39
Ерекшеліктеріне қарай теңестіру (ұқсастыру) бағалау əдісі бойынша арнайы жобадлар мен
тапсырыстарға арналып жасалынған тауарлар немесе қызметтер жəне бірін – бірі алмастыра алмайтын
тауарлы – материалдық босалқылардың өзіндік құны анықталады.
Шаруашылық құралдарының айналымында маңызды орын алатын өндіріс процессі.
Тауарлы – материалдық босалқыларды өңдеу шығындарына (жұмыстарды, қызметтерді орындау) өндіріс
процессінде пайдаланылатынтабиғи ресурстар, шикізаттар, материалдар, отындар, электр энергиясы
(қуаты), еңбек ресурстары, негізгі құралдардың амортизациясы, сондай – ақ өнім өндірумен, өндіріс
технологиясымен жəне оны ұйымдастырумен тікелей байланысты басқа да шығындар жатады, жəне олар
өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өндірісітік өзіндік құны ретінде танылады.
Өндірілген өнімді сатып - өткізу шаруашылық жүргізуші субьектінің қаражаттары айналымының соңғы
сатысы (кезеңі) болып табылады. Өнімді (жұмысты, қызметті) сатып - өткізу
Қаржылық есеп берудің Ұлттық стандартына сəйкес транспортпен жабдықтау шығындарының
құрамына үстеме бағалар, қосымша жинақталған жиындар, тиеу, түсіру жəне жеткізу шығындары жəне
қойма т.б. орындарды жалға алу шығындары, сол материалдарды сатып алу бойынша шыққан
командировкалық шығындар т.б. Егер кəсіпорында запастардың есебі жоспарлы есептеу бағасымен
ұйымдастырылса, онда субьект материалдардың номенклатурасын анықтайды. Бұл номенклатурада кейбір
материалдардың жоспарлы есептеу бағалары бекітеді, ал олардың нақты өзіндік құннан ауытқуы ай сайын
материалдарды
пайдалану
щотында
есептен
шығарылып
отырады.
Транспорттық
жабдықтау
шығындарымен ауытқулар аналитикалық есептің шоттарында жүргізіледі.
Мысал 1. Компания 2009 жылы 1 маусымында запастардың мынандай қалдығын иемденелі:
материалдар шотында 1 200 бірлік 100 теңгеден , қалдық 120 000 теңге.
3 маусым 300 бірлік 120 тг 36 000
7 маусым 200 бірлік 130 тг 26 000
20 маусым 500 бірлік 140 тг 70 000
25 маусым 650 бірлік 150 тг 97 500
Барлығы: маусым айында түскені 1 650 бірлік 229 500 теңге.
Маусым айында өндіріске жіберілген материалдар 2 150 бірлік.
ФИФО əдісі бойынша:
1 200 бірлік 100 тг 120 000
300 бірлік 120 тг 36 000
200 бірлік 130 тг 26 000
450 бірлік 140 тг 63 000
Барлығы: 2 150 бірлік 245 000
Қалдығы: 700 бірлік 104 500
ЛИФО əдісі (ҚЕХС бойынша 2008 жылдан бастап қолданылмайды)
650 бірлік 150 тг 97 500
500 бірлік 140 тг 70 000
200 бірлік 130 тг 26 000
300 бірлік 120 тг 36 000
500 бірлік 100 тг 50 000
Барлығы: 2 150 бірлік 279 500 тг
Қалдығы: 700 бірлік 70 000 тг
Орташа бағасы бойынша:
100+120+130+140+150 / 5 = 128 тг
2150*128 = 275 200 тг
Қалдығы: 700 бірлік *128 = 89 600 тг
Спецификалық идентификация əдісі:
Есептік кезең аяғында жүргізілген инвентаризация бойынша мынандай жағдайлар анықталды: қоймадан
ең бірінші түскен партиядан 210 бірлік қалды
73 партиядан 70 бірлік
4 партиядан 240 бірлік
180 бірлік бастапқы қалдық болды.
Барлық қалдық 700 бірлік
180 бірлік 100 тг 18 000
210 бірлік 120 тг 25 200
70 бірлік 140 тг 9 800
240 бірлік 150 тг 36 000
Барлығы: 89 000 тг / 700 = 127,14
Орташа: 127,14теңге
Бағалаудың əдісі субьектінің есеп саясатында міндетті түрде көрсетіледі. Егер бағалаудың əдісі
өзгертілген болса, оны өзгертуге себепті негізгі дəлелдермен көрсетіп, есепті кезеңнің аяғында берілетін
қаржылық есеп берудің түсініктемелік хаттамасында көрсетіледі.
Бұл ауытқу + немесе – болуы мүмкін. Бұл ауытқуды мына формула бойынша табады:
40
П= ООМ+ОПМ / ОМУ+ПМУ*100%
П – материалдардың нақты өзіндік құнының есеп бағасынан ауытқу пайызы
ООМ – айдың басындағы материалдардың қалдығының ауытқуы
ОПМ – ай ішіндегі түскен материалдардың ауытқуы
ПМУ – ай ішінде түскен материалдардың есеп бағасы бойынша құны
ОМУ – ай ішінде есеп бағасы бойынша жіберілген материалдардың құны
Инвентаризация нəтижесінде артық шыққан қаражаттар тиісті топтарға кірістелуі тиіс.
Оған берілетін бухгалтерлік проводкілер:
1. Егер ТМҚ-ң жетіспеушілігі анықталса, оның баланстық құнына: Д
т
1280, К
т
1310
2. Табиғи азаюдың шегінен аспайтын құнды заттардың жетіспеушілігін есетеп шығарғанда: Д
т
8410
К
т
1280
Табиғи əсерлерден болған жетіспеушілікті материалдық заттарды пайдаланған шоттарға жəне
материалдық шоттарда қалған қалдықтарға сол материалдық құндарына сəйкес бөліп жазады.
Табиғи кемудің нормаларынан артық анықталған жетіспеушіліктер материалдық жауапкершіліктегі
адамдардың кінəсімен болған жағдайда ( ол адам айыбын мойындаған жағдайда) жетіспейтін
материалдық заттардың есептегі құнын: Д
т
1250 К
т
1280 проводкасымен жабдықтайды
3. Материалдық жауапкершіліктегі адамдардан жетіспейтін материалдық заттардың құны нарықтық
бөлшек сауданың бағасымен өндірілуі тиіс. Материалдық құнды заттардың нарықтық жəне
баланстық құнның арасындағы айырмашылыққа: Д
т
1250 - К
т
3510 деген проводка береді
4. Егер кінəлі адамнан жетіспеген материалдық құнды заттардың орнын толтырса, яғни төлесе: Д
т
1010, 3350 К
т
1250
5. Егер кінəлі адамнане жетіспеген материалдық құнын қосымша құнға салынатын салықпен өндіріп
алса: Д
т
1250 К
т
3130
6. Табиғи кемудің нормаларынан артық анықталған жетіспеушіліктер белгілі айыпты адамдар
анықталмаған жағдайда, немесе сот шешімі бойынша қабыл алынбаса, онда жалпы шаруашылық
шығындарына жіберіледі: Д
т
7210 К
т
1310
7. Стихиялық апаттардың зардабынан болған жетіспеушіліктерді қамсыздандыру мекемелерінің
шарты бойынша: Д
т
7510 К
т
1310
8. Егер қамсыздандыру мекемелері қамсыздандыру шарты бойынша орнын толтырса: Д
т
1010,1030,
1280 - К
т
7510 деген проводка беріледі.
Құнды заттардың ұрлануы, жетіспеуі жəне бұзылуынан болған зияндардың синтетикалық жəне
аналитикалық есебін бухгалтерлік есетің журнал-ордерлі формасында № 10 б ведомостісінде жүргізеді. Бұл
ведомосте əрбір айыпты адамдарға жетіспейтін түрлеріне қарай олардың құндары жеке жолдарға жазылады.
Ведомостің жеке бағаналарында № 1280 шоттың кредитіпен айыпты адамдардың есебіне, өндіріс
шығындарына тағы сол сияқты жазылған саналар көрсетіледі.
8 Дəріс : Ұзақ мерзімді активтер: есебі, тозуы жəне амортизациясы
8.1. Негізгі құралдар туралы түсінік жəне классификациясы
8.2.Негізгі құралдарды бағалау
8.3. Материалдық емес активтер туралы түсінік
8.4.Материалдық емес активтердің синтетикалық
жəне аналитикалық есебі
8.1-сұрақ
Осы стандарт негізгі құралдардың есебін жүргізудің субьектіге жататын меншк құқығын,
шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.
Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік жəне өндірістік емес
болып екіге бөлінеді. (20)
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың
көмегімен өнімді əзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал - жабдық, құрал - сайман т.б.) əсер ету
жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды.
Негізгі өндірістік құралдардың пайдаланылуын сипаттайтын экономикалық көрсеткіші - қор
қайтарымы болып табылады. Ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндіретін заттай немесе
ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.