М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



жүктеу 5,89 Mb.
Pdf просмотр
бет14/149
Дата12.10.2022
өлшемі5,89 Mb.
#39629
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   149
kulgildinov-kolik

технологиялық үдерістер
Бұйым және оның бөліктері.
Бұйым
дегеніміз – кәсіпорында дай-
ындалатын өндіріс өнімі. Берілген өндірістің соңғы сатысына байланы-
сты бұйымға дайындалған (жөнделген) машиналар ғана емес, сонымен 
бірге жиналған машинаның жеке бөлшектері де жатады. Мысалы, экс-
каватор зауыты үшін бұйым ретінде экскаватор, мотор жасау зауыты 
үшін – қозғалтқыш, поршень зауыты үшін – поршень болып табыла-
ды.
Бұйымдардың мынадай түрлері болады: детальдар, жинақ бірліктері, 
кешендер, жиынтықтар. 
деталь
– жинақтау операциясын қолданбастан біртекті материал-
дан дайындалған бұйым.
Жинақ бірліктері
– құрамдас бөліктері дайындаушы-кәсіпорында 
бір-бірімен өзара жинақтау операцияларымен (пісіру, бұрау және 
т.б.) біріктірілген бұйым. Техникалық әдебиетте «жинақ бірліктері» 
мағынасын білдіретін «торап» термині қолданылады. Техникалық 
тұрғыдан алғанда 
торап
– басқа жинақтау бірліктерінен немесе 
бұйымнан бөлек жинауға болатын және бұйымда құрамдас бөліктерімен 
бірігіп қана жеке функцияны атқаратын жинақтау бірлігі, мысалы, тісті 
дөңгелектерімен бірігіп жиналған білік.
Технологиялық тұрғыдан алғандағы бұйымның құрамдас бөлігінің 
сипатты белгісі ретінде бұйымның басқа бөліктерімен жеке жина-
лу мүмкіндігін атап өтуге болады. Конструкциясына байланысты 
бұйымның құрамдас бөлігі жеке детальдардан немесе жоғары қатарлы 
құрамдас бөліктерден тұрады. Құрамдас бөліктер бірінші, екінші және 
одан да жоғары қатарлы болып келеді. Бірінші қатардағы құрамдас 
бөлік бұйымның құрамына бірден кіреді. Ол жеке детальдардан неме-
се екінші қатарлы бір не бірнеше құрамдас бөліктер мен детальдардан 
тұрады. Екінші қатардағы құрамдас бөлік бірінші қатардағы құрамдас 
бөлікке кіреді. Ол детальдарға немесе үшінші қатардағы құрамдас 
бөліктер мен детальдарға, т.с.с., ең жоғары қатардағы құрамдас бөлік 
тек қана детальдарға бөлінеді. Бұйымды құрамдас бөлікке жіктеудің 
бұл түрі технологиялық белгілер бойынша жүргізіледі. 


15
Кешен
– дайындаушы-кәсіпорында жинау операцияларымен 
біріктірілмеген, бірақ өзара байланысқан пайдалану функцияларын 
орындауға арналған екі және одан да көп бұйым, мысалы, цех-автомат, 
бұрғылау қондырғысы және т.б.
Жиынтық
– жалпы пайдалануға арналған көмекші сипаттағы 
бұйымдар топтамасы.
Бұйымды функционалды белгісі бойынша құрамдас бөлікке 
жіктеудің басқа да түрі бар. Мысалы, оған қозғалтқыштың газ тарату 
механизмін, майлау немесе салқындату жүйесін және т.б. жатқызуға 
болады. Технологиялық тұрғыдан қарағанда бұйымның бұл құрамдас 
бөліктері жинақтаушы болып табылмайды, себебі оларды көбінесе 
бұйымның басқа бөліктерімен бөлек толығымен жинауға болмайды. 
Қазіргі кездегі машина жасауда жинақ жалпы және торапты болып 
бөлінеді. Жалпы жинақ нысаны болып бұйым есептелсе, торапты жинақ 
нысанына оның құрамдас бөліктері кіреді. 
Машина жасауда бұйымның құрамдас бөліктерге бөлінуі, сызбалар 
мен басқа да техникалық құжаттардың рәсімделуі мемлекеттік стан-
дарттар талаптарына сәйкестендіріп жүргізіледі. 

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау