Құрметті білім алушылар!
Құттықтаймын! Сіздер біздің ЖОО-ды таңдай отыра, дұрыс шешім
қабылдадыңыздар.
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ қазіргі кезде өз ісінде жылдар бойғы тәжірибе
мен жастар мүддесін табысты үйлестіріп, қарқынды дамып келе жатқан жоғарғы оқу
орны. Университет қабырғасында қолданбалы және іргелі зерттеу жұмыстары
жүргізіліп, жаңа білім беру технологиялары сынамадан өткізілуде. Біз қазіргі кездегі
маманға қойылатын талаптарға сәйкес, әр студенттің әлеуетін ашуды көздейміз.
Біздің университет білім беру, гуманитарлық ғылымдар, құқық, өнер,
әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес, жаратылыс ғылым, техникалық
ғылым
және технология, ауыл шаруашылық ғылымы, қызмет көрсету салаларындағы
кадрларды даярлауды жүзеге асырады және Қазақстанның солтүстік өңіріндегі
алдыңғы қатарлы ЖОО-ның бірі болып табылады. ЖОО-да сапалы білім беруді
қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Техникалық бағыттағы
мамандардың жоғары деңгейдегі дайындығы ASIIN неміс агенттігі және Quacquarelli
Symonds
рейтингілік агенттігімен куәландырылған.
Оқытудың кредиттік технологиясына көшу дегеніміз ЖОО-ы, мамандықтары,
құрылымдық бөлімшелері, оқу үдерісінің ұйымы мен білімді бақылау жүйесі,
өздігінен дайындалу жағдайы туралы толық ақпараттарға студенттердің
қолжетімділігі. Бұл анықтама университетпен өз еркімен танысу және ашылған
мүмкіндіктерді толық пайдалануға көмектеседі.
Біз, біздің білім алушылардан моральдық-этикалық норманы сақтағанын,
ЖОО-ны беделінің қамын ойлап және оның дамуына жағдай жасағанын, жақсы
оқығанын, адал және әділетті болғанын, басқа адамдардың абыройымен мен қадір-
қасиетін сыйлағанын, ұлттық және нәсілдік белгісі бойынша кемсітушіліктің кез-
келген танымдарына көнуге болмайтын, ұжымдастарына олардың кәсіптік дамуына
көмектесіп, интеллект деңгейін және айналадағыларының моралдық сапасын
арттыруына жағдай жасауын тілейміз.
Сіздер университет ұсынатын барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, жоғары
білікті маман болатындарыңа және өз кәсіптеріңнің биік шыңдарынан көрінетіндеріңе
біз сенеміз.
4
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ білім алушылардың ар ар-намыс кодексі
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің
студенті, жоғары білім беру жүйесінің басты мақсаты – дүниетанымдық әлеуетке,
креативті ойлау қабілетіне ие, мамандығы бойынша тұрақты құзыреттерді меңгерген,
кәсіби және мәдени бағдарланған тұлғаны даярлауды жүзеге асыруда өзінің
жауапкершілігін түсініп және өзінің парызы - корпоративтік басқару ұстанымдарын
нығайту және дамыту деп санап, өзін студенттік қоғамдастықтың тең құқылы мүшесі
деп санап, осы кодексті қабылдайды және оны мүлтіксіз орындауға міндеттеледі.
Ар-намыс кодексін тану М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың білім
алушысын келесі құндылық-этикалық нормаларға бағынуды көздейді:
Қазақстан Республикасының беделді азаматы, таңдаған мамандығының шебері, өзінде
шығармашыл тұлғаның ең жақсы қасиеттерін дамытуға ұмтылуға;
университет дәстүрлерін құрметтеп, арттыруды, оның имиджін қазақстандық және
халықаралық білім беру кеңістігінде сақтауға жағдайлар жасайды;
өзін белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелеуге, нақты көзқарасын, сыбайлас
жемқорлыққа деген нөлдік шыдамдылығын тәрбиелейді, лаңкестік пен дәстүрлі емес
діни ағымдардың таратылуына белсенді түрде қарсы тұрады;
басқа этностардың салт-дәстүрлеріне шыдамдылық танытады және құрметтейді;
басқалардың беделі мен ар-намысын құрметтеп, сыйластық сақтайды;
бірінші курстарға университет ортасына бейімделуге көмектеседі;
Оқу сабақтары мен бақылау түрлерінің барлық түрлеріне ұқыпты, академиялық
адалдықты сақтайды және академиялық мәдениет танытады.
академиялық адалдық ұстанымдарын сақтауды өзінің парызы деп санайды:
-
адалдық – студенттердің бағаланатын жұмысты адал, ұқыпты орындауы;
-
автор құқығын қорғауды жүзеге асыру – бөгде тіл, ойды дұрыс беру және
бағаланатын жұмыстағы ақпарат көздерін көрсету арқылы авторлықты мойындау;
-
ашықтық – айқындық, өзара сенімділік, студенттер мен оқытушылар арасында
ақпараттар және идеялармен ашық алмасу;
-
студенттердің құқықтары мен бостандығын құрметтеу – студенттердің өз пікірлері
мен идеяларын еркін айта білу құқығы;
-
теңдік - әр студенттің академиялық адалдықты сақтау бойынша және оларды бұзғаны
үшін жауапкершілікке тең міндеті.
университет ортасының үйлесімді дамуына бағытталған келесі ЖОО қызметтерін
қабылдайды және қолдайды:
-
университеттің корпоративтік мәдениеті;
-
ғылыми-білім беру белсенділігінің түрлері;
-
студенттердің өзін-өзі басқаруы;
-
көркем шығармашылық;
-
спорт-сауықтыру және т.б. қызмет түрлері.
төңірек пен оқу дәрісханаларында тазалық пен тәртіп сақтап, университеттің
материалдық-техникалық базасына залал келтіретін әрекеттер жасамайды.
Осы Кодексті бұзу университет ұжымының қоғамдық пікірімен айыпталады. Ар-
намыс кодексін бұзған жағдайда, білім алушы жазалануы, ал өрескел немесе бірнеше рет
бұзған болса – университеттен шығарылуы мүмкін.
Университеттің әрбір білім алушысы осы Кодексті орындағаны үшін моральдық
шауапкеошілікке тартылады.
Осы Кодекстің нормаларын қабылдай, М. Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің абыройын, қадір-қасиетін
және дәрежесін жоғары көтеруге міндеттенемін.
5