиғатты пайдалану проблемалары орталығы, Қарағойшин Ж.М.
|
«Бөкейорда –Жайық» ерекше қорғалатын табиғи резерватын құру негіздемесін дайындау мен зерттеу
|
|
Табиғи ортаның экологиялық мониторингін жасау
|
биология, экология кафедрасы, география кафедрасы, химия кафедрасы
|
Геобиоэкология оқу-далалық сараман базасында өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, жер бедерін зерттеу, саралау
|
|
Келісім шарт бойынша химиялық зерттеулер мен сараптама жасау
|
Биогеохимия және экология сынақ зертханасы, Нигметова Г.У.
|
Шағын және орта бизнеске химиялық қоспалардың құрамын анықтау, студенттер мен магистранттардың Жайық, Шаған өзендерінің химиялық құрамына сараптама жасауы
|
|
Студенттік ақпараттық жобалар зертханасын құру
|
Жаратылыстану-математикалық фыакультетінің деканы Медешова А.Б.
|
Студенттер мен профессор-оқытушылардың ақпараттық жобаларын білім беру саласына, өндіріске, шағын және орта бизнесті дамытуға ендіру
|
|
Экологиялық паспорт құру
|
Биология және экология кафедрасы Фартушина М.М.
|
БҚМУ №5 ғимараты ауласына экологиялық паспорт құрып, ауланы тәжірибелік алаң ретінде пайдалану
Осы жоспардың 8 пункті
|
|
Белсенді компосттар дайындау
|
Биология және экология кафедрасы Фартушина М.М.
|
Табиғи қалдықтар арқылы биологиялық құрамдағы тыңайтқыштар даярлау
|
г) Факультеттегі бакалавриат пен магистратура мамндығы бойынша жаңа әдебиеттер көрмесі №5 ғимаратта ұйымдастырылды. Осындай көрме OBSE саммиті бойынша оқу залында жасақталды.
Д) «Ғылыми зерттеулерді коммерциализациялау» оқыту семинарына оқытушыар Череватова Н.К., Ниязова Р.Е., Амельченко В.И., Дарбаева Т.Е., Кажиахметов С.А., Медешова А.Б., Жусіпқалиева Г.К., Мымрина Н.В. қатысты.
ж) РХДУ профессоры, г.ғ.д Е.А.Родионова, РҒА корреспондент мүшесі, РҒА далалық институтының директоры А.А.Чибилев келіп әдістемелік дәріс өткізді. Осы бағытта интернет конференциясы Ставраполь мемлекеттік университетімен бірлесе өткізу 23.XII жоспарланған.
Е) Шетелде жарияланған мақалалар (Прага, конференция материалдары, «Әлемнің физикалық картинасы» элективті курсын ЖОО-да оқытуда жобалау әдісін пайдалану) аз болғанымен, ғылыми-практикалық мақалалардың республикалық, облыстық басылымдар мен конференция материалдарында жариялануы әрбір бөлімшеде жүргізілген.
III. Тәрбие және жастар ісіндегі инновациялық технологиялар
а) on-line режимінде республикалық Sabak.kz арқылы химиядан талапкерлерді дайындау сабақтары басталды. Сабақты қарашада х.ғ.д, профессор Д.К. Мендалиева, х.ғ.к., доцент Н.К.Череватова өткізді.
б) Студенттер күніне арналған апталықта «Екі жұлдыз», фотолар конкурсы, презентациялар конкурсы өткізілді.
в) Педагогикалық мамандықтар студенттері үшін мектептегі сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыруды практика кезінде жеңілдету үшін тәрбие сағаттарының жинағы компьютерлік программалар түрінде жасақталды.
Д) Ақпараттық терминал орнатылған, ол арқылы студенттер Интернет және Интранет материалдарын еркін пайдалана алады.
Е) Кураторлық тақырыптық сағаттар(Тәуелсіздік тұғырым, СПИД-ғасыр дерті,т.с.с.), 1 курс студенттеріне мамандықты жоғары курс студенттерінің таныстыру сабақтары интерактивті әдістер арқылы ұйымдастырылды.
Проблемалар:
Компьютерлік база жаңартуды қажет етеді. Жедел жадының көлемі, процессордың жұмыс жылдамдығы бүгінгі күн талабына толық сай келе бермейді.
Видеопроектордың факультеттегі саны жеткіліксіз;
ЭОБ дайындау мамандық бойынша қажеттіліктен қарастырылмағандықтан, базалық, кәсіптік пәндердің ЭОБ-ның жоғары пайыздылығын қанағаттандырмайды. Көптеген ЭОБ дәстүрлі оқу құралдары мен ПОЭК электрондық нұсқалық ретінде қарастырылады. Қазақ тіліндегі оқу құралдарының жетіспеушілігі байқалады.
Зертханалық құралдармен қамтамасыз ету нашар;
Қызметкерлердің шетел тілін нашар меңгеруі;
Сайтқа ақпарат жариялау мардымсыз жүреді;
Инновациялық бағдарлама жұмыстар туралы басылымда жарияланған ақпараттың тым здығы
Ұсыныстар:
Жаңа ашылған мамандықтарға арналған оқулықтар мен оқу құралдарымен, зертханалық жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстарын күшейту
Дипломдық жұмыстар шеңберінде және АТО жоспарына сәйкес ЭОБ дайындау мен теле-, видеодәрістерді көбейту;
Желілік оқыту технологиясымен on-line дәріс оқуды факультетте халықаралық байланыс шеңберінде тәжірибеден өткізу;
Инновациялық бағыттағы іс-шаралар жоспарын іске асыру және оның материалдық техникалық, ғылыми әдістемелік тұрғыдан қолдау.
Видеопроекторды дәріс залына тұрақты орнатқан дұрыс
Факультет деканы м.а.: А.Б.Медешова
БҚМУ ғылыми кітапханасының республикалық ЖОО аралық электронды кітапханасына қосылуы. Электронды ҒК жұмысы туралы
АҚПАРАТ
М.Өтемісов атындағы БҚМУ Ғылыми кітапханасы университеттің ақпараттық орталығы ретінде университеттің оқу процесіне керекті ақпаратпен, оқулық және оқу құралдарымен, электронды тасымалдағыш құралдардағы ақпараттармен студенттерді қамтуда маңызды рөл атқарады.
Оқырмандардың ақпараттық мәдениетін қолдай отырып, кеңейтілген ақпарат көзін ұсыну. Оқулықтар мен басқа материалдарды жинақтап, ұсынуды ұйымдастырып, ұқыпты және жинақты түрде қызмет көрсетуді төмендегідей атқаруда:
- оқу процесі мен оқырман сұраныстарына сай және еліміздің мәдени, құнды деректері негізінде кітап қорын жасақтау;
- университеттің, аймақтың, жалпы елдің ақпараттық ресурстарына жол ашып, кітап қоры негізінде жұмыстана отырып пайдаланушыларға нәтижелі қызмет көрсету;
- қорда бар ақпараттар мен жойылған дерек қорларын ұсына отырып, жаңа ақпараттық технологиялар мен кітапханалық ақпараттық процестерді енгізу негізінде қызметтер ұсыну;
- кітапхана қызметін кафедралармен, ғылыми және қоғамдық ұжымдар қызметімен үйлестіру (байланыстыру);
-профессиональды стандарттар талабына сай кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттырып, білімін көтеру.
Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапханасы - электронды білім беру ресурстарын бір ортаға шоғырландыру мақсатында Білім және ғылым министрлігінің (03.06.2009 ж.) №260 Бұйрығы негізінде құрылды. (1 слайд)
Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапхана (РЖООЭК) жүйесіне М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғылыми кітапханасынан жіберілген электрондық мәліметтер алғашқылардың бірі болып қабылданды.
РЖООЭК жүйесін қолдау мақсатында М.Өтемісов
атындағы БҚМУ меморандумға қол қойды. (2 слайд)
РЖООЭК жүйесіне кіргеннен кейін мынадай мүмкіндіктерге ие болдық:
Интернет желісі арқылы «е-Білімгер» порталынан барлық ЖОО ресурстарын қарап, ақпарат алуға;
ЖОО өзара оқу әдебиеттерімен, пәндердің оқу-әдістемелік кешенімен, ғылыми мақалалармен алмасуға;
РЖООЭК жүйесін интернет желісі негізінде ЖОО кітап қорымен танысқаннан кейін, қажет оқулықтарын сол кітапханаға кіріп оқуға мүмкіндік алуға;
Магистанттар мен студенттердің ғылыммен айналысуына, диссертация, дипломдық жұмыс жазған уақытта электрондық кітапхана қорымен пайдалануға. (3 слайд)
РЖООЭК «Келісім шарттың» қаржылық қарым-қатынасы бөлімінде көрсетілгендей, электронды кітапхананы пайдалану үшін I, II, IV кварталда 150 мыңнан, ал III квартал (шілде-қыркүйек) 75 мың қаржы төленді.
Қазакстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2009 жылғы 20 желтоқсанда Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық уннверситетінің базасында Жоғары оқу орындары арасында республикалық электрондық кітапхананың және университет порталының тұсаукесері өткізілді.
ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Департаменті РЖОО ЭК жұмысын бақылап отырады. Ал жұмысқа ҚР ЖОО Ассоциациясы тікелей басшылық жасайды. Электронды кітапхананың ресурстар қорын құраушы электронды оқулықтар, басылымдар, газет-журналдар және конференция материалдары.
Электронды каталогты пайдалана отырып, базада бар басылымдардың электронды түпнұсқасын оқуға болады. Студент өзінің кітапханасымен қалай пайдаланса, бұл электронды кітапханамен солай пайдалана алады.
Республикалық ЖОО аралық электронды кітапхана базасына біздің кітапханадан мынадай мәліметер жіберілді.
БҚМУ ғалымдарының оқулықтары мен оқу құралдары
Мерзімді басылымдар категориясы (конференция материалдары).
Қазіргі таңда университет кітапханасының 300-дей электронды мәліметтер қоры РЖООЭК базасына жіберілді.
Электронды кітапхананың даму жоспарында университет «БҚМУ ғалымдары» Хабаршысының толық мәтінін, гуманитарлық және педагогикалық, экономикалық ғылымдар саласында шыққан жаңа оқулықтар мен оқу құралдарын жіберу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, 2011 жылғы жоспарға университеттің сирек кездесетін кітаптар қорының электронды нұсқасын жіберуді енгізіп отырмыз.
ҒК директоры: Г.З.Таушева
13.12.2010 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |