Мақалада Қазақстанға Қытай жақтан қоныс аударуының, соның ішінде еңбек көші-қонуының үрдістері зерттелген



жүктеу 0,56 Mb.
Pdf просмотр
бет6/9
Дата15.11.2023
өлшемі0,56 Mb.
#44321
1   2   3   4   5   6   7   8   9
4 46-58 (2)

Талқылау
Қазіргі көші-қон үрдістері жаһанданудың ажырамас құрылымдық құрамдас 
бөлігіне айналуда. Еңбек көші-қонының жаһандануы қабылдаушы елдердегі 
еңбек нарығын сегменттеуге және негізінен мигранттар айналысатын жұмыс 
түрлерінің пайда болуына әкеледі. Халықаралық көші-қонның ауқымы мен 
географиясы кеңейді, дүние жүзінің барлық дерлік елдері әлемдік миграция 
орбитасына тартылды; жаһанданушы еңбек нарығының қажеттіліктеріне 
сәйкес көші-қон ағындарының құрылымы өзгерді. Дегенмен, дамыған 
елдердің тәжірибесі көрсеткендей, мигранттар үшін нақты еңбек түрлерінің 
қалыптасуы болашақта мигранттардың еңбегіне тәуелді экономиканың 
қалыптасуына әкеледі.
Көші-қон үрдістері қазіргі әлемнің әлеуметтік және саяси трансформациясында 
шешуші рөлдердің бірін атқарады. Өйткені олар интеграцияның нәтижесі ғана 
емес, сонымен бірге қоғамдағы болашақ күрделі өзгерістердің алғышарты болып 
табылады. Атап айтқанда, олар әлеуметтік-саяси құрылымның қалыптасуына, 
экономикалық және саяси жағдайға, әлеуметтік даму факторларының 
таралуына, мемлекеттің саяси-құқықтық жүйесінің қалыптасуына әсер ете 
алады. Көші-қон үрдістері мен ұлттық қауіпсіздік арасындағы байланыс 
геосаяси аспектілермен, демографиялық және экономикалық қауіпсіздікке қауіп-
қатерлермен анықталады. Сондықтан бақыланбайтын этникалық анклавтардың 
пайда болу фактісін, сондай-ақ келушілер мен қабылдаушы қоғам арасындағы 
қақтығыстардың шиеленісуін ескеру өте маңызды.
2004-2008 жылдары қытайлық мигранттар (Алматы мен Астанада 300 
адам) арасында іріктелген сауалнама жүргізілді [9]. 2012-2014 жылдары 
социологиялық зерттеу жүргізілді [10]. 2021 жылы мақала авторлары 
қытайлық мигранттар арасында тағы бір сауалнама жүргізді. Бұл мақалада 
аталған үш сауалнаманың нәтижелері жинақталған.
Нәтижелер
Қазіргі Қытай халықаралық көші-қон үрдістерінің қарқынды дамып келе 
жатқан қатысушысы болып табылады. ҚХР халқы санының едәуір болуы 
халықтың жоғары тығыздығын тудыруымен қатар Қытай азаматтарының 
шетелге жаппай кетуіне объективті алғышарттарды құрайды. Ашық 
реформалар аясында шетелге шығу шектеулерінің біртіндеп алынып тасталуы 
елден тыс көші-қон үшін кең мүмкіндіктер ашты. Елдегі экономикалық қайта 
құрулар жағдайында халықтың ішкі және сыртқы қоныс аударуына әкелетін 
орасан зор миграциялық әлеует бар. Қытай билігі шығыс провинциялар 
тұрғындарын, негізінен хань халқын елдің шетіне көшуге ынталандыруда. 
Бұл үрдістер елден тыс көші-қон ағынымен қатар жүреді.


51
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
&
№ 3 (75) 2022
Көші-қонға әсер ететін факторлар кешенінің ішінде экономикалық 
факторлар негізгі болып табылады. Оларға ел экономикасының жалпы 
жағдайы, өмір сүру деңгейі, табыс пен жалақы, көлік және энергетикалық 
ресурстардың бағасы және т.б. жатады. 
Қытай көші-қонының өзі де экономикалық сипатқа ие. 2011 және 2021 
жылдарының зерттеу деректері «Қытай демографиялық экспансиясы» туралы 
мифтерді растамады. 1990 және 2000 жылдарының басында қытайлықтардың 
еңбек миграциясының негізгі қозғаушы күші – жұмыссыздық пен «артық жұмыс 
күшін» тарту қажеттілігі және көршілес Қазақстанда бос салалардың болуы. Бұл 
қытай еңбек миграциясына түрткі болып, қытайлықтар қызмет көрсету саласында 
(соның ішінде ҚХР-ға кіру құжаттарын ресімдеу және қытай фирмаларымен 
мәмілелер бойынша делдалдық қызметтер көрсету), көтерме саудада, сатып 
алу қызметтерінде басым кездесе бастады. 2000 жылдардың басындағы шетел 
капиталының қатысуымен құрылған кәсіпорындардың қызметін тіркеу және 
бақылау тәртібінің салыстырмалы түрде либералды түрі қытайлық еңбек 
мигранттарына бастапқы капиталды жинақтауға мүмкіндік берді.
Әлеуметтану зерттеулері Қазақстандағы қытайлықтардың басым көпшілігі 
уақытша мигранттар деген тұжырымды растайды. Қытай еңбек көші-
қонының экономикалық құрылымының ерекшелігі – қытайлықтар қытайлық 
компанияларда, бірлескен кәсіпорындарда және экономиканың жеке 
секторында жұмысқа жұмылдырылды. Қытай азаматтарының Қазақстандағы 
негізгі жұмыспен қамтылу салалары – сауда, қызмет көрсету, өнеркәсіптік 
кәсіпорындар мен құрылыс болып табылады.
Қазақстанда үш-бес жыл тұрақты тұратын қытайлық мигранттардың саны 
аз. Дегенмен, Қытай еңбек күшінің шоғырланған мекемелері мен экономикалық 
салалары салыстырмалы түрде тұрақты болып келеді. Қазақстанда жұмыс 
істейтін қытайлықтар ықшам қоныстануға және ұлттық бірегейлікті сақтауға 
ұмтылады. Қытайдың көші-қоны өзінің мәдени және білім деңгейі жағынан 
біркелкі емес.
Қытай бизнесін сыртта белсенді кеңейту аясында мұнай-газ секторында 
менеджерлер мен білікті жұмысшылардың саны артып келеді. Соңғы жылдары 
Қазақстанға келген қытайлық мигранттардың әлеуметтік-кәсіби құрамы 
біршама өзгерді. Онда жеке кәсібі немесе тұрақты жұмысы бар адамдар 
басым. Бұл Қытай көші-қонының негізгі себебі елдегі жұмыссыздық екендігі 
туралы мәліметтерді жоққа шығарады.
Қытайлықтардың жұмылдырылуы тек дәстүрлі «қытайлық» (сауда, 
тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй бизнесі) 
салаларда ғана емес, азық-түлік өндірісінде, ойын бизнесінде, құрылыста, 
кірпіш өндірісінде айқындала бастады. ҚХР кәсіпкерлері Қазақстанда 
жылжымайтын мүлік сатып алып, онда өз кәсіпорындарын ұйымдастырып, 
қонақ үйлер мен химиялық тазалау орындарын ашу, ғимараттарды жалға беру 
ісіне қызығушылық танытуда. Ресми деректерге сәйкес, 2020 жылдың мамыр 
айына қарай, Қазақстанда 100% қытайлық қатысуымен 2674 компания және 
822 бірлескен кәсіпорын тіркелген.


52
&
№ 3 (75) 2022
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
&
Деректер сараптамасы 2010-2015 жылдары Қытайдан еңбек көші-қонының 
көлемі жалпы өскенін көрсетеді. Бұл сауда қызметінің кеңеюі, мейрамхана 
бизнесінің дамуы, медициналық және білім беру қызметтері нарығының 
өсуі және Қазақстанның батыс аймақтарында (Атырау және Ақтөбе) жұмыс 
істейтін Қытай мұнай компанияларына қытайлық көші-қонның кеңеюінің 
есебінен болды.
Қазіргі күнде ҚХР өзінің күшейген экономикасының әлеуетін қолдану 
жолдарын іздеуде. Бүгінде қытайлықтарға келісім-шарт ақшасына жұмыс істеу 
тиімсіз. Қытайдың ірі құрылыс компаниялары қазірдің өзінде қос инвестор 
ретінде жұмыс істеп, салынып жатқан нысандарға өз жұмыс күшін, пайдасын 
және Қытай банктеріндегі ақшасын салып жатыр. Сонымен қатар мемлекет елден 
тыс жерде жұмыс жасап жатқан қытайлық құрылыс корпорацияларына несие 
және салық жеңілдіктері түрінде орасан зор мемлекеттік қолдау көрсетіп отыр.
2021 жылғы сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстандағы барлық еңбек 
мигранттарының төрттен бір бөлігі Қытай азаматтарына тиесілі болды. 
Жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстанда жұмыс істеп 
жатқан 14,8 мың шетелдік азаматтың 3,6 мыңы Қытай еңбек мигранттары 
[11], 1 490 – Түркия, 1 098 – Үндістан, 947 – Ұлыбритания және 1 369 – 
Өзбекстан азаматтары болды. Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тартатын 
қазіргі уақытта 1641 жұмыс беруші бар. Қазақстан Республикасы Еңбек және 
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында 
жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тартуға квота белгілейді. 2021 
жылы квота жалпы жұмыс күшінің 0,31%-ын немесе 29,3 мың бірлікті құрады.
Қытайлық мигранттарға берілген жұмыс істеу рұқсаттарының санына 
сүйенсек, пандемияға дейінгі 5 жыл ішінде олар (2015 жылғы 17,5 мыңнан 
2019 жылғы 5,3 мыңға дейін) үш есе кеміді. Ал пандемия кезінде тіпті 8 есе 
төмендеді (2021 ж. 1 тамызға қарай небәрі 2,2 мың рұқсат берілді).
Қытай көші-қоны құрылымының ерекшеліктерінің бірі – оның география- 
сы өте кең. 2000 жылдардың басында жүргізілген зерттеулер барысында 
Қытайдың облыс орталықтары мен қалалардың жергілікті тұрғындарының 
басым көпшілігі Алматы мен Астанада тұратыны анықталды. Қазақстанға 
мигранттар ҚХР-дің экономикалық дамыған аймақтарынан – Бейжің мен 
Шанхайдан, Қытайдың дәстүрлі көші-қон аймақтары Фудзян мен Гуандуннен, 
Қытайдың шығыс бөлігіндегі Цзянсу мен Аньхойден көп қоныс аударды. 
Сондай-ақ Қазақстаннан алшақ аймақтардан (Гуанчжоу, Далянь) көші-қон 
ағындары да айқындалды. Жақында жүргізілген сауалнамалар қазіргі уақытта 
көші-қон географиясының айтарлықтай өзгермегенін, бірақ Үрімжіден (ШҰАР) 
ханьдардың келуінің көбейгенін көрсетеді. Бір қала, уез, ауданнан келген 
жерлес топтардың арасында кәсіпкерлік саланың бөлінуі байқалады. Әсіресе, 
Қытайдың Гуанчжоу, Нантун (ҚХР Цзянсу провинциясындағы қала) қалалардан 
келген топтардың тығыз жерлестік байланыстары байқалады. Гуанчжоу тобы 
көкөністер мен жемістердің көтерме саудасына жұмылдырылса, Астанадағы 
құрылыс алаңдарында негізінен Цзянсу провинциясының, Нантун қаласынан 
келгендері басым болды. «Нантун» – дәстүрлі түрде құрылыста жұмыс істейтін 


53
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
&
№ 3 (75) 2022
топтар деп саналады. Мұндай бірлестіктер қытайлықтарға өздерінің қызмет 
саласын басқаруында дәстүрлі әдістерді қолдануға мүмкіндік береді.
Көші-қонның ресми арнасы арқылы жылына Қазақстанға бірнеше жүзге 
жуық адам келеді. Бұл туыстарымен қосылу үшін немесе некеге тұру үшін 
ҚХР-дан келгендер (негізінен қазақтар). Қалғандары Қытай мемлекеттік 
органдардың рұқсатымен қысқа мерзімге және барлық қажетті төлемдерді 
төлеп келген еңбек миграциясының арнасы арқылы келгендер. Олар белгілі 
бір уақыттан кейін Қытайға оралады. Дегенмен мойындау керек, кейбір Қытай 
азаматтары алдымен елге турист ретінде келіп, содан кейін осы жерде жұмыс 
тауып, тұрақты тұруға қалады.
2010 жылдан бастап Қытай Қазақстандағы шетелдік жұмыс күшінің 
ең ірі көзіне айналды. Бұл негізінен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас 
жолы (Қазақстандағы «Белдеу және жол» бастамасы (BRI) жобаларының 
бірі) инфрақұрылымның құрылысы, Қытайдың Қазақстанға тікелей 
инвестициялары және сауда-экономикалық айналымның қарқынды өсуі 
есебінен болды. Сондай-ақ қытайлық мамандар Бейнеу-Бозой-Шымкент 
газ құбырының екінші учаскесінің құрылысында (Қазақстандағы BRI 
жобаларының тағы бір түрі), Атырау мен Шымкенттегі екі мұнай өңдеу 
зауытының, Ақтөбе облысында газ өңдеу зауытының, Павлодар электролиз 
зауыты мен Ақтау пластмасса зауытының, Мойнақ су электр станциясының 
және т.б. мекемелердің қайта жөнделуі мен құрылысында жұмылдырылды.
Шетелдік жұмыс күшінің шоғырлануын компаниялар бойынша жеке 
қарастыратын болсақ, 2016-2017 жылдары «АГП» ЖШС тау-кен өнеркәсібін 
(188 адам), құрылыс саласындағы «НГСК Казстройсервис» АҚ (72 адам), өзге 
салаларда – «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС (74 адам), «Казферросталь» 
ЖШС (35 адам) секілді кәсіпорындарды атап өткен жөн.
Қазақстанның басқа аймақтарында қытайлық жұмысшыларды тартатын ірі 
компаниялар қатарынан келесілерді атап өтуге болады:
− Маңғыстау облысындағы «Sea Bu» «Инжинирингтік бұрғылау 
компаниясы» ЖШС (252 адам);
− «Sinopec Engineering (Group) Co., Ltd» қазақстандық филиалы (3,9 мың 
адам),
− Атырау облысындағы «Нефтестройсервис Ltd» ЖШС (1,2 мың адам);
− Қарағанды облысындағы «China Machinery Engineering Corporation» (85 
адам);
− Жамбыл облысындағы «До Книсг» УКФ ЖШС (110 адам);
− «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ (93 адам),
− Қызылорда облысындағы «China Triumph International Engineering» 
ЖШС филиалы (438 адам) [12].
Сонымен, ҚХР азаматтары Қазақстанның барлық дерлік аймақтарында, 
ең алдымен, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау батыс облыстардың мұнай-
газ секторында; Шығыс Қазақстан мен Қызылордада, сондай-ақ Астана 
мен Алматы қалаларында шоғырланып, құрылыс, тау-кен және өңдеу 
өнеркәсібінде, қызмет көрсету салаларында жұмылдырылған. Қытайдан 


54
&
№ 3 (75) 2022
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
&
келетін жұмыс күші, әдетте, қытайлық немесе бірлескен кәсіпорындарда 
жұмыс істейді. Кейде газ және мұнай құбырларын салуда алыс аудандарда 
вахталық әдіспен жұмыс істейді. Немесе қытай мейрамханалары мен 
медициналық орталықтары секілді белгілі бір ұлттық бизнесте жұмыс 
істейді, бұл мекемелерде көбінесе ҚХР азаматтарының өздері қызмет алуға 
келіп тұрады. Дегенмен, Қазақстандағы жұмыспен қамтылғандардың жалпы 
санында қытайлық жұмыс күшінің үлесі аз: 2020 жылы ол 0,1% құрады және 
Қазақстанның еңбек нарығына айтарлықтай әсер еткен жоқ.
