М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


Типтік детальдарды базалау мысалдары



жүктеу 5,89 Mb.
Pdf просмотр
бет35/149
Дата12.10.2022
өлшемі5,89 Mb.
#39629
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   149
kulgildinov-kolik

Типтік детальдарды базалау мысалдары
. 1.19-суретте [24] негізгі 
жабдықтар (үш тірек) және екі бүйір беттер (екі және бір тірек) бойынша 
дайындаманың 1 жабдықтағы 2 алты тірекке 3 орнатылуы көрсетілген. І, 
ІІ және ІІІ беттер технологиялық базалар болып табылады. Берілген ба-
залау сұлбасы бойынша дайындама барлық алты еркіндік дәрежесінен 
айрылған және қабылданған координаталар жүйесімен салыстырғанда 
белгілі бір жағдайға орналасқан.
Дайындаманы немесе бұйымды үш еркіндік дәрежесінен, яғни бір 
координата осі z бойымен жылжудан және басқа екі ось (х және у) бой-
ынша бұрылудан айыратын бет І қондыру базасы деп аталады.
4–8708


50
 1.19-сурет. Дайындаманы алты тірекке базалау:
1 – дайындама; 2 – бекіту жабдығы; 3 – тіректер; I, II, III – беттер
Дайындаманы немесе бұйымды екі еркіндік дәрежесінен, яғни 
бір координата ось у бойымен жылжудан және басқа ось z бойынша 
бұрылудан айыратын бет ІІ бағыттаушы база болып табылады. Ал дай-
ындаманы немесе бұйымды бір еркіндік дәрежесінен, яғни бір коорди-
ната осі х бойынша жылжудан айыратын бет ІІІ тірек базасы деп ата-
лады. Дайындамаларды барлық алты еркіндік дәрежесінен айыратын 
базалау ережесі алты нүкте ережесі деп аталады [9,24].
Тәжірибе жүзінде дайындамаларды тек қана бес, төрт тіпті үш 
тірек нүктесін қолдану арқылы базалау жағдайлары кездеседі. Дайын-
даманы базалау үшін алты нүктеден кем нүкте, яғни үш базадан кем 
база қолданған жағдайдың барлығында да жабдықтағы дайындаманың 
жағдайы бекітілмеген болып есептеледі.
Тірек элементтерінің белгіленуі
. Базаның формасы мен жоғалтатын 
еркіндік дәрежелерінің санына байланысты тірек элементтері негізгі 
және қосымша болып бөлінеді. Негізгі тірек элементтері дайындаманы 
базалау үшін олардың әрқайсысы бір немесе бірнеше тірек нүктелерін 
жүзеге асырумен сипатталады. Жабдықтың ішінде орналасуымен қатар, 
таңдап алынған базалау тәсілімен олар тірек нүктелерінің (алтыға шейін 
қосып алғанда) қажетті жиынтығын құрайды. Мұндай элементтерге жа-
татындар: тірек саусақтары мен табақшалары, центрлер, жүзетін және 
құрсауланған тіректер және т.б. 
Технологиялық құжаттамада қолданылатын тіректердің, қысқыштар 
мен отырғызу қондырғыларының графикалық белгіленуі МЕСТ 
3.1107-81 бойынша бекітілген. 1.20-суретте детальдарды орналастыру 
сұлбаларының мысалдары көрсетілген.
Детальдің қозғалмайтын тірекке бекітілуі пневматикалық қыс-
қыштың көмегімен жүзеге асырылады (1.20-сурет а), детальдің 


51
сфералық беті қосарлы қысқыштың көмегімен бекітіледі (1.20-сурет 
ә). Деталь центрдегі қозғалмайтын тірек арқылы цангалы қысқыда 
бекітілуі мүмкін болса (1.20-сурет б), ал конустық беттері бар 
детальді гидропластық құралбілік көмегімен бекітуге болады (1.20-
сурет в).
1.20-сурет. Бұйымдарды орналастыру сұлбалары:
а – жылжымайтын тірекке пневматикалық қысқышпен;
ә – қосарлы қысқышпен; б – цангілі патронда; в – гидропластты 
құралбілік көмегімен

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау