Қазақ
мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №3 (51), 2014 ж.
41
WAYS OF DEVELOPING STUDENTS’ COGNITIVE ACTIVITIES USING THE
INNOVATIVE TECHNOLOGIES
The article deals with developing students’ cognitive activities by using the new
technologies
in studying foreign languages.
Keywords: information technology, pedagogical communication, innovative method,
teaching methods, students’ activity, the quality of education.
ӘОЖ 81ꞌ25
АУДАРМАДАҒЫ ЭКВИВАЛЕНТТІЛІК
З.Б. Кульманова,
магистр, оқытушы
(Алматы қ., Т.Рысқұлов атындағы
Қазақ экономикалық университеті)
Аңдатпа: Халықаралық қатынастар маманы үшін аударматанудың әліппесімен
танысудың маңызы зор. Халықаралық саяси құжаттарды, баспасөз материалдарын екі
тілде еркін түсіну, аудара білу өте қажетті жұмыс. «Аударматану негіздері» практикалық
курсында аударма жұмысының түрлерімен таныстырып, сипаттап кетуден студенттің
аударма жасау машығы қалыптаса қоймайды. Біздің ойымызша, практикалық жұмыстар
нәтижелі болу үшін кейбір теориялық мәселелерге назар аудару қажет.
Түйін сөздер: аударма, балама, баламалылық, сәйкестік, аудару дәлдігі, абсолютті
балама,
шамалас балама,
ішінара балама, толық балама.
Қазақ аударматану ғылымында жиі қолданылып жүрген балама, баламалы аударма,
баламалылық (эквивалент, эквивалентный перевод, эквивалентность) деген терминдердің
қазірге дейін ұғымдық анықтамасы нақтылана қойған жоқ. Кей тұстарда сөз болғалы
отырған аталымдар теңбе-теңдік (тождественность), дәлме-дәл аударма (адекватный
перевод) деген терминдермен теңбе-тең дәрежеде ұғынылады. Сондай-ақ балама
(эквивалент) дегенді түпнұсқа тілдегі сөздің басқа тіл сөздігінде көрсетілген варианттары
немесе аудару үдерісі кезінде түпнұсқадағы сөзге, тіркеске, фразаға, синтаксистік
тұтастыққа тәржімашы аударылатын тілден таңдап, іріктеп алған мағынасы жуық
нұсқалар деп түсіндіретін реттер де жоқ емес. Бұл мәселе жөнінде орыс ғалымдарының
тұжырымдары да бірыңғай емес. Баламалық турасында алғаш пікір айтқан ғалым
Я.Реңкер балама және баламалы сәйкестік дегеннің аражігін ажыратуды ұсынады.
Зерттеушінің айтуы бойынша «балама» (эквивалент) дегеніміз – контексте тәуелсіз,
тұрақты, теңбе-тең сәйкестік (1,10), басқаша айтқанда, екітілді сөздікте берілетін
нұсқалар. Я.Рецкер сонымен қатар
балама аударма үдерісінің катализаторы, бұның,
әсіресе, ауызша аудару кезінде рөлі жоғары, өйткені сөздіктерде көрсетілген балама
аудармашының санасына алдымен түседі де, контекстің мағынасын тез түсінуге ықпал
етеді деп есептейді. Бірақ, ғалым екітілді сөздіктер де дәл баламаны бере алмайтынын
мойындай отырып, эквивалент дегенге географиялық атауларды, жалқы есімдерді,
терминдерді жатқызу керек деп санайды; ал басқа сөздер, сөз тіркестері баламалы
сәйкестік деп танылуы тиіс; сондықтан толық балама, ішінара балама, абсолютті балама,
шамалас балама типтес түрлерді ажырату қажет деген тұжырымға келеді.
Аудару дәлдігі мәселесін филологтар бұрыннан бері қарастырып келе жатыр. Қазіргі
кезде бұл мәселе әртүрлі аудармалық бағытта зерттелуде (Қазақстан мектебі: Г.И. Исина,
А.Алдашева және т.б., Ресей мектебі: А.Т. Алексеева, В. Н.Комиссаров, Н.Р. Ткачев және
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №3(51), 2014 г.
42
т.б., Германия мектебі: Г.Егер, К.Райс, Е.Штойберг және т.б.). Жоғарыда аталған
лингвистердің зерттеулерінде назар эквиваленттілік терминіне аударылады [1. 134 б].
Барабарлық (эквиваленттілік) – аудару теориясында өте күрделі және көпқырлы
ұғым ретінде қарастырылады. В.Н. Комиссаровтың пікірінше «эквиваленттілік ұғымы
аударманың негізгі ерекшелігін ашып, қазіргі аударматануда негізгі ұғымдардың бірі
болып табылады» [5, 176 б].
«Эквиваленттілік» термині қазіргі аударма теориясында аз уақыттан бері
қолданылып келе жатыр (1938 жылдан бастап Лейпциг аударма мектебінде). П.М.Топер
пікірлердің көпқырлылығын белгілеп, аудару теориясына «эквивалент» терминінің қашан
және қайдан кіргенін анықтайды. «Алғаш рет «эквивалент» терминін «Аударманың
лингвистикалық аспектілері» туралы мақаласында Р. Якобсон ұсынған еді» («О
лингвистических аспектах перевода») [5, 176 б.].
Егер де қазіргі аударматану теориясы ХХ ғасырдың ортасында пайда болатын болса,
онда оның негізгі категориясын білдіретін термин онымен бірге жарыққа шықты. Бірақ та,
кейбір тілдерде, мысалы, француз тілінде, қазір біз қолданып жатқан лингвистикалық
мағынада «эквивалент» сөзі (бір сөзді немесе сөз тіркесті ауыстыра алатын сөз немесе сөз
тіркесі) ХІХ ғасырдың екінші жартысында (1864 жылы) тіркелген еді. Оны Бодлердің
еңбегінде кездестіруге болады (1821 – 1867 жылдары): «Сөз шексіздік, Құдай, рух және
басқа сөздер сияқты басқа тілдерде эквиваленті бар».
Аударма теориясы үшін осы термин қандай мағынада қолданылады және басқа
терминдермен қалай араласады? Мысалы, Вине және Дарбельне «Француз және ағылшын
тілдерінің салыстырмалы стилистикасы» («Сопоставительная стилистика французского и
английского языков») атты еңбектерінде (1958 жылы) эквивалент және эквиваленттілік
терминдерін біз үшін дағдылы мағынада емес, аударманың тәсілдерінің бірі ретінде
қолданған.
Жалпы ғылыми білімдер жағынан «эквиваленттілік» ұғымын қарастырайық. Орыс
тілінде эквиваленттілік сөзі эквивалентті сын есімінің ерекшеліктеріне тең. Яғни, бірдей,
мағынасы бірдей, тең күшті, бір сөздің қандай да болса байланыста тұрғанды алмастыру
сөздеріне эквивалент болып тұр. Сонда, эквивалент сөзі – бұл бірдей, мағынасы бірдей,
басқаға тең болатын, оны толық алмастыра алатын ұғым [6, 747 б.].
Эквивалентті сөзінің анықтамасында болған қарама-қайшылыққа назар аудару
қажет. Салыстырылып жатқан объектілер құндылық, мағынасы, күші
жағынан біркелкілігі
туралы оның бірінші бөлігінде айтылады. Басқа сөзбен айтқанда, олар бірдей, яғни,
абсолютті түрде ұқсас. Бір сөздің қандай да болса өзара байланыста тұрған сөздермен
толық алмастыра алатындығы туралы екінші бөлігінде айтылады. Орыс тілінің сөздігі,
жоғары айтылған сөздерінің мағынасына анықтама беріп, «эквивалент» сөзіне аудару
теориясы үшін өте қызықты және маңызды Пироговтың «Кәрі дәрігердің күнделігінен»
(«Дневник старого врача») мысал келтіреді: «Менің профессорлық институтқа кандидат
ретінде тағайындауым дәрі сынауының эквиваленті боп есептелінді» [1,147 б.].
Пироговпен келтірілген екі жағдай бірдей және біркелкі емес. Бірақ бір жағынан олар
бірдей және белгілі бір орында болуға рұқсат етіледі.
Сөз анықтамасындағы қарама-қайшылық және келтірілген мысал эквиваленттілік
ұғымының салыстырмалығын көрсетеді. Ал ол болса, аудару теориясы үшін үлкен рөл
атқарады. Әрине, эквиваленттілік салыстырылып жатқан объектердің алмастырылуы.
Бірақ
орын алмастыру абсолютті емес, белгілі бір байланыста ғана іске асады.
Аударма түпнұсқаға абсолютті түрде дәл бола алмайды. Бірақ бұл тіларалық
коммуникация үшін бөгде болмайды [7,144 б.]. Бұл ақындық формаларды жеткізу
қиыншылықтарымен, мәдени және тарихи ассоциацияларды, ерекше реалия сөздерді және