Үлкен жарылыс



жүктеу 201,4 Kb.
бет2/2
Дата08.05.2020
өлшемі201,4 Kb.
#30257
1   2
Шекербек Аружан Ядерная физика

Δz=Δλ / λ =Hr / c (Хаббл заңы)

Хабблдың есептеулері арқылы, ең алыс галактикалар мен үйіржұлдыздар біздің бақылауымыз тұрғысынан бізден алыстап бара жатыр, олардың бергісіне қарағанда арғысының алыстау жылдамдығы тіпті де зор екен. Демек бұл барша нәрсе бір-бірінен өзара алыстап, әлем кеңейіп бара жатқанын көрсетеді.



Жойқын жарылыс. Hans Breinlinger 1958ж. сызған.

Егер ғарыштағы жұлдыздар мен галактикалар бір-бірінен алыстап, әлем ұлғайып бара жатқан болса, онда олар кезінде бір-біріне өте жақын болғанын көрсетеді. Физиктер бұдан ары ғылыми қорытынды жасап, онда әлем ең арғы алқашқы сәтте өте тығыз және өте шағын болған деген қорытынды шығаруға болады. Бөлшектік ірі үдеткіштер арқылы жүргізілген ғылыми тәжірибелер бұл теорияны растай түсті. Дегенмен, қазіргі технологияның шектемесінен, әсіресе Ірі үдеткіштердің мүмкіндігі әлі де шекті болғандықтан, әлем кеңеюінің алғашқы сәтін тіке/жанама тәсілмен айқын түсіндіру әлі де қиын болып тұр. Жойқын жарылыс теориясы әлемнің алғашқы кезеңі туралы әлі ештеңені нақты түсіндіре алмайды, оның бар мүмкіндігі сол алғашқы кезеңнен кейінгі өзгерістерді жорамалға негізделген күйде түсіндірумен ғана шектеледі.

Қазіргі өлшеулер мен есептеулер бойынша, ғарышта Жеңіл элементтер айырықша мол екені анықталды. Жойқын жарылыс теориясында айтылатын ғарыштың алғашқы тез кеңеюі (жарылысы) мен біртіндеп суу барысында алғашқы бірнеше минутта термоядролық реакциядан осы Жеңіл элементтердің мол қоры қалыптасқаны анық. Сандық және сапалық анықтау бойынша, жеңіл элементтердің молдығы алғашқы сол жарылыста пайда болған жеңіл элементтердің мөлшері мен сипатына сай келеді.



Аталуы

Әлемнің үдеген кеңеюі: Л пішінді (Лямбда) уақыт-кеңістік – суық қараңғы материя, Әлемнің жедел кеңеюі, жойқын жарылыс - ұлғаю (уақыттың тарихы)

Бастапқы кезде Жойқын жарылыс теориясы «Динамикалық эволюциаланған үлгі» деп аталған. Big Bang сөзін ең алғаш Британия астрономы Фред Хойл қолданған болатын. Бір қызығы, Хойл әлемді түсіндіретін теориялар ішінде осы Жойқын жарылыс теориясына қарсы шығып, материяның "үздіксіз туу" гипотезасын ұстанып, түрақты күй теориясын жақтаған екен. Ол, 1949 жылы наурызда BBC радиосының бір бағдарламасына қатысып, «Заттардың табиғаты» деген дәріс оқу барысында Леметр секілді кісілердің моделін сынап, "the Big Bang theory" — "Жойқын жарылыс теориясы" деген сөзді қолданған. Хойл осы теорияны мұқатып осылай атаған деушілер көп болғанымен, Хойлдың өзі кейінірек "бұлай атауда еш мазақтау мәні жоқ, тек бұл екі түрлі теорияны өзара ажырату үшін осылай атадым" деп ақталған болатын. Хойл кейін Жұлдыз өзегіндегі термоядролық реакция туралы зерттеулері арқылы ғылымға үлкен үлес қосты. Дәл сол жұлдыз өзегіндегі термоядролық реакциялар арқылы жеңіл элементтерден (Сутегі, Гелий) басқа ауыр элементтер (темір қатарлылар) жасалу барысы айқындалды. Басқа тілдерге бұл теория ағылшын тіліндегі "Big Bang" сөзі арқылы аударылып жалпыласты. Қазақ тілінде бұл сөзді "Үлкен Жарылыс" деп аудару біршама жиі кездеседі. Бірақ біз аталған жарылыстың жай мағынадағы "үлкен" ғана еместігін ескеріп, "Жойқын жарылыс" деп атауды жөн санадық. Дегенмен, бұл соңғы шешім емес, тегі қалай атау мәселесі қазақ тілінде шындап бірлікке келген деп айту қиын. Бұл туралы әлі де іргелі ізденіс керек.

Бір айта кетерлігі, 1964 жылы Ғарыштың микротолқынды фон нұрлануының (CMB) анықталуы Жойқын жарылыстың болғанына үлкен бір дәлел болды. Әсіресе оның спектрін есептеп, сол арқылы қара дененің сәуле қисығы айқындалған соң, ғалымдардың көбі Жойқын жарылыс теориясына сене бастады.



Жарылыс барысы

Құс жолының сыртынан ғарышқа қарау. Галактикалар Қызылға жылжуына сай боялған

Шар тәрізді шоғырлардағы ең кәрі жұлдыздардың химиялық құрамы әлемге 13-15 млрд жыл болғанын көрсетті. Аспан денелері мен олардың жүйелерінің эволюциялық өзгерісіне тұрақсыз құбылыстар және жарылыс процестері негізгі себепші болған.

Бұдан 15 млрд жылдай бұрын алапат жарылыс біздің әлемді жасады. Кеңістікті, уақытты, барлық материяны және қоршаған энергияны тудырған "Жойқын жарылыс" деп аталған табиғат өзгерісінен кейін барлық әлем пайда болды деп айту дұрыс емес пікір.



Әлем ерекше тез кеңею сатысын басынан өткіздію Кеңістік орасан зор мөлшерде энергия бөліп шығара отырып, өзінен өзі кеңейе берді. Осы сәтте Әлем пайда болды.
жүктеу 201,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау