|
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік ҚазақстанТүлектерді кәсіби бағдарлау, жұмысқа орналастыру және олардың мансаптық өсу саясаты
|
бет | 52/94 | Дата | 09.01.2022 | өлшемі | 1,31 Mb. | | #31977 |
| Түлектерді кәсіби бағдарлау, жұмысқа орналастыру және олардың мансаптық өсу саясаты
М. Қозыбаев атындағы СҚУ қызметінің басым бағыттары білім алушылардың кәсіби бағдары, студенттер мен түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, түлектермен байланысты қолдау және олардың мансаптық өсуін қадағалау болып табылады.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да кәсіби бағдарлау білім алушылардың еңбек нарығының дамуын бағалау негізінде жеке кәсіби даму жолын ұзақ мерзімді жоспарлауды, өзінің кәсіби мүдделері мен бейімділігін, нақты кәсіби салада кәсіби мансап құрудың болашағы мен шарттарын болжайтын кәсіби жақтан өзін-өзі анықтау процесі болып табылады.
Кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырудың жүйелі түрде болуы М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың ерекшелігі болып табылады. Оның шеңберінде болашақ жоғары білікті маманға ықпал ету мақсатты және жүйелі түрде, мектеп (лицейлер, гимназиялар) оқушыларына, колледж студенттеріне кәсіптік бағдар беру жұмыстарынан бастап, болашақ талапкерлерді кәсіби жағынан анықтау кезеңінде және одан әрі түгелдей оқу кезеңінде жүзеге асырылады.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да кәсіптік бағдар беру жұмысы жүйесінің мақсаты еңбек нарығында сұранысқа ие, кәсіби қызметке дайын, бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру болып табылады.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде бастапқы кәсіптік бағдарды, қайталама кәсіптік бағдарды және қайта бағдарлауды (кәсіптік қайта даярлауды) жүзеге асырады. Бастапқы кәсіптік бағдар алғашқы рет мамандық таңдайтын адамдарға бағытталып, қабілетіне, бейімділігіне және еңбек нарығының қажеттіліктеріне қарай жеке тұлғаның кәсіпті таңдауына ықпал ететін шаралар жүйесін құрайды.
Екінші кәсіптік бағдарлау - кәсіптік қызметте бағдарлау, мамандықпен бастапқы танысу, кәсіптік сана-сезімді қалыптастыру, білім алушылардың кәсіптік қызметке бейімделуі бойынша шаралар жүйесі.
Қайта бағдарлау (кәсіптік қайта даярлау) жаңа мамандықты таңдау және меңгеру процесін, қызмет түрін ауыстыруға уәждемені, қолда бар тәжірибе, дағды, білім негізінде жаңа мүмкіндіктерді ашуды білдіреді; адамның жеке бейімділігін, уәждерін, қабілеттерін, дағдылары мен іскерліктерін ескере отырып, кәсіпті ауыстыруға, мамандандыруға көмек көрсетуге және жәрдемдесуге бағытталған.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ қызметінің мектеп және лицей оқушыларын, колледж студенттерін бастапқы кәсіптік бағдарлау бойынша бастапқы буыны Foundation факультеті болып табылады.
Foundation факультетінің кәсіби бағдар беру жұмысы саласындағы қызметінің негізгі бағыттары: мектеп (лицей, гимназия) және колледж түлектерінің кәсіби бағдарлы білімдерінің көлемі мен сапасын арттыру, ҰБТ тапсыруға дайындық; факультет және университеттің қабылдау комиссиясы қызметінің сабақтастығын қамтамасыз ету; жоғары оқу орнына дейінгі дайындықты оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету (оқытушылар мен талапкерлерге арналған ақпараттық материалдар, оқу-әдістемелік әдебиеттер шығару; шетелдік қазақ диаспорасының өкілдері арасынан талапкерлерді ҚР жоғары оқу орындарында қазақ және орыс тілдерінде одан әрі оқуға дайындау.
Мектеп, лицей, гимназия оқушыларының, колледж студенттерінің алғашқы кәсіби бағдарындағы келесі буын М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың қабылдау комиссиясы болып табылады.
Қабылдау комиссиясы қызметінің негізгі мақсаты М. Қозыбаев атындағы СҚУ-ға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ББ бойынша білім алушыларды қабылдау болып табылады.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың қабылдау комиссиясының міндеттері: университетке қабылдау шарттары туралы азаматтарды ақпараттандыруды ұйымдастыру; Петропавл қаласы, СҚО, ҚР және шет елдердің білім беру ұйымдарында университеттің құрылымдық бөлімшелерінің кәсіби бағдар беру жұмыстарын үйлестіру және ұйымдастыру; оқуға түсушілердің қажеттіліктеріне жауап беретін білім беру бағдарламасын таңдауда консультациялық көмек көрсету; университетте жүзеге асырылатын ақпарат пен негізгі білім беру бағдарламаларының жан-жақты және ашық болуын қамтамасыз ету; М. Қозыбаев атындағы СҚУ-ға түсушілердің құжаттарын қабылдауды ұйымдастыру; түсу сынақтарының нәтижелері негізінде қабылдау емтихандарын, конкурсты және қабылдауды ұйымдастыру; қабылдау жүргізудің барлық кезеңдерінде жұмыстың жариялылығы мен ашықтығы.
Болашақ мамандардың дербес еңбек қызметіне дайындығы, олардың кәсіби бағыты мен еңбекке уәждемесі білім алушыларды оқу, оқудан тыс уақытта, кәсіптік практикада дербес жұмыс істеу кезінде кәсіптік-практикалық даярлау үдерісінде қалыптасады.
Түлектер шығарушы кафедра мен факультет білім алушылардың екінші кәсіби бағдарындағы маңызды буын болып табылады.
Шығарушы кафедралардың М. Қозыбаев атындағы СҚУ білім алушыларымен кәсіптік бағдарлау жұмысының мақсаты: кәсіптік білімді танымал ету және тарату арқылы білім алушылардың саналы кәсіби тұрғыдан өзін-өзі анықтауы үшін жағдай жасау; теориялық оқыту және кәсіптік практика кезінде кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру; білім алушылардың өздерінің өмірлік және кәсіби жоспарларын, болашақ кәсіптің идеалдарын және ондағы жоғары кәсіби нәтижелерге қол жеткізудің мүмкін модельдерін жобалау қызметі.
Білім алушыларға қатысты шығарушы кафедралардың кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі бағыттары: еңбек нарығының талаптарын, өңірдің ерекшелігін ескере отырып, мамандарды даярлау; түлектерді жұмысқа орналастыру, олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша ұзақ мерзімді келісім-шарт негізінде оқу орны мен жұмыс берушілердің бірлескен қызметін жүзеге асыру; білім алушыларды практикалық кәсіптік қызметке бағдарлау, кәсіптік-бағытталған пәндерді оқыту шеңберінде мамандықпен таныстыру; болашақ жұмысқа орналасу орны бойынша кәсіпорындарда (ұйымдарда) студенттердің практиканың әр түрлі түрлерінен өтуін ұйымдастыру.
Білім алушыларға қатысты шығарушы кафедралардың кәсіби бағдар беру жұмысының негізгі түрлері: өндіріске экскурсиялар, экономиканың нақты секторларының жұмыс берушілері мен олардың өкілдері қатыстырылған семинарлар, дөңгелек үстелдер, мастер-кластар, ашық дәрістер, «Мансап күндері», компаниялардың, ұйымдардың тұсаукесерлері, «Ашық есік күндері», жұмыс біліктілігін меңгеру және т. б.
Факультет деканаттарының ЖОО-дағы кәсіптік бағдар беру жұмыстарына қатысуы келесі міндеттерді жүзеге асыруды көздейді: кәсіби мүдделерді, бейімділікті, қабілеттілікті қалыптастыру және дамыту; негізгі, жалпы кәсіби және кәсіби құзыреттерді қалыптастыру; кәсіби маңызды құндылық-мағыналық ұстаным қалыптастыру.
Факультет деканаттарының (институт директоратының) кәсіби бағдар беру жұмысының негізгі бағыттары: факультетте оқу-тәрбие жұмысын басқару; жалпы кәсіби және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мен дамытуды қамтамасыз ететін ББ жүзеге асыру; оқу үдерісін, кәсіби практикаларды ұйымдастыруды бақылау және реттеу; кәсіби құзыреттілікті меңгеру сапасын мониторингілеу; зертханаларда, ғылыми қоғамдарда өткізілетін білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруды бақылау; факультет түлектерімен байланысты ұйымдастыру; факультет құрамына кіретін кафедралардың пәндері бойынша оқулықтарды, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды дайындауды бақылау және жалпы басқару; факультеттің материалдық-техникалық базасын нығайту және дамыту; студенттердің кәсіби қызығушылықтарын, бейімділігі мен қабілеттерін дамыту үшін әлеуметтік маңызы бар, мәдени-бос уақыт қызметін ұйымдастыру.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да кәсіптік бағдар беру жұмыстарын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыратын психологиялық кеңес беру кабинеті білім алушылардың екінші кәсіби бағдарында белсенді рөл атқарады.
Психологиялық кеңес беру кабинетінің кәсіби бағдар беру жұмысы келесі бағыттар шеңберінде ұйымдастырылады: кәсіби өзін-өзі анықтауға көмек көрсету (білім беру траекториясын таңдау); білім алушыларды психологиялық қолдау; білім алушыларда кәсіби маңызды қасиеттерді дамыту; кәсіби қызметке психологиялық дайындық диагностикасы; «Еңбек нарығындағы өзін-өзі таныстыру және тиімді мінез-құлық» оқыту тренингтерін ұйымдастыру.
Білім алушылардың екінші кәсіби бағдарында МжЖҚО ерекше рөл атқарады.
МжЖҚО қызметінің негізгі мақсаты кәсіптік практиканың барлық түрлерін ұйымдастыру, қамтамасыз ету және үйлестіру, білім алушылар мен бітірушілерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, білім алушылар мен бітірушілерге кәсіптік қызмет және мансап мәселелері бойынша кеңес беру болып табылады.
Қайта бағдарлау (кәсіптік қайта даярлау) алдыңғы жоғары білім базасында жаңа мамандық алу, магистратурада оқу немесе Қайта даярлау және біліктілікті арттыру институты базасында біліктілігін арттырудан өту шеңберінде қамтамасыз етіледі.
Қайта бағдарлау (кәсіптік қайта даярлау) шеңберінде Қайта даярлау және біліктілікті арттыру институты мыналарды жүзеге асырады: маманның үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету (біліктілікті арттыру, кәсіптік қайта даярлау); мамандардың ғылымның қандай да бір саласында және нақты өндіріс секторында жаңа жетістіктер, алдыңғы қатарлы шетелдік және отандық тәжірибе туралы білім алуда қажеттіліктерін қанағаттандыру.
ЖОО жұмысының тиімділігінің, білім беру бағдарламаларының сапасының маңызды көрсеткіші түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші болып табылады.
Университет түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жұмыспен қамту саласындағы ұйымдармен және басқа да ұйымдармен және кәсіпорындармен сыртқы байланыстарды жүзеге асырумен байланысты іс-шаралар кешенін қамтиды; университет білім алушылары мен түлектерінің деректер банкін құру; бос орындар жәрмеңкесін өткізу.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жүйесі ЖОО-ның келесі құрылымдық бөлімшелерінен тұрады: ректорат, академиялық қызмет жөніндегі департамент, МжЖҚО, факультеттер, кафедралар (кафедра меңгерушілері және түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге жауаптылар). Бітірушілерді жұмысқа орналастыру процесін жетілдіру және жүзеге асыруда университеттің келесі органдары маңызды рөл атқарады: Байқау кеңесі, Ғылыми кеңес, Оқу-әдістемелік кеңес.
Осы жүйеге қатысушылардың өзара іс-қимылының негізгі мақсаты түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу болып табылады.
Бітірушілерді жұмысқа орналастыру жүйесіндегі негізгі буындар МжЖҚО және факультеттер болып табылады.
МжЖҚО келесіні жүзеге асырады: аймақтық еңбек нарығының маман-бітірушілерге қажеттілігін талдау; өңірдің кәсіпорындарымен және ұйымдарымен, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау; М. Қозыбаев атындағы СҚУ бойынша бос жұмыс орындарының деректер банкін қалыптастыру; М. Қозыбаев атындағы СҚУ білім алушыларына арналған оқу семинарларын, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру; бітірушілердің мәліметтер базасын қалыптастыру; білім алушылардың уақытша жұмысқа орналасуына жәрдемдесу; білім алушылардың тағылымдамалары мен тәжірибелерін ұйымдастыру; бітірушілердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу; бітірушілердің жұмысқа орналасу тиімділігін талдау; М. Қозыбаев атындағы СҚУ білім алушыларына арналған оқыту семинарларын, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру; мамандықтар жәрмеңкесін өткізу; жұмыс берушілермен кездесулер өткізу; басқа жоғары оқу орындарымен, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау; бітірушілер мен студенттерді еңбек нарығы және білім беру қызметтері нарығы туралы деректермен қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе құру, түлектердің жұмысқа орналасуына және мансаптық өсуіне жәрдем көрсету бойынша жұмыстың нәтижелілігі мен негізгі бағыттарын талдау; кафедралардың, факультеттердің университеттің әлеуметтік серіктестерімен өзара іс-қимылын үйлестіру.
Жоғары оқу орнында оқу бітірушілерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету шеңберінде келесі қызмет бағыттары іске асырылады: түлектерді жұмысқа орналастыру, олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша ұзақ мерзімді келісім-шарт негізінде оқу орны мен жұмыс берушілердің бірлескен қызметі; студенттерді жеке жұмысқа орналастыруды және бөлуді ұйымдастыру; түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша ақпараттық және консультациялық жұмыс; жұмысқа орналасу мәселелері бойынша тренингтер мен семинарлар ұйымдастыру және өткізу («Жұмысқа орналасу кезіндегі өзін - өзі таныстыру негіздері» тренингі, «Түйіндеме - табысқа жету жолындағы алғашқы қадам» семинары).
М. Қозыбаев атындағы СҚУ бітірушілердің кемінде 50% - ын бітіру жылы ішінде кадрларды даярлау бағыты бойынша жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді.
Университет квота бойынша түскен ауыл (село) жастары қатарынан білім алушыларды және мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын білім гранттарының иегерлерін жұмысқа орналастыруға бірінші кезекте назар аударады.
Ақылы негізде білім алушыларға еркін жұмысқа орналасу құқығы беріледі. Сонымен қатар, ЖОО жұмысқа орналасуға мұқтаж түлектерге көмек көрсетеді.
Ұйымдармен шарт негізінде дайындалған түлектер шарт талаптарына сәйкес жұмысқа жіберіледі.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ ұйымдарға, мекемелерге, кәсіпорындарға еңбек нарығындағы бос жұмыс орындары туралы жүйелі түрде сұраныс беруді жүзеге асырады.
Бос орындар туралы ақпарат университеттің сайтында «Жұмысқа орналастыру» бөлімінде орналастырылады.
Жыл сайын факультеттерде түлектерді алдын ала бөлу жүргізіледі (10 желтоқсанға дейінгі мерзімде), оған МжЖҚО ұсынған бар бос орындар, болашақ жұмысқа орналасу орындарынан қолдаухаттар негізінде, болашақ жұмыс берушілер шақырылады. Алдын ала бөлу нәтижелері білім алушыларды өндірістік, педагогикалық және диплом алдындағы практикаға жіберу кезінде ескеріледі.
Жыл сайын мамыр айында түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында Петропавл қаласы мен СҚО жұмыс берушілерінің қатысуымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіледі.
Бітірушілерді түпкілікті бөлуді жас мамандарды бөлу жөніндегі комиссия жүзеге асырады (15 маусымға дейінгі мерзімде). Комиссия жұмысы барысында бөлінген түлектерге болашақ жұмысқа орналасу орны бойынша жұмысқа жолдама және міндеттеме беріледі.
Жас мамандарды бөлу жөніндегі комиссия отырыстарының қорытындысы бойынша ауылдық квота бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқыған түлектерді/жас мамандарды дербес бөлу жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы дайындалады, ол «қаржы орталығы» АҚ жіберіледі.
Студенттерді бөлу туралы ақпарат (кафедрадан жұмысқа орналасуға жауапты) электронды ректоратқа «түлектерді бөлу» интерфейсіне енгізіледі.
Түлектер ЖОО-ны бітірген жылы 15 қыркүйекке дейін М.Қозыбаев атындағы СҚУ-ға жұмысқа орналасу фактісін растайтын құжаттар (жұмыс орнынан анықтама) тапсырады. Ауылдық квота шегінде мемлекеттік білім беру тапсырысы және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқыған түлектер/жас мамандар Мансап және жұмысқа орналасу орталығына жұмысқа орналасу фактісін растайтын құжаттарды ұсынады. Бітірушілердің қалған барлық санаттары бітіруші кафедраға жұмысқа орналасу фактісін растайтын құжаттарды ұсынады.
Кафедрадан жұмысқа орналасуға жауапты тұлға Электронды ректорат жүйесіне, «Түлектерді бөлу» интерфейсіне ақпарат енгізеді және одан кейін бітірушілердің жұмысқа орналасуын растау үшін МжЖҚО-ға құжаттарды ұсынады.
Бітірушілердің жұмысқа орналасуын және мансаптық өсуін қадағалау: жұмысқа қабылдау фактісін растайтын жұмысқа жолдамаларды растау (жұмысқа жолдама түлектерге бөлу нәтижелері бойынша беріледі); жұмысқа орналасу фактісін растайтын жұмыс орнынан анықтама; ЖОО-ның ресми сұрауларына жұмыс берушілердің жауаптарын ұсыну негізінде жүзеге асырылады.
Кафедра, факультет, МжЖҚО түлектердің жұмысқа орналасуына және мансаптық өсуіне жүйелі түрде талдау жасайды.
Университет өз түлектерімен үнемі байланыста болады.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да түлектер қауымдастығы құрылған және жұмыс істеуде.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|