М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



жүктеу 5,89 Mb.
Pdf просмотр
бет124/149
Дата12.10.2022
өлшемі5,89 Mb.
#39629
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   149
kulgildinov-kolik

БАқылАу СҰРАқТАРы
1. Машиналарды күрделі жөндеудің жалпы сұлбасын сипаттаңыз.
2. Күрделі жөндеу кезіндегі машинаны сыртқы жуу мен бөлшектен 
болған соңғы агрегаттарды жуу қалай ұйымдастырылады?
3. Бөлшектеу жұмыстарында қандай жабдықтар, аспаптар мен 
құрылғылар қолданылады?
4. Машиналарды бөлшектеудің технологиялық тәртібіне мысал 
келтіріңіз.
14–8708


210
5. Детальдарды бақылау мен сұрыптауды ұйымдастыру бойынша 
қандай жалпы ережелер бар?
6. Жетекші арбашалы жинау-бөлшектеу конвейерінің сұлбасын 
түсіндіріңіз.
7. Машиналарды бөлшектеу мен детальдарды дефектациялауды 
ұйымдастыру жұмыстары қалай жүргізіледі?
8. Майлау жұмыстары қандай мақсатта орындалады?
9.
 
Тазалаудың қандай термиялық әдістері бар?
10. Тазалаудың қандай физика-химиялық әдістері бар?


211
4-тарау. МАшинА дЕТАлЬдАРын ЖөндЕудІҢ 
(қАлПынА КЕлТІРудІҢ) ТЕхнОлОГиялық ӘдІСТЕРІ
4.1. Механикалық өңдеу арқылы жөндеу
Өнеркәсіп салаларының біразында машина детальдарын 
орталықтандырып жөндеу өндірісті қажетті қосалқы құраммен 
қамтамасыз етудің тиімді жолдарының бірі болып қалды. Жөнделген 
детальдардың құны жаңа детальдар құнымен салыстырғанда едәуір 
төмен. Жөндеу кезінде беріктендіру әдістерін тиімді пайдалану 
жөнделген детальдар ресурстарын жаңа детальдар ресурстарымен 
салыстырғанда едәуір жоғары етуге мүмкіндік жасайды. Мұның барлығы 
да қалпына келтіретін жөндеу жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың 
жоғары тиімділігін айқындайды. Машиналардың көп санды парктерінде 
бұл материалдардың, энергия мен еңбекшығындарының әжептеуір 
үнемділігін қамтамасыз етеді.
4.1-сурет. Машина детальдарын жөндеу (қалпына келтіру) әдістері


212
Көлікте, құрылыста және де машиналарды жөндеудің орталық-
тандыру кең көлемде қолданылатын өнеркәсіптің басқа да салаларын-
да жөндеу техникасы дамуының маңызы арта түскен және ол қалпына 
келтіру әдістерінің кең арсеналына ие.
Механикалық өңдеумен жөндеудің екі түрі бар: жаңа размер-
мен және номинальді размермен жөндеу. Жөндеудің бірінші түрінде 
детальдің номинальді размерін бастапқыдан бөлек етіп қабылдайды, 
мысалы, 100 мм болған еді, 98 мм болды, мұнда жөндеу жеке және 
жөндеу размеріне сәйкес болуы керек. Жаңа размерге келтірілетін жеке 
жөндеуде ең бағалы детальдарды ондағы ақаулар жойылғанша өңдейді 
(мысалы, отырғызу бетінің өзгерген формасын түзегенге дейін).
Жанасқан детальдарды қайта дайындайды немесе осы жаңа раз-
мерге келтіреді. Жөндеу кезінде металдың минимал қабаты алынатын 
болғандықтан, жеке жөндеу негізгі детальдің жұмысқа жарамды мерзімін 
ұзартуға мүмкіндік береді. Алайда ол өзара ауыстырымдылықты бұзады, 
бұл жөндеудің бірліктік өндірісінде ғана мүмкіндік болады. Жөндеу 
размеріне келтіріп жөндеуде бастапқыдан бөлек жаңа номинальді 
(жөндеу) размерін бекітеді, бірақ алғашқы шақтаманы сақтап қалады, 
бұл берілген размер аумағында өзара ауыстырымдылықты сақтап 
қалуды қамтамасыз етеді. Бұл, әрине, жөндеу кезінде ірі сериялы 
өндіріс әдістерін пайдалануға мүмкіндік жасайды да, оны арзандатады 
және қарапайым етеді.
Номинальді размерге келтіретін жөндеуде (4.2-сурет) детальдың 
бастапқы номинальді размерлері мен шақтамаларын металдың ақаулы 
қабатын жою немесе оның ақаулы бөлігіне қосымша жөндеу деталін 
(втулка, сақина, орама және т.б.) қою арқылы механикалық өңдеумен 
қалпына келтіреді.
4.2-сурет. Механикалық өңдеуде номинальді өлшемге келтіру арқылы 
жөндеу тәсілдері:
а – втулканы тесікке қою арқылы; ә – втулканы білікке тығыздап қондыру 
арқылы; б – жазық бетке табақшаны балқыту арқылы; в – ақауды жойып, 
жұлдызшаға жаңа тәжді балқыту арқылы;
1 – тозған бет; 2 – механикалық өңделген бет; 3 – втулка; 4 – білік; 5 – жазық 
деталь; 6 – жансырма; 7 – күпшек; 8 – тәж; d – номинальді диаметр


213
Осы әдіспен, яғни жөндеу втулкасын, гильзасын, сақинасын қою 
арқылы тегіс бетті тесіктер; втулканы, сақинаны немесе жартылай 
втулканы престеу арқылы біліктер; тілікшелер мен жапсырмаларды 
қою арқылы жазық беттер және т.б. жөнделеді. Аталған әдіс бойын-
ша жөндеудің технологиялық процесі мынадай сатылардан тұрады: 
детальдың ақаулы қабатын немесе ақаулы элементін жою және беттік 
қосылысты дайындау; жөндеу деталін немесе оның ауыстыратын 
бөлшекті жасау; қосымша жөндеу деталімен қосу немесе оның ауыс-
тыратын бөлшегін негізгі детальмен біріктіру және бекіту; соңғы 
механикалық өңдеу және жөндеу сапасын бақылау.

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау