Логические основы компьютера



жүктеу 0,6 Mb.
бет2/2
Дата17.11.2017
өлшемі0,6 Mb.
#586
түріПрактикум
1   2

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №4



ТАҚЫРЫБЫ: Word мәтіндік редакторы. Word мәтіндік редакторында шаблондармен жұмыс
Жұмыстың мақсаты:

  1. MS Word мәтіндік редакторында мәтін терудің негізгі ережелерін пайдалану.

  2. Мәтінді түзету тәсілдерін меңгеру (әртүрлі әдістерді қолдану).

  3. Мәтін үзінділерін көшіру және ауыстыру амалдарымен танысу.

  4. Microsoft Word шеберінің және шаблондарының көмегімен жаңа құжат құруды уйрену. Құжаттарды мәтінмен толтырып объектілер енгізу, шекараларын қою.


Тапсырма 1: MS Word мәтіндік редакторын пайдаланып құттықтау ашық хатын жаса.
Жұмыс барысы:

  1. MS Word мәтіндік редакторын іске қос.

  2. Құжат бетінің параметрлерін орнату қажет: ені - 18 см, биіктігі – 11 см; Түрі\Альбомдық (Ориентация \ Альбомный); Жиек өлшемдері (Размеры полей) сол және оң жақ жиектері, жоғарғы және төменгі жағы– 1,7 см.

  3. Абзац үшін шегініс (отступ), қатар аралық қашықтық, түзету орнату; егер өлең түрінде болса, шегіністі сол және оң жақтан беруге болады.

  4. Құттықтау ашық хатының мәтінін жаз; өлең түрінде де орындауға болады..

  5. Сурет түрінде рамкамен әдемілеу.

  6. Қаріппен жұмыс: өлшемін, сызбасын және түсін таңда.


Тапсырма 2: Рефераттар мен курстық жұмыстар үшін алғашқы бетін (титульный лист) дайында.

Жұмыс барысы:

  1. Құжат бетінің параметрлерін келтір: ені - 21 см, биіктігі – 29,7 см; Түрі\Кітаптық (Ориентация бумаги – Книжный); Жиек өлшемдері: сол жақ - 3 см, оң, жоғарғы және төменгі жиектері – 2 см.

  2. Caps Lock батырмасын қосып, бас әріптер регистрімен мәтіннің үлкен бөлігін тереміз.

  3. Қаріп өлшемі – 14, сызбасы – қоюланған, мәтір түзету – ортасы бойынша (по центру).

  4. 1-ші қатарға <Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі>, 2-ші қатарға <Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университеті>, 1 қатар қалдырып, 4-ші қатарға <.... факультеті>, 5-ші қатарға <... кафедрасы>, 10 қатар төмен түсіп, қаріп өлшемін – 26 етіп орнатып, <Курстық жұмыс> немесе <Реферат> деп жаз.

  5. Caps Lock батырмасы арқылы бас әріптер регистрін істен шығар.

  6. Жаңа қатарға көшеміз. Қаріп өлшемі – 14, қаріптің сызбасын қалыпты түрге келтір.

  7. <Тақырып: «Ақпараттану»> деп жаз.

  8. 5-6 қатар төменге түсіп, мәтінді сол жағы бойынша түзету қажет.

  9. <Орындаған: [топ аты, номері] тобының студенті, студенттің тегі, аты, әкесінің аты>, келесі қатарда <Қабылдаған: [оқытушының атағы, дәрежесі] оқытушының тегі, аты, әкесінің аты>.

  10. Соңғы екі жолды ерекшелеп, Формат \ Абзац \ шегініс \ сол жақ [9 см] командасын орында.

  11. 15 қатарға төмен түсіп, мәтінді ортаға түзетіп қоюланған қаріппен Орал [жыл] деп жаз.


Тапсырма 3: Резюме шеберінің көмегімен өзіңнің жеке резюмеңді құр, ол келесі мәліметтерді қамтитын болсын: туған жерін және жылын, ұлтың, білімің (орта, орналасқан жері көрсетілген мектеп нөмірі, аттестаттағы орташа балың), компьютер меңгеру деңгейің, шетел тілдерін білу, жеке және қызметтік тұлғаң, қызығатын кәсібің (хобби), мақтаулар мен наградалар, қоғамдық жұмыстарға қатысуың және т.с.с..
Жұмыс барысы:

  1. Microsoft Word мәтіндік редакторын іске қосу.

  2. Файл \ Создать командасын орындау.

  3. Ашылған терезеден басқа құжаттар (Другие документы) қабаттамасын таңдау. Резюме шебері белгісін, әрі қарай ОК батырмасын басу.

  4. Резюме шеберін іске қосқан соң бір терезеден екінші терезеге <Далее> батырмасын басу арқылы көшу, алғашқы екі терезеден резюменің типі мен стилін таңдайсыз, келесілерде жеке мағлұматтар енгізіліп, жаңа пункттер таңдалып алынады.

  5. Готово батырмасын басу арқылы резюме дайындау аяқталады.

  6. Экранда пайда болатын резюме бланкісіне қалған мәліметтерді енгіз.

  7. Резюмені дискіге сақта.

Ескерту: Жұмыс барысында келесі командалар қолданылады: Файл  Параметры страницы, Файл Предварительный просмотр, Вид  Колонтитулы, Вставка  Объект, Вставка  Символ, Формат  Шрифт, Формат  Абзац, Формат  Границы и заливка, Формат  Буквица, Сервис  Язык  Расстановка переносов и т. .д.




ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №5



ТАҚЫРЫБЫ: Word мәтіндік редакторында кестелермен жұмыс
Жұмыстың мақсаты:

  1. Word мәтіндік редакторында кесте құрудың екі тәсілін меңгеру. Кестелерді түрлендірудің амалдарын үйрену:

  • Ұяшықтарды біріктіру, бөлу

  • Қатарларды, бағандарды жою, қосу

  • Мәтін бағытын өзгерту.

  1. Word мәтіндік редакторында кестелік функциялар комплексін меңгеру.

  2. Word мәтіндік редакторының «есептеу» мүмкіндіктерін үйрену.

  3. Кестенің атауларын автоматты түрде қою мүмкіндігін үйрену.


Тапсырма 1: Кесте түрлендіру амалдарын қолданып, жаңа кесте құру.

Жұмыс барысы:

  1. Қағаз бетінің параметрлерін орнат: сол жақ жиегі - 2см, оң жағы - 1,5см, жоғарғы және төменгі жиектері –1см., әрі қарай үлгіге байланысты өзгертуге болады. Жоғарғы колонтитулға дейінгі қашықтық – 0,5см., төменгі колонтитулға дейінгі қашықтық – 1см.

  2. Сөз тасымалын автоматты түрге қою.

  3. Таблицы и границы құрал-саймандар панелін қолданып, №1 кестені сал. №1 Кестенің атын автоматты түрде енгіз.

  4. Менюді пайдаланып, №2 кестені құр. Кестенің атын автоматты түрде енгіз.

  5. №2 кестеде мәліметтерді қызметкерлердің фамилиясы бойынша ретте.

  6. Құжатты әртүрлі масштабта қара (алдын ала көру, структура режимдері).

кесте

№ билет

Ақпараттану бойынша емтихан



















Емтихан тапсырушының тегі

1

2

3



















Ахметов А.А.

Омаров Б.А.

Макашева А.П.

Үсенова Т.Қ.

Беляев М.Ю.

Калиева Б.М.

Борисова Л.Б.

Оразова Д.А.





































































































































































кесте



Аты

«Жайық- плюс» ЖШС

Код ОПКО

603470

Заңды мекен-жайы

Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 23 үй, 4 кеңсе

Тіркелу жөніндегі куәлік №345-р, 5 қараша 2009 жыл,Орал қаласының әкімгершілігінде берілген.



Қызметі

Т.А.Ә.

Туған жылы

Қолы



Директор

Оралов Н.С.

1954






Есепші

Сауытов А.В.

1968






Бас есепші

Каланова Т.Л.

1970






Есепші

Дарибаева Г.Н.

1969






Менеджер

Борисова Е.Н.

1968





Тапсырма 2: №3 кестені құр. «Ең жоғарғы баға», «Ең төменгі баға», «Барлығы» деген ұяшықтарға формула қолдану қажет.

Жұмыс барысы. «Барлығы» ұяшығында қосынды калькулятор қолданбай, автоматты түрде орындалу үшін «Барлығы» ұяшығына формула қолдан (Таблица Формула менюі). Пайда болған терезеге SUM функциясын таңда, ал жақшаның ішіне мәндері есептелетін ұяшықтар адресін (ұяшықтар аралығы) көрсет. Бағандар латын әріптерімен (A,B,C,D,E,F және т.с.с.), қатарлар сандармен (1,2,3,4,5,6 және т.с.с.) белгіленеді.

3 кесте



Тауар аттары

Бағасы

Ең жоғарғы баға

Ең төменгі баға
Барлығы
Етік

2700

6000

450

16360

Тон

6000

Күртеше

3250

Бөрік

2700

Шалбар

700

Көйлек

450

Жейде

560


Тапсырма 3: №4 кестедегі белгілі мәліметтер бойынша 2007-2009 жылдардағы тамыз айының орташа температурасын есепте.

4 кесте



Ай

Жылдар

Температура Со

Орташа температура

Тамыз

2007

25




Тамыз

2008

18

Тамыз

2009

30


Тапсырма 4: WORD кестелерінің мүмкіндіктерін пайдаланып, 5 кестеде келесі есептеулерді жүргіз.

5 кесте





Калькуляция аты

Дайындық шығындары



Жалпы шығын

Қаңтар

Ақпан

Цех №1

Цех №2

Цех №3

Цех №1

Цех №2

Цех №3

Өнімдер мен материалдар

2400

1500

1200

3200

1800

600




Технологиялық мақсаттарға арналған отын мен энергия

100

90

60

80

80

60




Өндіріс жұмысшыларының негізгі жалақысы

1200

800

1000

1270

1300

830




Сақтандыру шығындары

407

271

339

4341

441

282




Өндірісті меңгеруге және дайындауға шығындар

185







185










Ақауларға кеткен шығындар

130







140










Басқада өндірістік шығындар

60

120

80

30

136

100



ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №6



ТАҚЫРЫБЫ: MS Word мәтіндік редакторында тізімдермен жұмыс
Жұмыс мақсаты.

  1. MS Word мәтіндік редакторында бірнеше бағана құру мүмкіндіктерін үйрену.

  2. Тізім құру.

  3. Құжат беттерін рәсімдеу.

  4. Табуляцияны пайдалану мүмкіндігін пайдалану.

  5. Құжатқа сілтемелер мен колонтитулдар қоюды үйрену.

  6. Мәтін үзінділерін іздеу және алмастыруды меңгеру.


Тапсырма 1: Әртүрлі типтегі тізімдер жаса.

Жұмыс барысы:

  1. Қағаз бетінің параметрлерін орнат: сол жиегі –2см., оң жағы –1,5см., жоғарғы және төменгі жақтары –1см. Қаріпөлшемі 12, Times New Roman.

  2. Ұсынылған Мысал №1, Мысал №2 және Мысал №3-терді құру керек. Маркерді, нөмір типтерін таңдау үшін «изменить» кнопкасын пайдалан.

  3. Мысал №1, Мысал №2 және Мысал №3 атауларын автоматты түрде енгіз.

  4. Мысал №1, Мысал №2 тізімдерін бағаналарға орнатып, бөлгіш сызық қой.

  5. Мысал №6 көпдеңгейлі тізімін құр.

  6. Қағаз бетіне рамка жаса.


Маркерленген тізім

Мысал №

  • Принтер;

  • Сканер;

  • Плоттер;




Мысал №

  • Жүйелік блок;

  • Монитор;

  • Пернетақта.






Номерленген тізімдер
Мысал3

  1. Жүйелік бағдарламалар;

  2. Қолданбалы;

  3. Құралдық.

Мысал4

  1. Операциялық жүйе

  2. Программа-қабықша

  3. Программалар – драйверлер



Мысал5

  1. Операциялық жүйе

  2. Программа-қабықша

  3. Программалар – драйверлер



Көпдеңгейлі тізімдер

Мысал № 6
  1. Жүйелі блок

    1. Аналық тақша

      1. Процессор;

      2. BIOS;

      3. Арифметикалық-логикалық құрылғы

    2. Дисктегі

      1. 3,5 дюймдық;

      2. CD-ROM

    3. Блок питания

    4. Вентилятор

  2. Монитор

    1. Корпус

    2. Кинескоп.


Тапсырма 2: Төменде берілген мәтінді тер.

1. Мәтін енгізу кезінде маркерленген тізімді қолдан, олардың түрін, түсін және өлшемін өзгерт;

2. Екінші және үшінші абзацтарды екі бағанаға бөліп орналастырып, әрбір бағанаға рамка жасап басқа түспен боя.

3. Мәтінде тізімдер, мәтін үзіндісін бөлу, сілтемелер және рамкалауды қолдану.


8-10 ғас. – Алматы ірі сауда орталығы.

1854 ж. – Верныйдың әскери бекінісі.

1867 ж. 14 апрель – Верный қаласы – Семей облысының әкімшілік орталығы.

1920 ж. 14 март – Верный қаласының атын Алматы деп ауыстыру.

1931 ж. 12 март – А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік кітапхананың ашылуы.

1934 ж. Январь – Орыс Драмалық театрының ашылуы.

1934 ж. 13 январь – Қазақ мемлекеттік музыкалық театрының ашылуы.

1936 ж. 13-16 ноябрь – Қазақ ССР мемлекеттік өнер музейінің ашылуы.

1945 ж. 7 ноябрь – Жасөспірімдер театрының ашылуы.

1946 ж. 1 июнь – Қазақ ССР халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінің ашылуы.

1966 ж. – Спорт сарайының салынуы.

1971 ж. – Неке сарайының салынуы.

1972 ж. 28 декабрь – «Медеу» спорт кешенінің қолданысқа берілуі.

1978 ж. – «Қазақстан» қонақ үйінің салынуы.

1981 ж. 26 январь – Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының жаңа кешенінің ашылуы.

1992 ж. 22 март – Наурыз мейрамы.

1992 ж. 4 июнь – «Мемлекеттік герб және ту» заңына қол қойылуы.

1992 ж. 30 сентябрь – 1-ші бүкіләлемдік қазақтар құрылтайы.

1993 ж. 28 январь – Егеменді Қазақстанның 1-ші Конституциясының қабылданған күні.

1995 ж. 30 август – Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының қабылдануы.




Қазақстанның ресми мейрамдары.

01.01 – Жаңа жыл.

02.01 – Жаңа жыл.

08.03 – Халықаралық әйелдер күні.

22.03 – Наурыз мейрамы.

01.05 – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі.

09.05 – Жеңіс күні.

30.08 – Конституция күні.

16.12 – Тәуелсіздік күні.



Мамандар және ресми емес мейрамдар.

14.02 – Әулие Валентин күні.

16.03 – Республика гвардиясы күні.

01.04 – Күлкі күні.

15.05 – Халықаралық отбасы күні.

01.06 – Балаларды қорғау күні.

05.06 – Қоршаған ортаны қорғау күні.

15.06 – Медицина қызметкерлерінің күні.

22.06 – Қазақстан полициясы күні.

27.06 – Жастар күні.

28.06 – Баспа күні.

13.08 – Спорт және туризм күні.

01.09 – Білім күні.

02.09 – Бүкіләлемдік сұлулық күні.

22.09 –Тіл күні.

05.10 – Мұғалімдер күні.

22.12 – Энергетиктер күні.



Тапсырма 3: Прайс құжатын құр (үлгіге сәйкес толтыру керек)

Жұмыс барысы:

  1. Қағаз бетінің параметрлерін орнат: сол жақ жиегі – 2 см., оң, жоғарғы және төменгі жақтары -1 см.

  2. Табуляцияның үш позициясын орнат: 9 см. (сол жақ бойынша түзету), 13 см. (орта бойынша), 17см (оң жақ бойынша).

Прайс – қағаз

Тауар аттары Код Бағасы ($) Саны

HP-5125/234A 09023 120 100

HP-5125F 09025 230 30

HP-5125/23DT 09027 400 220

HP-51/166 09300 150 150

HP LaserJet PIII 08150 200 450

HP-567125/23DT 08927 400 200

HP-166/12 00900 150 230

HP LaserJet IIIP 02450 200 450


  1. Прайс –қағаздың көшірмесін жаса. Алынған көшірмені кестеге айналдыр.

  2. Жоғарғы колонтитулға файлдың толық атын және бет нөмірін жаз.

  3. Төменгі колонтитулға MS Office жинағынан сурет алып қой. Суретке «за текстом» форматын бер. Суретті беттің барлық аймағына созып орналастыр, яғни құжат үшін фондық сурет жаса.


ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №7
ТАҚЫРЫБЫ: MS Word мәтіндік редакторында объектілермен және құжат структурасымен жұмыс
Жұмыс мақсаты:

  1. Формулалар редакторын меңгеру.

  2. Диагарамма құру.

  3. Мәтіндік құжатқа әртүрлі объект қою мүмкіндіктерін меңгеру.

  4. MS Word мәтіндік редакторының қосымшаларының мүмкіндігін үйрену

  5. WordArt объектілерін редакциялау және форматтау амалдары

  • Объектілерді топтастыру

  • Объектілердің орнын алмастыру

  • Объектілерді айналдыру.

6. Құжат структурасы режимінде жұмысты үйрену.

7. Құжат мазмұнымен жұмыс.


Тапсырма 1: Келесі формулаларды жаз.

  1. ;

  2. ;



Жұмыс барысы:

        1. Вставка \ Объект \ Microsoft Equation 3.0 командасын орында немесе құрал-саймандар панелінен батырмасын таңда (Аталған батырма болмаған жағдайда құрал саймандар панелін баптау терезесі арқылы орнат).

        2. Алынған объектіні форматтау үшін Формат \ Объект (немесе контекстік менюден Формат объекта) командасын орында.


Тапсырма 2: Құжатқа MS Excel объектісін қойып, үлгі бойынша мәліметтерге өзгерту енгіз.



Жұмыс барысы:

              1. Вставка \ Объект \ Microsoft Excel немесе Вставка \ Объект \ Диаграммы Excel командасын таңда.

              2. Бірінші команданы таңдаған жағдайда, алдымен берілген мәліметтерді енгіз.

              3. Диаграмма командасын орында.

              4. Екінші команданы орындаған жағдайда Лист1 қабаттамасын ашып, берілген мәліметтерге өзгеріс енгіз.


Тапсырма 3:

1. Суреттер жинағынан кез келген түрде картинка құр (еркін түрде).




2. Paint-те сурет салып, оны өз файлдарыңмен бірге сақта.

Жұмыс барысы:

1. Сурет қою Вставка \ Рисунок \ Картинки (MS Office жинағынан) командасы (құжатқа суретті графикалық файлдарданда алып қоюға болады) арқылы орындалады.



2. Жұмыс құжатыңа Вставка \ Рисунок \ Из файла командасы арқылы салған суретіңді қой.
Тапсырма 4: Рисование құрал саймандар тақтасының көмегімен Шыңғысханның немесе басқа тарихи тұлғалардың ұрпақтарын құрылымдық түрде көрсет.

Тапсырма 5: Структура режимінің көмегімен құжат құру, осының негізінде мазмұнын жасау.

Жұмыс барысы:

  1. Вид \ Структура менюінің командасымен құжаттың структура режиміне көш.

  2. Келесі атауларды енгіз:

Солтүстік Америка

Калифорния

Сан-Диего

Сан-Франциско

Мексика

Канкан


Мехико

Кариб бассейнінің аралдары

Багам аралдары

Нассау


Фрипорт

  1. Структура-ның құрал-саймандар тақтасының көмегімен (деңгейлерді төмендетіп, жоғарылатып) құжаттың келесі құрылымын жаса:
Солтүстік Америка
Калифорния
Сан-Диего
Сан-Франциско
Мексика
Канкан
Мехико
Кариб бассейнінің аралдары
Багам аралдары
Нассау
Фрипорт

  1. Әрбір тақырыпшаға негізгі мәтін қос.

Сан-Диего – Кездесулер үшін ыңғайлы орын, қонақ үйлер мен мейрмаханалар қаланың іскерлік бөлігінде орналасқан.

Сан-Франциско – Кеңселерге жақындық транспорт шығынын төмендетеді. Балықшылардың кемежайында демалуға және жақсы тамақтануға болады.

Канкан – Конференц-залдар және қонақ үйлер жағажайда орналасқан. Канкан жыл бойына су спортымен айналысуға мүмкіндік береді.

Мехико- Қонақ үйлер конференц-залдармен, компьютерлік және қаржылық орталықтармен қамтамасыз етілген.

Нассау – Іскерлік кездесулер өткізуге арналған жоғары класты қонақ үйлер Кэл-Бич ауданында жағажайда орналасқан.

Фрипорт – Сонымен қатар, сіздің құзырыңызға дүкендер, гольф ойнауға арналған тамаша алаңдар және спорттың түрлері.



  1. Құжатты МысалСтруктура1 атымен сақта.

  2. Бірінші, екінші және үшінші деңгейдегі тақырыпшаларды қара.

  3. Мексика тақырыпшасының ішкі мәтінін жинақта. Қайта аш. Сан-Франциско тақырыпшасының деңгейін жоғарылат. Бастапқы қалпына келтір. Мехико тақырыпшасын ішкі мәтінінсіз жоғарыға орналастыр. Осы тақырыпшаны ішкі мәтінімен бірге орнын алмастыр. (Егер ішкі мәтін жиналып тұрса, онда тақырыпшаның орнын алмастыру оның ішкі мәтінін бірге алып кетеді).

  4. Берілген құжаттың мазмұнын келесі бетке құр. (беттерді бөлу үшін структура режимінен қалыпты режимге көшу керек).

Құжаттың мазмұнын автоматты түрде құру үшін құжатты теру кезінде әртүрлі деңгейдегі тақырыпшаларды белгілеу керек. (Тақырыпша 1, Тақырыпша 2 және т.с.с.), яғни осы тақырыпшаларға «Форматирование» тақташасындағы тақырып тізімін пайдаланып арнайы бір стиль беру керек. Құжат мазмұнын құратын жерге курсорды қойып, Вставка \ Ссылка \ Оглавление и указатели \ Оглавление командасын орындау қажет.
ДК-МЕН ЖҰМЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ:
1. ЭЕМ-да жұмыс істеу барысында экраннан көзді оптималды қашықтықта (60 -70 см) сақтау қажет.

2. Келушілер кіргенде оқушылар орнынан тұруға тиісті емес.

3. Көздің талғандығы байқалған немесе шаршаған жағдайда, бірнеше жаттығуларды орындауға болады.

4. Оқушылар алғашқы медициналық жәрдем көрсету мен өртті сөндіру әдістерін білулері тиіс.


ДК-МЕН ЖҰМЫСТЫ АЯҚТАУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІҚ ТАЛАПТАРЫ:
1. Жұмысты мұғалімнің нұсқауымен аяқтау.

2. Дискжетектен дискілерді алу.

3. Жұмыс орнын тәртіпке келтіру.

4. Мұғалімнің рұқсатымен аппаратураны өшіру .

5. Жұмыс орнын тек мұғалімнің рұқсатымен ғана қалдыру керек.

6. Лабароториялық тапсырмаларды және орындаған жұмыстарды тапсыру.

7. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу Журналына белгі қою керек.


Сұранысты құруға арналған өздік жұмыс тапсырмалары
Лабораториялық жұмыс алдында мыналарды орындап алу қажет:


  1. Қолдағы барлық кестелер үшін іздеу сұраныстардың көптеген нұсқаларын жасау;

  2. Осы сұраныстарды құрудың әр түрлі режимдерін пайдалану, сұраныс бланкісін толтырудың барлық мүмкіндіктерін қолдану;

  3. Сұраныстарға өңдеуге арналған Сұраныс (Запрос) менюінің мүмкіндіктерін зерттеу;

  4. Құрылған сұраныстар жұмысын оларды орындау арқылы тексеру, сұраныстар жұмысы қанағаттанарлықтай болмаған жағдайда, оларға тиісті өзгерістер енгізу.

Лабораториялық жұмыс 3 – 5 сабаққа арналған. Access – тің мүмкіндіктерін зерттеу барысында жоғарыда қарастырылған сұраныстар жасаудың барлық режимдерін меңгеру қажет.
1 тапсырма

1.Мәліметтер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар (Запросы) парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шерту.

2. Қарапайым сұраныс (Простой запрос) режимін таңдау.

3. Қарапайым сұраныс құру қадамдарын толық орындап шығу.

4. Алынған мәліметтерді қарап шығу.

2 тапсырма

1. Мәліметтер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шертіп, Қарапайым сұраныс режимін таңдау.

2. Белгілі бір өрістерінде қайталанып келетін мәндері бар кестені таңдау (Маркасы,Түсі өрістері секілді).

3. Қарапайым нәтижелік (итоговый) сұраныс жасау. Ол үшін сұхбаттасудың екінші қадамында Қорытындылар (Итоги) батырмасын басу.

4. Ашылған сұхбаттасу терезесіндегі сандық өрістер үшін қорытынды мәндерді есептеуді енгізу.

5. Алынған мәліметтерді қарап шығу керек.

6. Бастапқы кесте үшін «Жазбаларды санау» («Подсчет записей») қатарына жалауша қойып, сұраныс құру қажет.

7. Алынған мәліметтерді қарап шығу керек.


3 тапсырма

1. Мәліметер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шертіп , Конструктор режимін таңдау.

2. Сұраныс құруға қажетті кестені таңдау.

3. Осы сұранысты құру сұхбат терезесінде керекті өрістердің барлығын көрсету.

4. Белгілі бір өріс мәліметтерін олардың өсуі бойынша реттеп, сұрыпталатындай етіп орналастыру.

5. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.

6. Таңдау шарты (Условие отбора) қатарына кестеден жазбаларды таңдау шартын күшейту, мысалы, Түсі өрісі үшін «ақ» мәнін көрсету.

7. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.

8. Немесе (Или) қатарын қолданып, жазбаларды кестеден таңдау шартын күшейту, Түсі өрісі үшін «ақ» мәнін, ал Маркасы өрісі үшін «Жигули» мәнін көрсету.

9. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.

10. Жазбаларды кестеден таңдау шартын өзгерте отырып, осы сияқты әрекеттерді бірнеше рет қайталап орындау.
4 тапсырма

1. Мәліметер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шертіп , Конструктор режимін таңдау.

2. Сұраныс құру үшін екі немесе одан да көп байланысқан кестелерді таңдау.

3. Бірнеше кестелерден таңдап ала отырып, осы сұранысты құру сұхбат терезесінде керекті өрістердің барлығын көрсетіп шығу.

4. Өрістердің біреуіне сұрыптау шартын енгізу.

5. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.

6. Таңдау шарты (Условие отбора) қатарына кестеден жазбаларды таңдау критериін енгізіп, сұранысты өзгерту.

7. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.

8. Жазбаларды кестеден таңдау шартын өзгерте отырып, осындай әрекеттерді бірнеше рет қайталап орындау.
5 тапсырма

1. Мәліметер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шертіп, Конструктор режимін таңдау.

2. Сұраныс құруға кестені таңдау.

3. Осы сұранысты құру сұхбат терезесінде керекті өрістердің барлығын көрсету және олардың біреуі арқылы мәліметтерді сұрыптау.

4. Кез келген бір сандық өріс үшін Beetwen операторын қолдана отырып, Таңдау шарты (Условие отбора) қатарына кестеден жазбаларды таңдау критериін енгізіп, сұранысты өзгерту. Өрнектерді құру кезінде Құрастырушыны (Построитель) пайдалану.

5. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.



6. Beetwen операторын қолдану арқылы жазбаларды кестеден таңдау шартын өзгерте отырып, осындай әрекеттерді бірнеше рет қайталап орындау.
6 тапсырма

1. Мәліметер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шертіп , Конструктор режимін таңдау.

2. Сұраныс құратын кесте таңдап, керекті өрістердің барлығын көрсету.

3. Кез келген бір сандық өріске IN операторын қолданып, Таңдау шарты (Условие отбора) қатарына кестеден жазбаларды таңдау критериін енгізу, мысалы, IN (50, 100, 150). Өрнектерді құру кезінде Құрастырушыны (Построитель) қолдану.

4. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.

5. IN операторының көмегімен жазбаларды кестеден таңдау шартын өзгерте отырып, осы сияқты әрекеттерді бірнеше рет қайталап орындау.

6. Бірнеше кестені байланыстырып, тағы да осындай сұраныс жасау.
7 тапсырма
1. Мәліметер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шертіп, Конструктор режимін таңдау.

2. Сұраныс құруға кесте таңдау және керекті өрістердің барлығын белгілеу.

3. Есептелінетін өріс құру.

4. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.

5. Есептелінетін өрісті өзгерте отырып және бірнеше өзара байланысқан кестелерді пайдаланып, осындай әрекеттердің бірнешеуін орындау.


8 тапсырма

1. Мәліметер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шертіп, Конструктор режимін таңдау.

2. Сұраныс құратын кесте таңдап, керекті өрістердің барлығын көрсету.

3.Кестеден жазбаларды таңдау критерийлерін жұмыс барысында тұтынушының өзі сұхбаттасу терезесінде енгізетіндей етіп, сұраныс құру.

4. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.

5. Критерий енгізілетін өрісті өзгерте отырып, осындай әрекеттерді бірнеше рет қайталап шығу.

6. Өзара байланысқан бірнеше кестелерді пайдалана отырып, жазбаларды таңдау критерийлерін тікелей енгізу әрекеттерін қайталап орындап шығу.
9 тапсырма

1. MS Access – ке кіріңдер.

2. Сұратулар терезесін ашыңдар.

3. Қарапайым сұратудың барлық қадамын орындаңдар.

4. Өздерің құрған кесте бойынша бір қарапайым сұраныс жасаңдар.
10 тапсырма

1. МБ терезесінде Запрос қосымша бетті таңдап, Создать кнопкасын басыңдар.

2. Новый запрос деген сұхбаттасу терезесінде «Простой запрос» түрін таңдаңдар.

3. «Создание простого запроса» сұхбаттасу терезесі пайда болады. Таблицы\запросы терезесінде стрелкасына шертіп, «Таблица:Товары» таңдаңдар.

4. Даступные поля терезесінде «Название» өрісін таңдаңдар да, > кнопкасын басыңдар. Таңдаған өрісіміз «Выбраные поля» терезесіне өтеді.

5. Осы «Создание простого запроса» сұхбат терезесінде қала отырып, Даступные поля терезесіндегі «Цена» өрісін таңдап, > батырмасын шертіңдер. Таңдаған өрісіміз «Выбраные поля» қатарына өтеді.

6. Осы «Создание простого запроса» сұхбат терезесінде қала отырып, Таблицы\запросы терезесіндегі көрсеткішті шертіп, «Таблица:Поставщики» таңдаңдар.

7. Даступные поля терезесінде «Название фирмы» өрісін таңдаңдар да, > кнопкасын басыңдар. Таңдаған өрісіміз «Выбраные поля» терезесіне өтеді.

8. Далее кнопкасын басыңдар.

9. «Создание простого запросов» сұхбаттасу терезесі пайда болады. Задайте имя запроса терезесінде «Простой запрос» жазуын теріңдер.

10. Осы терезеде Открытие результатов выполнения запроса қалпына келтіңдер.

11. Готово кнопкасын басыңдар.

12. Нәтижесінде 3 бағанадан тұратын кесте түрінде құрылған сұраныс пайда болады. Онда Название (товаров), Цена (товаров) және Название фирма берілген мәліметтері болады.

13. терезені жабыңдар.

14. МБ терезесінде Запросы қосымша бетте «Простой запрос» құрылған сұраныс пайда болады.
11 тапсырма

1. МБ терезесінде Запрос қосымша бетке өтіп, Создать кнопкасын басыңыз.

2. Новый запрос сұхбаттасу терезесі пайда болады, оның ішінде варианттардың ішінен сұранысты құрудың Конструктор түрін таңдаймыз.

3. Добавление таблицы сұхбаттасу терезесінде «Товары» белгілеңіз және Добавить кнопкасын басамыз. Сосын Закрыть кнопкасын басамыз.

4. «Запрос1:на выборку» сұхбаттасу терезесінде өрістер тізімінен «Товары» кестесі пайда болды.

5. Осы сұхбаттасу терезесінде запростың бланкісінің бірінші бағанасының «Поле» жолында оң жақ стрелкасына шертеміз.

6. Пайда болған тізімнен «Название» өрісін таңдаймыз.

7. Осы бағанада «Имя таблицы» жолында «Товары» жазуы болуы керек.

8. «Вывод на экран» жолында жалаушаңыз галочка ретінде болуын анықтаңыздар.

9. Екінші бағанасының «Поле» жолында оң жақ стрелкасын шертеміз.

10. Пайда болған тізімнен «Цена» өрісін таңдаймыз.

11. Осы бағанада «Имя таблицы» жолында «Товары» жазуы болуы керек.

12. «Вывод на экран» жолында жалаушаңыз галочка ретінде болуын анықтаңыз.

13. Вид- Групповые операции командасын таңдап немесе саймандар панеліндегі



Групповые операции кнопкасын басамыз. Нәтижесінде запростың бланкісінде «Групповая операция» жолы пайда болады. Бірінші және екінші бағаналарында осы жол бойында «Группировка» жазуы болады.

14. Бағананың «Цена» өрісті «Группировка» жолындағы стрелкасын шертіп, пайда болған тізімнен Avg функциясын таңдаңдар.

15. құрылған сұранысты «Запрос по средним ценам» атымен сақтаңдар.

16. Запрос – запуск командасын береміз немесе саймандар панелінде Запуск командасын басыңыз.

17. Запрос по средним ценам: запрос на выборку сұхбаттасу терезесі пайда болады. Терезеде тараудың 4 түрі: телевизор, видеомагнитофон, музыкальный центр кесте түрінде болады.

18. конструктор терезесін жабыңдар.







жүктеу 0,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау