Қазақ
мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №3 (51), 2014 ж.
43
көркем мазмұндамалардың өзгешеліктерін жеткізуде шарасыз жоғалтулармен ғана
байланысты емес, сонымен қатар аударма мағынасындағы бөлек элементтердің
қарапайым пікірлерімен үйлеспей қалуымен де байланысты. Мысалы, біз «Der Student liest
ein Buch» деген неміс сөйлемін «Студент кітап оқып жатыр» деп аударамыз. Көптеген
жағдайларда осындай аударма дұрыс болады және басқа өзгерістерді қажет етпейді. Бірақ,
мұнда толық тепе-теңдік жоқ. Неміс түпнұсқасында белгілі бір кісі, студент туралы
нұсқау бар, ал кітап бұл жерде қандай екені белгісіз болып тұр. Аудармада нұсқау да, іс-
әрекет сөйлеп жатқан кезде өтіп жатқаны, іс-әрекет жүйелі түрде болмағаны туралы
мәлімет жоқ. Алайда осы барлық жоғалтулар, үстемелер аудармаға өз қызметін жасауға
бөгет етпейді.
В.С.Виноградов пікірінше, кең ұғымында эквиваленттілік ұғымға тең, тең мағыналы,
барабарлық – дәлдеу, ал тепе-теңдік бір сөздің екіншіге толық ұқсастығы, үйлестігі
ретінде түсініледі [2, 18 б.].
Ал Л. К. Латышев «Айырмашылық болған кезде эквиваленттілік – бұл тілдің ең
басты мәселесі және лингвистиканың түпкі мәселесі болып табылады. Аудармашы
рецептор сияқты қызмет атқарады» деп
жазады [8, 145 б.].
Бұдан басқа, «эквиваленттілік» терминімен бірге аударматануда «сәйкестілік»
термині кең қолданылады. Берілген терминдер әртүрлі авторлардың жұмыстарында бір-
бірін қайталап немесе әртүрлі категорияларды белгілеу үшін қолданылады. Соған
байланысты біз «эквивалент» және «сәйкестілік» ұғымдарының үйлестілік мәселесін
қарастырамыз. Я.М.Рецкер пікірінше, «эквивалент» – бұл тұрақты және тең мағыналы
сәйкестілік, дағдыдағыдай, контекстке тәуелді болмайды. «Сәйкестілік» терминін
қолданған кезде, берілген зерттеуші лексикалық бірліктер арасындағы семантикалық
сәйкестілік туралы айтады [9, 10 б.]. Л.С. Бархударовтың айтуынша, әртүрлі тілдердің
лексикалық бірліктерінің, олардың бүкіл мағыналық көлемінде сәйкес үйлестілік өте
сирек кездеседі [2, 119 б.].
В.Н.Комиссаров бойынша, «аударманың эквиваленттілігі түпнұсқа мәтін
мазмұнының және аудармасының барлық деңгейлерінің максималды ұқсастылығында
жатыр» [1, 75 б.]. Сөйтіп, В.Н. Комиссаров бойынша эквиваленттілік Я.И. Рецкерге
қарағанда кеңірек ұғым және ол аудару үдерісі кезінде берілген тілдің және аударылатын
тілдің бірліктерінің үйлестіліктің бөлек түрін емес, негізгі мақсатын анықтайды.
Аудару барабарлығы ұғымы нені білдіреді? Және эквиваленттілік категориясының
барабарлық категориядан айырмашылығы неде?
Барлық мүмкіндігінше, барабарлық ұғымы аудару теориясына таным теориясынан
көшкен. Таным теориясында «барабарлық» термині елесте, ұғымдарда, объективті
байланыста және ақиқаттылық жағынан дұрыс қайта құруды білдіреді. Аудару теориясы
үшін сондай ақиқаттылық ретінде түпнұсқа мәтін болып шығады. Ал мәтін мұнда
құрылған байланыстар жүйесі және оны құрайтын элементтер қатынасы ретінде беріледі.
Сонда аударудың мақсаты – басқа тілдің амалдары арқылы осы байланыстар жүйесін және
қатынасына сәйкес, дұрыс қайта құру. Түпнұсқаның дұрыс қайта құрылуы нені меңзейді?
Анықтаманың шамалас, сәйкес, дұрыс, дәл синонимдері арқылы мағынасын ашу аз.
