«Ұлттық рухани қҰндылықтарды дамыту мақсатындағы инновациялық технологиялар»



жүктеу 1,32 Mb.
Pdf просмотр
бет31/37
Дата27.12.2019
өлшемі1,32 Mb.
#25103
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37

«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

 

63 


- қолөнер пәнін оқытудың принциптері мен әдістері; 

-  пән  бойынша  бейнелі  күнтізбелік,  тақырыптық  күнтізбелік  және  сабақ 

жоспарларының жасалуы; 

- сабақта көрнекіліктерді пайдалана білу; 

- иллюстрация материалдарын талдай білу; 

- қолөнер пәні сабақтарында ойын-тапсырмаларын пайдалана білуі; 

-  сәндік  қолөнерінің  түрлері  мен  жанры  тақырыбында  шығармашылық  көрмелер 

ұйымдастыра білу; 

- оқушылардың білімдерін бағалай білу; 

- өзінің өткізген сабақтарын талдай білу; 

-  әлеуметтік-эстетикалық  компоненттілік  -  қолөнердің  өнегелі  және  эстетикалық 

құндылықтарын ажырата білу, 

-   өнер шығармаларына эстетикалық көзқарасын қалыптастыру; 

- қабылдау және оның ерекшеліктері мен қайталанбастығын бағалай білу;  

Практикалық немесе оқушылардың өзіндік жұмыстарында: 

-  оқушылар  және  жеткіншектермен  оқу-тәрбие  жұмысын  жүргізуде  бақылау, 

талдау шеберліктерін игерту; 

-  оқушылардың  жас  ерекшеліктері  мен  жеке  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  оқу-

тәрбие жұмысын жоспарлауды үйрету; 

-  әр  алуан  типті  сабақтарды  әртүрлі  әдістерді  қолдану  арқылы  оқушылардың 

танымдық қызметін дамытуға арналған сабақтар өткізуге дайындау; 

-  ұжым  оқушылармен  сынып  жетекшісі  функцияларын  тиянақты  орындауға, 

оқушылармен жеке оқу-тәрбие жұмысын жүргізуді үйрету; 

-  педагогикалық  қызметке  шығармашылықпен,  зерттеушілікпен  келуін  дамыту,  өз 

еңбектерін талдау дағдыларын дамыту, өз білімдерін жетілдіру қажеттігін дамыту. 

Біріншіден,  оқушыларды  қолөнер  пәнін  оқытуға  дайындауда  білімділікке  емес, 

алған  білімін  өмірдегі  кездесетін  жағдайларды  шешуде  пайдалана  алатындай  етіп 

дайындау, оның функционалдық сауатының қажетті деңгейде болуына басымдық берілуі 

керек.  Екіншіден,  жаңа  технология  ретінде  сабақ  үрдісінде  оқушылардың  өзара 

белсенділігін арттыру (интерактивті) әдісін жетілдіре және оның формаларын түрлендіре 

отырып,  мұғалімдер  арасына  тарату,  педагогикалық  жүйедегі  жұмыстарды  іске  асыруда 

тыңғылықты жүргізу керек. 

Оқушыларды  қолөнер  пәнін  оқытуға  дайындау  әдістемесінде  мұғалімінің 

шеберлігін қалыптастырудың тағы бір тиімді жолы ол педагогикалық іс-тәжірибеден өтуі. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР: 

1.  Адамкулов Н. М. Саз аспаптар тарихы. - Алматы, 2006. - 48 бет. 

2.  Оспанов Б.Е., Адамқұлов Н.М. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі. – Алматы, 2010.- 

ж. 168 бет. 

3.  Тарақты Ақселеу қазақтың ұлы күйшілері. – Алматы: Өнер, 2000 жыл. -  8-11 бет. 

4.  Ақтаев  С.  Н.  Адамкулов  Н.  М.  Қазақ  фольклорының  лұғаты.  -  Алматы,  2008 

жыл, 298 бет. 

5.  Шаңырақ Үй тұрмысына арналған энциклопедия. – Алматы:Өнер,1990 жыл. - 814 бет. 

6.  Адамкулов Н. М. Ұлттық қолданбалы өнері. - Алматы, 2006 жыл. - 121 бет. 

7.  Адамкулов Н. М. Домбыра жасау өнері. - Алматы, 1995 жыл. - 171 бет. 

 

 

 



 

 

 



 


«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

64 


ӘОЖ 37.017.8. 

 

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ НЕГІЗІНДЕГІ МЕКТЕПТЕ «КӨРКЕМ ЕҢБЕК» 

ПӘНІН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІ 

 

Рахметова Н.Б. 

Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті, Алматы қ. 

 

Білім 



беру 

«Қазақстан 

– 

2030» 


ұзақ 

мерзімді Стратегиясының маңызды 

басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы 

мақсаты  білім  беру  жүйесін  жаңа  әлеуметтік-экономикалық  ортаға  бейімдеу  болып 

табылады.  

