М. Е. Лобашев к. В. Ватти



жүктеу 8,1 Mb.
Pdf просмотр
бет178/275
Дата29.04.2022
өлшемі8,1 Mb.
#38344
түріЛекция
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   275
Lobashev

Актидтендіруші 
"(рермент
 


қүрылымы  шифрланған  —  оның  мағыналық  мәні  бар,  ал  оған 
комплементарлы — екіншісі мағынасы барға қарсы тізбек болып табылады. 
и-РНК-ның  бір  қабат  тізбегінің  синтезі 
(транскрипциясы) 
үшін  мағыналық 
тізбекше ғана матрица бола алады (80-сурет), 


ДНК-ның  мағыналық  тізбекшесінің  кодын  и-РНҚ-ға  көші-ру  РНК-
полимераза  (транскриптаза)  ферментінің  бақылауымен  жүзеге  асады, 
мұнда  и-РНҚ  ДНҚ-ның  мағыналық  тізбекшесі-не  комплементарльиіБұл 
егер  бір  тізбектегі  жүйелілік  белгілі  болса,  екінші  тізбектегі  жүйелілікті 
автоматты  түрде  шығаруға  болады  деген  сөз.  Мәселен,  ДНК-дағы  валин 
синтезін  бақылау-шы  кодон  —  ЦАА  болса,  и-РНҚ-да  ол  ГУУ  болады. 
Клеткада  и-РНҚ  молекуласыиың  тіршілік  ету  уақыты  әр  түрлі.  Мысалы, 
бактерияда  ол  бірнеше  минут,  бидайдың  қүрғақ  тұқымының  клеткаларында 
— бірнеше ай, жануарлар ретикулоциттерінде и-РНҚ гемоглобиннің а және 
р-тізбекшелерін  синтездеу  үшін  клетканың  бүкіл  әмірі  бойында  тіршілік 
етеді.  Синтездеуден  кейін  и-РНК  молекуласы  ДНК-дан  бәлінеді  де, 
рибосомалар-мен жанасады. Оның үстіне жоғары сатыдағы организмдер мен 
кейбір  вирустарда  и-РНК  молекуласының  (5'-шеті  деп  аталатын)  бір 
шетінде  бір  немесе  екі  метильденген  негіз  болады,  көп  ретте  бұл  жетінші 
жағдайда  қүрамында  СН
3
  тобы  бар  гуанин  болады.  Рибосомалар  белок 
синтезі үшін бастапқы ретінде осы үшін тандап алады.^и-РНК мен бірнеше 
рибосоманың (2-ден 15-ке дейін) комплексі 
полирибосома 
немесе 
полисома 
деп  ата-лады.  Белок  синтезі 
(трансляция) 
осы  полисомаларда  өтеді.  Ри-
босомалар  үлкен  полимерлі  рибосомалық  РНК  (р-РНҚ)  мен  белоктан 
түратын құрылым болып табылады. Соңғы уақытта  көрсетілгеніндей, белок 
синтезінің  инициациясына  р-РНК-нын,  тікелей  қатысы  бар.  Рибосома 
клеткада  әр  түрлі  күйде  бола  алады:  екі  суббірлік  түрінде  (седиментация 
цифры 30—405 кіші және седиментация цифры 50—605 үлкен суббірліктер) 
және  аталған  бөліктерден  түратын  бірыңғай  қүрылым  түрінде.  Оның  күйі 
атқаратын  қызметіне  байланысты.  Егер  рибосома  дәл  осы  мезгілде  белок 
синтезіне  қатыспайтын  болса,  онда  ол  клеткада  жеке  суббірлік  түрінде 
кездеседі.  Синтез  кезеңінде  кіші  суббір-лікке  и-РНҚ  молекуласы  бекінеді. 
Бүдан  соң  оған  ірі  суббірлік  қосылады  да,  рибосома  әзіне  тән  пішінге  ие 
болады (80-сурет). 


Әрбір  рибосома  и-РНК  молекуласын  бойлай  5'-шетіңен  3'-шетіне  қарай 
қозғалады,  бұл  уақытта  полипептидтік  тізбекше  өсе  береді.  Тізбекшенің 
үзындығы  рибосоманың  и-РНК  моле-куласының  басынан  бастап  өткен 
қашықтығына пропорционал-ды болады. Мұндай белок фрагментіндегі амин 
қышқылдары-ның  саны  рибосома  оқып  үлгірген  триплеттердің  санына  тең 
бо-лады. 
и-РҢҚ  триплеттеріне  (кодондарына)  сәйкес  рибосомаларда  амин 
қышқылдары  қалдықтарының  тізілуі  РЬіК  молекулалары-ның  тағы  бір 
түрінің,  атап  айтқанда 
транспорттық 
РНҚ  (т-РНҚ)-ның  .жәрдемімен 
жүзеге  асады.  т-РНК  төмен  полимерлі  болады,  оның  жекелеген 
молекулалары  70—80  нуклеотидтерден  түрады.  Негіздердің  өзара 
комплементарлы  әсер  етуінің  арқасында  бүл  молекулада  сутектік 
байланыстардың  көпшілігі  түй-ықталған.  т-РНК  қүрылысы  модельдерініц 
біріне  сәйкес  оның  молекуласының  пішіні  беде  жапырағының  пішініне 
ұқсайды  және  оған  амин  қышқылы  қосылатын  деп  жорамалданады.  т-РЫК 
молекулаларының  қарама-қарсы  бөлігінде  антикодон  деп  атала-тын 
қосарланбаған  3  нуклеотид  болады.  т-РНК  антикодоны-ның  триплеті 
сутектік  байланыс  түзе  отырып,  рибосомадағы  и-РНҚ  кодонының 
триплетімен әрекеттесе алады. т-РНҚ молекулаларының әрбір класы бір ғана 
амин қышқылымен қо-сыла алады: демек, әр түрлі т-РНК. молекулаларының 
мөлшері  жиырмадан  кем  болмауы  тиіс.  Биохимиктердің  мәліметі  бойын-
ша  олар  —  60.  Қазіргі  кезде  олардың  кейбіреуінің  химиялық  құ-рылымы 
анықталған.  Совет  ғалымы  академик  А.  А.  Баев  алғаш  рет  валинді  т-РНК-
ның құрылымын анықтады. 
т-РНК-ның  амин  қышқылдарымен  әрекеттесуі  үшін  амин  қышқылдары 
АТФ-ның қатысуында амино-ацил-т-РНК ерекше ферменттерімен активтенуі 
қажет. Сонымен қатар, т-РНҚ мен активтелген амин қышқылдарының өзара 
әрекеттесуін  активтен-діруші  аса  ерекше  ферменттер  т-РНК-лигазалар 
(немесе  кодазалар)  бақылап  отырадьі^і-РНК-ның  амин  қышқылдарымен 


әрекеттесуін  кейде  белок  синтезінде  жүмыс  істейтін  клеткадағы  екінші 
кодтық система деп атайды. 
 
 
 
 
.  т-РНК  молекуласын  рибосоманың  ірі  суббірлігі  белгілей-ді,  бір  оның 
бүған  арнаулы  екі  орнй  болады.  Белок  синтезін  инициациялаушы  и-РНК 
кодоны — АУГ құрамында метионин бар т-РНК-ны ажырата біледі. Бүдан 
соң  осы  рибосомаға  ке-лесі  кодонға  сәйкес  екінші  т-РНҚ  бекінеді.  Амин 
қышкылда-рының арасында пептидтік байланыстар пайда болады (бұл про-
Цеске де ферменттер қатысады). Өзіне түскен салмақтан арыл-ған бірінші т-
РНҚ  рибосомадан  шығады.  Келесі  амин  қыш-қылына  пептидтік  тізбекті 
қосып  алған  соң  екінші  т-РНК  да  рибосомадан  шығады.  и-РНК 
триплеттерінің жүйелілігіне сәй-кес полипептидтік тізбектің есуі осылайша 
өтеді (81-сурет). 
Генетикалық  информацияны  оқудың  дәлдігі  рибосома  арқы-лы  қандай 
кодондар  өтетіңдігіне  ғана  емес,  сондай-ақ  едәуір  дә-режеде  рибосоманың 
өзінің күйіне де байланысты. Стрептоми-цин антибиотигінің молекулаларын 
қосу  арқылы  рибосоманың  құрылымын  өзгертсе  немесе  қоршаған  ортадағы 
М§
++
  иондары-ның  конценлрациясын  арттырса  болғаны,  и-РНК-да 
жазылған  генетикалық  код  бұрыс  оқыла  бастайды:  рибосома  қате  «оқи» 
 
81-сурет. Трансляцияның жүйелі кезеңдерінің 
схемасы (түсінігі тексте берілген). 


бастайды,  полипептидтік  тізбекке  көп  ретте  «басқа»  амин  қыш-қылдарын 
енгізеді.  Стрептомициннің  бактериялық  клеткаларға  инактивациялаушы 
әсері,  міне  осы  жағдайға  байланысты.  Қа-лыпты  жағдайда  белок  синтезі 
қатесіз әрі үлкен жылдамдықпен өтеді: 1 секундта 2 амин қышқылы түзіледі. 
Белоктыц  150  амин  қышқылынан  түратын  молекуласы  бір  полисомада 
шамамен 1,5 минутта синтезделеді. 
Қатерлі  ісік  (тауықта  Раус  саркомасын,  тышқанда  лейкоза-ны) 
туғызатын  вирустарды  зерттеуде  Г.  Темин  мен  Д.  Балткмор  1970  жылы 
жаңа  фермент  —  РНҚ-ға  тәуелді  ДНҚ-полимераза,  немесе 
«кері 
транскриптаза» 
иемесе  ревертаза  ферментін  ашты.  Бұл  фермент 
генетикалық информацияны әдеттен тыс бағыт-та — РНК-дан ДНҚ-ға қарай 
тасымалдауды  жүзеге  асырады.  Бүл  процесс  вирус  РНҚ-ында 
матрицадағыдай 
ДНК 
синтезде-ліп, 
соңынан 
клетка-иесінің 
хромосомасына ене алатын жағдай-да жүзеге асады. Кері транскрипцияның 
болатындығын  1960  жылы  СССР-де  С.  М.  Гершензон  тапқан  болатыд/ 
Бірақ бұл жа-ңалық ферментті бөліп алған соң ғана тиісінше бағалана баста-
ды.  1971  жылы  тышқан  мен  адамның  вирус  жүқпаған  клеткала-рынан 
осындай  фермент  табылды.  Олардың  шығу  тегі  және  қа-лыпты 
клеткалардағы  түзілуі  мен  атқаратын  қызметі  әзірше  белгісіз,  ол  бүл 
жағдайда  да  онкогендік  виру.стармен  байланыс-ты  болар  деп 
жорамалданады. Бұл жаңалық тіршілік процесте-рін түсіну үшін, сондай-ақ 
рак проблемасын шешу үшін көпте-ген пайда келтіретін болады (29-тарауды 
қара). 

жүктеу 8,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   275




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау