М. Қозыбаев атындағы СҚму білім алушылардың ар-намыс кодексі



жүктеу 0,63 Mb.
Pdf просмотр
бет3/18
Дата01.01.2020
өлшемі0,63 Mb.
#25648
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Кіріспе 

 

Тарих 

 

Академик  Манаш  Қозыбаев  атындағы  Солтүстік  Қазақстан  Мемлекеттік 



университеті

 – 


Қазақстанның ертеден ашылған жоғары оқу орындарының бірі және ол 

1937 жылы Петропавл мұғалімдер институты ретінде ашылған болатын. 1955 жылы 

біздің  университетіміз  география,  физика-математикалық,  орыс  тілі  мен  әдебиеті  

факультеттері  негізінде  К.Д.Ушинский  атындағы  Петропавл  педагогикалық 

институты  ретінде  қызмет  ете  бастады.  Осы  кезде  оқу  ғимараттары,  жатақханалар, 

спорт залдары, агробиостация және т.б. салынды. 

Тәуелсіз Қазақстан 90-ыншы жылдары жоғары білім беру жүйесін қайта құруды 

бастады.  1994  жылы  Қазақстан  Республикасының    Министрлері  Кабинетінің 

университеттер  құру  туралы  қаулысы  қабылданып,  Петропавл  педагогикалық 

институты  Солтүстік  Қазақстан  университеті  болып  өзгертілді.  Сол  кезден  бастап 

университет инфраструктурасы дамуын күшейтті.  

2003  жылы  ЖОО-ға  атақты  ғалым  және  тарихшы,  мемлекеттік  және  қоғам 

қайраткері академик Манаш Қозыбаевтың аты берілді.   

 

Бүгінгі университет 



 

Университет  жоғары  оқу  орны  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беруді 

жүзеге  асырады.  2004  жылдан  бастап,  ЖОО  Қазақстан  Республикасының  «Білім 

туралы»  Заңы,  Болон  декларациясы  және  білім  беру  саласындағы  басқа  да 

халықаралық құжаттарға сәйкес, үш деңгейлі бағытта (бакалавриат – магистратура – 

докторантура) кадрлар даярлайтын және студенттерге жеке білім беру траекториясы 

мен  оқытушылар  таңдауды  қамтамасыз  ететін,  оқытудың  кредиттік  технологиясын 

жүзеге асыра бастады. 

Университет  47  бакалавриат  мамандығы, 23  магистратура  мамандығы, 4 PhD 

докторантура мамандығы бойынша мамандар даярлайды.  

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да дәстүрлі оқытуды электронды оқытудың жаңа 

түрлерімен үйлестірген университеттің жаңа үлгісі қалыптасуда.  

ЖОО  қашықтықтан  білім  беру  технологиясын  жүзеге  асыру  үшін  қажетті 

жағдайлар  жасайды,  дамыған  материалды-техникалық  базасы  бар,  ақпараттық 

қамтамасыз  ету  және  қашықтықтан  білім  беру  саласындағы  сертификатталған 

профессорлық-оқытушылық  құрамы  да  жеткілікті.  Қазіргі  кезде  университетімізде 

қашықтықтан  білім  беру  технологиясын  қолданумен  сырттай  оқу  бөлімінің 

студенттерін оқыту жүргізіледі.  

  

Қазіргі кезде барлық факультеттер мен Тіл және әдебиет институтында бақылау 



және оқыту бағдарламаларының алуан түрлері, электронды анықтама жүйесі, нақты 

виртуалды зертханалар белсенді қолданып, мультимедиалық лингафонды кабинеттер, 

компьтерлік  сыныптар,  мамандандырылған  зертханалар  және  т.б.  жабдықталған. 

Осының  бәрі  студенттердің  зияткерлік  дағдыларын  дамытып,  олардың  кәсіби 

құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. 

Қазіргі  заманғы  өндірісте  кәсіби  дағдыларды  қалыптастыру  үшін,  студенттер 

тәжірибелерінің  барлық  түрлері  облысымыздың  кәсіпорындары,  ұйымдары  және 

мекемелерімен жасалған келісімшарттары негізінде ұйымдастырылады. Корпоративті 

серіктестерді  таңдау  тәжірибеден  өтушілердің  мамандықтарына  сәйкес  жүзеге 

 




асырылады.  Тәжірибе  аясы  ретінде  ЖОО-ның  ғылыми  зертханалары  да 

пайдаланылады.  Оқу  тәжірибесі    «Мирас»  оқу-өндірістік  сауықтыру  кешені  және 

арнайы полигондары бар қала сыртындағы агробиостанция аясында жүргізіледі. 

М.Қозыбаев  атындағы  СҚМУ-да  мемлекеттік  тілде  кадрларды  даярлау 

мәселелеріне  ерекше  көңіл  бөлінеді.  Университеттегі  оқу  үдерісі  білім  берудің  әр 

деңгейіне арналған стандарттарға сәйкес,  мемлекеттік тіл – қазақ тілінен білім беру 

және  дамытуды  қамтамасыз  етуге  бағытталған  және  студенттерді  мемлекеттік  тілде 

оқытуды жетілдіру бағдарламасына негізделген.  

Көптілдік оқытуды енгізу және үш тілді меңгеретін жаңа форматты мамандарды 

даярлау  мақсатында,  бакалавриат  және  магистратураның  кейбір  топтарында  білім 

алушыларды  үш  тілде  (қазақ,  орыс,  ағылшын)  даярлау  жүргізіледі.  ЖОО 

студенттеріне  арналған  мемлекеттік,    ағылшын  және  француз  тілдерін  оқыту 

бойынша тегін курстар ұйымдастырылады.  

Университетте  Сіздің  шығармашылық  потенциалыңызды  іске  асыру  үшін 

жағдайлар  жасалған.  Жастар  ісібойынша  комитет,  студенттік  өзін-өзі  басқаруы, 

Қазақстан студенттерінің Альянсы бөлімі, демалыс және спорт бірлестігі, КТК жұмыс 

істейді.  Ғылыми  конференциялар,  семинарлар,  олимпиадалар,  байқаулар  өткізіледі, 

ғылыми журналдар, студенттік газеттер, телебағдарламалар шығарылады.      

Оқу  үздіктері,  ғылыми  және  қоғамдық  істерге  белсенді  қатысушыларға 

Президент  шәкіртақысы  тағайындалады.  Студенттер  мүддесін  ынталандыру  және 

оқудағы,  ғылыми  және  қоғамдық  істегі  жетістіктері  үшін  оларды  мадақтау  

мақсатында, 2011 жылдан бастап академик Манаш Қозыбаев және ректор атындағы 

гранттар тағайындалады. 

М.  Қозыбаев  атындағы  СҚМУ  білім  алушылардың  академиялық  ұтқырлығын 

дамыту және университетте дәрістерді оқу үшін шетел ғалымдарын тарту мақсатында 

алыс және жақын мемлекеттердің ЖОО-мен ынтымақтасады. 

Университетте   

http://www.nkzu.kz

 

мекен-жайы  бойынша    білім  беру    порталы 



жұмыс  істейді.  Оның    негізгі    мақсаты  -  студенттерді,  оқытушыларды  және  өңір 

жұртшылығын  университет  қызметіндегі    өзекті  жағдайлар    мен  оқу    үдерісінде,  

басқаруда,  әлеуметтік  және  тәрбие  мен    даму  бағыттары  туралы    ақпараттандыру  

болып табылады.  

 

Әр  студент  порталда  студенттің  анықтамалық-жолнұсқасымен,  академиялық 



күнтізбесімен,  оқу  сабақ  кестесімен,  элективті  пәндер  каталогымен  таныса  алады, 

пәндер  мен  оқытушыларды  таңдауды  жүзеге  асырады,  өз  білімінің  рейтинг  бағасы 

нәтижесімен,  оқу  жетістіктерінің  жеке  нәтижелерімен  таныса  алады,  курстық  және 

диплом  жұмыстарының  тақырыптарын  таңдай  алады.  Оқытушылардың  әдістемелік 

беттері,  олардың  жетістіктері,  университеттегі  қашықтықтан  оқыту  жүйесі  туралы 

білу,  оқу  үдерісін  жетілдіру  бойынша  өз  тілектері  мен  ұсыныстарын  айту, 

компьютерлік сыныптардың қамтылуы туралы ақпаратты алу, мақалаларды жариялау 

мүмкіндігі,  академиялық  ұтқырлық  шеңберінде  оқу  бойынша  ұсыныстарды  алу, 

академик  Манаш  Қозыбаев  және  ректор  атындағы  гранттарын  алу  туралы 

ережелермен танысу, студенттік және Бірінші Президент Қоры шәкіртақыларын беру 

студенттер  үшін  қолжетімді.  Сонымен  оқу  пәндері  бойынша  тестілеуден  өтуге, 

үлгерімі  бойынша  студенттерді  саралау  нәтижелерін  білуге,  психологиялық  кеңес 

алуға және жазғы кезеңде жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы білуге болады.     

 

 






жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау