М. Е. Лобашев к. В. Ватти


 МУТАЦИЯЛАР КЛАССИФИКАЦИЯСЫ



жүктеу 8,1 Mb.
Pdf просмотр
бет138/275
Дата29.04.2022
өлшемі8,1 Mb.
#38344
түріЛекция
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   275
Lobashev

1. МУТАЦИЯЛАР КЛАССИФИКАЦИЯСЫ 
Генеративтік  жэне  соматикалық  мутациялар. 
Көп  клеткалы  организмнің  кез 
келген  тканьдерінің  клеткаларында  және  оның  барлық  даму  сатысында  мутациялар 
пайда болуы мүмкін. Же-тілмеген және жетілген жыныс клеткаларында пайда болған 
мутацияларды  генеративтік,  ал  басқа  тканьдердің  клеткала-ларында  пайда  болған 
мутацияларды — соматикалық мутация-лар деп атайды^; 
Табиғаты  жөнінен  соматикалық  мутациялардың  генератив-тік  мутациялардан 
ешбір  айырмашылығы  жоқ.  Генеративтік  және  соматикалық  мутациялар  деп  бөлу 
қажеттілігі олардың эволюциялық қүұндылығының әр түрлі болуына және организмнің 
кебею типімен анықталғандығына байланысты туды. Генеративтік және соматикалық 
мутациялардың  айырмашылығы  сондай-ақ  оларды  табу  әдістерімен  көрінуінде 
байқалады. 
Егер  мутанттық  гені  бар  гамета  зигота  түзілуіне  қатысатын  болса,  яғни  келесі 
үрпаққа  берілетін  болса,  онда  организмнің  белгілері  мен  қасиеттерінің  езгеруіне 
себепші болатын мута-циялар табылуы мүмкін. Егер мутация доминантты болса, он-
да жаңа белгі немесе қасиет тіпті осы гаметадан шыққан гете-розиготалы организмде 
де  көрінеді;  егер  мутация  рецессивті  болса,  онда  мутантты  ген  гетерозиготалы 
күйінде  сақтала  отырып,  бірнеше  үрпақ  бойында  әз  әсерін  көрсетпеуі  мүмкін. 
Рецессивті  ген  гомозиготалы  күйге 
(Ғ2,  Ғз-ке 
және  т.  с.  с.)  өт-кенде  ғана  жаңа  белгі 
пайда болуы мүмкін. 
Егер  генеративтік  мутация  үрық  жолының  ерте  стадиясындағы  клеткада  немесе 
сперматогонийлер  мен  оогонийлердің  көбею  кезеңінде  клеткада  пайда  болса,  онда 
мутантты  ген  етілген  клеткалық  бөлінулер  санына  пропорционалды  мөлшерде 
көбейеді. Бұл жағдайда жыныс клеткаларының бір бөлігі бір- 


 
62-сурет. Қаракөл қойы жүн жамылғысы реңінің соматикалық мутациясы 
(қара дақ). 
дей  мутацияға  ие  болады  (ұқсас  мутациялар  «шоғыры»),  қалған  клеткаларда  генотип 
өзгеріссіз  қалады.  Сперматозоид  немесе  жұмыртка  клеткасы  стадиясында  пайда 
болған мутация бірліжарым ғана болады. 
Соматикалық  мутация  мозаикалы  түрде  көрінеді.  Мутантты  ткань  учаскелері  бар 
особьтарды 
мозаикалар 
немесе 
химералар 
деп  атайды.  Онтогенезде  соматикалық 
мутация  неғұрлым  ерте  пайда  болса,  осы  мутациясы  бар  ткань  учаскелері  үлкен,  ал 
неғұрлым  кеш  пайда  болса,  соғұрлым  кіші  болады.  Соматика-лық  ткань 
клеткаларындағы  хромосомалар  жиынтығының  дип-лоидты  болуына  байланысты 
мутациялар, мутантты аллель доминантты немесе рецессивті, бірақ тек гомозиготалы 
күйде болғанда ғана байқалуы мүмкін. 62-суретте қойдың жүн жа-мылғысы бояуының 
соматикалық  мутациясы  көрсетілген:  қоңыр  бояу  көрінісінде  қара  дақ  пайда  болған. 
Мүндай құбылыстар кейде өсімдіктерде, жануарлар мен адамда кездеседі. 
Ұрық  жолы  ерте  оқшаулануымен  сипатталатын,  тек  қана  жыныстық  жолмен 
көбейетін  организмдердёгі  соматикалық  мутациялардың  эволюцияда  ролі  жоқ  және 
селекция  үшін  де  айтарлықтай  құныболмайды.  Бірақ  жыиыссыз  жолмеи  көбейетін 
организмдерде  соматикалық  мутациялар  эволюцияда  да,  селекцияда  да  зор  маңызға 
ие болуы мүмкін. Мәселен, вегетативтік жолмен көбейетін жеміс-жидекті өсімдіктерде 
кез келген сома-тикалық мутация өсімдік және жаңа мутанттық белгісі бар тү-тас клон 
бере алады. 


Мутацияларды  фенотип  бойынша  классификациялау.  Генотип  организмнің 
дамуындағы  процестердің  бір  ізді  тізбегін,  яғни  тканьдер  мен  оларды  құрайтын 
клеткалардың морфология- 
 
 
 



жүктеу 8,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   275




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау