41
Өндірістік емес негізгі құрал - жабдықтар тұтынуға арналған құрал – жабдықтар. Олар ұжымының
мəдени - тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын –үй, коммуналдық, денсаулық сақтау мүлкі т.б.) қажетіліктерін
ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.
Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті жəне жалға алынған болып бөлінеді.
Меншікті дегеніміз - бұл кəсіпорынның меншігіндегі жəне оның балансындағы көрсетілген негізгі
құралдар.
Жалға алынған – бұл басқа кəсіпорыннан белгіленген мерзімге шарт бойынша алынған негізгі
құралдар.
Оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001-ші “Жалға алынған негізгі
құралдар” баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу мерзімі аяқталған соң немесе аяқталмай тұрып,
жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады. Оларды 2410 шоттарында есептейді.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған (тоқтатылып қойған)
жəне қор ретінде тұрған болып бөлінеді.
Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, əрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс
істемей тұрғандар - бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша
пайдаланбайтын негізгі құрал - жабдықтар.
Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал - жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас
бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі. Заттық құрамына қарай негізгі құралдар
мүлік жəне мүліктік емес болып бөлінеді.
Мүліктік (заттай) көрінісі бар, яғни санауға жəне өлшеуге болатындай (үйлер, ғимараттар,
машиналар, жабдықтар) жатады.
Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа күрделі
қаржы салымы), яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер участкелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді
өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б.) жатады.
Əр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына жəне атқаратын қызметтеріне қарай мынадай
түрлерге бөлінеді:
Жер; үйлер; ғимараттар; өткізгіш тетіктер; машиналар жəне құрал жабдықтар (соның ішінде
автоматты машиналар жəне құрал-жабдық); күш беретін машиналар жəне жабдықтар; жұмысшы
машиналар; өлшеу жəне реттеу аспаптары жəне қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу
техникасы; басқадай машиналар мен жабдықтар; көлік құралдары; құрал – сайман, өндірістік мүлік жəне
жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы жəне өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді
жақсартуға (ғимаратсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар.
Келтірілген негізгі құралдардың əрқайсысының құрамына енетіндер: жер - субъект меншігіне сатып
алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек.
Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер участкелері мүліктік объектісі болып саналады.
Үйлер - халыққа еңбек етуге, тұруға, əлеуметтік – мəдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға жəне
материалдық құндылықтарды сақтауға арналған əлеуметті - құрылыс объектілері. Əрбір тұрғын үй мүліктік
объект болып табылады.
Ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс
процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік – құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы,
бөгет, көпір, автомобиль жолы). Барлық жағдайлары бар əрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып
табылады.
Өткізгіш тетіктер - электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу
желілері, трансмиссиялар, құбырлар). Электр желілері бойынша, мысалы электр станциясы бөлу
қондырғыларының желісі немесе генератор бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан
жəне подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады.
Машиналар мен жабдықтар - күш беретін машиналар жəне жабдықтар; жұмысшы машиналар жəне
жабдықтар; өлшеу жəне реттеу аспаптары жəне қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; əрбір машина
, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдары соған тиісті
заттарды, аспаптарды, қоса алғанда мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес
топтан тұрады:
Күш беретін машиналар мен жабдықтар - жылу жəне электр энергиясын өндіретін генератор -
машиналары; түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын
двигатель- машиналары;
42
Жұмыс машиналары мен жабдықтар – еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек затына механикалық,
жылу жəне химиялық əсер етуге арналған машиналар, аппараттар жəне құрал - жабдық;
Өлшеу жəне реттеу приборлары, қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар - өлшеуге, өндірістік
процестерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай – ақ лабораторияларда пайдаланылатын
приборлар мен аппаратуралар (дозаторлар, микроскоптар);
Есептеу техникасы - процестерді жылдамдату жəне автоматтандыруға арналған машиналар,
қондырғылар, аспаптар (компьютерлер, басқарушы жабдығы жəне басқа есептеу машиналары);
Басқадай машиналар мен жабдықтар – машиналар, аппараттар жəне басқа құрал - жабдық (телефон
станцияларының, радио тораптарының жабдығы, өрт сөндіруші машина);
Көлік құралдары - адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары (автомобиль,
темір жол, жегін көлігі). Əрбір объект өзіне тиісті барлық бейімделгіш құралдары мен заттарын қоса
алғанда мүліктік объекті болып табылады. (20)
Құрал – сайман - қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары
немесе металдары, ағашты жəне т.б. өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар. Басқа мүліктік объектінің
құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объекті болып табылады.
Шаруашылық мүлік – кеңсе жəне шаруашылық мекемелерінің заттары (орындықтар, шкафтар,
кілемдер). Дербес мəні бар əрбір объект мүліктік объекті бола алады.
Жұмысқа пайдаланылатын жəне өнім беретін мал - ат, өгіз, түйе жəне басқа жұмысқа пайдаланылатын
малдар; өнім беретін мал-мүйізді ірі-қара мал; асыл тұқымды биелер, буралар мен інгендер; бұғылар,
маралдар, ешкілер, қой мен қошқарлар. Əрбір ересек мал мүліктік объекті болып табылады.
Көп жылдық өсімдіктер – қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер (жеміс жəне жидек
ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көп жылдық түрлері, роза плантациялары, жерді қорғайтын өсімдіктер).
Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс- жидек бере бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке
алынады.
Басқа да негізгі құралдар - кітапхана қорлары, спорт мүлкі жəне басқа да салымдар.
8.2-сұрақ
Негізгі құрал - жабдықтардың бастапқы, ағымды, баланстық, сату, жою, тозу жəне қалдық құндары
болады.
Бастапқы құны - негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан,
соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан, сондай-ақ орнату, жеткізу, беру, монтаждау, пайдалануға қосу
шығындары, несие үшін пайыздар жəне т.б. шығындарынан тұрады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны мынадай жолмен анықталады:
Жер участкелері бойынша меншік немесе тұрақты пайдалану құқығы- актіде көрсетілген сатып алу құны ,
қозғалмайтын мүліктер бойынша көрсетілген сатып алу құны, қозғалмайтын мүліктер бойынша агенттерге
берілетін сыйақы, сатып алу - сату келісімін рəсімдеу бойынша көрсетілген қызметтердің төлемі бойынша
жұмсалатын шығыстар;
Үйлерді, жерді немесе ғимараттарды біртұтас мүлік ретінде иеленген кезде өз орнымен пайдалану
мақсатымен кіріске енгізу барысында бұл объектілердің бастапқы құнын шектеу қажет, өйткені үйлер мен
ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі əрі олар тозады. Ал жерді пайдаланудың мерзімі шектелмеген,
сондықтан олар аморитазацияланбайды. Егер пайдалануға тек жер ғана арналған болса, үйлер ғимараттар,
жеміс ағаштары т.б. бұзуға жатады. (24)
Жер сатып алынған объектіге жатады. Тозығы жеткен үйлерді бұзуға байланысты жұмсалған
шығыстан, объектіні бөлшектеу барысында алынған құндылықтарды сатқаннан түскен табысты
шегергеннен соң, жердің бастапқы құны есептеледі;
Мердігерлік əдіспен тұрғызылған үйлер мен ғимараттар бойынша объектіні тұрғызу бойынша
жүргізілген жұмыстардың келісіген құнына құрал - жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығыстар
қосылады, егер де оның құны тапсырыс беруші тарапынан төленген болса;
Құрылтайшылардың жарлық капиталына салынған негізгі құралдар - өздерінің келісілген бағасы
бойынша;
Тегін алынған негізгі құралдардың объектілері бойынша - құжаттарда көрсетілген құны алынады
(құрал- жабдықтарды жеткізіп беру, орналастыруға кеткен шығындарын қоса есептегенде);
Жас малдарды негізгі табынға аударған кезде - малдарды өсірудің нақты өзіндік құны;