М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


-тарау. МАшинАлАРдыҢ БАзАлық дЕТАлЬдАРын



жүктеу 5,89 Mb.
Pdf просмотр
бет140/149
Дата12.10.2022
өлшемі5,89 Mb.
#39629
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   149
kulgildinov-kolik

6-тарау. МАшинАлАРдыҢ БАзАлық дЕТАлЬдАРын, 
ЖҰМыС ОРГАндАРы МЕн МЕТАлқҰРылыМдАРын 
ЖөндЕу 
6.1. Көлік техникасының базалық 
детальдарын жөндеу
Базалық детальдарға беріліс қораптарының, артқы көпірдің, 
борттық редукторлардың корпустары, сонымен бірге қаңқалар, стани-
налар және т.б. жатады. Жөнделуге берілетін корпустық детальдарда 
төмендегідей ақаулар болуы мүмкін: сызаттар; сынықтар; бүлінулер; 
болттар мен бұрамасұқпалардың сынуы; мойынтіректер, стакан-
дар, втулкалар, біліктердің отырғызу беттерінің тозуы; бұранданың 
мүжілуі және т.б.
Корпустық детальдарды жөндеудің технологиялық процестері 
төмендегі операциялар жиынтығынан тұрады: сынған болттарды, 
бұрамасұқпаларды, бұрамаларды алып тастау; пісіру және балқыту 
жұмыстары; орнықтыру беттері мен тесіктерін механикалық өңдеу; 
тозған беттерді өңдеу өлшемдеріне келтіріп өңдеу немесе оларды по-
лимерлермен, электролиттік жабындылармен және қосымша жөндеу 
деталін пайдаланумен қалпына келтіру.
Корпустағы сызаттарды доғалы немесе газдық пісірумен пісіреді, 
жезбен дәнекерлейді, табақша болаттан жапсырма қояды. Егер сызат 
белгілі болған корпустың бөлігі жоғары күш астында болмаса, онда 
оларды эпоксидті шайырлар негізіндегі полимерлік композициямен жа-
сайды немесе желімдер мен жаққыштар пайдаланады. Сынған корпус-
тарды істен шығарып тастайды.
Орнықтыру беттері мен тесіктерін өңдеуді жазық ажарлау, фрезерлі 
және тесу станоктарында орындайды. Отырғызу тесіктерін жөндеу 
өлшеммен кеңейту, втулканы престеп, сонан соң тесіктерді номинальді 
өлшемге келтіру және тесіктерді электржалынды немесе электролиттік 
тәсілмен өсіру арқылы жөндейді. Тесіктерді кеңейту барысында корпус-
ты дұрыс базалау маңызды роль атқарады.
Кейбір жағдайларда базалық тесіктерді айналып тұрған мыс қылшақ 
түріндегі электродтың көмегімен қабат қалыңдығы 0,5 мм-ге дейін 
электржалынды тәсілмен өсіру арқылы қалпына келтіруге болады (6.1-
сурет). Корпустық детальдардың отырғызу тесіктерін жергілікті немесе 
шомылғыдан тыс болаттау тәсілімен қалпына келтіру тиімді деп сана-
лады. Болаттардың құны бұл жағдайда хромдау құнынан 2-3 есе төмен 
болады.


259
6.1-сурет. Беріліс қорабы корпусының отырғызу тесіктерін
айналма электрод көмегімен келтіру:
1 – электрқозғалтқыш; 2 – ұстағыш; 3 – қалпына келтірілетін деталь;
4 – айналма электрод; 5 – электржанама; 6 – иілгіш білік
Болттар мен бұрамасұқпалардың бұрандалық тесіктерін үлкейтілген 
(жөндеу) өлшемдегі бұрандаларды жасау арқылы қалпына келтіреді.
Машиналардың көбісінің қаңқалары мен станиналары пісіріп немесе 
ұрып жапсырылған металқұрылымдар түрінде жасалған. Олардың негізгі 
ақауларына жеке элементтерінің деформациялануы мен зақымдануы, пісіру 
жапсырмаларында пайда болатын сызаттар, тойтармалы қосылыстың 
босаңсуы, тірек стакандарының зақымдануы мен тозуы және т.б. жатады. 
Жөндеу тәсілдері зақымдану сипатына қарай анықталады.
Конструкция элементтерін түзетуді гидравликалық домкраттар 
мен престерді пайдалану арқылы салқын немесе қызған (500...600
0
С) 
жағдайда жүргізеді. Қатты деформацияланған элементтерді кесіп тас-
тап, арнайы дайындалған кірме элементтерімен ауыстырылады. 
Қаңқалардың жекелеген бөліктерінде пайда болған сызаттарды 
алдын ала сызаттардың ұштарына диаметрі 5 мм болатын тесіктерді 
тесіп, күшейтілген жіктермен пісіріп тастайды. Пісіру жіктерін қоюмен 
бірге сыртқы бетіне үшбұрыш және ромб тәріздес (6.2 а, ә-суреттер) 
күшейтілген жапсырмалар пісіріп бекітіледі. Лонжерондар ішіне той-
тармалар көмегімен күшейтілген кірмелер (6.2 б-сурет) қойылады. 
Пісіру жігін сызатпен бірге газдық кескішпен кесіп тастайды да, 
қайтадан пісіріп бекітеді.
6.2-сурет. Қаңқалар сызаттарын балқыту арқылы жөндеу:
а – үшбұрышты жапсырма; ә – ромб тәріздес жапсырма; 
б – тойтармаларға күшейткіш ендірмелер қою


260
Қаңқаларды жөндеу кезінде жіктерді горизонталь жағдайда пісіруге 
мүмкіндік беретін бұрылмалы стенд қолданылады. Жіктерді пісіріп 
болған соң тазалайды да, пневматикалық балға көмегімен қақталманы 
беріктендіреді. 
Пісірме қосылыстар сапасын бақылауды пісірме жіктерін сырткөзбен 
қарап өлшеумен, бақылау үлгілерін механикалық сынаумен, ультрады-
быспен тексеру арқылы қамтамасыз етеді.
Босаған, сынған тойтармалардың барлығын жаңамен алмастырады. 
Диаметрі 12 мм-ге дейінгі тойтармаларды салқын күйде орналастыра-
ды.
Тірек стакандары тесіктерінің тозуын жөндеу өлшеміне келтіріп 
кеңейту әдісімен жөндейді, ал сызаты бар тірек стакандары жаңасымен 
ауыстырылуы тиіс.

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау