10
ғимарат, Абай к-сі жағынан кіру
+7 (7152) 493266
Дәрігерлік пункт университет қызметкерлері, күндізгі бөлім студенттері мен
акадамиялық күнтізбеге сәйкес сессия кезінде сырттай бөлім студенттеріне қызмет
көрстеуге арналған. Дәрігерлік пункт мынадай емдеу ісін атқарады: дәрігерге дейінігі
көмек көрсету, алғашқы диагностика және амбулаторлық емдеу, студенттер мен
қызметкерлердің жыл сайынғы алдын-ала медициналық тексерулерін ұйымдастыру
және өткізу, санитарлы-ағартушылық жұмыстарын жүргізеді.
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ тарихи мұражайы
Абай к-сі, 16
+7 (7152) 493233,
қос. 1303
Өзінің ісімен мұражай студенттер мен ПОҚ-ны тұлға ретінде дамыту және
патриоттық тәрбиелеу үшін университеттің рухани, білім беру, мәдени
құндылықтарын насихаттайды.
Мұражайдың жұмыс кестесі: жұмыс күндері 9.00 бастап 17.30 дейін, түскі үзіліс 13.00
бастап 14.00 дейін.
Саяхаттар кем дегенде 7 адамнан тұратын топқажүргізіліп, жарты сағаттан артық
уақытты алады.
Студенттер клубы
1
ғимарат, 109 дәрісхана
+7 (7152) 493181,
қос. 1055
Студклуб білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектесіп,
мәдени-бұқаралық шаралар жүргізеді, университеттің ПОҚ, қызметкерлері мен білім
алушылардың бос уақытын ұйымдастырумен айналысады,
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ білім алушыларына жатақхана
беру
ЖОО-ның 3 студенттер жатақханасы бар, ондағы жалпы орындар саны – 1026.
Жатақханада тұруға ниет білдірген барлық студенттер, магистранттар, студенттік
отбасылары жатақханада орынмен қамтамасыз етілген. Емтихан сессиясы кезінде
сырттай бөлім студенттеріне де жатақханадан орын беріледі. Жатақханада тұратын
студенттер мониторингісі ЖОО сайтында орналастырылған электронды база
бойынша жүзеге асырылады. Жетім студенттер жатақханада тегін тұрады.
Жатақханаға орналастыру студенттер мен магистранттардың ректор атына
жазған өтініші және облыстық дезстанция өкілдерімен жүзеге асырылатын
медициналық қаралудан өткені туралы анықтама арқылы жүргізіледі. Тәрбие
жұмысын үйлестіру және ұйымдастыру бөлімі өтініште бөлменің нөмірін көрсетіп,
рұқсатнама береді. Комендант бөлменің нөмірі көрсетілген өтініш негізінде
жатақханаға орналастырады.
Барлық жатақханаларда күрделі жөндеу жұмысы жүргізілген. Материалды-
техникалық базасы мен санитарлық жағдайы жақсы болғандықтан, жатақханада
тұратын студенттердің тұрмысы мен бос уақытына барлық жағдайлар жасалған.
Барлық жатақханаларда себезгі бөлмелері бар, кір жуатын жартылай
автоматтандырылған машина орнатылған, асүйлер электрплиталарымен қамтамасыз
39
етілген. Жатақханада мәдени және спорт-бұқаралық шараларын өткізу үшін
теледидар, музыкалық орталықтар, теннис үстелдері бар.
№1, 2 жатақханаларында асханалар бар.
Жатақханаларда рұқсатнама тәртібі қалыптасқан және оқытушылар кезекшілігі
ұйымдастырылған. Барлық жатақханалар сыртқы бейнебақылаумен, ал №2 жатақхана
ішкі бейнебақылау жабдықтарымен қамтамасыз етілген.
Барлық жатақханаларда Ғаламтор желісі қолжетімді. «Қазақтелеком» АҚ
филиалы екі тарифтік жоспар бойынша кеңжолды қолжетімді қызмет көрсетеді: «iD
Net Light» және «iD Net Turbo Light».
