М. Қозыбаев атындағы СҚму білім алушылардың ар-намыс кодексі



жүктеу 0,63 Mb.
Pdf просмотр
бет12/18
Дата01.01.2020
өлшемі0,63 Mb.
#25648
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18

Оқудан шығару  

 

М.  Қозыбаев  атындағы  СҚМУ  Жарғысы  және  Ішкі  тәртіп  ережелерін  бұзған 



білім алушыға ТжӘИ директоры/фаультет деканының өкімі негізінде мына тәртіптік 

жаза қолданылады:   

• 

ескерту; 



• 

сөгіс; 


• 

оқудан шығару. 

Білім алушының жеке өтініші негізінде оқудан шығарылады:  

• 

өз қалауы бойынша; 



• 

басқа ЖОО-на ауысуға байланысты.  

Білім алушы оқудан шығарыла алады:  

• 

СҚМУ Жарғысы және Ішкі тәртіп ережелерін бұзған жағдайда:  



−  бір семестрде дәлелді себебі жоқ 40 не одан көп академиялық сағат босатқан 

үшін;  


−  негізгі білім беру қызметінің келісімшарт шарттарын орындамаған үшін; 

• 

академиялық  демалыс  аяқталғаннан  кейінгі  3  күн  ішінде  дәлелді  себепсіз 



шықпаған үшін;  

• 

қорытынды аттестаттауға келмеген үшін;  



• 

студенттік жатақханада тұру Ережесін бұзғаны үшін;  

• 

«Білім туралы» ҚР заңын және заң актілерін бұзғаны үшін.  



Университеттен шығарылған білім алушыға оқылған пәндердің тізімі мен сағат 

және кредиттер көлемі көрсетілген мемлекеттік үлгідегі анықтама беріледі.  



 

Академиялық демалыс ұсыну  

 

Академиялық  демалыс  –    бұл  денсаулық  жағдайы  және  басқа  да  ерекше 

жағдайларға байланысты өзінің оқуын уақытша тоқтату кезеңі.   

Академиялық демалысты ресімдеу  үшін   білім алушы ректордың атына өтініш 

жазып, оқуын уақытша тоқтату негізін растайтын құжаттарды тапсырады.  

Медициналық  құжаттар  бойынша  білім  алушыға  академиялық  демалыс  мына 

негіздерде беріледі:  

1) 


науқасы  бойынша  6  айдан  бастап  12  айға  дейінгі  ұзақтылықпен 

амбулаторлы-емханалық  ұйымның  дәрігерлік-консультативтік  комиссиясының 

(ары қарай – ДКК) тұжырымдамасы; 

 2) 


туберкулезбен  науқастануы  жағдайында  туберкулезге  қарсы  медициналық 

ұйымның Орталық дәрігерлік-консультативтік комиссиясының тұжырымдамасы.  

Академиялық демалыс білім алушыларға ұсынылуы мүмкін мына негіздерде: 

1) 


Заңнамамен  бекітілген  жағдайда,  Қазақстан  Республикасы  Қарулы 

күштерінің қатарына шақыруы бойынша әскери қызметте  болған кезеңде;  

2) 

Заңнамамен  бекітілген  жағдайда,  бала  туу,  3  жасқа  дейінгі  ұзақтылықпен 



нәрестені асырап алуда. 

Шешім  оң  шешілген  жағдайда,  ректор  білім  алушыға  басталу  және  аяқталу 

мерзімі көрсетілген академиялық демалыс беру туралы бұйрық шығарады.  

Мемлекеттік  грант  бойынша  оқитын  білім  алушыға  академиялық  демалыс 

беру  барысында  оның  осы  грант  бойынша  оқу  құқығы  сақталып,  академиялық 

 

25 




демалыс  кезінде  оны  қаржыландыру  тоқтатылады  да,  академиялық  демалыс 

аяқталғаннан кейін қайта жалғастырлады. 

Ақылы негізде оқитын білім алушыға академиялық демалыс  беру барысында 

оқуға төлемақы жасау тоқтатылады. 

Академиялық  демалыстан  қайтып  келген  білім  алушы  кезекті  семестрдің 

басталуына  3  жұмыс  күні  қалғанда  академиялық  демалыстан  шығу  туралы 

Ректордың  атына  өтініш  жазып,  денсаулығы  бойынша  бақыланған  емдеу 

ұйымынан  оқуға  рұқсат  етілген  денсаулық  жағдайы  туралы  ДКК  анықтамасы  не 

ҚР  Қарулы  күштерінің  қатарынан  келген  әскери  билетінің  көшірмесін  тапсырады. 

Өтініш  негізінде  Ректор  мамандығы,  курсы  және  тобы  көрсетілген  білім  алушының 

академиялық демалыстан шығуы туралы бұйрық шығарады. 

Академиялық  демалыстан  шыққаннан  кейін  білім  алушы  ректордың  атына 

өтініш  жазып,  мамандығы  бойынша  оқуын  жалғастыру  мүмкіндігі  туралы 

тұжырымдамасы  бар  денсаулығы  бойынша  бақыланған  емдеу  ұйымынан 

денсаулық жағдайы туралы ДКК анықтамасын тапсырады. 

Оқыту курсы пререквизиттері ескерілген ережелері бойынша білім алушыларды 

ауыстыру немесе қайта қабылдау жағдайы анықталады. 

Егер академиялық демалыстан шығу немесе академиялық демалысқа шығу күні 

академиялық демалыстың басталуы мен аяқталуына сәйкес келмеген жағдайда, білім 

алушы жеке кесте бойынша барлық оқу тапсырмаларын орындап, емтиханға жіберу 

рейтингісіне  қажет  ұпайды  жинайды  немесе  айырмашылық  пайда  болған  пәндер 

бойынша жазғы семестрге жазылады. 

 

Бос гранттар 

 

Жоғары білім алу үдерісінде босатылған, бос білім беру гранттарын беру тәртібі 

Ережесімен бекітілген.   

Жоғары  білім  алу  үдерісінде  босатылған,  бос  білім  беру  гранттары  оқыту 

мамандықтарының  бөлінісінде  байқау  негізінде  осы  мамандық  бойынша  ақылы 

негізде  оқитын  білім  алушыларға  беріледі.  Байқау  білім  беру  грантын  беру  туралы 

куәлікті берумен қоса аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша өткізіледі.  

Бос  білім  беру  грантын  алуға  арналған  байқауды  өткізу  кезінде  үлгерімінің 

орташа ұпайының бірдей болған жағдайда, барлық оқу кезеңі ішінде тек қана А, А- 

үздік»),  содан  соң  А,  А-  («үздік»)  бағаларынан  В+,  В,  В-  («жақсы»)  бағаларына 



дейін бар білім алушылар басым құқыққа ие болады. 

 

Жоғары  білім  алу  үдерісінде  босатылған,  бос  білім  беру  гранттарын  беру 



процедурасы,  жазғы  және  қысқы  демалыс  кезеңінде  байқау  негізінде  бар  бос 

орындарға мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: 

1) 

ақылы негізде білім алушы М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ректорының атына 



одан әрі білім беру гранты бойынша оқуға өтініш береді; 

2) 


жоо  өтінішті  байқау  негізінде  қарап,  Ғылыми  кеңесінің  шешімімен  бірге 

ағымдағы жылғы 5 тамыз бен 15 қаңтарға дейінгі мерзімде шешім қабылдау үшін ҚР 

БжҒМ  жібереді.  Білім  алушының  өтінішіне  Оқу  кеңесінің  шешімімен  қоса,  білім 

алушының  сынақ  кітапшасынан  немесе  транскриптінен  үзінді,  жеке  басын 

куәландыратын  құжаттың  көшірмесі  және  жоо-нан  шығарылған  білім  беру  гранты 

иегерінің куәілігі (түпнұсқа) қоса беріледі.  

 

26 



жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау