Ауыстыру
Білім алушы мынадай ауыстыруларға құқылы:
•
бір мамандықтан өзге мамандыққа;
•
басқа оқу орнынан;
•
басқа оқу орнына;
•
бір оқу түрінен басқаға;
•
оқыту тілінің бірінен басқасына.
Білім алушыны бір мамандықтан басқаға, бір жоғары оқу орнынан басқаға
ауыстыру кезектегі академиялық кезеңнің басталуына кем дегенде бес күн қалғанда,
демалыс уақыты кезінде жүзеге асырылады.
Білім алушы мынадай ауыстыруларға құқылы: жұмыс оқу жоспарындағы
айырмашылықтарды тапсыра отырып, бір жоғары оқу орнынан басқаға, оқытудың бір
түрінен басқасына, бір мамандықтан өзге мамандыққа, оқыту тілінің бірінен
басқасына, сонымен қатар жазғы және қысқы демалыс кезінде байқау негізде тиісті
мамандық бойынша оқытудың ақылы түрінен мемлекеттік білім беру грантына оқуға
ауысуға.
Білім алушының курстан курсқа көшуі үшін міндетті шарт – білім алушымен
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да белгіленген көшіру ұпайынан төмен емес үлгерімнің
орташа ұпайын (GPA) жинау болып табылады.
Білім алушының жоғары оқу орнына ауысуы немесе оқуға қайта қабылданудың
міндетті шарты – онымен 15 кредиттен кем болмайтын жеке оқу жоспарына сәйкес
бірінші академиялық кезеңді толық аяқтау болып табылады. Сонымен бірге білім
алушы оқуға қайта қабылданған кезде оқудан шығарылған мерзімге қарамастан,
оқытудың кез келген түріне, кез келген мамандыққа және кез келген жоғары оқу
орнына ауысуы немесе қайта қабылдануы мүмкін.
Білім алушының бір жоғары оқу орнынан басқа жоғары оқу орнына ауысу
процедурасы келесі тәртіпте жүргізіледі:
1)
басқа жоғары оқу орнына ауысуға ниет білдірген білім алушы өзі білім
алатын жоғары оқу орнының басшысының атына ауысуы туралы өтініш жазады, мөр
басылған ауысуға жазбаша келісім алған жағдайда, өзін қызықтыратын жоғары оқу
орнының басшысына жүгінеді;
2)
қабылдаушы жоғары оқу орны басшысының атына жазылған ауысуы туралы
өтінішке мыналар қоса берілуі тиіс: ректормен, ТО жетекшісімен қолы қойылған
және мөрі басылған транскриптінің көшірмесі; ұлттық бірыңғай тестілеу немесе
кешенді тестілеу тапсыру туралы сертификат; білім беру гранты иегерінің куәлігі
(егер ондай бар болса); өзі білім алған жоғары оқу орны басшысының атына жазылған
өтініш (басшысының қолы қойылған және мөр басылған);
3)
тіркеуші ұсынылған құжаттардың негізінде білім беру бағдарламасына сәйкес
оқу кредиттерінің трансфертін толтырады, жұмыс оқу жоспарындағы
айырмашылықты анықтайды және игерілген пререквизиттерге сәйкес курсты, топ пен
семестрді белгілейді және білім алушының жеке оқу жоспарын деканмен/институт
директорымен бекітеді;
4)
жоғары оқу орнының жетекшісі білім алушыны ауыстыру туралы бұйрық
шығарады;
23
5)
академиялық айырмашылық болған жағдайда, білім алушы қосымша ақылы
білім беру қызметін көрсету туралы келісімшарт жасасу туралы өтінішті рәсімдейді;
6)
мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитын білім алушы бір жоғары оқу
орнынан басқа жоғары оқу орнына бір курсқа төмен немесе басқа мамандыққа
ауысқан жағдайда, ол білім беру грантынан айырылады.
Мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитын білім алушы бір жоғары оқу
орнынан басқа жоғары оқу орнына, сол мамандығы және сол курсқа ауысқан
жағдайда, білім беру гранты сақталады.
Білім алушының бір жоғары оқу орнының ішінде бір оқу түрінен басқа оқу
түріне, бір мамандықтан басқаға ауысуы ақылы негізде келесі процедураға сәйкес
жүзеге асырылады:
1)
білім алушы тіркеуші офисінде М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректорының
атына ауысу туралы өтініш жазады;
2)
ректор білім алушыны оқытудың бір түрінен басқа түріне немесе бір
мамандықтан басқа мамандыққа ауыстыру туралы бұйрыққа қол қояды.
Қайта қабылдау
Қайта қабылдау білім беру ұйымының типі бойынша Білім алушыларды
ауыстыру және қайта қабылдау ержелеріне сәйкес жүргізіледі. Жоғары оқу орнынан
оқудан шығарылған білім алушы шығарылған мерзіміне тәуелсіз түрде, кез келген
оқу түріне, кез келген мамандыққа және кез келген басқа жоғары оқу орнына қайта
оқуға қабылдануға құқығы бар.
Білім алушы шығарылған мерзімінің ұзақтығына тәуелсіз түрде, қайта оқуға
қабылдануға құқылы. Қайта қабылданудың міндетті шарты жеке оқу жоспарына
сәйкес бірінші академиялық кезеңді аяқтау болып табылады.
Күндізгі оқу бөлімі білім алушысының қайта қабылдануы туралы өтініші жазғы
және қысқы демалыста кезекті академиялық кезең басталуға бес күн қалғанда, ал
сырттай бөлім білім алушысының өтініші кезекті емтихан сессиясының басталуына
кем дегенде бір ай қалғанда қарастырылады.
Оқуға төлемақы бойынша келісімшарт міндеттерін бұзғаны үшін оқудан
шығарылған ақылы негізде оқитын білім алушы төлемақы қарызын жапқаннан кейін,
бұйрық шыққан сәттен бастап төрт апта ішінде оқуға қайта қабылдана алады.
Қайта қабылдану үшін:
•
қайта қабылданушы ректордың атына қайта қабылдануға өтініш білдіреді;
•
қайта қабылданушы білім беру қызметін көрсетуге келісімшарт жасасады
және оқуға төлемақы төлейді (күндізгі бөлімде 1 айға, сырттай бөлімде 6 айға
төлемақы);
•
тіркеуші оқу жоспарындағы айырмашылықты анықтап, ұсынылған анықтама
негізінде оқу кредиттерінің трансфертін толтырады;
•
өтініш ректормен куәландырылады;
•
білім алушылар контингентінің қозғалысы туралы бұйрық шығарады.
24