Аннотация
Мақалада еңбек нарығын реттеу жолдары ретінде экономиканы әртараптандыру жөніндегі
жоспарларды іске асыру қажеттігі бар еңбек ресурстарын арттыруды қарастырады. Олардың ұзақ
мерзімді өсуі халық санының өсуімен қамтамасыз етілетіндігі көрсетілген. Халықтың табиғи өсімі мен
көші-қонның жағымды сальдосы демографиялық көрсеткіштерді жақсарту септігі сипатталған.
В статье рассматриваются необходимость расширения ресурсов труда в планах
диверсификации направлении экономики, как пути улучшения рынка труда. Их
долгосрочный рост обеспечение рост населения. Также, рост и позитивное сальдо
миграции народа как улучшения демографических показателей.
The article discusses plans to diversify the direction of the economy, the need to expand the
resources of labor as a way to improve the labor market. Their long-term growth to ensure
population growth. Also, the growth and positive net migration of people as population
dynamics.
УДК 65.012.6
ЕҢБЕК НАРЫҒЫН РЕТТЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Магистрант: Есдаулетов А.А. (СДУ), ассистент Адилбеков А.А. (АУЭС) Ғылыми жетекші: э.ғ.к.,
Сырлыбаева Б.
Сулейман Демирел Университеті, Алматы қаласы
Экономиканы әртараптандыру жөніндегі жоспарларды іске асыру қажетті дағдысы бар еңбек
ресурстарын арттыруды талап етеді. Олардың ұзақ мерзімді өсуі халық санының өсуімен қамтамасыз
етілетін болады. Халықтың табиғи өсімі мен көші-қонның жағымды сальдосы демографиялық
көрсеткіштерді жақсартады.
Білім беру мен денсаулық сақтаудағы қайта құрулардан басқа, мемлекеттің ерекше назары, еңбек
қызметін қауіпсіз жағдайлармен қамтамасыз етуге, елге білікті мамандардың, оның ішінде тарихи
отанына қайтып келгісі келетін отандастардың келуіне жағдай жасайтын көші-қон саясатын жүзеге
асыру арқылы көші-қон үдерістерін ұтымды басқаруға және экономиканың дамуына өзінің үлесін
қосуына ерекше көңіл бөлінетін болады.
Мемлекет еңбек ресурстарының экономиканың заңды секторына өтуі үшін қосымша
ынталандыруларды қалыптастырады.
Бүгінгі таңда қоғам мен мемлекетті дамытудағы адам капиталы факторына зор зейін қойылып
келеді. Елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жаңғыртудағы әрбір қазақстандықтың рөлін
арттыру туралы сөз етер болсақ, бұл әбден заңды да.
Осы тұрғыдан алғанда халықтың табысты да тұрақты жұмыспен көбірек қамтылуы қоғам
орнықтылығының аса маңызды шарттарының бірі болып табылады, мұның өзі елдегі экономикалық
және әлеуметтік ахуалға айтарлықтай дәрежеде ықпал етеді. Жекелеген адамның әл-ауқатын
арттыруда атқаратын аса маңызды рөлі туралы айтылғанның өзінде, жұмыспен қамту кәсіптік
машықтарды кеңейтіп, ұштай түсуге мүмкіндік береді, халықтың барлық санаттарының өзін-өзі
көрсете білуіне жол ашады және түптеп келгенде өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал етеді, яғни
көптеген неғұрлым ауқымды міндеттерді шешудің кепілі болып табылады. Осылайша, халықты
жұмыспен қамту еңбек қатынастарының сипатын ғана емес, біздің айналысатын істерімізді де
өзгертетін, түрлендіретін және былайша айтқанда, өзімізді де өзгертуге қабілетті негіз қалаушы
функцияға ие болып отыр.
Жұмыспен қамту проблемасы - бүгінде әлемдік күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі.
Мәселен, Халықаралық еңбек ұйымының көңіл көншітпейтін болжамына қарағанда алдағы төрт жылда
планетадағы жұмыссыздар саны жылына шамамен үш миллионға көбейіп, алдын ала есептеу бойынша
2017 жылға қарай 211 млн. адамға жетеді екен, ал бұл өте ауыр салдарларға әкеп соғуы мүмкін /2, 33-
34 б./.