«Белдеу және жол» бастамасы аясында мұнай-газ секторында менеджерлер 
мен білікті мамандар саны артып келеді. Қытай инвестициясы жұмыс 
орындарын ашуға әкелетін болса, онда мигранттар ағынының артуы әбден 
мүмкін. 2015-2021 жылдары аралығында жалпы сомасы 4 млрд. доллардан 
асатын 17 жоба іске қосылды, жалпы сомасы 5,3 млрд. доллар құрайтын 16 
жоба жүзеге асырылуда, 23 жоба әзірленуде [10]. Бұл Қазақстандағы көші-қон 
үрдістерінің айрықша факторы болып табылады. Мәселен, Ресейде ҚХР еңбек 
мигранттарын тартудың негізгі себебі Қиыр Шығыстағы бос, тартымсыз 
жұмыс орындарының көптігі болса, Қазақстанда қытайлық мигранттардың 
көпшілігі өз еліне қатысты қызметпен айналысады. 2010-2020 жылдары 
Қытай азаматтарына жұмыс істеуге 98 846 рұқсат берілген, бұл осы кезеңде 
берілген шетелдік жұмыс квотасының 32 пайызын құрады. Алынған рұқсаттар 
бойынша Қытай көш бастап тұр. Түркия (15%) мен Үндістан (6%) берілген 
рұқсаттар саны бойынша екінші және үшінші орындарда. Қытай азаматтары 
мен басқа елдердің азаматтары арасындағы мұндай алшақтық «Батыс Еуропа 
– Батыс Қытай» автожолының салынуымен, сондай-ақ тікелей инвестициялар 
құрамында Қытай инвестициялардың зор үлесімен түсіндіріледі [13].
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика 
комитетінің 2020 жылғы 1 мамырдағы мәліметі бойынша елде ҚХР 100% 
шетелдік қатысуымен 2 674 заңды тұлға және Қазақстан мен Қытайдың 
бірлескен меншік нысанындағы 822 кәсіпорын тіркелген. Кәсіпорындардың 
75%-ы Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында (тиісінше 61% және 14%), 
одан кейін кему ретімен Қытаймен шектесетін өңірлер – Алматы, Шығыс 
Қазақстан облыстары және Шымкент қалаларында тіркелген. Ең аз өкілдік 
еліміздің солтүстік облыстарында байқалады.
2021 жылдың қараша айында құрылыс компаниясының басшысы, Нұр-
Сұлтандағы рестораторлар, Қытай банкі, Алматыдағы Қытай коммерциялық 
және өнеркәсіптік банкінің қызметкерлері және медициналық орталықтардың 
иелері арасында сараптамалық сауалнама жүргізілді. Құрылыс компаниясының 
басшысы Қытайдағы жол құрылысымен айналысатын ірі компаниясымен 
серіктес екенін атап өтті. Олар Қазақстанға инвесторлар болып кірді, 
құрылысқа, қаржы құралдарына ақша салды. Кәсіпорында Қытай азаматтары 
ғана емес, қазақстандықтар да жұмыс істейді. Барлық қызметкерлердің 
жоғары білімі бар. Басшының екі жоғары білімі бар, қаржы магистрі болып 
табылады. Қызметкерлердің құрылыс, қаржы және т.б салалардағы жоғары 
білімі бар. Банк қызметкерлерінің Алматыда отбасымен бірге тұрып 


55
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
&
№ 3 (75) 2022
жатқандарына үш жылдан асты, келісім-шарт мерзімі біткен соң олар еліне 
қайта оралады. Реставраторлар бес жылдан астам жұмыс істейді. Олардың 
көпшілігі Орталық Азияның басқа елдерінде жұмыс істеген және бұл елдерге 
қарағанда Қазақстандағы жұмыс істеу пен өмір сүру жағдайлары қолайлырақ 
деп атап өтті. Пандемияға дейін Қазақстандағы қытай мейрамханаларында 
көп жұмысшы қызмет етті. Олардың мақсаты елінде өз бизнесін дамыту 
үшін бастапқы капитал жинау болды. Медициналық орталықтарда Қытайдың 
орталық медициналық университеттерінде білім алған дәрігерлер жұмыс 
істейді. Олардың көпшілігі бір жылға келеді. Көптеген орталықтар лицензия 
алуда қиындықтарға тап болып, бірлескен кәсіпорындар ашуға көшті, мұндай 
орталықтар қызметкерлерінің жартысы қазақстандықтар. 
01.08.2021 жағдай бойынша Қазақстанда ҚХР азаматтарына жұмыс істеуге 
2 211 рұқсат берілді (1-кесте). Ең жоғары көрсеткіш 2015 жылына келді, 17 
507-ге дейін жетіп, кейін біртіндеп төмендей бастады. Пандемияға дейін 
аралықта 2019 жылы үш есеге төмендеп, 5 347 санына дейін жетті [14]. 

жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау