Ұлт-азаттық көтеріліске байланысты туған жырлардың маңызы


Он Алтыншы Жылғы Көтеріліс Туралы Жырлар



жүктеу 33,85 Kb.
бет2/2
Дата22.04.2023
өлшемі33,85 Kb.
#42287
1   2
Молдақымет Б. Ұлт-азаттық көтеріліске байланысты туған жырлардың маңызы

Он Алтыншы Жылғы Көтеріліс Туралы Жырлар – дәстүрлі халық поэзиясының жаңа мазмұны бір саласы. 1916 ж. Қазақстан және Орта Азия халықтары және т.б. езілген еңбекші бұқара өздерінің азаматтық, теңдік құқықтарын қорғап, шексіз қанауға, әлеуметтік өзгіге қарсы ұлт-азаттық көтеріліске шықты. Осыған байланысты туған поэзия үлгілері сол кездегі халық өмірінің ерлік шежіресі тәрізді. Онда көтеріліс тұсындағы ел басына төнген ауыр азап пен жұрттың ізгі тілек ой-арманы, оның жарқын болашаққа деген зор сенімі, тап жауларына қарсы күресте ту ұстап, қол бастаған халық ұлдарының ерлік, табандылығы шебер сипатталды. 1916 жылғы көтеріліске байланысты туған жырлардың айрықша бір түрі – үндеу, үгіт өлеңдері. Бұзаубақ ақынның «Құты қашты патшаның», О.Шипиннің «Аманкелдінің айбаты», К.Әзірбаевтың «Аттан», Батталдың «Туар ма екен бізге күн?», «Құбашаның Әбдірахманға хаты», «Әбдірахманның жауабы», Б.Қожаевтың «Күнді бұлт құрсайды», тәрізді өлең-жырлары үстем тап өкілдерінің жауыздық, екі жүзділік әрекеттерін батыл әшкерелеп, ел-жұртты бірлікке, езуші таптан кек алуға шақырды.
Бөлтіріктің «Ел жарыла көшкенде» атты толғауы мен Қарсақ ақынның жырларында Маусым жарлығынан кейін ата қоныстан ауып босқын болған елдің ауыр халі, шеккен қорлық, азаптары сипатталса, Баттал, Құсайын, Есқайыр толғаулары мен Сартайдың «Тар заман», Төлеудің «Сарыарқаның сарыны» секілді жырларында жауыхдық пен әділетсіздік билеген кешегі заман жайы, ішкі-тысқы өзгіден күйзелген ел жағдайы сөз болады. Бұл сипат ел аузындағы «Қоштасу», «Жұбату», «Естірту», «Дәметкеннің зары», «Асқардың үй-ішімен қоштасуы» атты лирикалық өлеңдерінен де айқын аңғарылады. Майданнан елге, елден майдан шебіне жазылған сәлемдесу хаттарында («Ақбастың Нұржанға хаты», С.Бегімовтің «Туған елге хаты» және т.б.) жігіттердің туған, өскен елге деген ыстық сезімі, еңбекші бұқараны ашық күреске шақыратын жігерлі үн мен болашаққа деген зор сенімі бар. Майдан өмірін бейнелейтін Б.Берденовтің «Прием», Есқайырдың «Зарлы заман кезінде», Батталдың «Туар ма екен бізге күн?», Ж.Жаңабаевтың «Ұзақ жолға аттандық», Ә.Аманжолов пен Қарамолдаевтың «Еріксіз кетіп елімнен» атты жыр, дастандарында елден аттанған жігіттердің майдан шебіне дейінгі ұзақ сапары мен әр алуан жол азаптары, олардың қайғы-мұңға толы көңіл күйі мен ой-арманы, алдыңғы шептегі сұрапыл соғыстың нақты көріністері жан-жақты суреттелген. Халық өмірін арнаулы тақырып етіп сипаттайтын туындылармен қатар Қ.Бозаевтың «Қарақойын көтерілісі», «Губернатор келгенде» жыр, дастандарында сол қиын сәтте ел бақыты үшін асылып, езілген бұқараны азаттық күреске бастаған Аманкелді, Әліби, Бекболат, Ұзақ, Тайлақ, Иса, Күркебай, Әли, Қырғызбай секілді батыр-қолбасшылардың ерлігі мен жарқын бейнесі жырланды.
Жетісу қазақтарының ерлік күресін бейнелейтін «Бекболат» дастанында ел мен ер трагедиясы жырланды. Батырдың сот алдындағы батыл жауаптарын диалогпен беру арқылы аутор үстем өкілдерінің шектен тыс жауыздықтарын, әділетсіздіктерін ұтымды тәсілмен әшкереледі. Сол дастанның үлгісінде туып, халық батырларының өшпес ерлігін паш ететін К.Әзірбаевтың «Қырғызбай», «Әли батыр», Е.Кандековтың «Әли батыр», К.Сауранбаевтың «Ұзақ батыр», Бекболат Әшекеевтің үндеу-хаты арқылы жазған «Албан көтерілісі» атты көлемді дастаны, Бөлтірік ақынның «Ел жарыла көшкенде» жыры туды. Омар, Сәт, Сүлеймен, Күдері, Досмұқан, Орынбай сияқты Аманкелді сарбаздарының қатарында болып, оқиғаларды өз көзімен көрген ақындар Аманкелді Иманов бастаған Торғай көтерілісі туралы сан алуан жыр, дастандар шығарды. О.Шипиннің «Аманкелді», С.Есенбаевтың «Ер Аманкелді», Н.Ахменбековтың «Аманкелді дастаны» - Аманкелді батырдың ұлт-азаттық көтерілісі мен Азамат соғысы кезіндегі ерлікке толы күрес жолдарын тұтас қамтитын кесек әрі көркем туындылар. 1916 жылғы көтеріліске байланысты туған поэзия үлгілері ең алдымен қазақ даласындағы әлеуметтік теңсіздік пен тап қайшылығын өзекті мәселе етіп жырлап, қазақ әдебиетінде бұрын байқала қоймаған соны мазмұн, жаңа идея ала келді.
1916 жылғы көтерілістің ішкі-сыртқы си­­патын, қазақ ауылында болған тар­тыс­тар­дың көріністерін, күрестердің шиеленіскен ке­зеңдерін Жамбыл жырларынан айқын көруге болады. Ақын өз шығармаларында 1916 жыл қарсаңындағы қазақ халқының ауыр жағдайын, сол кездегі тарихи шын­дық­ты шынайы көрсете білген.
Жамбыл бұрыннан екі жақты қанауда бо­л­ған еңбекшілерге бұл жарлық халықтың ба­­сына түскен жасындай, жығылғанға жұ­ды­рық деген пікірді айтады, ел халін одан әрі нашарлатып, олардың азаматтық құқық­та­рын, ар-намысын табанға таптап, жаныш­қан патша үкіметінің зұлымдығын, жексұрын кескінін өткір өлеңмен әшке­релейді. Ол бұ­қара халықтың осындай ауыр жағдайға ұшы­рау себептерінің түп тамырын ашып, елді пат­­шаға бас имеуге, бағынбауға, оның оз­быр­­лығына қарсы күресуге шақырады.
Ол осы көтеріліске қатынасқан, тарихи оқи­ғаның куәсі болған. Сондықтан халық ба­сындағы ауыр халге күйініп, қолына дом­бы­расын қару етіп, елді рухтандырып, патша үкі­метінің қанауына қарсы көтеріліске ша­қырған. Жамбылдың шығармалары – біз үшін қымбат қазына. Өйткені, ол 1916 жыл оқи­ғасына арналған жырларында тарихи шын­дықты нақты түрде баяндап бере ал­ған.
Жетісудың губернаторы кейбір жергілікті би, төрелердің дем беруімен Верныйға ақын­дарды жинап алып, ел ортасында үгіт жүргіз, ақ патшаны мақта деген сыңайдағы бұйрық береді.
Сөйтіп, Жәкең 1916 жылғы Ұлт-азаттық кө­терілістің созыла түсіп, 1917 жылғы ақ пат­­шаны тақтан құлатқан Ақпан төңкерісіне ұласқанын айқын көрсетеді. Бұдан отар­шылдық пен қанауға ұшыраған халықтың ашу-ызаға булыққан шақта қандай күшке ие болатындығын байқаймыз. Ондаған жылдар бойы ұйқыда жатқан қазақ халқы ел басына күн туып, жау алқымнан алып, жан қысылған кез­де өз күш-құдіретін көрсете білді.
Жамбыл Жетісуда болған көтеріліс ке­зінде жай бақылаушы ғана емес, дүрліккен ел­мен бірге боп, оның жаршысы, жыршысына айналады. Ақын «Зілді бұйрық» жырында ел көтерілісін болған оқиғалар негізінде көр­сетеді. 1916 жыл жөнінде жазылған бай фольк­лор материалының арасынан бұл жыр­ды тапқан профессор Есмағамбет Ысмайылов екен. Өлеңді 1939 жылы Жамбылдың өзі­не оқып көрсеткенде менің жырым мұнан мол еді, бұл оннан бір бөлігі ғана депті. Өлең­нің бірде-бір сөзі өзгерместен 1940 жылы ба­сылған Жамбыл шығармаларының бір том­дығына енгізілген. Кейінгі 1946 жылы шық­қан толық шығармалар жинағына содан алы­нады.
Верныйдан 19 бен 31-ді аламыз деп келген пристав отрядына жастар топталып, Қар­ғалы өзенінің бойында қарсылық көр­се­теді. Ұсталған жастарды түрмеден босатып, бай, болыстарды өлтіреді. Ақын өз жы­рында жер, кісі аттарына дейін дәл етіп атау­ға, болған оқиғаны болған күйінде ай­туға тырысады. Онда аталған Бекболат, Сат­тар, Қалиғұл, Байбосын – Жетісуда кө­терілісті бастаған, ақын өз көзімен көрген бел­гілі батырлар. Ақын бұл жырында тек ба­тырлық дәстүр ғана емес, жалпы халықтық қозғалысты суреттейді.
Верный уезіндегі Қарғалы шұға фабрика­сы жұмысшыларымен Үшқоңыр жайлауын­да­ғы Қарамолда деген елдің біріккен ереуілі болады. Ереуілді Бекболат Әшекеев және сар­баздары Байбосын Тамабаев, Қалығұл Сапабаев басқарады. Ереуілді Верныйдан шық­қан жазалаушы отряд қанға бояп басады. Бекболат пен Байбосынды патша жен­дет­тері ұстап алып халықты қорқыту үшін Ал­матының солтүстік іргесіндегі Боралдай де­ген жерде 1916 жылы 9 қыркүйекте дарға асып өлтіреді. Азаттық аңсаған ерін дарға асу арқылы патша әкімдері қазақтың сағын сындырдық деп ойлайды. Міне, Жәкең осы оқиғаның ақиқатын ашып отыр.
Жамбыл «Зілді бұйрық» жырында Же­тісу­да, соның ішінде, сол кездегі Верный уе­­зінде болған.
Бұл оқиғаның Жамбыл тарапынан нақ­ты, шынайы тұрғыдан сипатталғанын тарихи құжаттар дәлме-дәл дәлелдейді. Мысалы, Отар учаскесінің приставы 1916 жылы 9 шіл­деде Верный уезінің начальнигі атына арнайы хаттама түсірген (Қазақстан Респуб­ли­касы Орталық мемлекеттік архиві. Онда 8-шіл­де күні бір мың адам жиналған «Үлкенсаз» жайлауында пристав қазақтарды патша жар­лығымен таныстырған кезде Қарғалы, Бидалы, Күрті, Ұзынағаш болыс­тарының бір топ жақсылары мен ақсақалдары жарлыққа қар­сы шыққаны айтылады. Олар: «Әскерге адам бермейміз! Атқа қонамыз! Соғысқа ба­рып өлгенше, осында өлгеніміз артық!» де­се­ді. Отар прис­тавы түсіндіріп те, қорқытып та байқайды, бірақ одан еш нәтиже шық­пай­ды.
Приставтың жанында осы жиылыста Қар­ғалы болысы – Сандыбай Шаңбаев, Би­далы болысы – Қырбас Ботабаев, Күрті бо­лысы – Қасембай Айғожин, Ұзынағаш болысы – Есдәулет Асылбеков, полиция бастығы Федор Брянцев, Ботпай болысының писарі А.Бронников және шабарман Қисым Ақмұрзин болған екен. Пристав осыларды болған оқиғаның куәгері ретінде алға тартады. Сөйтіп пристав патша жарлығына қарсы шыққан ел жақсылары мен ақсақалдардың тізімін жасап, оны уезд бастығына жеткізеді. Кейіннен 16 шілде күні сол тізім бойынша Верный түрмесіне жаңағы аталған 4 бо­лыс­тың 34 адамын әскер жіберіп, айдап әке­­ліп қамайды. Архив құжаттарына қара­ғанда, олар: Қарғалы болысынан: Әмір Тө­леу­баев, Садық Рысбеков, Тайсабай Дайырбеков, Есбай Медеуов, Әбиір Жәнібеков, Игібай Балғабаев, Жәншік Әлденов, Үмбетбай Әбілов; Бидалы болысынан: Қасымбек Бақтияров, Есенқұл Күртібаев, Әбдіраим Бөлшекбаев, Туматай Жанқұлы, Байбосын Шалтанбаев, Жексембі Найманбаев, Байғабат Байшүгіров; Күрті болысынан: Түгелбай Танқышов, Бөлекбай Тастанбеков, Әбділда Кенсатов, Жарқымбай Маденев; Ұзынағаш болысынан: Әлімбай Оспанов, Бөлшекбай Байбақов, Кенебай Қозыев, Таймасын Меңлібаев, Тепселбай Құттынбеков, Ахмет Құлжабаев, Шортанбай Жынынчанов, Ақберген Оспанов, Қондықбай Бекбаев, Абижан Тоқбергенов, Тайтелі Мұрзалин, Ша­ғай Ысмайлов, Кенебай Баетев, Изембай Сарыбаев, Рахым Отарбаев.
1916 жылы 17 шілдеде аталған адамдарды 3 айға Верный түрмесіне қамау туралы Же­тісу облысы әскери губернаторының арнайы қау­лысы шығарылады.
Міне, сөйтіп патша жарлығына наразы­лық білдіргені үшін ғана аймаққа беделі мен атағы күшті 40 адамды қамауға алып, олар­дың халықпен байланысын үзеді. Жергілікті патша чиновниктері олардың халық ара­сындағы ықпалынан және наразылықтың басқа аймақтарға таралуынан қаймығады. Бірақ соған қарамастан патшаның әміріне қарсылық үлкен ереуілдерге ұласады.
Бұл көтерілістің қысқаша барысы мен маз­­мұны былай еді. Майдандағы қара жұ­мыс­қа адам алу жөніндегі патша жарлығы Верный-Пішпек жолында орналасқан Самсы бекетінің айналасындағы Ботбай болысы халқын да дүрліктіреді. Жер-жерде жиындар, басқосулар өтеді. Көрші болыстарға хабаршылар жіберіледі. Бас біріктіріп, өзара көмек көрсетудің шаралары жасалады.
Осы кездегі Ботбай болысының басшысы Қал­дыбек Алғадаев тыл жұмысына жібері­летін адамдардың тізімін жасауда белсенділік танытпаған екен. Тіпті, ешқан­дай іс-әрекет ж­а­самаған. Сондықтан Пішпек уезі нача­ль­ни­гінің 1916 жылы 26 шілдедегі Жетісу облысы әскери губернаторының атына жазған рапорты бойынша 1916 жылы 3 тамызда тура көтеріліс қарсаңында Жетісу облысы әскери губернаторы Фольбаумның бұйрығымен Қ.Алғадаев болыстық қызме­ті­нен алынып, оның орнына бұрынғы бо­лыс­тыққа кандидат болып жүрген Қасен Әжібаев тағайын­далады. Бірақ бұдан іс ілгері баспайды. Қайта халықтың ызасы мен кегі шегіне же­тіп, дауылды шақ жақындай түседі.
Жаңа болыстың 5 тамыз күні тыл жұмыс­тарына адам жинау жөніндегі жиналысы өтпей қалды. Себебі дәл сол күні Самсының төменгі жағында жарлыққа қарсы 500 адамнан тұратын топтың жиылысы болып, онда олар бірауыздан әскерге бала бермеу жөнінде шешім қабылдады. Жұрттың көпшілігі осын­да бас қосып, ал қалғандары осы жиын­ның хабарын тағатсыздана күтті. Осы жиын­ның, ал кейіннен көтерілістің басшысы бол­ған адамдар мыналар еді: болыстыққа кан­дидат Бейсебай Қанапия, бұрынғы болыс бол­ған Ақкүшік Жолдыбаев, би Досым Боқ­басаров; ақсақалдар мен байлар: Қасеней Ай­дарбеков, Қалдыбай Тайторов, Әб­діжаппар Самалтыров, Жақыбай Бекбердин, Кетембай Рысқұлбеков, Әлдеке Бейсембінов, Байтөбей Өтелінов, Үшкемпір Саурықов, Қасым Қаражанов және т.б. Әбдіжаппар Самалтыров пен Естай Арықбаев Ырғайты болысына барып, бірлесіп көтерілу жөнінде келсіссөздер жүргізді. Көтерілісшілер №4 ауылдың биі Қарымсақ Дайдейден қызметтік мөрін тартып алды.
Көтеріліс басшылары қатарында сонымен қатар Қалдыбай Байғазы, Құтпанқұл Сәт­баев, Әбдіхалық Абаданов, Байғұл Шың­ғысов, Бердібай Майемгенов, Омар Қал­қа­манов, Битен Жақыпов, Қарынбай Қаш­қым­баев, Жасыбай Ахменбетов, Сүлеймен Баятов, Толқымбай Рыспаев, Қалығұл Жолдыбаев болған. Бұлардың барлығы Ботбай болысының өзінен еді. Олармен бірге көрші болыстардан қатысып, басшылықта бол­ған­дар қатарында Батыс Қастектен Шерікбай, бұрынғы халық соты Шалғымбай, бұрынғы билер Қашаған, Аршабек, Тайторы болысынан бұрынғы халық соты Темірбек аталады.
1916 жылғы көтеріліс және оны ұйым­дас­тырушылар мен оған қатысушылар туралы ха­лық ақынының бірнеше жыры бар. Ақын­ның өмірбаяндық хикаятын жазушы Сапарғали Бегалиннің айтуынша: «Жамбыл сол 1916 жылғы оқиға жөнінде бірсыпыра жыр айтыпты. Бірақ ол жиналып жазыл­ма­ған» [Бегалин С. Жамбыл: Өмірбаяндық хикаят. – Алматы, 1996. 128-б.]. Өйткені, шын ақын өз айналасында болып жатқан оқиғалар мен құ­былыстардан тыс қала алмайды. Әсіресе, өз халқының тағдыры шешіліп жатқанда ақын шамасы келгенше тарихи шындықты дәл беруге тырысқан. Жамбыл ел қамы үшін, халықтың басына келген ауыртпалыққа қат­ты күйзелген, әсіресе ер азаматтар Бек­болат­тың, Сатайдың көтерілуі, олардың оққа ұшып, дарға тартылуы аса күңіренткен. Жам­­был­дың жан күйін онан сайын ауырлат­қан жағдай – халықтың босып Қытайға қарай ауғаны, қалған елге солдат шығып, ойына келген зорлық, зомбылықтың жасалуы. Сондықтан 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс – Жамбыл ақын шығарма­шы­лы­ғындағы ең негізгі тақырыптардың бірі.
жүктеу 33,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау