37
құрайды жəне əрбір еншілес серіктістіктер бойынша аналитикалық есеп жүргізеді. Егер инвестор басқа
кəсіпорынның 50%-нан аз акцияға иемденсе, онда ол инвестордан тəуелді субъект болып есептеледі.
7 Дəріс : Қорлар жəне сатылған өнімнің өзіндік құны.
7.1.ТМҚ туралы түсінік.ТМҚ классификациясы.
7.2.Материалдық есептеуді ұйымдастыру жəне бағалау
7.1-сұрақ
Тауарлы – материалды қорлар - өндіріс циклінде қолданылатын əр түрлі еңбек заттары. Олар
өндіріс процесінде тұтынылып, өзінің құнын өндірілетін өнімге толығымен аударады.
Кəсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін
сатып алған тауарлары, сатып алынған бірақ əзірге ұйымға келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар),
аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай – ақ жұмыстарды орындау, қызметтерді
көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс жəне ыдыстық
материалдары, жартылай фабрикаттар жəне басқа да материалдары сол ұйымның тауарлық – материалдық
қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.
Тауарлы – материалдық қорлар қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерлік есептің есеп жоспарына
лайықты шоттар арналған. Кəсіпорынның өз бетінше субшоттарды анықтай алады. Мысалы,
1300 «Запасы» бөлімі.
1310 «Шикізаттар мен материалдар » шоттар тобы
Субшоттар:
1311 – шикізаттар мен материалар;
1312 – сатып алынған жартылай фабрикаттар мен құралдық заттар, конструкциялар;
1314 – отын;
1315 – ыдыс жəне ыдыстық заттар;
1316 – қосалқы бөлшектер;
1317 – басқалай материалдар;
1318 - өңдеуге берілетін материалдар;
1319 – құрылыс материалдары;
1320 «Дайын өнім» шоттар тобы
Субшоттар:
1321 – 1329 – номенклатуралық есеп бойынша дайын өнім;
1330 «Тауарлар» шоттар тобы
1331 – 1339 – номенклатуралық есеп бойынша алынған тауарлар;
1340 «Аяқталмаған өндіріс» шоттар тобы
Субшоттар:
1341 – негізгі өндіріс;
1342 - өз өндірістің жартылай фабрикаттары;
1343 – қосымша өндіріс;
1351 «Басқалай қорлар» шоттар тобы
Субшоттар:
1351 – 1359 – жалпы шаруашылыққа арналған қорлар;
Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары ТМҚ – рды келесідей есептеу жүйелерін
ұсынады:
Мерзімдік есептеу. Бұл жүйеде ТМҚ жыл ішіндегі егжей – тегжейлі есептеу жүргізілмейді.
Олардың нақтылай бар – жоғы оқтын – қтын өткізілетін, қалған сқаржыларды түгендеу қорытындылары
бойынша анықталады. Өткізілген қорлардың өзіндік құны тек түгендеу аяқталған соң жəне мынадай
формула бойынша: Есепті кезең басындағы қор қрлдығы қосу есепті кезең соңындағы ТМҚ қалдығы талдау
жүргізілген қорлардың өзіндік құнын.
Үздіксіздік есеп. Үздіксіз есеп жүйесін қолданғанда баланстық есепте тауарлы – материалдық
қорлардың түсуі мен жұмсалуы толық көрсетіледі. Мерзімді есепте қолданылатын шығыстардың уақытша
шоты бұл жүйеде пайдалынылмайды.Барлық есепті кезең ішіндегі нəтижелер белгілі нəтижелер белгілі жəне
қорлардың белгілі бір түрлерінің бар – жоқтығы мен өткізу шамасына қарай өткізілгендерінің өзіндік құны
801 «Өткізілген өнімнің ( жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құны» шотында көрсетіледі.
2 ҚЕБХС (есеп берудің халықаралық стандарттары) сəйкес қорлар екі өлшемнің ең кішісімен өзіндік
құнның жəне өткізудің таза құнымен бағалануы тиіс.
Қорлардың өзіндік құнына қорларды қазіргі тұрған жеріне дейін жеткізуге кеткен шығындар мен
өңдеуге, алуға жұмсалған шығындар кіреді. «Тауарлы материалды қорлар» есебі бухгалтерлік есеп
стандарттарына (БЕС 7) сəйкес алуға кеткен шығындарға сатып алу бағасы, шеттен əкелу бажы,
жабдықтаушы ұйымдар төлеген делдалдық (комиссиялық) сыйақылар, көлікті дайындау шығындары мен
қорларды алуға тікелей байланысты басқа да шығындар (саудалық жеңілдіктер, артық төлеуді қайтару жəне
т.б осындай түзетулер алу шығындарын анықтаған кезде қоса есептеледі) кіреді.
38
2 ҚЕБХС сəйкес тауарлы – материалды қорларды өткізудің таза құны əдеттегі іс - əрекет
барысында көзделетін сатуы алым бағасына тең минус сатуды ұйымдастыру мен жинақтап, құрастыру
шығындары алынады. Басқаша айтсақ, (2 ҚЕБХС 25т. сəйкес) егер қорлардың өзіндік құны өтелмейтін
болса, өйткені қорлар бүлінген, толық немесе жарым – жартылай ескірген жəне соған сəйкес бағасы да
төмендеген, сондай – ақ сатылым алдындағы əзірлік немесе өткізуді іске асыруға арналып бағаланған
шығындар өсуі мүмкін болса, материалдар өткізудің таза құны бойынша бағаланады. Мұндай жағдайда
қорлардың баланстық құны өткізуден немесе материалдық қорларды қолданудан алу күтілетін сомадан
артпайды.
Материалдар алу сəтінде нақты құны (синтетикалық есепте) немесе есептік баға
(аналитикалық есепте) бойынша көрсетіледі.
Материалдарды алудың нақты құны субъектінің осы қорларды дайындау мен жеткізу
шығындарынан жəне сатып алу бағасынан құралады.
Есептік бағалар (алудың жоспарлы өзіндік құны орташа сатып алу бағасымен жəне т.б)
бойынша материалдарды есептеуде есептік баға ретінде қорлардың құны мен қор алудың нақты құны
арасындағы айырма осы шоттағы есептеу арқылы айқындалады.
Баланста материалдар есебі нақты құны бойынша көрсетіледі, ал аналитикалық есепте –
тұрақты есептік бағалармен (келісім – шарттық немесе жоспарлы есептік) есептеледі.
Егер материалдарды есептеу келісім – шарттық бағалар бойынша ұйымдастырылса, онда
олардың нақты құны осы бағалар бойынша материалдар соиасына қосу көлік дайындау шығындары (КДШ)
қосылып шығарылады. стандартқа сəйкес КДШ құрамына жабдықтау - өткізу ұйымдарына төленген үстеме
бағалар, барлық қосымша алымдарымен бірге жүкті тасығаны үшін кіре ақы төлемі, субъектінің қоймасына
материалдарды түсіру мен жеткізу шығындары, дайындау орындарында ұйымдастырылған арнайы
дайындау кеңселерін, қоймалар мен агенттіктерді ұстауға арналған шығындар, материалдарды алу мен
жеткізуге байланысты (жабдықтаушылардан жүк жеткізгендегі субъектінің жүргізушілері, жүк тиеушілер )
жəне іс – сапар шығындары кіреді.
7.2.-сұрақ
Өндіріске босатылған материалдар құныны анықтаған кезде «Тауарлы – материалды қорлар есебі» 2
ҚЕБХС мен ҚЕБХС 2 «Запастар» ұсынған бағалау тəсілдері қолданылуы мүмкін:
• Орташа өлшемді құн бойынша
• ФИФО
• ЛИФО
• Ерекше теңестіру (идентификация), ұқсастыру
• НИФО
• Стандарттық баға
01.01.2005 жылан бастап ҚЕБХС – ның 2 «Запасы» бөліміне түзетулер енгізілді, яғни қорлардың
өзіндк құнын бғалаудың ЛИФО əдісін қолдануға тиым салынды.
Дайындау процесінде кəсіпорынның тауарлы – материалдық босалқыларды сатып алу операцияларының
есебі жүргізіледі. Дайындау процессінің есебін жүргізуде тауарлы – матриалдық босмалқыларды дұрыс
бағалау ең бір маңызды мəселе болып табылады. Синтетикалық есепте жəне бухгалтерлік баланста барлық
сатылып алынған тауарлы – материалдық босалқылар меншікті өндірістің құндылықтары сияқты нақты
өзіндік құны бойынша есепке алынады.
Тауарлы – материалдық босалқылардың өзіндік құнына босалқыларды сатып алу шығындары, оларды
қазіргі тұрған жеріне дейін жеткізуге жəне тиісті қалыпқа келтіруге байланысты көлік – дайындау
шығындары, өнімдерді қайта өңдеу (жұмыстарды жəне қызметтерді орындау шығындары енгізіледі.
Тауарлы – материалдық босалқыларды сатып алу шығындарына сатып алу бағасы, жабдықтаушы жəне
делдал мекемелерге төленген комиссиялық сый ақылар., тасып əкелу бойынша төленетін баж салығы, көлік
дайындау шығындары жəне босалқыларды сатып алуға тікелей байланысты басқадай шығындар кіреді.
Сауда жеңілдігі, артық төленген сомаларды қайтару да сол сияқты түзетулер сатып алу
шығындарын анықтаған кезде алынып тасталынады.
Өндіріске жұмсалған (сатып - өткізілген) тауарлы – материалдықбосалқылардың өзіндік құнын
бағалау (анықтау) төмендегі əдістердің бірі арқылы жүзеге асырылады:
-
Орташа құн əдісі;
-
ФИФО;
-
ЛИФО;
-
Ерекшеліктеріне қарай теңестіру (үйлестіру) əдісі.
Тауарлы – материалдық босалқылардың орташа құны олардың есепті жылдың басындағы бары мен осы
кезең ішінде сатылып алынғандарының немесе жұмсалынғандарының (өндірілген) орташа құнын анықтау
арқылы есептеледі.
Тауарлы – материалдық босалқыларды ФИФо əдісі бойынша бағалауда бірінші кезекте алғашқы сатылып
алынған немесе өндірілген босалқылардың бағасы бойынша есептен шығару болжанады.
Тауарлы – материалдық босалқыларды ЛИФО əдісі бойынша бағалауда бірінші кезекте соңғы сатылып
алынған немесе өндірілген босалқылардың бағасы бойынша есептен шығару болжанады.