|
М. Дулатов орта мектебі Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттыруда ойынның әдіс –тәсілдерін пайдалануІ. Оқушылар білім деңгейіне қарай үш тоқа отырғызады. Оларға «Химбизнес» ойынның шарты түсіндіріледі.
1
|
бет | 3/5 | Дата | 29.05.2022 | өлшемі | 82,5 Kb. | | #38794 |
| phpQeYzDY Fazylova-D.SІ. Оқушылар білім деңгейіне қарай үш тоқа отырғызады. Оларға «Химбизнес» ойынның шарты түсіндіріледі.
1. Банкир (мұғалім) – білім қоры. «Банкир» «Клиенттерге» (оқушыларға) тапсырмалары бар үлестірмелер және жетондар таратылады.
2. Клиенттер сұрақтармен танысып, жауаптар қайтаруға дайындалады.
3. Осы арада сұрақтарға байланысты қиындық тауып қалса, клиенттер кеңешшіден көмек сұрайды.
4. Клиенттер сұраққа дұрыс жауап беруге көмектескені үшін кеңесшіге бір сұраққа жетон береді.
5. Егер кеңесші топтың сұрағына жауап бере алмаса, клиенттер басқа топтың кеңесшісінен көмек сұрайды. Берген кеңесі үшін осы топтың кенесшісінен бір жетон алады.
6. Еген клиенттер кеңесшіден көмек сұрамай өздерінің берген жауаптары дұрыс болмаса, банкирге бір жетонын береді.
7. Егер клиенттерге кеңесші жауап бермесе, кеңесші банкирге бір жетонын береді.
8. Банкир әр топтың жауабын мұқит тыңдайды. Ойын соңында «клиенттер» жетон санына байланысты бағаланады.
Жаңа сабақ бастамас бұрын сұрақ – жауап арқылы оқушылардан үй тапсырмасы сұралады. Екі деңгейде берілген сұрақтарға оқушылар жылдам жауап беруі тиіс.
1.Функциялық денелерді құрайтын нәрсе. (ЗАТ)
2. Құрамына кіретін заттардың бөлшектері микроскоп арқылыда көрінбейтін қоспалар. (БІРТЕКТІ)
3. Сүзу қандай қоспаларда бөлудің түріне жатады. (ӘРТЕКТІ)
4. Темір мен күкірттің қоспасын қалай бөледі? (МАГНИТКЕ ТАРТУ)
5. Заттың химиялық бөлінбейтін ең ұсақ бөлшектері. (АТОМ)
6. Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массасы қандай әріппен белгіленеді. (Аr)
7. Темір элементінің латынша атауы. (FERRUM)
8. Сутектің таңбасы қалай оқылады. (АШ)
9. Сутек неше валентті. (І)
10. Оттек неше валентті. (ІІ)
ІІ. Деңгей.
1.Заттар және олардың қасиеттері мен өзгерістері туралы ғылым. (Химия)
2. Құрамына кіретін заттардың бөлшектерін жай көзбен немесе микроскоппен көруге болатын қоспалар. (Әртекті)
3. Суды қалай тазартады? (Дистелдеу)
4. Химиялық реакциялардың сыртқы белгілері? (Жылу бөліну, түсі, өзгеру, тұнба түзуі, газ бөлінуі)
5. Шынының балқуы, судың булануы немесе қатуы қандай құбылыс? (Физикалық)
6. Атом – моликулалық ілімді ашқан кім? (М. В. Ломоносов)
7. Құрамы және химиялық қасиеттері заттың өзімен бірдей болып келетін көптеген заттардың ең ұсақ бөлшегі? (Молекула)
8. Атомдардың бір түрінен түзілген заттар? (Жай заттар)
9. Химиялық таңбаның алдына қойылған цифр қалай аталады? (Коэффициент)
10. Валенттілік туралы ұғымды ашқан кім? (Эдуард Фронкленд)
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|