Түпнұсқаға қарағанда аударма қандай болу керек анықтамасына тағы қандай ұғымдарды
қосуға болады. Осында шамалас анықтамасы ғана бізге «аудармасының мәтіні
түпнұсқасынан аспау да, кем де болмау керектігі» туралы айтады. Бірақ та осыған жету
қиындау болады. Сәйкес (неге?), дұрыс (нені бағалауы бойынша?), дәл анықтамалары
аудармаға қарағанда жиі қолданылып жатқанына қарамастан, олар өте абстрактылы.
Аударма толықтылығы (барабарлық) ұғымын дәлдеуге тырыса отырып,
А.В.Федоров толығырақ түсініктеме береді: «Аударманың толықтылығы – бұл
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №3(51), 2014 г.
44
түпнұсқада берілген мазмұн мағынасының толық жеткізілуі және аударманың
түпнұсқаға функционалды-стилистикалық жағынан толық сәйкес келуі».
Аударма толықтығы түпнұсқаға сәйкес мазмұны және форма ара қатынас
ерекшеліктерін жеткізуде немесе осы ерекшеліктеріне функционалды сәйкестіліктерді
жасауда. Форманың өзгешеліктерін қайта құруда жатыр (егер де бұны тіл жағдайлары
мүмкін ететін болса). Ал ол болса, осы жағдайда жиі және өзінің формалды
ерекшеліктерінің түпнұсқадағы элементтермен сәйкес келмейтін, толық жүйеде ұқсас
мағыналық және көркем функцияларын орындайтын тіл амалдарының қолдауын
болжайды [4, 125 – 126 б.].
А.В. Федоров толықтық және барабарлық ұғымдары арасында тепе-теңдік белгісін
қояды. Ол үшін барабарлық – бұл тек қана шетел термині. Мәтіннің көркем редакциялау
ережелеріне сәйкес оны ана тіліндегі сөзбен алмастыру жақсырақ болар еді. Бірақ,
алмастыру болса да, мәселе айқын шешілмейді. Керісінше, А.В. Федоров ұсынған
аудармада барабарлық толықтықтың болуы жаңа мәселелерді туғызады.
Сонымен, түпнұсқа және аударма мәтіннің бірліктерін қарастырғанда және
салыстырғанда, біз лексика бірліктерінің эквиваленттілігін семантикалық деңгейде
анықтаймыз.
Неміс аударматану мектебінің өкілі В. Коллердің пікірінше, мәтіндер арасындағы
эквивалентті қарым-қатынас түрі және үлгісі анықталғаннан кейін, эквиваленттік ұғымы
ақиқатты мағынасына жетеді.
Аударманы қабылдаушының реакциясы берілген мәтіннің мазмұнын жеткізу
мәселесімен байланысты. Ол қандай элементтерден тұратынын анықтау қажет.
Л.К.Латышев А. Д.
Швейцердің көзқарасын бөліп, келесі төрт элементті белгілейді:
1)заттық жағдайларды белгілеуімен байланысты денотативті мағына (яғни, заттық-
логикалық);
2)пікір элементтерінің арасындағы синтаксистік (яғни, оның синтаксистік
құрылымымен) байланысты белгілейтін синтаксистік мағына;
3)функционалды-стилистикалық
және
экспрессивті
бояумен
белгіленген
коннотативті мағына;
4)тілдік пікірдің және коммуникацияға түскен адамдардың қарым-қатынасымен
анықталатын прагматикалық мағына.
Лексико-семантикалық эквиваленттілік мағынасын анықтаған кезде зерттеуде
қолданылған «денотат», «коннотация», «сигнификат» және «прагматика» ұғымдарының
мағынасын анықтау қажет.
Денотат (латын тілінің denotatum «белгіленген» сөзінен шыққан) – осы бірлікпен
атала алатын белгіленген зат, ақиқаттылықтың көптеген объекттері (заттар, қасиеттер,
байланыстар, күй, үдерістер, іс-әрекеттер және т. б.) [8, 96 б.].
Коннотация (латынның connotation, connoto «қосымша мағынам бар» сөзінен
шыққан) – тіл бірлігінің узуалды немесе окказионалды сипаты эмоционалды, бағалы
немесе стилистикалық сипаттамасы [8, 125 б.].
Кең мағынада – бұл тіл бірлігінің заттық-мағыналық (денотативті) және
грамматикалық мағынасын толықтыратын, оған экспрессивті қызмет беретін кез келген
компонент. Тар мағынада – бұл тіл бірлігінің мағынасының компоненті, ол үшін екінші –
атаулы функциясын орындайтын, қатынаста қолдану кезінде берілген реалияға атаулының
ішкі формасын жете түсіну негізінде ассоциативті-бейнелік жолмен, оның объективті
мағынасын толықтыру.