Студенттер қалашығының сұлбасы
40
Спорт секциялары
ЖОО-да спорт секциялары жұмыс істейді:
1)
Баскетбол (ұлдар)
2)
Биатлон
3)
Волейбол (ұлдар)
4)
Армрестлинг Гирь спорты
5)
Қысқы-жазғы Президент күресі
6)
Шаңғы жарысы
7)
Мини-футбол
8)
Үстелүсті теннисі
9)
Жүзу
10)
Теннис
11)
Кикбоксинг
12)
"Кендо"шығыс күресі
Спорт секцияларына жазылу үшін жаттықтырушыларға немесе 2 ғимараттағы
112
дәрісханаға бару қажет. Секция жұмысының кестесі СҚМУ сайтындағы
«Студенттік өмір» - «Спорт және денсаулық» тарауларында берілген.
Шығармашылық бірлестіктер
Студенттік өнерпаздар ұйымына қатысу үшін 1 ғимараттағы 109 дәрісханада
орналасқан Студклубқа бару қажет.
«Шаңырақ» қазақ студенттер театры
«Шаңырақ» студенттер театры 2001 жылы құрылды. 2009 жылы «Театр и
бытие» фестивалінде гран-приге ие болды. 2010 жылы Алматы қаласында өткен
республикалық фестивалде Ғ. Мүсірепов атындағы ТЮЗ жүлдесін жеңіп алды.
Театрда қазіргі барлық жанрлар қолданылады (драма, комедия, трагедия және
т.б.).
«Пилигрим» студенттік халық театры
«Пилигрим» театры 1968 жылы құрылды. 1973 жылы театрға «халық» атағы
берілді. Театр репертуарына «Страна слепых» (Николай Коляда), «Легенда о любви»
(А. Иванов, О. Уальдтің «Рыбак и его душа» ертегісі) және т.б. қойылымдары кіреді.
Оған қоса театр жаңажылдық таңертеңгіліктер ұйымдастырады.
«Кривое зеркало» студенттік халық театры
Эстрада миниатюрасының «Кривое зеркало» студенттік театры КТК командасы
негізінде 1988 жылы құрылды. 1991 жылы театрға «халық» атағы берілді. Театр түрлі
жанрларлық бағыттарда жұмыс істейді: драма, шоу-бағдарлама, сценалық миниатюра
және кейбір жанрлардың эклектика бағытында. Драмада жеке тұлғаның әлеуметтік
41
проблемасы мен ішкі дүние проблемасын бейнелейтін, терең психологиялы пъесаға
көп көңіл аударылады.
«Антурнан» қазіргі хореография ансамблі
«Антурнан» қазіргі хореография ансамблі 1989 жылы Ирина Колоколованың
жетекшілігімен құрылып, ол кезде «Рандеву» деп аталған болатын. Көп жылдар бойы
ансамбль түрлі қойылымдар қойып, шығармашылықпен дамып отырды. Қазіргі
кезеңде бұл дарынды студенттер ұжымы әртүрлі бағыттағы алуан репертуарлармен,
барлық университет, қала және облыстық шараларға белсенді қатысушылары болып
табылады.
«Антурнан» ансамблі қала, облыс және республикалық
байқау,
фестивальдерінде жүлделі орындарға ие болуда («Жас толқын», «Каблучок»,
«Студенческая весна» және т.б.).
«Шертер» фольклорлық-этнографиялық ансамблі
«Шертер» фольклорлық-этнографиялық ансамблі 1999 жылы ұйымдастырлды.
Ансамбльдің алғашқы жетекшісі аға оқытушы Мухатаева Ж.А. болды және ол
ұжымның орындау ісінің бағытын анықтаған болатын: қазақ халық және кәсіби
музыкасын жариялау, қазақ халқының көне аспаптарын көрсету. 2004 жылы
ансамбльді Ж. Кабдулбариев басқарып, ансамбльге мына ежелгі қазақ музыка
аспаптарын енгізді: сазсырнай, адырна, сыбызғы, сақпан, қыл қобыз, шаңқобыз,
дабыл, дауылпаз, асатаяк, тұяқтас.
Шығармашылық ұжым репертуарына қазақтың әйгілі күйшілері - Құрманғазы,
Дәулеткерей, Дина, Сүгүрдің күйлері, сонымен қатар әйгілі де сүйікті халық әндері
кірді, оларды өңдеушілер Ж. Мұхатаева және Ж. Кабдулбариев болды.
«Шертер» ансамблі 2008 жылы «Атамұра» қазақ мәдениетінің облыстық
фестивалінде лауреат атағына ие болды.
«Мелос» ансамблі
«Мелос» ерлер вокалды ансамблі 2007 жылы «Музыкалық пәндер»
кафедрасында аға оқытушы Наталья Витальевна Зайцеваның жетекшілігімен
құрылған болатын.
Ансамбль құрамына түрлі курс студенттері кіреді. Квартет қала және облыстың
концерт алаңшаларында белсенді түрде өнерлерін көрсетуде. Қазақтың ұлттық
өнерін, патриоттық әндерін насихаттай отыра, ұжым 2010 жылы «Мамыр
жұлдыздары» облыстық байқауы мен «Моя весна - моя победа» әскери-патриоттық
әндердің қалалық байқауында лауреаты атанды.
2011 жылы «Мелос» ансамблі музыка мәдениетін дамытуда маңызды үлес
қосқаны және асқан шеберлікпен орындағаны үшін Солтүстік Қазақстан облысы
жастар жетістіктерінің «Алтын кітабына» енгізілді.
Ансамбль репертуарына қазақ, испан, итальян және орыс тілдеріндегі вокалды
шығармалар кіреді. Квартет Астана қ., Омбы қаласының қала күнін тойлауда, Түмен
облысында Қазақ мәдени автономиясының 5 жылдығында Солтүстік Қазақстан
облысы атынан өнерлерін ортаға салды.
42
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттік хоры
СҚМУ студенттік хоры 1995 жылы ұйымдастырылды және оның бірінші
жетекшісі Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері Колчин Юрий Викторович
болды, ол қжыммен 15 жылдан артық жқмыс істеді. 2010 жылдан бастап хорды
Республикалық хор орындаушылар байқауының лауреаты Зеленый Александр
Григорьевич басқарды.
Ұжым хор музыкасын университет және оның шегінен тыс насихаттаушы болып
табылады. Хордың репертуарына Қазақстан, жақын және алыс шетел
композиторларының шығармалары кіреді: М. Төлебаев операсының «Біржан мен
Сара» қойылымы, Ж. Бизе «Кармен», Г.Свиридов кантатасы «Курские песни», ал
ерлер хор тобы «Ақ сиса» қазақ халық әнінің өңделген нұсқасын көрсетті. Репертуар
үнемі классикалық шығармалар, өңделген қазақ халық әндері, қазіргі эстрада-джаз
миниатюраларымен толықтырылып, жаңартылып отырады. Хор шығармалары
түпнұсқа тілінде (қазақ, орыс, латын, украин, неміс және т.б. тілдерінде) орындалады.
2008 жылы Астана қаласында өткен 2-інші Республикалық фестивалінде лауреат
атанды.
«Мелос» ансамблі мен студенттік хорға жазылу үшін музыка пәндері
кафедрасымен байланысу қажет, мекен-жайы: №1 жатақхана, 224 дәрісхана.
КТК
СҚМУ-да университетішілік КТК лигасы бар. Ойындар орыс және қазақ
тілдерінде жүргізіледі. Әр факультет және институт лигада өз командасын ұсынады.
Сіздің оқуыңызға қатысты барлық сұрақтар бойынша өзіңнің эдвайзер, деканат,
тіркеуші офисінің тіркеушісіне жүгіну қажет.
Сіз өз ұсыныстарыңыз бен наразылықты университет басшылығына наразылық
пен ұсыныстар Жәшігі арқылы жеткізуге болады.
Сізге табысты оқу тілейміз!
43
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«
ҚАРЖЫЛЫҚ ОРТАЛЫҚ»
АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
БИК НSBKKZKX. Астана аймағының ф-лы
№119900. "Қазақстанның халық банкі" АҚ, КБе 17
Қаржылық орталық Акционерлік қоғамы төменде көрсетілген бағыттарды жүзеге асыру арқылы білім алуға
ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын қаржылық қолдау бойынша әлеуметтік міндеттерді
атқарады:
•
білім беру несиелеріне кепілдік беру;
•
мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі
.
Білім беру депозиті
(
салым бойынша тиімділігі 17% дейін)
Білім берудегі жинақта
салымының шарттары
ТЕМІРБАНК
БТА БАНК
HALYK
BANK
ЦЕСНАБАНК
Салымның
мақсатты
міндеті
Қазақстанда техникалық және кәсіби, орта біілмнен кейінгі, жоғары және жоғары
білімнен кейінгі (магистратура, резидентура) білім алу, сонымен қатар шетелде
жоғары және жоғары білімнен кейінгі (магистратура, резидентура) білім алу.
Пайыздық ставкасы
Банктің сыйақысы
8% (
жылдық
тиімділігі 8,3%)
8,3%
7,2%
7%
дейін жылдық
(
жылдық тиімділігі
7,3%
дейін
жылдық)
10%
Мемлекеттің
сыйлық
ақысы
-
стандартты: +5% жылдық, бірақ 100 МРП-ден артық емес.
-
арнайы: +7% жылдық, бірақ 100 МРП-ден артық емес. (әлеуметтік қорғалмаған
адамдарға қатысты) .
Салымның
минималды
сомасы
3 МРП (5 556 теңге)
15 000 теңге
3 МРП (5 556 теңге)
Студенттерге арналған білім беру несиелері
АЛЬЯНС БАНК
HALYK
BANK
БТА БАНК
СБЕРБАНК
% ставка
9%
15%
от 8% *
от 13,8%
14%
Несие
мерзімі
17
жылға дейін
10
жылға дейін
10
жылға дейін
12
жылға
дейін
Кепілдеме Кей жағдайда қажет
Қажет емес
Жеңілдік
кезеңі
Оқу кезінде және оқу аяқталған
соң жыл бойы – негізгі қарыздың
пайыызына төлем жасалмайды
Оқу кезінде және оқудың негізгі курсы аяқталған соң
жарты жыл бойы – Банкке тек сыйақы төленеді
*
Егер Қарыз алушы бір семестрге оқудың төлемақысынан 15%-дан 50%-ға дейінгі мөлшерде «Кепіл»
депозитін ашуға ниет білдірген болса, білім беру несиесі бойыншга сыйақы ставкасы - 8% жылдық
Толық ақпарат (кеңес) қажет болған жағдайда Сіз төмендегі мекен-жай бойынша байланысуыңызға болады:
«
Қаржылық орталық» АҚ
Мекен-жайы: Астана қ., солжақ жаға, Орынбор к-сі,18
Телефоны: 8 (7172) 695-045, 695-047, ішкі нөмірі 114, 118, 157, 158, 116.
Call-
орталық:8 800 080 28 28 (Қазақстанның кез келген жерінен қоңырау тегін түрде)
E-mail:fincenter@fincenter.kz
Веб-сайт:www.fincenter.kz
Портал:www.ya-student.kz (Қазақстан және шетелде білім алу туралы ақпарат).
Заказ №4081. Тираж 100 экз.
Отпечатано в ИПО СКГУ им. М. Козыбаева.
44
Document Outline - М. Қозыбаев атындағы СҚМУ білім алушылардың ар ар-намыс кодексі
- Кіріспе
- Тарих
- Бүгінгі университет
- Оқытудың кредиттік технологиясының негізгі ұғымдары
- Оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері
- Білім алушылардың жеке оқу жоспарын қалыптастыру
- Білімді бағалау
- Үлгерімнің ағымдық бақылауын өткізу тәртібі
- Білім алушылардың аралық аттестаттауы
- Емтихан өткізу тәртібі
- Қорытынды бағаны есептеу
- Емтихан бақылауы бойынша апелляция
- Емтихан сессиясын жеке тапсыру шарттары
- Академиялық қарызды жою
- Академиялық қарыз деп сессияның соңында пән және курстық жұмыс/жоба бойынша қорытынды баға «қанағаттанарлықсыз» және емтихан сессиясы соңында емтихан тізімдемесінде «келген жоқ» немесе «емтиханға жіберілмеген» деген белгі есептелінеді. Академиялық қар...
- Келесі курсқа көшіру тәртібі
- Үлгерімнің орташа ұпайының белгіленген деңгейін жинаған білім алушылар ректордың бұйрығымен келесі курсқа көшіріледі.
- Білім алушыларды курстан курсқа көшіру туралы шешім жазғы сессиядан кейін және қосымша семестр аяқталғаннан кейін қабылданады.
- Үлгерімнің орташа ұпайын жинаған және оқытудың келесі курсына көшірілген білім алушылар – мемлекеттік білім беру гранттарының/ тапсырыстарының иегерлері, академиялық қарыздары болса, білім беру гранттарынан/тапсырыстарынан айырылмастан, ақылы негізде ...
- Қосымша семестр кезінде академиялық қарыз, академиялық айырмашылықты жою, курстарды қайта немесе қосымша игеру келесі студенттер категориясына беріледі:
- ( курстың бағдарламасын толық көлемде орындаған, бірақ үлгерімнің белгіленген орташа ұпайын (GPA) жинай алмаған;
- ( үлгерімнің белгіленген орташа ұпайын жинаған, бірақ академиялық қарыз/академиялық айырмашылығы бар;
- ( түрлі себептермен қосымша курс бағдарламасын игеруге ниет білдірген (атап айтқанда басқа мамандыққа көшу не магистратураға түсу үшін).
- Қосымша семестр кезінде студентке жоюға рұқсат етілетін кредиттер саны 9-дан аспауы тиіс.
- Қосымша семестрде студенттерді оқыту және білімдерін бақылау жүйесі академиялық кезеңдегі оқу үдерісін ұйымдастыру жүйесіне сәйкес келеді.
- Қосымша семестрдің белгіленген төлем сомасына сәйкес білім алушы оқудың құнын төлейді және қосымша семестр басталғанша дейін 3 жұмыс күнінің ішінде білім беру қызметін көрсету туралы келісімшарт жасасады.
- Ауыстыру
- Қайта қабылдау
- Оқудан шығару
- Академиялық демалыс ұсыну
- 1) науқасы бойынша 6 айдан бастап 12 айға дейінгі ұзақтылықпен амбулаторлы-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультативтік комиссиясының (ары қарай – ДКК) тұжырымдамасы;
- Бос гранттар
- Шәкіртақылар
- Президент шәкіртақысы
- Студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танушылық қызметін ынталандыру мақсатында, дарынды да зерек студенттерді қолдау үшін, мемлекеттік білім беру гранты негізінде және ақылы негізде оқитын, ғылыми, қоғамдық және спорт жұмысына белсенді қатысатын білі...
- ҚР Президентінің шәкіртақысын беру байқауына қатысу үшін, білім алушы келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:
- 1. Ректор атына жазылған өтініші.
- 2. Транскрипт.
- 3. Жеке куәлігінің көшірмесі.
- 4. Ғылыми еңбектерінің тізімі (факультет/институт декан орынбасарымен білім беру порталына енгізіледі).
- 5. Грамота, алғыстар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, олимпиадалар, семинарлар, дөңгелек үстелдер және т.б. қатысқаны туралы сертификаттарының көшірмелері.
- 6. Институт директоры/факультет деканының ұсынысы.
- Манаш Қозыбаев атындағы грант
- Байқауға қатысу үшін, білім алушы мына құжаттарды тапсыруы тиіс:
- 1. Ректор атына жазылған өтініші.
- 2. Транскрипт.
- 3. Жеке куәлігінің көшірмесі.
- 4. Ғылыми еңбектерінің тізімі (факультет/институт декан орынбасарымен білім беру порталына енгізіледі).
- 5. Грамота, алғыстар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, олимпиадалар, семинарлар, дөңгелек үстелдер және т.б. қатысқаны туралы сертификаттарының көшірмелері.
- 6. Институт директоры/факультет деканының ұсынысы.
- Байқауға қатысу үшін, білім алушы мына құжаттарды тапсыруы тиіс:
- 1. Ректор атына жазылған өтініші.
- 2. Транскрипт.
- 3. Жеке куәлігінің көшірмесі.
- 4. Студенттің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат.
- 5. Институт директоры/факультет деканының ұсынысы.
- Әлеуметтік жеңілдіктер және оқу үшін төлемақы бойынша жеңілдіктер
- Қашықтықтан оқыту
- ЖОО құрылымы
- Факультеттер және институт
- Кітапхана
- Студенттерді қолдау қызметі
- М. Қозыбаев атындағы СҚМУ білім алушыларына жатақхана беру
- Студенттер қалашығының сұлбасы
- Спорт секциялары
- Шығармашылық бірлестіктер
Достарыңызбен бөлісу: |