М.Дулатов орта мектебі
Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттыруда ойынның әдіс –тәсілдерін пайдалану.
Дайындаған: Фазылова Д.С.
Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттыруда ойынның әдіс –тәсілдерін пайдалану.
Мақсаты:
Ойын үстінде оқушылар белсенді түрде ойланып өзін еркін сезінеді, қиялы шарықтап, тың талпыныс жасай алатындай қабілеттін дамытуда,ойын оқушының оқуға,білім алуға деген оң көзқарасын қалыптастыру;
Міндеті:
Ойлана отырып,жұмыстарды өз бетімен орындау;
Пәнге деген қызығушылықтарын ояту;
Білімді де,білікті оқушыларды тәрбиелеу;
Ойын – бұл қоғамдық тәсілді меңгеру мақсатында, ситуациялық жағдайда, бағытты түрде іскерлігін көрсететін, өзін – өзі басқаруын жетілдіретін іс – әрекет.
Ойынның атқаратын функциясы:
1.Көңіл аулау(негізгі атқаратын міндеті – көңіл көтеру, көңіл аулау, жандандыру, қызығушылығын арттыру).
2.Коммуникативтік: сөйлеу тілін ұстарту.
3.Ойын терапиясы: өмірде кездесер түрлі қиындықты жеңу жолдарын көрсетеді.
4.Диагностикалық: Қалыпты тәртіптен ауытқуды табу,ойында өзін – өзі тануға көмектесу.
5.Әлеуметтік: адамдарды қарым – қатынас нормаларына бейімдеу. Ойындардың өзіне тән төрт басты ерекшілігі бар.Бұл іскерліктің шығармашылық жағы, көңіл – күйдің жоғарлауы.Ойын мазмұнындағы тікелей және жанама шарттар бойынша уақытша болса да оны логикалық бірізділікпен дамыту.Педагогиканың ұйымдастыру процесі кезінде әр түрлі ойындар өткізу арқылы «Педагогиканың ойын технолгиясы» туралы түсінік кіргізіліп, жеткілікті және кең түрде, түрлі топтың әдістері мен тәсілдері қалыптасқаны белгілі.Жалпы ойындарға қарағанда педагогикалық ойындарда өзіндік ерекшелік басым болғандықтан, оқу жүйесінде нақты мақсат қойылғандықтан, педагогикалық нәтижесінің негізі қаланып оқудың танымдық бағыты айқындалады.Оқыту барысында ойын түріндегі сабақты өткізу үшін түрлі тәсілдердің көмегімен ситуациялық жағдай туғызу қажет, бұл оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттырып, іскерлігін жандандырады.Сабақ үстінде ойын тәсілдерін пайдалануда мынадай негізгі бағыттар ұсынылады:
1.Дидактикалық мақсат – тапсырма оқушылар алдына ойын түрде беріледі;
2.Оқу барысы ойын шартына бағынады;
3.Оқу материалы оның негізгі қажеттілігіне: сабақтағы іскерлік, ойындағы жарыс элементіне кіріп, дидиктикалық жүктемені айналдырады.
Дидактикалық тапсырманың табысты орындалуы ойын нәтижесіне байланысты.Оқыту барысында бұл сабақтардағы ойын техникалық орны мен рөлі, ондағы ойын элементтерінің сәйкес, қабысып келуі көбінде мұғалімнің педагогикалық ойындарға деген өзіндік түсінігі мен біліктілігіне байланысты.
Ең бірінші ойын түрлерін атқаратын қызметіне байланысты физикалық (қозғаушы), интелектуалды (ойландыратын), еңбектендіруші, әлеуметтік және психологиялық деп бөлуіміз қажет.
Педагогикалық процесте өзіндік қасиетімен ойындар келесі топтарға бөлініп, ерекшеленеді:
1.үйретуші, жаттықтырушы, бақылаушы, тіл дамытушы;
2.Танымдық, тәрбиелік, дамытушылық;
3.Шығармашылық, нәтижелі;
4.Коммуникативтік, диагностикалық, психотехникалық анықтаушы.
Педагогикалық ойындардың өзіне тән әдістері өте көп.Сонымен бірге ойын технологиясы белгілі бір ортада өзіне тән ерекшелігімен көрінеді.Ойынды өткізуде оны жалпы, топтық, жекелей немесе жекеше деген түрлерге бөлінеді.Химия пәнінен оқушылардың қызығушылықтарын ойын арқылы дамыту мақсатында ойын түрлеріне тоқталып өтейік:
Оқушылардың тез ойлау қабілетін дамытып, жаттықтыру, пәнге қызығуын арттыру және білімін тексеру мақсатында төрт кезңнен тұратын «Миллион кімге бұйырады?» ойынының үлгісімен сабақ өткіздім.
1.Таңдау кезеңі
2.Бірінші күймейтін баға – « 3» (2 сұрақ)
3.Екінші күймейтін баға - « 4 » (3 сұрақ)
4.Үшінші күймейтін баға – « 5 » (3 сұрақ)
Достарыңызбен бөлісу: |