Елбасы  республиканы  әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  50  елдің  қатарына  енгізу  туралы 

міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды 

рөл атқарады [1]. 

Елбасы  ұсынған  бес  институттық  реформаны  жүзеге  асыру  үшін  дайындалған  «100 

нақты  қадамның»  ішінде  білімге  айрықша  мән  берген.  Мұнда  жаңартылған  білім  беру 

бағдарламасына кезең - кезеңімен көшу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі 

оқыту  стандарттарының  жаңартылатыны  жазылған.  «Білім  беру  жүйесінде  –  мектеп  пен 

ЖОО-лар арасында тығыз байланыс болуы қажет.  

Осы орайда мектепке кіріктірілген пәндерді оқыту қарастырылған. Соның бірі жалпы 

білім  беретін  мектепте  бастауыш  сыныпта  «Еңбекке  баулу»,    ал  орта  буын  «Технология», 

«Бейнелеу  өнері»,    «Сурет»    пәндері  болып  аталып,  әрбір  пәнге  жеке  сағаттық  жүктеме 

берілген.  Ал  жаңартылған  білім  беру  бағдарламасында  осы  аталған  пәндер  кіріктіріліп  бір 

«Көркем еңбек» –  атауын беріп отыр. «Көркем еңбек» пәні – қоғамдық сананың көркемдік 

ойлау  тәсіліне  негізделетін  үлкен  бір  сала,  өмір  құбылыстарын  бейнелеп  көрсету  құралы. 

«Көркем  еңбек»   пәні  еліміздің  салт-дәстүрін,  экономикасын  әлемдік  рынокқа  көтеруге 

әсерін тигізеді. Өйткені пән мағынасының астарында үлкен міндеттер бар, демек «көркем» – 

әдемі,  сәнді,    «еңбек»  –  қолөнер,  бейнелеу,  тігін,  дизайн  өнерінің  сан  алуан  түріне 

байланысты орындалатын шығармашылық іс-әрекет. Атап айтқанда, қазіргі заман талабына 

байланысты  қолөнер,  бейнелеу,  тігін,  дизайн  өнерін  әртүрлі  жанрда  эстетикалық  тұрғыда 

әдемі жасалғанын шығармашылық туындыларды көркемдік жағынан бағалаймыз [2].          

Сонымен  қатар  «Көркем  еңбек»  пәні  оқушыларды  мектеп  жасынан  бастап  шағын 

және  орта  кәсіпкерлікті  дамытуға  үйрету  арқылы,    мемлекет  пен  қоғамға  мол  үлес  қосуға 

бағыттайды.  Олай  дейтініміз,  жоғарыда  аталған  еңбек  әрекеті  арқылы  қоғамға  қажетті 

қолөнер бұйымдарының сан алуан түрлерін өз қолдарымен дайындап, оны өмір қажеттілігіне 

қолдануға  мүмкіндік  береді,  ол  біріншіден  жеке  тұлғаның  шығармашылық  идеясын 

дамытады,  екіншіден жеке кәсіпкерлікті дамытуға ықпал жасайды.   

Елбасының  жолдауында  «Қазақстанда  жасалған»  әрбір  бұйымда  төрт    қасиет  – 

сапалы,  ыңғайлы,  әдемі  және  арзан  болуы  керек.  Сонда  ғана  ісіміз  өнімді,  затымыз  өтімді 

болады.  Өзімізді  өзіміз  қамшылауымыз  керек,  бізді  сырттан  келіп  ешкім  жарылқамайды 

деген.  

Қазіргі  мектеп  бітірушілер  өз  білімін  жалғастыруда    болашақ  мүмкіндігін  бағыттай 

алмауы,  ол  мемлекет  дамуының  экономикалық,  технологиялық  және  қорғаныс  потенциалы 

мен болашақ кәсіби іс-әрекеттің қарым-қатынасының жоқтығында.  Бұл жағдайдан шығудың 

бірден-бір  жолы,  мектеп  оқушыларына  кәсіби    білім  беру  үдерісіне  маңызды  өзгерістерді 

енгізу болып табылады. 

Сондықтан, жоғары оқу орындарында жаңа фарматтағы болашақ «Көркем еңбек» пәні 

мұғалімін даярлауға байланысты типтік оқу жоспары мен жұмыс типтік оқу бағдарламасын 

қайта  қарастырған  жөн.  Себебі,  мұнда  болашақ  маманды  жалпы  білім  беретін  мектеп, 

мектеп-гимназия,  лицей,  колледж,  кәсіби  мектептерге  даярлайтын  болғандықтан  «Көркем 

еңбек» пәнінің бағдарламасында берілген бөлімдердің мазмұны негізінде өзгерістер еңгізген 



жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау