М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан


Студенттік бөлім 8.49 тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттар негізінде үш жұмыс күні ішінде білім алушының академиялық демалыстан шығуы туралы бұйрық шығарады



жүктеу 1,31 Mb.
бет50/94
Дата09.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31977
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   94

Студенттік бөлім 8.49 тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттар негізінде үш жұмыс күні ішінде білім алушының академиялық демалыстан шығуы туралы бұйрық шығарады.

  • Алып тасталды.

  • Академиялық демалыстан оралған кезде білім алушы осы демалысты ресімдеген курстан (академиялық кезеңнен) немесе төмен курспен оқуын жалғастырады.


    1. Академиялық ұтқырлық саясаты

      1. М. Қозыбаев атындағы СҚУ шетелде оқу және шетелде тәжірибе ұйымдастыру, шетелдік оқытушыларды дәріс оқуға тарту және шетелдік жетекші топ-менеджерлерді басқару қызметіне тарту арқылы білім алушылардың, профессор-оқытушылар құрамының және қызметкерлердің академиялық ұтқырлығының дамуын ынталандырады.

      2. М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету мен жүзеге асырудың мақсаттары, міндеттері және жалпы ережелері Болон декларациясының негізгі қағидаларына сәйкес келеді.

      3. Академиялық ұтқырлық бағдарламасына М. Қозыбаев атындағы СҚУ білім алушылары, ПОҚ және қызметкерлері (ғалымдар, әкімшілік-басқару персоналы, оқу-көмекші персонал) қатыса алады.

      4. М. Қозыбаев атындағы СҚУ білім алушылары, ПОҚ және қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығы ЖОО қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің қолжетімділігін, сапасы мен тиімділігін арттыруға, университеттің профессор-оқытушылар құрамының, ғылыми қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға, еңбек нарығында университет түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, білім алушылар мен ПОҚ-тың ғылыми зерттеулерінің тиімділігін арттыруға, университеттің халықаралық білім кеңістігіне кірігуіне, Қазақстан мен шет елдердің жетекші университеттерімен тығыз әріптестік орнататуға көмектеседі.

      5. Академиялық ұтқырлықтың нақты формалары мен түрлерін жүзеге асыру серіктес университеттермен жеке келісімдермен, әрекеттер жоспарларымен, ынтымақтастық туралы келісімдермен және оларға қосымшалармен реттеледі.

      6. М. Қозыбаев атындағы СКМУ-да академиялық ұтқырлық бағдарламаларын үйлестіруді АҰИД жүзег асырады.

      7. Білім алушылар өз қалауымен басқа ЖОО (өз елінде немесе шетелде) таңдап, оқитын пәндерді анықтап, АҰИД-ға өтінім бере алады.

      8. Білім алушылардың өтінімдері негізінде АҰИД басқа серіктес ЖОО-мен ынтымақтастық туралы шарт жасауды ұйымдастырады.

      9. Серіктес ЖОО және оның білім беру бағдарламалары өз елінде аккредитациялануы және аккредиттелген білім беру ұйымдарымен аккредиттелген білім беру бағдарламаларының Реестріне енгізілуі тиіс.

      10. Ішкі академиялық ұтқырлық Тараз декларациясына қол қойған ЖОО-лар арасында қамтамасыз етіледі.

      11. Академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға конкурстан өткен үміткерлерді жіберу мерзімдері әрбір жағдайда оқу елінде академиялық кезеңнің басталуына сәйкес жеке айқындалады.

      12. Академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелдік жоғары оқу орындарында оқу келесілердің есебінен жүзеге асырылады: республикалық бюджет қаражаты; университеттің ақылы қызметтерден түскен кірістері; жұмыс берушілердің, әлеуметтік, академиялық және ғылыми әріптестердің гранттары; халықаралық және отандық қорлар мен стипендиялар; білім алушылардың жеке қаражаты.

      13. Академиялық ұтқырлық шеңберінде республикалық бюджет есебінен білім алушыларды шетелге жіберуді ҚР БҒМ жүзеге асырады.

      14. Республикалық бюджет есебінен шетелде оқу конкурсына қатысуға үміткерлер конкурсқа қатысу құжаттарын электрондық Үкімет порталы және (немесе) ЖОО кеңсесі арқылы конкурс жарияланған күннен бастап 60 күн ішінде береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: ҚР азаматы паспортының көшірмесі; білім туралы құжаттар (бакалавриат бағдарламасы бойынша ағымдағы үлгерімі туралы транскрипт, магистратура бағдарламасы бойынша – бакалавр/маман дипломы қосымшасымен және ағымдағы үлгерімі туралы транскриптпен, докторантура бағдарламасы бойынша – магистр дипломы қосымшасымен және ғылыми диссертацияның өзектілігі және оқуға жіберу қажеттілігі туралы кафедра отырысының хаттамасынан үзінді); шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (мысалы, шет тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйесі арқылы алынған сертификат немесе шетелдік ЖОО-ның білім алушыны меңгерілген шет тілі деңгейімен қабылдауға келісімі туралы хаты немесе СҚУ-дың тестілеу нәтижесі (В2 деңгейінен төмен емес); ҚР-дан шығу кезінде 18 жасқа толмаған жағдайда, үміткердің ата-анасының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің шетелге шығуға жазбаша келісімі; білім алушының көп балалы екенін растау үшін отбасы құрамы туралы құжат; білім алушының ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетімдерге немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім алушыларға жататын білім алушылар санаты үшін); білім алушының мүгедектігін растайтын құжат.

      15. ҚР БҒМ комиссиясының шешімі негізінде академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелге оқуға жіберу туралы бұйрық шығарылады, ол 10 жұмыс күні ішінде университетке жіберіледі.

      16. АҰИД іріктелген үміткерлерді ақпараттық және ұйымдастырушылық қолдауды қамтамасыз етеді, шетелдік ЖОО-ның ресми шақыруын алуға жәрдемдеседі, шетелде оқуға жіберу туралы бұйрық дайындайды, білім алушыларды жөнелтуді жүзеге асырады, олардың үлгерімі мен шетелде болуына мониторинг жүргізеді, алынған оқу кредиттеріне талдау жүргізеді және білім алушының оқу жоспарында оларды есепке алады, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының сәйкестігіне жауапты болады.

      17. Академиялық ұтқырлық шеңберінде білім алушыларды республикалық бюджеттен басқа 9.12 тармағында белгіленген қаражат есебінен шетелге жіберуді университет өз бетінше жүзеге асырады.

      18. Білім алушылар АҰИД-ға бару мақсаты, межелі орны, мерзімі, курсы және оқу тілі, мамандығы, болжамды қаржыландыру көздері көрсетілген өтініш-негіздеме ұсынады.

      19. Өтініш-негіздемеге жетекші кафедраның жазбаша ұсынысы, оқуға қабылдау туралы серіктес ЖОО-ның жазбаша растауы, жеке оқу жоспары және транскрипт қоса беріледі.

      20. АҰИД білім алушылар арасында конкурс өткізу жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырады.

      21. Конкурстық іріктеудің негізгі критерилері: өзінің жоғары оқу орнында бір академиялық кезеңді аяқтау, оқу жетістігі «А», «А-», «В», «В+», «В-» деңгейінде болуы, шет тілдерін еркін меңгеру (мүмкіндігінше шет тілінен тест тапсырғандығын растайтын сертификаттың болуы).

      22. М. Қозыбаев атындағы СҚУ конкурстан өткен білім алушылармен жіберуші ЖОО, қабылдаушы ЖОО және білім алушы арасында үш жақты келісім жасайды.

      23. Ұлттық компаниялар, әлеуметтік серіктестердің қаражаты есебінен оқуға жіберілген жағдайда, төрт жақты келісім жасалады.

      24. Келісімде білім алушының жеке деректері (аты-жөні, елі, жіберуші ЖОО), оқу туралы мәліметтер (қабылдаушы ЖОО, ел), жеке оқу жоспары (қабылдаушы ЖОО-да оқу үшін таңдалған пәндер тізімі пәннің коды, қабылдаушы ЖОО-ның кредттер саны көрсетіліп (кредиттік жүйе болған жағдайда), ECTS кредиттерінің саны, оқу немесе өндірістік тәжірибеден өту уақыты, оқу семестрінің уақыты) көрсетіледі.

      25. Серіктес ЖОО-ның ресми шақыруы негізінде білім алушылар жеке оқу жоспарын жасайды және ол кафедра меңгерушісімен келісіледі.

      26. Қабылдаушы ЖОО-да білім алушы оқу орнының ережелеріне сәйкес оқуға қабылдаудың әкімшілік процедураларынан өтеді.

      27. Қабылдаушы ЖОО-да болу мерзімі аяқталған соң, білім алушылар М. Қозыбаев атындағы СҚУ-ға транскрипт және аванстық есеп (республикалық бюджет қаражаты немесе ЖОО қаражаты есебінен оқыған жағдайда) береді.

      28. Транскрипт негізінде білім алушыға ECTS типі бойынша кредиттерді қайта есептеудің қазақстандық жүйесіне сәйкес кредиттерді міндетті түрде қайта есептеу жүзеге асырылады.

      29. ЖОО бойынша ECTS үйлестіруші АҰИД директоры болып табылады.


    2. жүктеу 1,31 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   94




    ©g.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    рсетілетін қызмет
    халықаралық қаржы
    Астана халықаралық
    қызмет регламенті
    бекіту туралы
    туралы ережені
    орталығы туралы
    субсидиялау мемлекеттік
    кеңес туралы
    ніндегі кеңес
    орталығын басқару
    қаржы орталығын
    қаржы орталығы
    құрамын бекіту
    неркәсіптік кешен
    міндетті құпия
    болуына ерікті
    тексерілу мемлекеттік
    медициналық тексерілу
    құпия медициналық
    ерікті анонимді
    Бастауыш тәлім
    қатысуға жолдамалар
    қызметшілері арасындағы
    академиялық демалыс
    алушыларға академиялық
    білім алушыларға
    ұйымдарында білім
    туралы хабарландыру
    конкурс туралы
    мемлекеттік қызметшілері
    мемлекеттік әкімшілік
    органдардың мемлекеттік
    мемлекеттік органдардың
    барлық мемлекеттік
    арналған барлық
    орналасуға арналған
    лауазымына орналасуға
    әкімшілік лауазымына
    инфекцияның болуына
    жәрдемдесудің белсенді
    шараларына қатысуға
    саласындағы дайындаушы
    ленген қосылған
    шегінде бюджетке
    салығы шегінде
    есептелген қосылған
    ұйымдарға есептелген
    дайындаушы ұйымдарға
    кешен саласындағы
    сомасын субсидиялау