Мысалға Еуропалық одақты алайық. Бүгінгі таңда Грекияда, Португалияда, Испанияда, Италияда
және Еуропаның басқа елдерінде болып жатқан жағдай - жұмыссыздықты туындататын экономикалық
проблемалардың айқын салдарлары, бұл терең әлеуметтік және тіпті саяси дағдарысқа ұласып барады.
Күні кеше ғана мерей-асы тасып тұрған осы елдерде жұмыссыздық деңгейі қазіргі кезде айтарлықтай
жоғары болып отыр. Бұл әлі де жалғаса түсуі мүмкін. Ең бастысы - адам және зияткерлік капиталын
пайдаланудағы ұстанымдардың белгілі бір дәрежеде жоғалуы айқын көрініп тұр.
Мұның аясында Қазақстандағы жағдай айтарлықтай жақсы. Елімізде тиімді алдын алу шаралары
қолданылып, олар тіпті әлемдік қаржылық дағдарыс шарықтап тұрған шақта да жұмыссыздық деңгейін
6,6% шегінде ұстап тұруға мүмкіндік берді. Қазір елімізде жұмыспен қамтылмаған, бірақ жұмыс
істеуге қабілетті халық саны 5%-дан сәл-ақ асады. Бұған білім деңгейін арттыруға, кәсіби кадрларды
даярлау жүйесін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған, Парламент қабылдаған заңдар
да септігін тигізді. Бұл мақсаттарға тек «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша ғана 2011-
2012 жылдары республикалық бюджеттен 102 млрд. теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Жұмыспен
қамтудың іс жүзінде тиісті түрде қолданылып отырған және тиімділігі дәлелденген тетіктері мен
құралдары сынақтан өткізілді. Бағдарламаның іске асырылуының бір жарым жылы ішінде оған 239
мың адам қатысты /3, 53 б./.
Ағымдағы жылы халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаның
барлық бағыттарын жүзеге асыруға 1,1 трлн. теңге бөлінді, бұл 110 мыңға жуық адамды қамтуға
мүмкіндік жасайды, ал 2014 жылы 1,2 трлн. теңге бөлінеді. Мәселен, ағымдағы жылдың басында 102
мыңнан астам адам аталған бағдарлама бойынша әлеуметтік шартқа қол қойды, олардың ішінде 66%-
ға жуығы жұмыссыздарды, 27%-ға жуығы өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды құрады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саяси бағыты» атты Жолдауында «...біз еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету және еңбек төлемі саясатын
жаңғыртуға тиіспіз» деп атап көрсетілген /1/. Бүгінде былай деп айтуға болады, егер бұрын барлық
негізгі іс-шаралар жұмыссыздықпен күреске бағытталған болса, енді халықты жоғары жалақысы бар,
тиімділігі жоғары, инновациялық өндірістерде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнінде анағұрлым
биік міндеттер қойылып отыр. Бұл өз кезегінде еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті
мамандар даярлауды талап етеді. Мұның өзі бірінші кезекте Үдемелі индустриялық-инновациялық
дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін кадрлық әлеуетті ұлғайтумен байланысты болып
отыр, оның шеңберінде 2010-2012 жылдары жалпы сомасы 2,1 трлн. теңге болатын 500-ден астам
инвестициялық жоба іске қосылып 57 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Демек, еңбек
нарығы құрылымында оның неғұрлым тиімділігі мен икемділігіне қарай өзгерістер болып жатыр.
Мемлекет басшысы жұмыспен қамту саясатын еңбек нарығына, сондай-ақ жұмысқа қабілетті
жұмыссыз халық үшін іс жүзінде жұмыс орындарын ашуға бағдарлап түзету қажеттігі жөнінде
бірқатар міндеттер қойып отыр. Бұл бағытта «Жұмыспен қамту-2020», Білім беруді 2020 жылға дейін
дамыту, «Бизнестің жол картасы-2020», Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік
бағдарламасы сияқты стратегиялық бағдарламалар табысты жұмыс істеуде.
Адам
капиталын
тиімді
пайдаланудың
тағы
бір
маңызды
бағыты - шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту. Соңғы жылдарда бұл үшін заңнамалық
тұрғыда біршама жұмыс атқарылды. Әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен
автоматтандыруға, бюджеттік процесті, салықтық және кедендік әкімшілік жүргізуді жетілдіруге
бағытталған кәсіпкерлік мәселелері бойынша заңнамаға бірқатар маңызды өзгерістер мен
толықтырулар енгізілді /3, 122 б./. Және бұл шаралар оң нәтижесін берді: соңғы үш жылда шағын және
орта бизнесте белсенді түрде айналысатын қазақстандықтардың саны 22 пайызға өсті, олар жыл сайын
елдің жалпы ішкі өнімінің 17-20-дай пайызын өндіріп отыр.
Шағын және орта бизнесті бірігу мен кооперациялануға ынталандыру, жергілікті бизнес-
бастамаларды көтермелеу жолымен ішкі нарықты дамыту бойынша, ұсақ кәсіпорындар мен дара
кәсіпкерлердің белсенді дамуы мен орта бизнеске өтуіне жағдайлар мен алғышарттар жасау бойынша,
отандық өндірушілердің мүдделерін бірыңғай экономикалық кеңістік, сондай-ақ дүниежүзілік сауда
ұйымына алдағы өту шеңберінде қолдау, қорғау және алға жылжыту тетіктерін жетілдіру бойынша
шаралар кешенін қолдану көзделіп отыр.
Мұның бәрі Мемлекет басшысының 2030 жылға қарай ішкі жалпы өнім құрылымында шағын
және орта бизнестің үлесін екі есе ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді, ал
2050 жылға қарай экономиканың бұл секторы тіпті басымдыққа ие болуы тиіс.
Еңбек нарығындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары келесілер болуы мүмкін:
- жұмыскерлерді, олардың одан әрі жұмыспен қамтылу жағдайларын алдын-ала даярлау
арқылы жоспарлы, реттемелі босату жолымен жұмыспен қамту динамикасын өндірісітң даму
қарқынына сәйкестендіру;
-
еңбек миграциясы үдерістерін реттеу, әсіресе иммиграция үдерісін;
- өндіріс пен ішкі жалпы өнім көлемінің құлдырауын жою негізінде халық табысының оңтайлы
деңгейіне, еңбек ақыны реттеудің ұжымдық келісім шарттық жүйесінің дамуына, тұтыну бағаларына
динамикасына сәйкес еңбек ақыны тұрақты индексациялауға қол жеткізу, еңбек ақының ең төменгі
мөлшерін аз қамтамасыз етілудің құндық шекарасына дейін көтеру, қала және ауыл табыстары
деңгейіндегі алшақтықты қысқарту;
- кәсіпорындарды қайта бағдарлау, меншік түрлерін өзгерту жолымен бар жұмыс орындарын
барынша сақтау негізінде экономикалық мүдделер мен өндірістік қажеттіліктер басымдықтарын
ескере отырып, жұмыс орындары мен еңбек ресурстарының теңсіздігін жою;
- жұмысты ұтымды ұйымдастыруды дамыту;
- қабілетті кәсіпкерлердің санын жоғарылату, олардың шағын және орта бизнес аясында жұмыс
орындарының елеулі санын ашуын ынталандыру;
- жұмыссыздық деңгейі өте жоғары, халықтың тұрмыс деңгейі әлдеқайда төмен жерлерде
кәсіпкерлік пен шаруашылық қызметті дамыту үшін түрлі салықтық жеңілдіктер бере жасай отырып,
қолайлы экономикалық жағдай жасау;
- жоғары білікті мамандардың жұмыспен қамтылу жағдайларын жақсарту, кәсіпорындар
тапсырыстары бойынша кәсіби даярлау тәжірибесінөрістету, кадрларды кәсіби даярлау мен қайта
даярлау жүйесін ауыл шаруашылығының сандық және сапалық қажетті жұмыс күшінің шынайы
мұқтаждықтарымен сәйкестендіру.
Аталған шаралар кешенін жүзеге асыру Қазақстанға «Қазақстан - 2050» Стратегиясының басты
мақсатына жетуге - қуатты мемлекет, дамыған экономика және жалпыға бірдей еңбек мүмкіндіктері
негізінде берекелі қоғам құруға мүмкіндік береді деп сенемін.
Әдебиеттер
4 2012 жылғы 14 желтоқсандағы ««Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саяси бағыты» атты Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауы
5 Байжолова Р.Ә. Жаһандану жағдайында ұлттық еңбек нарығын мемлекеттік реттеу.
Монография. - Астана: КазГЮУ, 2010. - 324 б.
6 Байгісиев М.-Ә. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу - Алматы: Раритет, 2010