М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет31/59
Дата24.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#5615
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   59

жұмыстардың жəне дайындалған детальдардың, сондай-ақ тағы басқа операциялардың жалпы 
саны мен көлемі, олардың бір данасын жасап шығаруға, өндіруге белгілеген бағаға көбейтеді. 
  Ұйымдарда  тапсырманы  жеке  адам  орындаған,  яғни  операция  немесе  өнім  өндіру 
басынан  аяғына  дейін  бір  жұмысшының  немесе  қызметкердің  қолынан  өтетін  жағдайда 
мұндай  əдісті  қолдану  ыңғайлы  болып  табылады.  Кесімді  еңбек  ақы  жұмысшылар  мен 
қызметкерлердің бригада бойынша істеген жұмысына  төленетін жағдайда жоғарыда аталған 
алғашқы  құжаттарға  əр  жұмысшы  мен  қызметкердің  жұмыс  істеген  уақыты,  мамандық 
дəрежесі,  бригада  болып  өндірген  өнімі  мен  істеген  жұмысының  көлемі  мен  саны  жəне 
олардың  бір  данасын  жасауға,  өндіруге  белгіленген  бағасы  көрсетіліп  жазылады.  Жалпы 
брига  бойынша  өндірілген  өнімдер  мен  істелген  жұмыстардың  саны  мен  көлемін,  олардың 
бір  данасын  өндіріп  шығаруға  (жасап  шығаруға,  орындауға)  белгіленген  бағаға  көбейту 
арқылы  сол  бригада  мүшелерінің  еңбек  ақысы  есептеліп  шығарылады.  Бригаданың  жалпы 
табысы ондағы жұмысшылар мен қызметкерлердің арасында олардың мамандық дəрежесіне 
жəне  жұмыс  істеген  уақытына  сəйкес  бөлінеді.  Ол  үшін  алдымен  барлық  бригада 
мүшелерінің  жұмысқа  қатысқан  уақыты  (ай,  күн,  сағат)  табылады.  Содан  соң  жұмысшылар 
мен  қызметкерлердің  мамандық  дəрежесіне  сəйкея  тариф  бойынша  бір  сағатқа  белгіленген 
еңбек  ақы  мөлшері  олардың  жұмыс  істеген  сағаттарының  санына  көбейтіледі.  Осының 
нəтижесінде  бригада  мүшелерінің  əрқайсысының  тариф  бойынша  есептелетін  еңбек 
ақысының  жалпы  сомасы  табылады.  Алғашқы  құжаттар  бойынша  есептелген  бригада 
мүшелеріне  тиісті  еңбек  ақы  сомасының  жоғарыда  көрсетілген  тариф  есептелген  еңбек 
ақының  жалпы  сомаларының  қосындысына  қатнасы  қосымша  табыс  коэффициенті  болып 
табылады.  Осыдан  кейі  тариф  бойынша  жұмысшылар  мен  қызметкерлердің  əрқайсысына 
есептелген  еңбек  ақы  сомасы  осы  коэффициентке  көбейтіліп,  əр  жұмысшының  немесе 
қызметкердің орындаған жұмысы мен өндірген өнімнің саны мен оның мамандық дəрежесіне 
байланысты еңбек ақысы табылады.  
Тарифтік  мөлшерлемесін  жəне  бюджет  сферасындағы  еңбекерлердің  қызмет  иесінің 
(лауазымды  адамның)  айлығын  белгілеген  кезде  жалақының  минималды  деңгейін  жəне 
бірыңғай  тариф  сеткасын  пайдаланады.  Бірыңғай  тариф  сеткасы  еңбек  ақының  21 
разрядының  негізінде  құрылады  жəне  əрбір  разряд  үшін  өзіндік  тариф  коэффиценті 
белгіленеді. 
Кесте 27 
ҚР-дағы біріңғай тарифтік сетка 
 
Тариф  сеткасының 
бірыңғай разряды  
Тарифтік  коэфициент 
(1 разрядқа қатнасы) 
Тариф 
сеткасының 
бірыңғай разряды 
Тарифтік 
коэфициент 
(1 
разрядқа 
қатнасы) 

1,0 
12 
2,20 

1,07 
13 
2,37 

1,15 
14 
2,55 

1,24 
15 
2,74 

1,33 
16 
2,95 

1,43 
17 
3,17 

1,54 
18 
3,41 

1,66 
19 
3,67 

1,78 
20 
3,94 
10 
1,91 
21 
4,24 
11 
2,05 
 
 
 
 
Жұмыс  мамандығы  негізінен  біріншіден  сегізінші  разрядқа  дейін  жіктеледі,  ал 
қызметкерлердікі  екіншіден  жиырма  біріншіге  дейін  бірыңғай  тарифтік  сетка  бойынша 
тарификацияланады.  Бірыңғай  тарифтік  –  мамандырылған  (квалификацияланған)  анықтама 


(БТМА)  жəне  мамандырылған  анықтама  (МА)  бойынша  еңбеккерлердің  тарификациясын 
жасайды. 
Тарифтік  мөлшерлемесін  жəне  əртүрлі  машықтық  –  мамандырылған  топтарындағы 
қызмат  иесінің  (лауазымды  адамның)  айлығын  жұмыс  берушінің  ең  төменгі  жалақыны 
сақтаған  кəсіпорын  бекіткен  разрядтың  мөлшерлемесіне  сүйене  отырып  бірыңғай  тарифтік 
сеткасында белгіленген тарифтік – мамандандырылған коэффициенттер бойынша анықтайды. 
Тарифтік – мамандандырылған анықтама жұмысшылардың жұмысын тарификациялауға  
жəне оларға əртүрлі өндіріс пен жұмыс түрі бойынша разряд беруге пайдаланылады. 
Ал  мамандандырылған  анықтама  қызметкерлердің  жұмысының  күрделілігін, 
мамандығының  деңгейі  бойынша  анықтауды  қамтамасыз  етеді.  Бұл  анықтамалар  бірыңғай 
жəне  салалық  болып  келеді.  Олардың  негізінде  нақты  өндіріс  еңбеккерлері  үшін  жергілікті 
анықтамалар əзірленіп жəне белгіленуі мүмкін. 
Ұйымдарда  жұмысшылар  мен  қызметкерлерге  төленетін  кейбір  төлемдердің  мөлшері 
олардың  өткен  уақыттағы  алған  еңбекақысының  орташа  мөлшеріне  байланысты  есептеледі. 
Орташа  еңбекақының  сомасына  байланысты  есептелетін  мұндай  төлемдерге  мыналар 
жатады: 
-  Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқарған уақыты үшін төленетін төлем. 
-  Қызметтік іссапарда болған уақытқа төленетін еңбекақы. 
-  Жас  сəбилі  аналарға  демалу  жəне  баланы  тамақтандыру  үшін  берілетін  үзіліске 
төленетін төлем. 
-  Жас өспірімдердің қысқартылған еңбек уақытына төленетін төлем. 
-  Өндірістен  қол  үзіп  немесе  қол  үзбей  оқитын  жұмысшылар  мен  қызметкерлерге 
емтихан тапсыратын уақыттағы жұмыста болмаған уақыттарына төленетін төлем. 
-  Амалсыздан жұмысқа шықпаған уақытқа төленетін төлем. 
-  Ауыл  шаруашылық  жұмыстарына  қатысқан  уақыттары  үшін  жұмысшылар  мен 
қызметкерлерге төленетін төлем. 
-  Жұмысшылар  мен  қызметкерлерге  еңбек  демалысы  немесе  пайдаланбаған  еңбек 
демалысы үшін төленетін төлем. 
-  Зейнетақы,  табыс  салығы  жəне  жылдық  жұмыс  нəтижесі  бойынща  сыйақы 
есептеу,тағы басқалары. 
Осы    күнгі  қолданылып  жүрген  ережелерге  сəйкес  жұмысшылар  мен  қызметкерлердің 
еңбекақысынан  тек  заңда  қаралған  ұсталымдарды  ғана  ұстап  қалуға  болады.  Жұмысшылар 
мен  қызметкерлердің  еңбекақысынан    кəсіпорынның  бухгалтериясы  арқылы  ұсталуға 
болатын ұсталымдарға мыналар жатады: 
-  Жинақталған зейнетақы қорына аударылатын сома (жұмысшылар мен қызметкерлерге 
есептелген еңбекақы сомасының 10% мөлшерінде). 
-   Жеке табыс салығы ( 10 %), 2007 жылғы Салық кодексіндег іөзгерістерге байланысты;  
-  Заң,  сот  органдарының  үкім  қағазы  бойынша  ұсталатын  ұсталымдар  (алимент, 
айыппұл, т.б ). 
-  Несиеге  сатып  алған  тауарлары,  заттар  үшін  жұмысшылар  мен  қызметкерлердің 
міндеттемесі бойынша белгіленген сомалар. 
-  Əр  түрлі  жарналар  (жұмысшылар  мен  қызметкерлердің  жазбаша  өтініші  бойынша 
кəсіподақ комитетіне, ұйымдарға, партияларға т.б) төленетін төлемдер. 
-  Дербестік  сақтандыру  шартына  сəйкес  жұмысшылар  мен  қызметкерлердің  жаөбаша 
өтініші  бойынша  жеке  басын,  жанұя  мүшелерін,  мүлкін  жəне  т.б  сақтандыруға  байланысты 
жарна аудару. 
-  Жұмысшылар  мен  қызметкерлердің  еңбекақысы  есебінен  берілген  аванс  пен  артық 
төленген төлемдер сомасы. 
-  Жеке  меншік  үй  салуына  банктен  алынатын  ұзақ  мерзімді  несиені  өтеу  үшін  
ұсталатын ұсталымдар. 
-  Жұмысшылар  мен  қызметкерлердің  жазбаша  өтініші  бойынша  өзі  жұмыс  істейтін 
шаруашылық  субъектісінің  қарамағындағы,  яғни  меншігіндегі  үйде                  тұрғаны  үшін 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   59




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау