Үлгерімі жағынан тең студенттер болған жағдайда, басым құқықты әлеуметтік
қорғалмаған топтан шыққандар пайдаланады (мүгедек студенттер, жетім және толық
емес/көпбалалы/аз қамтылған отбасынан шыққан және ата-анасы мүгедек/зейнеткер
студенттер).
Байқауға қатысу үшін, білім алушы мына құжаттарды тапсыруы тиіс:
1.
Ректор атына жазылған өтініші.
2.
Транскрипт.
3.
Жеке куәлігінің көшірмесі.
4.
Студенттің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат.
5.
Институт директоры/факультет деканының ұсынысы.
Грант беру туралы бұйрық соңғы сессиядан кейінгі семестрге ғана қатысты
әрекет етеді және алдыңғы, келесі семестрлерге қолданылмайды.
Гранттың әрекет ету мерзімі ішінде студент оқу тәртібін бұзған болса,
бұзушылық жасаған сәттен бастап гранттан айрылады. Гранттан айыру туралы
шешімді институт директоры/факультет деканының ұсынысы бойынша ректор
қабылдайды.
Әлеуметтік жеңілдіктер және оқу үшін төлемақы бойынша
жеңілдіктер
Мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитын студенттерге жылына екі рет
жолға (үйге бару) өтемақы төленеді.
Мемлекеттік білім беру гранты бойынша жетім-студенттерге ай сайын
тамақтануға мемлекеттік төлем жасалынады. Жетім және ата-анасының
қамқорынсыз қалған студенттерге жатақханада тегін тұру түріндегі жеңілдік
қарастырылған.
Мүгедек, аз қамтылған азаматтар қатарынан шыққан студенттерге күн сайын
ыстық тамақ ұйымдастырылады.
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі» ММ аз қамтылған
отбасынан шыққан, қалалық тұрғылықты мекен-жайы бар және ЖОО-ның күндізгі
оқу бөлімінде ақылы негізде оқып жатқан студенттеріне әлеуметтік көмек көрсетеді.
Оқытудың күндізгі бөлімінде ақылы негізде оқитын білім алушыларға оқу үшін
төлемақы бойынша жеңілдіктер ұсынылады:
1.
Оқу жылының емтихан сессиясын «А», «А-», «В+» бағалармен жақсы
тапсырған студенттер мен магистранттарға келесі оқу жылында оқу үшін төлемақы
төмендетіледі: 1 жылы – 5%, 2 жылы – 10%, 3 жылы – 15%, 4 жылы – 20%.
2.
1 курсқа оқуға түсу кезінде оқу үшін төлемақы бойынша мына жеңілдіктер
ұсынылады:
Ерекше үлгідегі аттестаты немесе үздікпен техникалық кәсіптік білім беру
туралы дипломы бар талапкерлеріне;
Аттестаты, немесе техникалық және кәсіптік білім беру туралы
дипломының орташа ұпайы 4,5-тен және одан жоғары талапкерлерге;
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-де өткізілетін олимпиадаларда жүлделі
орындарға ие болу туралы грамоталары бар талапкерлеріне;
Жалпы білім беру пәндері бойынша Республикалық олимпиаданың
облыстық турлары мен ғылыми жоба Республикалық байқауларының жеңімпаздары,
талапкерлеріне;
29
Пән олимпиадалары және СҒЗЖ Республикалық байқау жүлдегерлері,
талапкерлеріне;
Аз қамтылған отбасылары балаларына (ата-аналары мүгедек, екі ата-анасы
да зейнеткер);
Отбасынан бірнеше мүше университетте біруақытта оқытылған кезде;
Ата-ананың қамқорынсыз қалған студенттерге;
Жетімдерге;
Мүгедек студенттерге;
Университет қызметкерлерінің балаларына;
Жоғары кәсіптік білім беру туралы үздікпен дипломы бар оқытудың 1 курс
магистранттарына;
Жоғары кәсіптік білім беру туралы «үздік» және «жақсы» (орташа ұпайы
4,5-
тен және жоғары, немесе GPA – 3,7 және жоғары) бағаларымен дипломы бар
оқытудың 1 курс магистранттарына;
Магистратураға түскен М. Қозыбаев атындағы СҚМУ түлектеріне;
3.
Оқу үшін төлемақы бойынша жеңілдіктер ұсынылатын болады:
Декандар және спорт клуб жетекшісінің ұсыныстары бойынша Ғылыми
кеңес шешімі негізінде спортшыларға (университет командасының құрама
мүшелеріне).
4.
Оқуға түсу кезінде «Алтын белгі» иегерлеріне «Ректор гранты»
тағайындалады. Бірінші курсқа арналған оқу үшін төлемақы бойынша жеңілдіктер 1
семестрге ұсынылады. Оқу жылының қысқы емтихан сессиясын «А», «А-», «В+»
бағалармен жақсы тапсырған студенттер мен магистранттарға оқу жылының соңына
дейін оқу үшін төлемақы жеңілдіктерін ұсыну ұзартылады.
Қашықтықтан оқыту
Қашықтықтан білім беру технологиясы (ҚБТ) – білім алушы мен
педагогикалық жұмысшының өзара әрекеттесуі жанама (қашықтықта) немесе толық
емес жанама кезінде ақпараттық және телекоммуникациалық құралдарды қолданумен
жүзеге асырылатын оқытудың технологиясы.
Қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқытудың басымдықтары:
•
оқу материалы білім алушыларға ақпараттық технологиялар құралдарымен
жеткізіледі;
•
кеңес «on-line» тәртібінде ұйымдастырылады және өткізіледі;
•
білім алушымен кері байланыс «on-line»тәртібінде ұйымдастырылады;
•
білім алушының оқу жетістіктері «on-line», «off-line» тәртібінде бақыланады.
Қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқу қызметінің технологиясы
қашықтықтан оқытуды (eLearningNKZU) басқару жүйесінің негізінде жүзеге
асырылады және білім алушыға арналған мынадай шаралары бар:
•
ұйымдастыру шараларында қашықтықтан оқыту жүйесінің жұмысы бойынша
нұсқама жүргізіледі және пайдаланушы карточкасы беріледі;
•
қашықтықтан барлық пәндер бойынша оқу материалдары беріледі;
•
қашықтықтан курстың барлық on-line шараларына қатысады (кеңес, семинар,
форумдар, конференциялар);
•
өзін-өзі тексеру және тренинг тәртібінде тестілеуден өтеді;
30